Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 46-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралардың кешені (бұдан әрі – Шаралар кешені) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Шаралар кешенінің мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 19.06.2013 № 93-ө өкімімен.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н.Келімбетовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 46-ө өкімімен    
бекітілген     

Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде
алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөніндегі ұзақ мерзімді
шаралар кешені

      Ескерту. Кешенге өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2012.05.10 96-ө;19.06.2013 № 93-ө өкімімен.

Р/с №

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

1

Реттелетін нарықтарда және электр энергиясын өндіру нарығында баға белгілеу тетігін жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеу

ЭДСМ, ТМРА, ИЖТМ, ККМ, БҚА

Үкіметке ұсыныстар

2012 жылғы қыркүйек

2

Ішкі сауда саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭДСМ, БҚА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Үкіметке ұсыныстар

2012 жылғы маусым

3

Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру, басқару және тауар интервенцияларын жүргізу қағидаларының жобасын әзірлеу

АШМ, БҚА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілгеннен кейін бір ай ішінде

4

Қалалардың айналасында «азық-түлік белдеулерін» дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Үкіметке ұсыныстар

2012 жылғы мамыр

2. Сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту

5

Өңірлердің көкөніс қоймаларына, ет және ет өнімдерін сақтауға арналған камераларға, жылыжай кешендеріне, бордақылау алаңдарына, сою пункттеріне және ветеринарлық зертханаларға қажеттілігін анықтау

Үкіметке ақпарат

2012 жылғы сәуір

6

Өңірлердің қажеттіліктері аясында 2013 жылдың соңына дейін көкөніс қоймаларын, ет және ет өнімдерін сақтауға арналған камераларды, жылыжай кешендерін, бордақылау алаңдарын, ветеринарлық зертханалары бар муниципалдық (коммуналдық) сою пункттерін салуды қамтамасыз ету

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ӘКК

Үкіметке ақпарат

Жарты-жылдықтар бойынша
1 шілде,
1 қаңтар

7

Қазіргі заманғы сауда форматтарын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

8

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізген кезде пайдасыз делдалдық құрылымдарды жоюды көздейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

ЭДСМ, АШМ, БҚА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Үкіметке ұсыныстар

2012 жылғы маусым

9

Саяжай шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау (саяжай учаскелеріне дейінгі автомобиль жолдарын күтіп ұстау, саяжай кезеңдерінде тұрақты автобус маршруттарын және суармалы сумен қамтамасыз ету және т.б.)

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Үкіметке ақпарат

2012 жылғы мамыр

10

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу бойынша Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің тәжірибесін зерделеу

ЭДСМ, АШМ

Үкіметке ұсыныстар

2012 жылғы қыркүйек

3. Тарифтік саясат

11

Тарифтерді көтеру және инвестициялық міндеттемелерді орындау нәтижесінде энергия өндіруші ұйымдар алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізу

ИЖТМ, БҚА

Үкіметке есеп

2012 жылғы мамыр

12

Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын айқындайтын параметрлер шегінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің инфляциясына салымдар деңгейін қамтамасыз ету

ТМРА, ККМ, ИЖТМ

Үкіметке ақпарат

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

12-1

Электр, жылу және су шаруашылығы желілерінде нормативтік техникалық ысыраптарды төмендетуді қамтамасыз ету

ТМРА

Үкіметке есеп

Жыл сайын 31 наурыз

12-2

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне оның ішінде, жылу және электр энергиясын, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерін беру және (немесе) тарату қызметтеріне тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тарифтерді көтеруге өтінімдер түскен кезде жария тыңдаулар өткізу

12-3

Табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаларды, оның ішінде жылу және электр энергиясын, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерін беру және (немесе) тарату қызметтеріне тарифтік сметаларды орындауын бақылауды жүзеге асыру

ТМРА

Үкіметке есеп

Жыл сайын шілде

12-4

Табиғи монополиялар субъектілерінің жылу және электр энергиясын, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерін беру және (немесе) тарату қызметтеріне инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауын бақылауды жүзеге асыру

ТМРА

Үкіметке есеп

Жыл сайын шілде

12-5

Стратегиялық тауарларды өндірушілердің стратегиялық тауарларды табиғи монополиялар субъектілеріне (табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын, су шаруашылығы және кәріз жүйелерін беру және (немесе) тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін - электр энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ) тікелей (делдалдарсыз) өткізу міндеттерін көздейтін Заң жобасын әзірлеудің орындылығына талдау жүргізу

БҚА, ТМРА, ИЖТМ, ЭДСМ

Үкіметке ұсыныс

2012 жылғы  қазан

12-6

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) (көмір, мазут, авиациялық керосин, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және көму қызметтері, нан қабылдау кәсіпорындарының қызметтері және т.б.) мемлекет реттеп отыратын бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасына енгізудің орындылығын қарау

БҚА, ТМРА

Үкіметке ұсыныс

2012 жылғы  тамыз

12-7

Реттелмейтін нарықтарда (қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және көму қызметтері, лифт шаруашылығы қызметтері, нан қабылдау кәсіпорындарының қызметтері және т.б.) бағаның негізсіз өсу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы, оның ішінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу тұрғысынан монополияға қарсы тексеру жүргізу

БҚА

Үкіметке есеп

Жарты жылда бір рет
1 шілде
1 қаңтар

4. Азық-түлік тауарларын өндіру

13

Ай сайын өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және тұтыну теңгерімдерін есептеу және теңгерімсіздікке жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау

14

Өңірлердің өндірістік әлеуетін есепке алып, қайта өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын қамтамасыз ету үшін сервистік-дайындау орталықтарының желілерін құру

Жыл сайын қаңтар

15

Тарифтік квоталар шеңберінде еттің жекелеген түрлерінің импортына берілген лицензиялар бойынша мониторингті қамтамасыз ету

ЭБЖМ, АШМ, Қаржымині

Үкіметке ақпарат

Жарты жылда бір рет
1 шілде,
1 қаңтар

5. Сауданы дамыту

16

Азық-түлік тауарларын сатушылар үшін қолда бар резервтерді есепке ала отырып, сауда алаңдарын жалға алу, мал сою, ветеринарлық зертхана қызметтерінің құнын және сауда объектілеріндегі (нарықтарындағы) өзге де алымдарды және басқа да ақылы қызметтерді төмендету бойынша шаралар қабылдау

2012 жылғы 1 сәуір

17

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасы шекті мәнінің мөлшерлеріне тұрақты мониторингті қамтамасыз ету

ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

18

Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері мен саяжай сатушылары үшін қажетті жағдайлармен апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді қамтамасыз ету

19

Бағаның негізсіз өсуіне бағытталған үстем жағдайды теріс пайдалану, бағалық сөз байласу және жосықсыз бәсекелестік фактілерін анықтау, жолын кесу бойынша жұмысты күшейту

20

Азық-түлік тауарларын тасымалдау үдерісінде әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша шаралар қабылдау

ККМ, ІІМ, ҚМ КБК,

Үкіметке ұсыныстар

2012 жылғы 1 мамыр

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ҚМ КБК – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы