Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 ақпан N 230

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395  Жарлығына  және "Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы N 1746  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
      1) Кинологиялық орталықтың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Кинологиялық орталықты қаржыландыру 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Кеден постыларының құрылысын салу, кеден органдарының инфрақұрылымдары" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2002 жылдан бастап республикалық бюджеттің тиісті бағдарламасы бойынша Кинологиялық орталықты ұстауға арналған шығыстарды көздесін.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      1) <*>
      2) <*>
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357   қаулысымен .
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .

      6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262658
    Қазақ тілінде 131138
    Орыс тілінде 130626
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы