Туристік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы N 958 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 405 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2015 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.      

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 16 қазандағы
N 958 қаулысымен  
бекітілген  

Туристік қызмет көрсету ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Туристік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті, оның саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын туристік қызмет көрсету тәртібін регламенттейді.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғым пайдаланылады:
      трансферт - туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалар туристі әуежайда, темір жол вокзалында немесе турист көрсеткен мекен-жайда жеке қарсы алу, оны демалыс орнына және (немесе) туристі орналастыру орнына жеткізу.

2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      3. Туроператор, турагент және туризм нұсқаушысы туристік қызметке лицензиясы болған кезде туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарттың негізінде тиісті туристік қызметті көрсетеді.
      4. Лицензияның нөмірі және қолданылу мерзімі туралы, сондай-ақ оны берген орган туралы ақпарат туристің танысуы үшін ыңғайлы жерде орналасады және туристік қызмет көрсетуге арналған шартта, сондай-ақ каталогтарда, анықтамалықтарда, туристік қызметтің сипаттамаларында көрсетіледі.
      5. Туроператор мен турагентте азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарты болуы тиіс.
      6. Туристік өнімде Қазақстан Республикасының шегінде уақытша болатын жерде туристік ресурстармен танысу жөніндегі экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызметтер болған жағдайда туроператор туристік экскурсоводта (гид-аудармашыда) міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
      7. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген туристік маршруттар мен соқпақтар бойынша туристік қызмет көрсетеді.
      8. Қазақстан Республикасының шегінде туристің өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіп туғызатын маршруттармен (таулы және өтуге қиын жерлер, спелеологикалық және су объектілері, туризмнің экстремалдық және басқа түрлерімен айналысу) өтуге байланысты саяхат жасаған жағдайда туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристі қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
      9. Туристік чартерлік рейсті ұйымдастыру азаматтық авиация саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      10. Туроператор туристік өнімді іске асыратын кезде туристік қызмет көрсету шартында, сондай-ақ каталогтарда, анықтамалықтарда, туристік өнім сипаттамаларында іске асырылатын туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы мәліметтер және туристік өнімді іске асыруға арналған шарттың деректері көрсетіледі.

3. Туристік қызмет көрсету тәртібі

      11. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жарнама мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер басып шығару және тарату арқылы, сондай-ақ Интернет-байланыс көмегімен туристік өнімді және (немесе) туристік қызмет көрсету түрлерін жылжытуды жүзеге асырады.
      12. Туристік өнімді және (немесе) туристік қызмет көрсету түрлерін жылжыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру кезінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар турист қосымша ақпарат ала алатын және туристік қызмет көрсетуге арналған шартты жасаса алатын офистің орналасқан жерін көрсетеді.
      13. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға турист үшін өзі көрсететін қызмет туралы қажетті қол жетімді, анық ақпаратпен офисті жабдықтауды қамтамасыз етеді.

4. Туристік қызметтерді көрсету

      14. Туристік қызметтерге мыналар кіреді:
      1) орналастыру;
      2) тасымалдау;
      3) тамақтандыру;
      4)экскурсиялар;
      5) туризм нұсқаушыларының қызметтері;
      6) гидтердің (гид-аудармашылардың) қызметтері;
      7) сапар мақсаттарына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер.

5. Көрсетілетін туристік қызмет туралы ақпарат

      15. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристке оның дұрыс таңдау жасауына мүмкіндікті қамтамасыз ететін, көрсетілетін туристік қызмет туралы қажетті және дұрыс ақпаратты уақтылы ұсынады.
      16. Туристік өнімнің тұтынушылық қасиеттері туралы ақпарат мыналарды қамтиды:
      1) саяхаттың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
      2) орналастыру құралдары - тұру (орналастыру құралының атауы, санаты, орналасқан жері) және тамақтану жағдайлары туралы ақпарат;
      3) туристі тасымалдау жөніндегі қызметтер - трансфертті қоса алғанда, саяхаттың барлық кезеңінде көліктің түрі, типі және санаты, тасымалдаушының және (немесе) тасымалдаушылардың атауы;
      4) туристік өнімнің бағасы және оны төлеу тәртібі;
      5) экскурсоводтың, гидтің (гид-аудармашының) және туризм нұсқаушысының бар-жоғы;
      6) қосымша қызметтер;
      7) туристің жүгін баратын жеріне жеткізу мәліметтері мен шарттары және осы Ереженің осы тармағының тиісінше орындалмауының құқықтық салдары;
      8) туристің қауіпсіздік шарттары;
      9) туристік өнімге кіретін жекелеген қызметтерді көрсететін нақты үшінші тұлғалар туралы мәліметтер.
      17. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар саяхат басталудан үш күн бұрын жазбаша нысанда уақытша болатын елге (жерге) бару уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілген, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға міндетті.
      18. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристке уақытша болатын елде (жерде) орналасқан, турист уақытша болатын елде (жерде) төтенше жағдай туындаған жағдайда хабарласа алатын туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің (консульдық мекемелер) орналасқан жері,  почталық мекен-жайы және байланыс телефондарының нөмірлері туралы ақпарат ұсынады.
      19. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар саяхат кезінде туристің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы білген немесе білуге тиіс сәттен бастап туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына дереу хабарлайды.
      20. Егер шетелдік туристер - Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлайды.

6. Туристік қызмет көрсетуге арналған шарт

      21. Туристік қызмет көрсету гидпен (гид-аудармашымен) және
экскурсаводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.
      22. Егер тараптар арасында осы шарттың барлық елеулі талаптары бойынша жазбаша нысанда келісімге қол жеткізілген болса, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мен турист арасындағы шарт жасалған деп есептеледі.
      23. Туристік қызмет көрсету шартының елеулі талаптары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартта белгіленеді.
      24. Турдың құрамына кіретін туристік қызмет көрсетуді сатып алған жағдайда туристік ваучер туристің тиісті қызметке құқығын растайтын құжат болып табылады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261117
    Қазақ тілінде 130391
    Орыс тілінде 129854
    Ағылшын тілінде 872
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы