Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығын қараңыз.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.03. N 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын әуежайлар қызметтерiнiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 562-құжат);

      2) "Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 503-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 4, 34-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 14 наурыздағы    
N 155 қаулысымен        
бекiтiлген           

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.28. N 854 , 2008.05.16 N 458 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн
қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi

      1. Мұнай және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында:
      мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөнiндегi қызмет:
      1) бiрыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет;
      2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесi арқылы қайта айдау;
      3) мұнайды темiр жол цистерналарынан құйып алу;
      4) мұнайды темiр жол цистерналарына құю;
      5) мұнайды танкерлерге құю;
      6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу;
      7) мұнайды автоцистерналарға құю;
      8) мұнайды сақтау;
      9) мұнайды ауыстырып құю;
      10) мұнайды араластыру.

      2. Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ  құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау,  топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикi газды  жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында:
      1) тауарлық газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
      2) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
      3) тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшiн газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау;
      4) сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
      5) тауарлық газды сақтау;
      6) шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.03.2013 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында:
      электр энергиясын беру және (немесе) бөлу.

      4. Жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
      жылу энергиясын өндiру;
      жылу энергиясын беру және бөлу;
      жылу энергиясымен жабдықтау;
      жылу энергиясын өндiру, беру және бөлу;
      жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау.

      5. Электр энергиясын желiге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру саласында:
      электр энергиясын желiге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру.

      5-1. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында:
      электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.03. N 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      6. Магистральдық темiр жол желiлерi саласында:
      магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру;
      жылжымалы құрамды магистральдық темiр жол желiсi арқылы өткiзудi ұйымдастыру;
      магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру.

      6-1. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметін көрсету саласында:
      бәсекелес темір жол болмаған жағдайда, концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру.
       Ескерту. Тізбе 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.26 N 1281 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз);  өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Кiрме жолдар саласында:
      бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуi үшiн кiрме жолды беру;
      бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсiру, тасымалдау процесiнiң басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды беру.

      8. Аэронавигация саласында:
      1) халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
      2) халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.18 N 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.

      9. Порттар, әуежайлар саласында:
      1) теңіз портының қызметтері:
      теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;
      кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер;
      2) әуежайлардың қызметтері:
      Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;
      әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;
      жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.18 N 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Қызметтің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:
      1) жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiне IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу;
      2) қосылатын байланыс операторларымен телефон трафигін қосылатын IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарынан (-на) (қолжетімділік тораптарынан) (-на) өткізу.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.26 N 966 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.11.2013 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      11. Телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi салада:
      телефон кәрізін пайдалануға беру.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.03. N 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      12. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:
      сумен жабдықтау қызметтерi:
      1) суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру;
      2) суды таратушы желiлер арқылы беру;
      3) суды арналар арқылы беру;
      4) гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегiмен жер үстіндегі ағынды суды реттеу;
      су бұру қызметтерi:
      1) сарқынды суларды бұру;
      2) сарқынды суларды тазарту.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 780 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Почта байланысы қызметтерi саласында:
      почта байланысының жалпыға қол жетiмдi қызметтерi:
      1) жай хаттарды жiберу;
      2) жай почта карточкаларын жіберу;
      3) жай бандерольдердi жiберу.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259445
    Қазақ тілінде 129658
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы