"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамын "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 663 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы болып қайта аталсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 663 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-76-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-76. "QazTrade" cауда саясатын дамыту орталығы" АҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 400-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "400. "QazTrade" cауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы.".

      3. "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 244-құжат):

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) сыртқы нарықтарға талдау жүргізу;

      8) "бір терезе" шеңберінде шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету".

      4. "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 41-42-43, 258-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Экспортты дамыту және ілгерілету саласында:

      "KazakhExport" экспортты сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы;

      "QazTrade" cауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы.".

      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 497 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы.".

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262565
    Қазақ тілінде 131083
    Орыс тілінде 130588
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы