"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына қатысушыларға растау анықтамасын беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 64 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4566 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 5 ақпандағы N 31 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.02.05 N 31 Бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 140-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына қатысушыларға растау анықтамасын беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің төрағасы

      2007 жылғы 21 ақпан

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда министрінің
2007 жылғы 21 ақпандағы   
N 64 бұйрығымен бекітілген 

"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы
экономикалық аймағына қатысушыларға растау
анықтамасын беру
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына қатысушыларға растау анықтамасын беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) және "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 415 қаулысына сәйкес әзірленді және "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына (бұдан әрі - АТП АЭА) қатысушыларының алынған (алынуға жататын) табыстарын Салық кодексінің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызметтер түрлерінен алынған (алынуға жататын) табыстарға жатқызу туралы растау анықтамасын (бұдан әрі - растау анықтамасы) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Дирекция) - АТП АЭА басқару бойынша орталық атқарушы органның шешімдерін іске асыру функциясын жүзеге асырушы орган;
      2) АТП АЭА қатысушысы - АТП АЭА аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асырушы заңды тұлға;
      3) растау анықтамасы - АТП АЭА қатысушының алынған (алынуға жататын) табыстарын АТП АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерінен табыстарға жататынын растайтын ресми құжат (осы Ережеге 1-қосымша ).

2. Өтініштерді қарау және растау
анықтамасын беру тәртібі

      3. АТП АЭА қатысушысы растау анықтамасын алуға арналған өтінішті (бұдан әрі - өтініш) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда Дирекцияға береді. Өтініш түскен күні Өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.

      4. Растау анықтамасын алуға арналған өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
      1) техникалық-экономикалық негіздемесі және қызмет түрлеріне бөлу арқылы өздері өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нақты өткізілген көлемі туралы анықтама;
      2) өткен қаржы жылы үшін қызмет нәтижелері бойынша бухгалтерлік теңгерім және табыстар мен шығыстар туралы есеп;
      3) Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар өткен қаржы жылы үшін нотариалды түрде куәландырылған аудиторлық есептің көшірмесін тапсырады.
      Өтініш пен Ереженің осы тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген қоса берілетін құжаттарға ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ жағдайда міндетін атқарушы тұлға) мен бас бухгалтерінің қолдары қойылуы және мөрмен куәландырылуы тиіс.

      5. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттарсыз өтініштер қарауға қабылданбайды.

      6. АТП АЭА қатысушысының өтінішін қараусыз қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда Дирекция АТП АЭА қатысушысына 3 күндік мерзiмде бірінші басшының (ол жоқ жағдайда міндетін атқарушы тұлғаның) қолымен дәлелді жауапты жібереді.
      АТП АЭА қатысушының өтініші мына жағдайларда:
      1) өтініш мазмұнына және ресімдеуге талаптар бұзылғанда;
      2) АТП АЭА қатысушысына қатысты АТП АЭА аумағында қызметтің осы түрімен айналысуға тиым салатын уәкілетті орган немесе сот шешімі болғанда;
      3) жалған және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанда қайтарылады.

      7. АТП АЭА қызмет түрлеріне сәйкестікке мониторинг жүргізу үшін қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі жағдайында Дирекция технологиялық және бастапқы құжаттарды талап ете алады, сондай-ақ өндіріспен танысу үшін қызметін жүзеге асыру орнына өз өкілдерін жібереді.

      8. Растау анықтамасын Дирекция өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей береді.

      9. Растау анықтамасы АТП АЭА қатысушысының толық атауы, тіркеу номері, салық төлеушінің тіркеу нөмері, бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар жағдайда), расталған табыс сомасы және беру күні көрсетіліп, Растау анықтамаларын тіркеу журналына тіркеледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007.11.05. N 329 Бұйрығымен.

      10. Растау анықтамасы баспа түрінде үш данада ресімделеді, оның екеуі АТП АЭА қатысушысына беріледі, үшіншісі Дирекцияда қалдырылады.

      11. АТП АЭА қатысушысы қайта тіркелу жағдайында бұрын берілген растау анықтамасы күшін сақтайды.
      АТП АЭА қатысушысын тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде АТП АЭА аумағындағы нақты қызмет ету мерзімі бойынша растау анықтамасы беріледі.

                                    "Ақпараттық технологиялар паркі"
                                      арнайы экономикалық аймағына
                                    қатысушыларға растау анықтамасын
                                         беру ережесіне 1-қосымша

                                                   Нысан

                 Алынған (алынуға жататын) табыстарды
           "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
           төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің
       (Салық кодексі) 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында
        көрсетілген қызмет түрлерінен табыстарға жатқызу туралы
                         растау анықтамасы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007.11.05. N 329 Бұйрығымен.

N___                                  200_ жылғы "___" ___________

1. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына
қатысушының атауы _________________________________________________
___________________________________________________________________
2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ___________________________
2-1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар жағдайда)_______
3. Мекен жайы мен телефоны ________________________________________

4. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының
қатысушысы ретінде тұрақты (уақытша) тіркеу туралы 200_ жылғы "___"
___________ N __________________ куәлігі.
"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының
дирекциясы" мемлекеттік мекемесі, жоғарыда аталған ұйымның 200_
жылғы "___"___________ мен 200_ жылғы "___" ___________ аралығындағы
кезең үшін арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес
келетін өз өндiрiсi тауарларын (жұмыстарын, қызметтерiн) өткiзуден
алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының (сома
теңгемен және пайызбен, жазбаша) __________________________________
құрайтынын растайды.

   Қызмет түрлері

Өз өндірісі
тауарларын
(жұмыстарын,
қызметтерін)
өткізуден алынған
(алынуға жататын)
табыстар, (теңге
сомасымен)

Жиынтық
жылдық
табыстағы
үлесі,
(%-бен)

1. Бағдарламалық қамтамасыз
етудi, деректер базасын және
аппараттық құралдарды жобалау,
әзiрлеу, енгiзу және олардың
тәжiрибелiк өндiрiсi мен
өндiрiсi

2. Жасанды иммундық және
нейрондық жүйелер негiзiнде
жаңа ақпараттық технология.
ларды жасау

3. Ақпараттық технологиялар
саласында жобаларды жасау
және енгiзу бойынша ғылыми-
зерттеу және тәжiрибелiк-
құрастырмалық жұмыстарды
жүргiзу

4. Мәтіндерді өңдеуге арналған
машиналар, көшіру-көбейту
жабдықтарын, жөнелту машина.
ларын, калькуляторлар, касса.
лық аппараттар, таңбалау
машиналарын, билет-кассалық
машиналар өндіру, басқада
кеңсе машиналары мен жабдық.
тарын, электронды есептеу
машиналарын және ақпаратты
өңдеуге арналған өзге де
жабдықтар өндіру

5. Электр- және радиоэлемент.
тер, таратушы аппаратура,
дыбыспен бейнені қабылдауға,
жазуға және шығаруға арналған
аппаратура өндіру

6. Тұрмыстық электр аспап.
тарын өндіру

Қызмет түрлері бойынша жиынтығы

  Жылдық жиынтық табыс (теңге сомасымен) ________________________
Жарамдылық мерзімі ____________________________________________

"Ақпараттық технологиялар паркі"
арнайы экономикалық аймағының
дирекциясы" мемлекеттік
мекемесінің директоры

М.О.

                                    "Ақпараттық технологиялар паркі"
                                      арнайы экономикалық аймағына
                                    қатысушыларға растау анықтамасын
                                         беру ережесіне 2-қосымша

                                                        Нысан

                                   "Ақпараттық технологиялар паркі"
                                    арнайы экономикалық аймағының
                                 дирекциясы" мемлекеттік мекемесінің
                                               директоры
                                   _________________________________
                                                (Т.А.Ә.)

Алынған (алынуға жататын) табыстарды "Салық және бюджетке төленетін
     басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің Салық кодексі) 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында

                    Растау анықтамасын алуға
                              ӨТІНІШ

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007.11.05. N 329 Бұйрығымен.

      1. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық
аймағына қатысушының атауы__________________________________________
____________________________________________________________________
      2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)_______________________

      3. Мекен жайы мен телефоны____________________________________

      4. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық
аймағының қатысушысы ретінде тұрақты (уақытша) тіркеу туралы 200_
жылғы "___" ___________ N __________________ куәлігі.

      200_ жылғы "___" __________ мен 200_ жылғы "___" ___________
аралығында кезеңде алынған (алынуға жататын) табыстарды "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 140-1-бабы 1-тармағының 3)
тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінен табыстарға жатқызу
туралы растау анықтамасын беруді сұраймыз.
Қызмет түрлері:

Қосымшалар: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің
2007 жылғы "___""____________" N ____ бұйрығымен бекітілген
"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына
қатысушыларға растау анықтамасын беру ережесінің 4-тармағында
көрсетілген растау анықтамасын алу үшін қажетті құжаттар.

200_ жылғы "___" ___________

Ұйым басшысы
Бас бухгалтер

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262472
    Қазақ тілінде 131038
    Орыс тілінде 130540
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы