Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1100 Қаулысы

      "Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 246 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
      2. Қоса беріліп отырған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 27 қарашадағы
N 1100 қаулысымен   
мақұлданған     

Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Астана, 2008 жыл

Мазмұны

       1. Кіріспе
       2. Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері
       3. Рұқсат беру жүйесі саласындағы қазіргі ахуалды талдау
          3.1. Лицензиялау саласындағы талдау
          3.2. Сертификаттау және аккредиттеу саласындағы талдау
       4. Рұқсат беру жүйесін жетілдірудің әлемдік тәжірибесі
       5. Тұжырымдаманы іске асырудың бағыттары мен тетіктері
          5.1. Рұқсат беру құжаттарын түгендеу және қайта қарау
          5.2. Рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнаманы біріздендіру
          5.3. Рұқсат беру құжаттарын беру рәсімін оңайлату
          5.4. Реттеудің балама нысандарын енгізу
          5.5. Сертификаттау және аккредиттеу саласындағы саясатты жетілдіру
       6. Күтілетін нәтижелер

Кіріспе

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 303 Қаулысымен.

      Дамыған кәсіпкерлік сектор - бұл кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдерде ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлес салмағы, 60-80 %-ға дейін жетеді, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 30%-ды құрайды. Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту нәтижесі ретінде бизнестің ұстанымын нығайту арнасымен жүруде.
      Қазақстанда экономиканың салаларын жедел жаңғырту үшін іргелі негіз қаланған, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы сияқты стратегиялық құжаттар және басқа да актілер қабылданды. Экономиканы жедел жаңғыртуға бағытталған жалпы жүйені қалыптастыру тұтастай алғанда аяқталды.
      Шағын жене орта бизнес саласында кәсіпкерлердің 90 %-дан астамы қамтылған, сондықтан экономикалық және әлеуметтік дамудың табыстылығы мемлекеттің бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, рұқсат беру жүйесін одан әрі оңайлату жөніндегі жұмысты дәйекті әрі нық жүргізу қабілетіне түбегейлі байланысты. Бизнес қоғамдастықпен бірлесіп елдегі іскерлік ахуалды едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін бизнес жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі кең ауқымды жұмыс жүргізілуде.
      Сонымен бірге, көптеген елдерде сияқты Қазақстанда да даму деңгейіне қарамастан экономикалық қызметті шамадан тыс реттеу проблемасы бар. Кәсіпкерлер бизнесін құрғанда және жүргізген кезде ұстануға тиіс күрделі әрі айқын емес рәсімдер экономикалық өсуге едәуір кедергі келтіреді. Бұл рәсімдер өндірістің шығындарын және кәсіпкерлердің шығасыларын ұлғайтады, олардың нарыққа қол жеткізуін шектейді, бизнестік ортаның дамуын әлсіретеді және сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болу себептерінің бірі болып табылады.
      Қазақстанда экономикалық қызмет түрлерінің барлығы дерлік рұқсат беру жүйесі арқылы реттелуі проблемалық мәселе болып табылады.
      Рұқсат беру құжаттарына жеке кәсіпкерлік суъектісіне мынадай түрлердің бірінде: лицензия, рұқсат, аккредиттеу, сертификаттау, тіркеу туралы куәлік берілетін құжаттар жатады.
      Рұқсат - заңнамамен белгіленген белгілі бір операцияны бір немесе бірнеше рет орындау үшін тексеру уақытына заңды немесе жеке тұлғаның немесе объектінің негізінен техникалық сипаттағы талаптарға сәйкестігін растайтын уәкілетті орган берген құжат.
      Мемлекет басшысы өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке "әкімшілік реформа аясында бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды" тапсырды.
      Бәсекелі экономика жағдайында нарыққа әрбір қатысушының функциялары мен жауапкершілігі нақты белгіленуі тиіс. Заңдардың және қоғамның мүддесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мемлекеттің міндеті болып табылады.
      Тиісінше мемлекет тарапынан шетелдік табысты тәжірибеге негізделген әрі рұқсат беру жүйесін оңтайландыруға бағытталған жақсы ойластырылып, ұйымдастырылған саясат талап етіледі. Бұл міндетті шешу үшін рұқсат беру жүйесін оңтайландыру және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату жөніндегі бағыттар мен шараларды айқындауға жүйелі ұстаным талап етіледі. Сол арқылы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің нақты стратегиясы айқындалады.

2. Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері

      Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі - Тұжырымдама) негізгі мақсаты бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту және рұқсат беру жүйесін оңайлату болып табылады.
      Көрсетілген мақсатқа жету жекелеген реттелетін қызмет түрлеріне кәсіпкерлердің кеңінен қол жеткізуін, бизнес-ортаның жақсаруын қамтамасыз етеді.
      Тұжырымдама шеңберінде рұқсат беру құжаттарының тізбесін заңмен айқындау, рұқсат беру құжаттарының санын елеулі азайту, талаптарды және оларды беру рәсімдерін оңайлату жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады.
      Тұжырымдаманың міндеттері:
      рұқсат беру құжаттарының барлық түрлеріне түгендеу жүргізу;
      рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңайлату;
      орын алып отырған бизнестегі шығындарды жоюға бағытталған лицензиялау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты пысықтау;
      рұқсат беру рәсімдерін оңайлату және бұл рәсімдерді электрондық қызметтерге тікелей қол жеткізуді ұсыну жолымен халықаралық практикаға келтіру;
      жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың қоғамдық кәсіпкерлік бірлестіктермен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      кәсіпкерлік қызметті реттеудің ерікті сертификаттау және аккредиттеу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, техникалық регламенттер арқылы реттеу сияқты балама нысандарын кеңінен пайдалану болып табылады.

      Дүниежүзілік банк жариялаған жыл сайынғы "Бизнес жүргізу" (Doing Business Report) басылымының деректері бойынша 2009 жылы Қазақстан осы басылым қамтыған әлемнің 181 елінің арасында "бизнес жүргізу бостандығы" индексі бойынша 70 орында, "лицензиялау" саласындағы көрсеткіші бойынша 175 орында тұратын болады. Бұл ретте осы көрсеткіш тек құрылыс саласындағы рұқсат беруді ғана есепке алғанын айту керек.
      2007 жылғы тамызда қолданысқа енгізілген жаңа редакциядағы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) лицензиялау жүйесін оңтайландыруда белгілі бір прогресті қамтамасыз етті. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша Заңмен шамамен 240 мың кәсіпкерге лицензия беру қысқартылды, бұл қазақстандық бизнеске лицензиялық алымдардың жете түспеуінен мемлекеттік бюджеттің кірістерін азайтпастан шамамен 80,0 млн. АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді.
      Заңмен:
      лицензиялануға жататын қызмет түрлері мен ішкі түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленді. Бұрын қолданыста болған заң бойынша бұл тізбе заңға тәуелді актілер деңгейінде айқындалды және үнемі ұлғайып отырды;
      лицензияның аумақтық сала бойынша қолданылуы тоқтатылды: енді лицензия кейбір айрықша жағдайларды қоспағанда, елдің бүкіл аумағында қолданылады;
      лицензияланатын қызмет түрлері мен ішкі түрлерінің саны қысқарды;
      лицензияны беруді қадағалау органдарымен келісу рәсімі оңайлатылды, ол "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үшін лицензиардың құзыретіне ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызмет көрсету кіреді;
      өтінім берушінің лицензиардан белгіленген мерзім өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру құқығын автоматты түрде алуды көздейтін "үндемегені келіскені" қағидаты енгізілді.
      Бұл нормада кәсіпкердің біліктілік талаптарында белгіленген "өзін өзі сертификаттау" рәсімі бар, бұл халықаралық стандарттарға сай келеді.
      Қазақстанда лицензиялау жүйесін жетілдіру жүргізіліп отырған әкімшілік реформа шеңберінде жүзеге асырылуда, оның барысында 2004 - 2007 жылдар ішінде лицензияланатын қызмет түрлерінің саны үш есеге дерлік қысқарды, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау функцияларын орталықсыздандыру жүзеге асырылды.
      Бұған дейін жүргізілген шараларға және қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, бүгінгі таңда рұқсат беру құжаттарын алуды талап ететін қызмет түрлерінің саны барынша жоғары қалпында қалып отыр.
      Сондай-ақ, Заңда көзделген лицензиялауды оңайлату рәсімі жүрмеді.
      Құқық қолдану практикасы Заңның жекелеген нормаларын нақтылауды және іске асыру тетіктерін әзірлеуді талап ететінін көрсетті.
      Талдау кәсіпкердің мемлекеттік органдармен және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен тікелей байланысын болдырмайтын "жалғыз терезе" қағидатының жұмыс істемейтінін көрсетті. Лицензиарларды қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік мемлекеттік энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдармен үйлестіру деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты осы органдардың лицензия беру немесе бермеу туралы қорытындыны келісу кезінде келісілген өзара іс-қимыл жасау тетігі жоқ.
      Осы уақытқа дейін лицензиарлар "Лицензиялау туралы" Заңға көзделген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық қызмет көрсетпей отыр, лицензиарлардың ведомстволық ақпараттық жүйелерінің қызметтерді электрондық түрде көрсетуге әзірлігі деңгейінің төмендігі байқалады, электрондық қызмет көрсету жөнінде мамандарды оқыту жүргізілмейді, электрондық лицензиялау жүйесі енгізілмеген, мемлекеттік органдардың лицензиялау саласындағы әкімшілік регламенттері жоқ, мүдделі органдарға, бизнес қоғамдастықтарға және кәсіпкерлерге лицензиялау мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратқа рұқсаты жоқ.
      Осы факторлардың барлығы лицензия беру кезінде "жалғыз терезе" қағидатын енгізуге кедергі келтіреді, лицензиялау рәсімін күрделі етеді, лицензия беру мерзімін созады. Лицензия алу тәртібі өзінің бұрынғы негізінде қалған, лицензия алуға арналған өтінім беру лицензиялаудың мақсаттары мен қағидаттарына тікелей қатысы жоқ мәліметтерді қамтитын құжаттардың едәуір пакетінен тұрады.
      Лицензиялаудың қағидаттары мен рәсімдерін нақтылауды және тиісінше кейбір жалпыға кең таралған қызмет түрлерін лицензиялаудың орындылығын, талап етеді, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі регламенттелмеген, заңды тұлғалардың филиалдарына лицензиялық бақылауды жүзеге асыру қиындатылған, лицензиар органдардың тізбесі, өтінім берушінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының бірыңғай нысаны бекітілмеген.
      Лицензияланатын қызмет түрлері мен ішкі түрлерінің тізбесі дамыған елдермен ғана емес, ТМД елдерімен салыстырғанда да кең болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда лицензияланатын қызмет түрлеріне 349 қызмет түрі мен ішкі түрі жатады. Солай бола тұрса да, Ресей Федерациясында 100-ге тарта, Қырғызстанда 36, Молдовада 50 қызмет түрі лизензияланады. Грузияда 86 қызмет түрі, Венгрияда 7, еуропа елдерінде орташа есеппен 10-12 қызмет түрі лицензияланады.
      Лицензиялаудан басқа, рұқсат беру жүйесінің элементтеріне аккредиттеу, сертификаттау, рұқсат беру, келісу жатқызылған.
      Рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдері көп жағдайда қайталанады, әсіресе, лицензия беруге келісу және лицензиялаудан кейінгі бақылау барысында.
      Бүгінгі таңда, лицензиарлардың лицензияланатын қызмет түрлерін ұлғайту үрдісі, сондай-ақ түрлерді ішкі түрлерге бөлу (мысалы, түсті және қара металл сынықтары айналымы, улы заттар, фармацевтикалық қызмет, білім беру және басқа салада) жолымен жекелеген қызмет түрлері шеңберінде ішкі қызмет түрлерін жіктеу байқалып отыр, осының салдарынан тиісті заңға тәуелді актілер қайта бекітілуге жатқызылады. Осыған байланысты біліктілік талаптарының тұрақтылығы қамтамасыз етілмей отыр.
      Лицензиялау туралы заңнаманың жетілмегендігі өз кезегінде саны 70 актіден асатын заңға тәуелді қабылданған актілердің сапасына және санына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өздері және оларға ведомстволық бағынысты құрылымдар бастамашы болатын ведомстволық нормативтік актілер санының көп болуына әсер етеді.
      Нормативтік құқықтық актілерді талдау көп дәрежеде лицензиялау және жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының ережесі жетілдірілуі және оңтайландырылуы тиіс екендігін көрсетті. Лицензиялау және біліктілік талаптарының ережесі лицензиялаудың мақсаттары мен қағидаттарына тікелей қатысы жоқ артық нормаларды алып тастау мақсатында қайта қаралуы, ал бұйрықтар, нұсқаулықтар лицензиялар беруді және кейіннен лицензиялық қызметті қамтамасыз ететін қосымша рұқсат беру жүйесін құратындықтан ведомстволық актілер жойылуы тиіс.
      Рұқсат беру жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көптеген бланкеттік нормалар байқалады. Лицензиялау және біліктілік талаптары ережесінің көптеген нормалары "Лицензиялау туралы" Заңды да және салалық заңдарды да қайталайды, олардың кейбірі олардың әлеуметтік-экономикалық ортаға әсер етуін бағалаудың жеткілікті негіздемесінсіз қабылданады. Лицензиялаудан кейінгі бақылау тетігі жеткілікті түрде пысықталмаған.
      Рұқсат беру құжаттарын алу үшін кәсіпкерлік субъектісіне де объектісіне де қойылатын нақтыланбаған біліктілік талаптары белгіленген. Мұндай жағдай сыбайлас жемқорлықтың дамуына және мемлекеттік органдардың лаузымды тұлғаларының өз дегендеріне жағдай жасайды.
      Қолданыстағы лицензиялық - рұқсат беру жүйесі әрбір жеке операцияға және қызмет түріне дерлік рұқсат алуды қажет еткен кеңестік жүйенің жалғасындай сипатталады. Нарықтық реформаларды белсенді жүргізу жөніндегі ел басшылығының күш-жігеріне қарамастан рұқсат беру жүйесі бүкіл экономиканың дамуына тежеу болып табылады.
      Терең әрі тез өзгеріп отыратын экономикалық және әлеуметтік жағдайда лицензиялау саласындағы заңнамалық базада кемшіліктердің болуы әкімшілік кедергі жасай отырып, бизнестің дамуына бөгет болады.
      Заңнамалық базаның жетілмегендігі, шамадан тыс лицензиялау, лицензиялау жүйесінің анық, айқын болмауы, лицензиар органдардың тарапынан реттеу тиімділігінің төмендігімен қатар әкімшілік кедергілер бизнестің кейбір қызмет түрлеріне қол жеткізуін қиындатады, шағын және орта бизнес субъектілері санының және тиісінше бюджетке түсетін салықтық түсімдердің өсуін тежейді.
      Осылайша, лицензиялау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін пысықтауды талап ететін бірқатар мәселелер бар.
      1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, лицензиялау қағидаттарын нақтылау, "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жұмыс тетігін әзірлеу, лицензияланатын қызмет түрлерін оңтайландыру, рұқсат беру құжаттарының тізбесін заңмен анықтау, біліктілік талаптарының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
      2. Рұқсат беру құжаттарын елеулі түрде қысқарту (екі еседен артық).
      3. Лицензия беру кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың келісілген өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету және тетігін енгізу.
      4. Рұқсат беру жүйесі саласындағы электрондық қызметтерді енгізу, нақты уақыт режимінде рұқсат беру құжаттарын электронды түрде алу жүйесін енгізу.
      5. Рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін жасау.
      Бұл мәселелерді шешу үшін лицензиялау саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі қайталанатын нормаларды жою, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрлерінің санын одан әрі оңтайландыру, рұқсат беру рәсімін оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
      Лицензиялау жүйесін халықаралық практикаға жақындатып проблемалардың едәуір бөлігін шешуге болады.

      Қазіргі уақытта республикада 1000-нан астам өнім түрі міндетті сертификаттауға жатады, бұл ТМД елдеріндегі (Ресей Федерациясында - 5000, Қырғызстанда - 3800) ұқсас тізбеден әлдеқайда төменірек.
      Міндетті сертификаттау - стандарттың немесе адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігіне міндетті сертификатталуы тиіс тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлардың сертификатталуы.
      Қазақстанда 2000 жылдан бастап сертификаттау рәсімдері бәсекелестік ортаға берілді. Қазіргі уақытта сәйкестікті растау бойынша 200 орган, 500 сынақ зертханасы және 400 метрологиялық қызмет жұмыс істейді.
      Міндетті сертификатталуы тиіс өнімдердің тізбесі "Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын өнімдер де және республикадан тыс шығарылатын және ел аумағына әкелінетін өнімдер де міндетті сертификатталуға жатады.
      Қазіргі уақытта қызметтердің барлық түрін сертификаттау алып тасталды.
      Бұдан басқа, техникалық регламенттердің қабылдануымен жоғарыда көрсетілген тізбе қысқартылатын болады. Техникалық стандарттарды әзірлеудің 2007 - 2009 жылдарға арналған жоспарымен 117-ге тарта техникалық регламентті әзірлеу жоспарлануда.
      Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеудің негізгі мақсаты субъектілердің, зертханалардың тиісті стандарттарға сәйкестігін растау жөніндегі органдардың техникалық құзыреттілігін бағалау болып табылады. Халықаралық практикада аккредиттеу субъектінің құжаттарын зерттеу, оның құжаттарында көрсетілген ақпараттардың нақты жағдайға сәйкестігін, тұрғылықты жерін анықтау және кейіннен аккредиттеуден кейінгі бақылау болып табылады. Аталғандар "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңында көрініс тапты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы N 773 қаулысымен "Аккредиттеу жөніндегі ұлттық орталық" ЖШС аккредиттеу органы болып анықталды.
      Қазақстан 2008 жылы бизнес жүргізу үшін қолайлы болатын нормативтік құқықтық базаны жетілдіруде біршама алға ілгеріледі. Алайда, бизнес жүргізу үшін жағдай жасау бойынша еліміздің төменгі рейтингі рұқсат беру жүйесін жетілдіру стратегиясын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Бұл жерде реттеу саясатын ғана емес, сонымен бірге сол саясатты әзірлеу мен жүргізу үшін қолданылатын әдістерді ескеру қажет.

      Кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық база рұқсат беру құжаттарын беруді қоса алғанда реттеудің заңнамалық айқындалған нақты нысандары негізінде құрылады.
      Қызметті рұқсат беру құжатын беру арқылы мемлекеттік реттеу, егер кәсіпкерлік субъектісінің қызметі немесе іс-әрекеті адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға барынша жоғары дәлелді қауіп келтірумен тікелей байланысты болған жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
      Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінде лицензиялау саласында арнайы заңнама жоқ. Лицензиялық қатынастар әр түрлі елдерде әр түрлі салалық заңдармен реттеледі, сондай-ақ лицензиялауға жататын салалар мен қызмет түрлерін айқындауда да айырмашылықтар бар. Алайда, бүгінгі таңда ЕО деңгейінде мүше елдер реттелетін қызмет түрлерін қысқартуға бағытталған жете реттеу туралы директива қабылданды.
      Заңды тұлғалар үшін адамдардың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға қатысты біліктілік талаптары заңнамамен бекітілген.
      Әдетте, дамыған елдерде рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдерінің екі түрі қолданылады: оңайлатылған және стандартты.
      Әлемнің көптеген елдерінде қызметтің тек 5-10 түрі ғана лицензияланады, негізінен, халықтың қаражатын тарту, денсаулық сақтау, фармацевтикалық және химия индустриясы, (қауіпті материалдар өндірісі және оларды өткізу), құрылыс сияқты қызмет салалары.
      Рұқсат беру жүйесін реформалау бойынша әлемдік жетекші тәжірибеде мыналар негізгі үрдістер болып табылады:
      рұқсат беру құжаттарының санын қысқарту, олардың тізбесін заңдармен бекіту;
      рұқсат беру құжаттарын беру рәсіміне қойылатын талаптарды нақты регламенттеу;
      біліктілік талаптарын дәл анықтау;
      тәуелсіз сарапшылардың біліктілік талаптарына сәйкестікті бағалауды жүзеге асыруы;
      рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімі мен түрлерін дәл айқындау;
      ақпараттық технологияларды қолдану жолымен рұқсат беру құжаттарын алу рәсімдерін оңайлату;
      рұқсат беру құжаттарын электронды беру, оның ішінде "он-лайн" режиміне тегін қол жеткізу арқылы берілген құжаттардың электрондық есебін жүргізу;
      рұқсат беру құжатын тек сот арқылы кері қайтарып aлу.
      Лицензиялау жүйесін реформалаудың оң нәтижелері ретінде мыналарды атап көрсетуге болады.
      Нидерландыда лицензиялау рәсімдерін қысқарту мемлекет қаражатын елеулі түрде үнемдеуді қамтамасыз етті. Нидерландының Қаржы министрлігі іске асырған әміршілдік рәсімдерді қысқарту жөніндегі бағдарлама жыл сайын 2,0 млрд. АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді. 2007 жылға қарай қаржы үнемдеу 4,5 млрд. АҚШ долларына дейін жетті және бес жыл бұрын лицензиялау жүйесін жетілдіруге бағытталған қаражаттың ширек бөлігін құрады.
      Бұдан басқа, Нидерландыда артық лицензиялауды бірте-бірте жою реттеу функцияларын бизнес қауымдастықтарға берумен бірге жүрді, реформаларды мониторингілеу жүзеге асырылды.
      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде, лицензиялау рәсімдерін оңайлату электронды лицензиялауды енгізу жолымен жүзеге асырылды (рұқсат беру құжаттарының бірыңғай нысанын белгілеу, оларды алуға арналған өтініштерді электронды түрде беру, рұқсат беру құжаттарының электронды тізілімі), сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын "он-лайн" режимінде (Ұлыбритания, Бельгия, Италия, Мексика, Жаңа Зеландия) беру.
      Мексикада лицензиялардың электронды тізілімін жасау кезінде рұқсат беру құжаттарын түгендеу барысында санитарлық қызметке берілген лицензиялардың 80 %-дан астамы жойылды.
      Индияда рұқсат беру жүйесін түбегейлі реформалаудың нәтижесінде лицензияланатын салалардың 52-ден 5-ке дейін елеулі түрде қысқартылуы болды, ЖІӨ көлемі бір жылда 3,5 %-дан 6-7 %-ға дейін өсті.
      Оңтүстік Корея мемлекеттік реттеуді қысқартудың әлемдегі жарқын үлгілерінің бірі болып табылады. Өткен жүзжылдықтың 90-жылдары Оңтүстік Кореяда өнеркәсіп өнімінің көлемі төмендей бастады, ел экономикасы кәсіпкерлік қызметті шамадан тыс мемлекеттік реттеу салдарынан бәсекеге қабілеттілігін жоғалтты. Ел президентінің тапсырмасы бойынша әрбір ведомство өз қызметінің саласында, оның ішінде, рұқсат беру құжаттарын беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге түгендеу жүргізді. Түгендеу жүргізгеннен кейін президент әрбір ведомствоға 1998 жылы жасалған сол түгендеу нәтижесінде анықталған 11125 кәсіпкерлік қызметті реттеген нормативтік құқықтық актілердің (өз қалаулары бойынша) кем дегенде 50 %-ын қысқартуға тапсырма берді. Қалған 50 % бойынша әрбір ведомство нормативті құқықтық актіні күшінде қалдырудың қажеттілігін дәлелдеуге міндетті болды. Бүгінгі таңда Оңтүстік Корея әлемде 11-ші экономикалы ел болып табылады.
      Қырғызстан Үкіметі 2008 - 2009 жылдарда рұқсат беру құжаттарына толық түгендеу жүргізіп және олардың санының жартысынан астамын қысқартуды жоспарлап отыр.
      Осылайша, халықаралық тәжірибеде оларды жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжаттарын алуға негізделген қызмет түрлерін және операцияларды едәуір қысқарту үрдісі белгіленіп отыр. Сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын берудің бірыңғай режимін енгізу есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысты талаптар белгіленді.
      Әлемдік озық тәжірибені қорытындылау негізінде:
      толық түгендеу жүргізу жолымен рұқсат беру жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сапасын қамтамасыз ету;
      реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік  талаптарын бекітетін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және мазмұнына қойылатын талаптарды біріздендіру;
      әрбір рұқсат беру құжатын беру үшін тексеру парақтарын қолдану;
      рұқсат беру құжаттарының электронды тізілімін жүргізу;
      мемлекеттік реттеуді өнімнің қауіпсіздігінің икемді стандарттарымен ауыстыру;
      бизнес-қауымдастықтарға немесе кәсіпкерлердің өзіне жекелеген реттеу функцияларын біртіндеп беру (өзін-өзі реттеу);
      реттеу рәсімдерін оңайлату орынды.
      Реттеу реформасы экономиканың тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі. Алайда экономикалық өсу қарқынына әсер етуді бағалау қиын. ЭЫДҰ жүргізген талдау оның әсері бірнеше жылдар өткеннен кейін ғана белгілі болуы мүмкін екендігін болжайды. Мысалы, әуе тасымалдары саласындағы талаптарды заңдастырғаннан кейін Еуропада 800 жаңа лицензия берілген болатын. Бәсекенің дамуы тарифтердің төмендеуіне әсерін тигізді, АҚШ-та тарифтер үштің біріне төмендеді. Телекоммунникация саласында тарифтер Ұлыбританияда 63%-ға, Жапонияда - 41 %-ға, Финляндияда - 66%-ға төмендеді. Жұмыспен қамтылу 10%-ға ұлғайды.
      Соңғы жылдары көптеген елдер рұқсат беру жүйесін реформалауға кірісті. 2008 жылы бизнесті жүргізу жеңілдігі үшін жағдай жасау бойынша Египет, Хорватия, Гана, Грузия, Колумбия, Сауд Арабиясы, Кения, Қытай, Болгария, Молдова жетекші елдер болды. Осы елдерде салыстырмалы түрде қысқа кезеңде бизнес ашу уақыты мен шығыстар бірнеше есе қысқарды, құрылыс салуға рұқсат алу кезінде әкімшілік кедергілер едәуір әлсіреді, көптеген рұқсат беру құжаттарын беру "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырылады, бұл шағын бизнестің өсуін, инвестициялар ағынын қамтамасыз етті.
      Шетел тәжірибесін шолу көрсеткендей, соңғы жылдары 50-ден астам ел кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіне кең ауқымды және іргелі реформалар жүргізді.
      Реформалау процесінде әрбір нормативтік құқықтық актінің және рұқсат беру құжатының белгілі бір мақсаттарға, қағидаттарға, талаптарға сәйкестігін бағалау және растау мақсатында "гильотина" әдісі кеңінен қолданылды. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген нормативтік актілер мен рұқсат беру құжаттары алынып тасталды немесе біліктілік талаптары оңайлатылды. Осы жұмыс қоғамдық тыңдауларды, бұқаралық ақпарат құралдарын коса алғанда, мемлекеттік және жеке секторлардың барлық мүдделі тараптарының қатысуымен жүргізілді.
      "Гильотина" азғана мерзім ішінде саны көп реттеулерді және экономикалық тиімсіз, орынсыз болып табылатындарын, мемлекеттің, мекемелердің, азаматтардың шығындарын көбейтетіндерін қайта қарауды көздейді. Осындай аса реттеу стратегиясын енгізу шаруашылық қызмет субъектілеріне реттеушілік жүктемесін азайтуға, сондай-ақ экономикалық тиімсіз нормативтік құқықтық актілердің санын қысқартуға мүмкіндік береді.
      "Гильотина" принципіне сәйкес белгілі бір мерзім өткеннен кейін Үкімет кәсіпкерлік қызметті реттеу үшін қажетті деген көзқарас тұрғысынан негізделетін нормативтік құқықтық актілерді ғана бекітеді. Негіздемелер рұқсат беру құжаттарына реттеушілік әсерді талдау, яғни қоғамға әсер етудің және қандай да бір рұқсат беру құжаттарын енгізудің жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау негізінде құрылуы тиіс.
      Барлық осы елдердегі реформалардың нәтижелері мен олардың тиімділігі саяси қолдауды барынша жоғары деңгейде және ведомстволар тарапынан реттеу салалары мен құралдарын сақтап қалуға бағытталған қысымға қарсы тұруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге толық түгендеу жүргізуге тікелей байланысты болды. Толық түгендеу қолданыстағы барлық рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін қалыптастыруға ықпал етті, рұқсат беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етті.

5. Тұжырымдаманы іске асыру бағыттары мен тетіктері

      Заңнама және барлық қоғамның мүддесі дәл және жалтармай сақталған жағдайда бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мемлекеттің басым міндеті болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау кезінде мынадай негізгі басымдықтарды айқындады. Бұл:
      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
      кәсіпкерлік қызметке әкімшілік жүктемені азайту және мемлекет шамадан тыс араласатын салаларды тәртіпке келтіру;
      "электронды үкіметтің" элементтерін дамытуды жалғастыру, ең алдымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызметтерді кеңінен ұсынуды қамтамасыз ету.
      Рұқсат беру жүйесін реформалау нақты экономикалық тиімділік алуды қамтамасыз етуі тиіс - бұл жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құру, салықтық түсімдерді көбейту, елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін ұлғайту.
      Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде барлық рұқсат беру жүйесіне, ең алдымен лицензиялауға, сертификаттауға, аккредиттеуге қағидатты жаңа тәсілдер тұжырымдау қажет.
      Әлемдік тәжірибені ескере отырып, рұқсат беру жүйесін жетілдіру мынадай негізгі қағидаттар мен тәсілдер негізінде жүзеге асырылуы тиіс:
      реттеудің орындылығы;
      адамдардың өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаудың қолайлы деңгейін ұстап тұру;
      рұқсат беру құжаттарының тізбесін және оларды беру рәсімдерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ғана нақты регламенттеу;
      мемлекеттік реттеу саласына жатқызылған қызмет түрлеріне және рұқсат беру құжаттарын беруге қол жетімділікті барынша оңайлату;
      реттелетін қызмет түрлеріне қойылатын талаптарды ырықтандыру;
      рұқсат беру рәсімдерінің және біліктілік талаптарының транспаренттілік;
      барлық мүдделі мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен және олардың қауымдастықтарымен өзара іс-қимылының тиімділігі;
      мемлекеттік органдардың рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдеріндегі өкілеттіктерінің аражігін айқын ажырату және олардың қайталануын болдырмау;
      қойылған міндеттерді іске асырудың үзіліссіздігі, дәйектілігі және кешенділігі, қабылданған шешімді іске асыру мониторингі бизнестің өзін-өзі реттеу құралдарын дамыту;
      бизнестің дамуына бөгет болатын әкімшілік кедергілерді жою, оларды жою бойынша іс-шаралардың экономикалық тиімділігі;
      рұқсат беру жүйесін оңтайландыру;
      рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі әлемдік тәжірибені пайдалану.
      Қойылған міндеттерді шешу үшін бұдан әрі ұсынылған шаралар жүзеге асырылатын болады.

      Алда тұрған жұмыстардың ауқымы анықталмайынша рұқсат беру жүйесін жетілдіру проблемаларын шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта жүзеге асыру үшін кемінде бір рұқсат беру құжатын алуды талап етпейтін бірде-бір кәсіпкерлік қызмет түрі жоқ екенін атап көрсетуге болады. Кәсіпкерлік қызметті реттеу саны артып жатқан рұқсат беру құжаттарының жаңа талаптары мен түрлерін белгілеу арқылы іске асырылуда.
      Бүгінгі күні берілген рұқсат беру құжаттарының саны, олардың берілу мақсаты, оларды беруге арналған мемлекеттің шығындары, оларды алу кезіндегі кәсіпкерлердің шығындары туралы толық ақпарат жоқ.
      Осының негізінде, Үкіметтің рұқсат беру жүйесін реформалау процесіндегі ең бірінші міндеті барлық рұқсат беру құжаттарына кешенді түгендеу жүргізуден тұрады.
      Түгендеуді тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып ведомстволардың өздері және кәсіпкерлердің салалық бірлестіктері жүргізеді. Түгендеу жүргізу нәтижесінде барлық рұқсат беру құжаттарының тізбесі жасалатын болады.
      Бұл тізбе барлық рұқсат беру құжаттарын қайта қарау үшін негіз болады. Қайта қарауды жүргізудің барлық кезеңінде қандай да бір жаңа рұқсат беру құжаттарын енгізуге мораторий жарияланатын болады.
      Түгендеу рұқсат беру жүйесін реформалау нәтижелерінің мониторингі процесінің негізі де болады және осы реформаны кеңінен қоғамдық қолдауды қамтамасыз етеді.
      Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау реформаны іске асыру процесіндегі екінші маңызды міндет болады және мынадай ұстанымдар мен критерийлер негізінде жүргізіледі:
      рұқсат беру құжатының орындылығы (тиісті рұқсат беру құжаты қандай проблеманы шешеді: адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға аса жоғары қауіптің алдын алу, проблеманың ауқымы, аргументтер, кәсіпкерлердің мақсатты тобын қысқарту мүмкіндігі);
      қайталанатын рұқсат беру құжаттарын алып тастау;
      біліктілік талаптарын заңнамалық актілермен белгілеу, олардың ашықтығы;
      нақты емес және артық біліктілік талаптарын алып тастау;
      кәсіпкерлік қызметтің дамуына жәрдемдесу;
      рұқсат беру құжатын хабарлама тіркеуімен алмастыру;
      рұқсат беру құжатын беру туралы өтінішті қарау және оны беру мерзімін нақты айқындау.
      Рұқсат беру құжаттарын қайта қарауды мемлекеттік органдар мен Үкіметке бағынысты тәуелсіз сарапшылар тобы рұқсат беру құжаттарын қайта қараудың және оның сапасын қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңде жүргізетін болады.
      Қайта қарау процесінде рұқсат беру құжаттарының жоғарыда аталған критерийлерге сәйкестігі үшін жауапкершілік қандай да бір рұқсат беру құжатын сақтау қажеттілігін негіздеуі тиіс мемлекеттік органдарға жүктеледі. Мемлекеттік органдар ұсынған негіздемелерді бағалау және Үкіметке тиісті ұсынымдарды әзірлеу тәуелсіз сарапшылар тобының міндеті болады.
      Қайта қарау процесінде жоғары деңгейдегі ашықтық және барлық мүдделі тараптардың кеңінен қатысуы қамтамасыз етілуі қажет, бұл қоғамның сенімін арттырады, рұқсат беру құжаттарын қайта қарау жөніндегі жұмыстардың сапасын арттырады және тұтас алғанда рұқсат беру жүйесі реформасының ілгерілеуіне ықпал етеді.
      Осы жұмыстың нәтижесінде жоғарыда санамаланған критерийлерге сәйкестігі дәлелденбеген рұқсат беру құжаттары алып тасталады, ал белгіленген критерийлерге сәйкестігі дәлелденетін рұқсат беру құжаттары оңайлатылатын болады.
      Қайта қарау сапасы үшін рұқсат беру құжаттарының әрбір түрі үшін тексеру парақтары әзірленетін болады. Қайта қарау критерийлері адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қауіптіліктің жоғарғы деңгейін туғызатын қызметтермен немесе операциялармен байланысты әлеуетті тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз ететін керекті рұқсат беру құжатының бірде-бірін алып тастамайтындай болып таңдалатын болады.
      Қайта қарау нәтижесінде толық түгендеу жүргізу процесінде анықталған рұқсат беру құжаттарының кемінде жартысы қысқартылуы тиіс.

      Рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнаманы лицензияланатын қызмет түрлерін оңтайландыруға, рұқсат беру құжатын беру рәсімдерін, оны алуға арналған өтінімнің нысанын оңайлатуға, реттелетін қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының мазмұнын айқындауға қатысты бөлікте одан әрі жетілдіру көзделіп отыр.
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру түсінігіне тең келетін "лицензия" ұғымына анықтама берілген. Бұл терминдердің аражігі нақты ажыратылуы тиіс. Осыған байланысты, "рұқсат беру" ұғымына анықтама беріледі, лицензиялар мен рұқсат беру түрлерінің тізбесі бекітілетін болады.
      "Рұқсат беру" деген ұғым мемлекеттік әкімшілендіру түрлерінің бірі ретінде оның тізбесіне енгізілетін болады.
      Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін лицензиялау ережелерін бекіту жөніндегі Үкіметтің өкілеттігін алып тастау ұйғарылып отыр.
      Бұл ретте, рұқсат беру жүйесінің негізгі қағидаттарын іске асыру тетіктері әзірленетін болады: "үндемегені келіскені" және "бірыңғай терезе" қағидаттары. Сонымен бірге, рұқсат беру жүйесінің басқа елдерде кеңінен қолданылатын жаңа қағидаты - алдын ала рұқсат беру құжаттарын алмастан қызметін бастау туралы хабарлау қағидаты белгіленетін болады.
      Лицензияланатын қызмет түрлерін кіші түрлерге бөлу алынып тасталатын болады, бұл тиісінше лицензияларға қосымшалар беруді алып тастауға мүмкіндік береді.
      Лицензиялау ережесін, лицензиялар берудің талаптары мен тәртібін, қайта ресімдеуді, телнұсқалар беруді, лицензияның қолданылуын тоқтатуды және тоқтата тұруды регламенттейтін барлық заңға тәуелді актілер жойылады, өйткені бұл рәсімдер заңнамалық тәртіппен бекітіліп беріледі.
      Лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын талаптар заңнамалық деңгейде белгіленетін болады және Үкімет қабылдайтын қаулылардың және ведомстволық нормативтік актілердің санын қысқарту қамтамасыз етілді.
      Осы шара құқықтық актілердің нормаларындағы әр түрлі оқылуды жояды (мысалы, этил спиртін жене алкоголь өнімдерін өндіру және айналымы саласында және кейбір басқа да салалардағы сияқты салалық заңның және заңға тәуелді актілер - қызметтің осы түріне қойылатын біліктілік талаптары осы уақытқа дейін реттелмеген).
      Осы тәсіл лицензиялаудың белгіленген қағидаттарына қатысты біліктілік талаптарын нақтылауды және біріздендіруді және олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге көздейді.
      Осы мақсатта қосымша ақпарат сұратуды жойып, ұсынылатын құжаттардың түпкілікті тізбесі бар лицензиялаудың үлгі ережелері әзірленетін болады.
      Бланкеттік нормаларды яғни мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға іс-әрекет ережесін, тыйымдарды және т.б. дербес белгілеу құқығын беретін құқықтық нормаларды анықтау және жою мақсатында рұқсат беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді талдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Лицензиарлар лицензиядан кейінгі қажетті бақылауды қамтамасыз еткен жағдайда біліктілік талаптарын жыл сайын растау жойылуы тиіс.
      Сонымен бірге, рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру процесінде электронды бірыңғай терезе және рұқсат беру құжаттарының электронды тізілімін жүргізу үшін негіз жасалады және осы екі құралдың жұмысын қамтамасыз ету үшін институционалдық негіз айқындалатын болады.
      Кәсіпкерлердің елеулі шығындарын талап ететін құжаттарды (жарғыны, дипломдарды және т.б) нотариалдық растау қажеттілігі құжаттардың түпнұсқасы міндетті түрде болған кезде нотариалдық растаусыз мемлекеттік органның растау құқығымен ауыстырылатын болады. Бұл норма заңнамалық тәртіппен бекітілетін болады.
      Сонымен бірге, мемлекеттік органдарға басқа ведомстволардан ақпарат алуды жеделдету және оны қағаз тасығыштарда беруді болдырмау үшін рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдерінде қажетті ақпараттар бар мемлекеттік электрондық дерек қорға және тізілімдерге қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады.

      "Жалғыз терезе" қағидатын енгізу арқылы рұқсат беру құжаттарын беру рәсімін оңайлату көзделіп отыр. Бұл ретте, іс-шаралардың келесі кешені екі кезеңде жүргізілетін болады.
      Бастапқы кезеңде кейіннен барлық мүдделі органдар мен ұйымдарға басшылыққа алу үшін жіберілетін қолда бар оң тәжірибені есепке ала отырып лицензияларды "жалғыз терезе" қағидаты бойынша берудің үлгі регламентін әзірлеу қажет.
      Үлгі регламентте кәсіпкерлер үшін қажетті ақпаратты алу көздері, құжаттардың барынша аз тізбесі, құжаттар пакеттерімен бірге өтінішті қабылдау, лицензиарлардың лицензиялар беруді қадағалау органдарымен жедел келісу тәртібі, лицензияларды белгіленген мерзімде беру көзделетін болады.
      Бұл ретте, лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беруді ведомствоаралық келісу жөніндегі артық рәсімдерді жою көзделетін болады. Атап айтқанда, лицензиарлардың өкілетіне тиісті қызмет салаларындағы - санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қызмет, қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіп қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау кіретін органдармен лицензиялар беруді келісу рәсімін алып тастау. Бұдан басқа, мемлекет бақылауды лицензиялық заңнама нормалары бойынша емес, осы салалардағы салалық заңдардың нормалары бойынша жүргізеді.
      "Жалғыз терезе" қағидаты бойынша лицензиялар және басқа да рұқсат беру құжаттарын беру үшін:
      рұқсат беру құжаттарын берудің электрондық "бірыңғай терезесін" әзірлеу және енгізу;
      рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін әзірлеу және енгізу;
      Интернет арқылы жіберілуі мүмкін лицензия алуға арналған құжаттардың барынша аз пакетін белгілеу;
      лицензиар органдардың мамандарын оқыту қажет.
      Рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін жасау қажеттілігі лицензиялаудан кейінгі бақылауды күшейтуге, лицензиялар беру кезінде мүдделі органдарды үйлестіруге, сондай-ақ реттеу тиімділігінің мониторингі, бағалау, ашықтық, берілген лицензиялар мен рұқсаттарды бақылау, мүдделі органдар және бизнес-қауымдастықтар үшін ақпараттарға қол жетімділік беру мақсатында барлық қолданыстағы мемлекеттік лицензиялар мен рұқсаттарды есепке алуға негізделген.
      Мамандарды тиімді оқыту мақсатында лицензиарлар мамандарды лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын "жалғыз терезе" қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмыс дағдыларына оқыту бойынша тренингтер өткізетін болады.
      Лицензиялар және басқа рұқсат беру құжаттарын берудің ақпараттық жүйесін құру процесінде мемлекеттік органдар үшін әкімшілік регламенттер, бірыңғай мемлекеттік стандарттар және лицензиялау саласындағы техникалық талаптар әзірленетін болады, осылардың негізінде мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйесі оңтайландырылып бірыңғай сипатқа келтіріледі, жаңа ақпараттық жүйелер жүзеге асырылады және "электрондық лицензиялаудың" бірыңғай жүйесіне кіріктіріледі.
      Екінші кезеңде "электрондық үкімет" шеңберінде барлық лицензиар органдарда электрондық лицензиялаудың "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
      Осы жүйе лицензиар органның орталық аппаратының және тұтастай оның аумақтық бөлімшелерінің және берілген, бас тартылған, тоқта тұрылған және қайта қалпына келтірілген мемлекеттік лицензиялар бойынша ақпаратты жинауды, бақылау мен есепке алуды жүзеге асыратын жекелеген мамандар қызметінің тиімділігін арттыруға, өтінім берушілердің уақыт шығынын азайтуға, ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың туындау жағдайларын жоюға мүмкіндік береді.

5.4. Реттеудің балама нысандарын енгізу

      Қазірдің өзінде елімізде жеке сектордың аудит, үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілікті сақтандыру, өнімдердің сәйкестігін бағалау сияқты бақылауды жүзеге асыруының мысалдары бар.
      Мысалы, адвокаттық, нотариалдық, аудиторлық, сәулет қызметі, мүлікті (материалдық емес активтер құнының объектілерінен басқа) және зияткерлік меншікті бағалау жөніндегі қызмет, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін көрсету, турагенттік пен туроператорлық қызмет және басқа да түрлер азаматтық-құқықтық жауапкершілік шартының міндетті болуымен өзін өзі реттейтін аккредиттелген ұйымдар институттарын енгізу арқылы реттелуі мүмкін.
      Қызметтің осы түрлері мемлекеттік реттеуді ұйымдардың стандарттарымен ауыстыруды, ерікті түрде бизнес-қауымдастықтардың немесе дербес кәсіпкерлердің адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттеуді жүзеге асыруын көздейтін әлемдік үздік тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ бизнестің өзін-өзі реттеудің әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалануды ескере отырып, рұқсат беру жүйесінен шығарылуы тиіс, өйткені белгіленген біліктілік талаптарына қарағанда өздігінен салынатын талаптар едәуір тиімді болуы мүмкін. Қызметтің осы түрлері ұйымдардың стандарттары, ерікті бастамалар, кодекстер, келісімдер, яғни декларация тетігі арқылы реттелуі мүмкін. Өзін-өзі бақылау қызметі кәсіпорын деңгейінде бұл тетіктің құралы болуы тиіс.
      Бұдан басқа, бұл бағыт "бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" ұғымының алдағы заңнамалық анықтамасы тұрғысынан негізделген. Бұл ұғым кез келген ірі компанияның өркениетті қызметінде аса маңызды, қажетті және жалпы қабылданған факторы болып табылады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін батыс компаниялары экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салалардағы қаржы емес тәуекелдерді басқару жөніндегі құралдардың бірі болып табылатын бизнестің прагматикалық бағыты ретінде қабылдайды.
      Аутсорсинг (лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу саласындағы жекелеген функцияларды бәсекелі ортаға, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктеріне беру) рұқсат беру құжаттарына тиісті қайта қарау жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

5.5. Сертификаттау және аккредиттеу саласындағы саясатты
жетілдіру

      Сертификаттау саласында рұқсат беру жүйесін шектеу тауарлардың жекелеген атауларының адамдардың өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкестігі тұрғысынан ғана оларды сертификаттау жолымен жүзеге асырылатын болады. Берілетін құжат өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сертификат деп аталады.
      Тауарлардың сәйкестігін растауды декларациялау принциптерін қолдану есебінен сертификаттау нысанында сәйкестікті міндетті растауға жататын тауарлардың тізбесі кемінде екі еседен қысқартылатын болады.
      Жауапкершілік сәйкестікті растау жөніндегі жауапкершілік органға жүктелетін болғанда декларациялау сертификаттауға қарағанда өндірушінің толық жауапкершілігін көздейді. Бұл практиканы ЕО елдері табыс қолданып отыр, мұнда еуропалық сарапшылардың бағалауы бойынша нарықта айналымда жүрген өнімдердің 30 %-дан астамы декларациялауға жататын. Германия және Ұлыбритания сияқты елдерде бұл рәсім талаптардың артықтығымен сипатталмайды - өнімдердің едәуір сипаттамалары ғана декларацияланады, ал жауапкершілік шаралары үлкен - көлемді айыппұлдардан қылмыстық жауапкершілікке дейін.
      Міндетті сертификаттауға жататын объектілерді қысқарту Қазақстан Республикасы аумағында айналымға шығарылатын өнімге ғана қатысты сәйкестікті міндетті растауды енгізу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін, ал елден тыс өндірілетін және біздің елдің аумағына әкелінетін өнімдер үшін міндетті сертификаттау міндетті декларациялауға немесе сертификаттарды автоматты түрде мойындауға ауыстырылуы тиіс. Бұл сертификатталатын өнімнің тізбесін қысқартуға мүмкіндік береді.
      "Аккредиттеу" терминінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәні бойынша әртүрлі мағынасы бар, тек рәсімдік сипаты болады және субъектінің қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуының жекелеген сапаларын тануды білдіреді. Осыған байланысты, аккредиттеу - бұл субъектінің ерекше қасиетін (сапасын) растау.
      Аккредиттеу саласында ерікті сипаты бар "аккредиттеу" терминін заңнамамен бірыңғай түсіндіру көзделетін болады.

6. Күтілетін нәтижелер

      Осы Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру рұқсат беру жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етеді деп күтілуде, бұл бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуды, рұқсат беру жүйесін жеңілдетуі тиіс.
      Тұжырымдама ережелерін іске асыру нәтижесінде ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесінің айтарлықтай ұлғаюы күтілуде, осыған байланысты, кәсіпкерлер үшін жаңа бизнес бастамаларын іске асыруда бір қатар мүмкіндіктер ашылады.
      Тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесінде бизнес ортаны бағалау бойынша халықаралық есепте Қазақстанның рейтингісінің артуы да күтілуде.
      Рұқсат беру режимінен қызметтің, операциялардың және іс-әрекеттердің жекелеген түрлерін шығару салдарынан рұқсат беру құжаттарының айтарлықтай қысқаруы (екі еседен астам) күтілуде.
      Рұқсат беру жүйесі мен рәсімдер халықаралық практиканың прогрессивті жүйесіне барынша жақындатылады.
      Бұдан басқа, рұқсат беру жүйесін жетілдіру нәтижесінде қайталанатын рұқсат беру құжаттары жойылады, оларды беру рәсімдері оңайлатылады, біліктілік талаптарының ашықтығы артатын болады. Бұл шараларды іске асыру бизнестің шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ оны одан әрі қарқынды дамыту үшін алғы шарттар жасауға мүмкіндік береді, өйткені нарықтық инфрақұрылымды мемлекеттік әкімшілендіру оңайлатылады.
      Реформаның нәтижелерін сезінуді рұқсат беру құжаттарын қайта қарау аяқталғаннан кейін кейінгі екі жыл ішінде күту керек. Алынған нәтижелер рұқсат беру құжаттарына қайта қарау жүргізілгеннен кейінгі келесі басқа да шараларды іске асыру есебінен жақсарады деп күтілуде.
      Тұжырымдаманы іске асыру барысына мониторинг жүргізу мақсатында оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданатын болады.

       Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2008 жылғы 27 қарашадағы
      N 1100 қаулысымен  
      бекітілген     

   Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің         2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру                        жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.10 N 1803 Қаулысымен.

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындалуына
(іске
асырылуына)
жауаптылар

Орындалу
(іске
асырылу)
мерзімі

1

2

3

4

5

1. Тұжырымдама міндеттерін іске асыру жөніндегі
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

1

Мемлекеттік органдарда рұқсат беру құжаттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс топтарын құру

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің
өкімі

ЭБЖМ (жинақтау), мемлекеттік органдар, ҰТО (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін сарапшы тобы, кәсіпкерлердің салалық бірлестіктері

2009 жылғы ақпан

2

Рұқсат беру құжаттарын оңтайландыру мақсатында рұқсат беру жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Мемлекеттік органдар, ҰТО (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін сарапшы тобы

2009 жылғы наурыз, маусым

3

Лицензияланатын қызмет түрлерін қысқарту, лицензиялау режимін басқа реттеу түрімен алмастыру жөнінде ұсыныстар беру

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Мемлекеттік органдар- лицензиарлар

2009 жылғы сәуір

4

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық Комиссияның хаттамасы

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҰТО (келісім бойынша)

2009 жылғы шілде

2. "Электрондық үкімет" бағдарламасы шеңберінде рұқсат беру рәсімін оңайлату

5

Үлгі стандарт және мемлекеттік қызмет көрсету регламенті негізінде стандарттар мен әрбір рұқсат беру құжатының регламентін бекіту

ЭБЖМ-ге ақпарат

Мемлекеттік органдар, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2009 жылғы
4 тоқсан

6

"Е-лицензиялау" мемлекеттік электронды деректер базасын құру және енгізу

АБА (жинақтау),
мүдделі мемлекеттік
органдар

2009, 2010 жылдардың
4 тоқсаны

7

"Е-лицензиялау" мемлекеттік электронды деректер базасымен жұмыс істеуге мемлекеттік органдар мамандарын оқытуды жүргізу

ЭБЖМ-ге ақпарат

АБА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2009 жылдың
4 тоқсаны

8

Рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін жүргізуді және рұқсат беру құжаттарын "жалғыз терезе" қағидаты бойынша беруді қамтамасыз ету

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
ақпарат

2010,
2011
жылдардың
4 тоқсаны

3. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын енгізу

9

Лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу саласындағы жекелеген функцияларды бәсекелестік ортаға (аутсорсинг) беру жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
ұсыныстар

ЭБЖМ
(жинақтау),
мемлекеттік
органдар

Жыл
сайын
10 қаңтарға
дейін

10

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік және бизнестің шарттар, кодекстер, келісімдер арқылы өзін-өзі реттеу тетіктерін енгізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының
Үкіметіне
ақпарат

ЭБЖМ
(жинақтау),
мемлекеттік
органдар

Жыл
сайын
10
каңтарға
дейін

4. Тұжырымдаманы іске асыру барысын
ақпараттық қамтамасыз ету

11

Рұқсат беру жүйесінің реформасын іске асыру барысын жария талқылаулар жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында рұқсат беру жүйесін саласындағы нормативтік актілерді түсіндіру

Интернет-
конференциялар,
бұқаралық
ақпарат
құралда-
рындағы
жарияланымдар

МАМ (жинақтау), мемлекеттік органдар

Жылына 2 рет -
10
шілдеге
және 10
қаңтарға
дейін

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АБА  - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
МАМ  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
       министрлігі
ҰТО  - "Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ұлттық Банкі жанындағы
       Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамы

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262743
    Қазақ тілінде 131171
    Орыс тілінде 130678
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы