Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 қарашада № 9872 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.02.2016 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 710 және 21-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса берілген:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме;
      1-1) осы бұйрыққа 1-1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асыру жөніндегі әдістеме;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингін жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (Ж.Н. Шаймарданов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 50 бұйрығына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме 1. Жалпы ережелер

      1. Осы әдістеме Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды (бұдан әрі – стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәсілдерді ашып көрсетеді.
      2. Талдау, модельдеу, пайымдауды қалыптастыру және басымдықтарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттер мен оларға қол жеткізу жолдарын айқындау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын ресурстық қамтамасыз ету процесі әзірлеу болып табылады.
      3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) әзірлеуші мемлекеттік орган – стратегиялық немесе бағдарламалық құжатты, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;
      2) декомпозиция - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған  құжаттарының мақсаттарын, нысаналы индикаторларын, міндеттері мен көрсеткіштерін оларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарында көрсету үшін құрамдас мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және көрсеткіштерге бөлу процесі;
      3) жоспарлау кезеңі - елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі бағыттарын айқындау;
      4) жоспарлы кезең – стратегиялық немесе бағдарламалық құжат, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары, аумақтарды дамыту бағдарламасы әзірленетін кезең;
      5) каскадтау - бұл Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары иерархиясының жоғарғы деңгейлерінің мақсаттары, міндеттері, нәтижелерінің көрсеткіштері Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары иерархиясының төменгі деңгейлерінің тиісті мақсаттары, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне ауысу әдісі;
      6) нәтиже көрсеткіші – міндетінің шешілу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін санмен өлшенетін көрсеткіш;
      7) нысаналы индикатор – қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін мақсаттың сандық мәні;
      8) талдау кезеңі – ағымдағы ахуалға, елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың ықтимал сценарийлеріне себеп-салдарлық талдау жүргізу.

2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту
бағдарламаларын әзірлеудің негізгі ережелері

      4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу екі кезеңнен тұрады:
      1) талдау кезеңі;
      2) жоспарлау кезеңі.
      5. Талдау кезеңінің негізінде:
      ішкі және сыртқы ортадағы процестер мен үрдістер;
      елді (бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлерінің аясы;
      шешілуі елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) одан әрі дамыту үшін қажет проблемалар анықталады.
      6. Жоспарлау кезеңінде:
      бірінші деңгейдегі құжаттар үшін – ұзақ мерзімді кезеңде елдің дамуын айқындайтын жалпы ұлттық нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер;
      екінші деңгейдегі құжаттар үшін – жалпы ұлттық нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған салалар және аяларды дамытудың нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері;
      үшінші деңгейдің құжаттары үшін – өңірлерді дамытудың, орталық мемлекеттік органдар қызметінің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері әзірленеді.

3. Талдау кезеңі

      7. Талдау жүргізу үшін елдегі (белгілі бір қызмет аясындағы, тиісті аумақтағы) ахуал туралы қолжетімді ақпаратты жинау мен құрылымдау жүзеге асырылады.
      8. Талдауға арналған ақпарат көздері:
      ресми статистикалық ақпарат және ведомстволық статистикалық қадағалау;
      интерактивті семинарлар, атқарушы және заң шығарушы билік, өкілдерімен, кәсіпкерлік субъектілерімен, ғылыми қоғам өкілдерімен сұхбат;
      халық арасында сауалнама (анкета) жүргізу, халық пен кәсіпкерлік субъектілердің қалауларын анықтау үшін интернет-технологияларды пайдалану болуы мүмкін.
      9. Талдау үшін соңғы үш жылдағы деректер пайдаланылады.
      10. Мынадай:
      экономикалық және қаржылық;
      демографиялық;
      технологиялық;
      әлеуметтік және мәдени;
      кеңістіктік және экологиялық;
      заңнамалық және реттеуші;
      басқарушылық және тағы сол сияқты факторлар тобы атап көрсетіледі.
      11. Елдегі жағдайдың (белгілі бір қызмет аясындағы, тиісті аумақтың) дамуына сүйене отырып, елдің (белгілі бір қызмет аясындағы, тиісті аумақтағы) дамуына ықпал ететін және олар бойынша талдау жүргізілетін сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері қалыптастырылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Дамудың сыртқы факторларына мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің әрекеттеріне тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде елдің/ белгілі бір қызмет аясының/ тиісті аумақтың дамуына елеулі ықпал ететін шарттар жатады.
      13. Дамудың ішкі факторларына – сыртқы факторлардың әртүрлі өзгерістерін ескере отырып, олардың негізінде стратегия қалыптастырылатын ресурстар мен әлеует жатады.
      14. Ішкі даму факторларын талдау елдегі (белгілі бір қызмет аясы, тиісті аумақ) жағдай туралы тұтас түсінік береді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Дамудың мүмкін үрдістерін қалыптастыру үшін ішкі факторларды бағалауды басқа елдердің тәжірибесімен салыстыру келтіріледі.
      16. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге, жүргізілген сұхбаттарға, сауалнамаларға, фокус-топтарға, мүдделі тараптармен консультацияларға жүргізілген талдау нәтижелері жинақталады және жалпыланады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Талдау жүргізу кезінде талдау әдісінің бірі ретінде SWOT-талдау пайдаланады.
      SWOT-талдау елді (белгілі бір қызмет саласын, тиісті аумақты) дамытудың ішкі және сыртқы ортаcының факторларын анықтауды және оларды төрт санатқа: Strengths (күшті жақтары), Weaknesses (әлсіз жақтары), Opportunities (мүмкіндіктері) және Threats (қауіптер) бөлуді білдіретін стратегиялық жоспарлау әдісі болып табылады.
      18. SWOT-талдау деректері бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктердің, қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптер арасында байланыс орнатылады.
      19. Елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуына ықпал ететін күшті жақтары және елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына теріс ықпал ететін әлсіз жақтары –елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуының ішкі, яғни бақылауға бағынбайтын аспектілері болып табылады.
      20. Елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуына оң ықпал ететін және қауіп, сыртқы ортаның сипаттамаларына, ықпалына байланысты және елді (белгілі бір қызмет аясынының, тиісті аумақтың) дамуына оның дамуына теріс ететін және ықпал етуге бағынышты емес ықпалмен мүмкіндіктер сыртқы аспектілер болып табылады.
      21. Талдау негізінде проблемаларды тұжырымдау және олардың
себеп-салдарлық байланыстарын айқындау жүзеге асырылады.
      22. Талдаудың осы кезеңінде негізгі проблеманы бөліп қарау үшін, оның пайда болу себептерін және одан болатын салдарларды белгілеу, ал одан әрі проблеманы шешу бойынша іс-қимылдар реттілігін айқындау үшін проблемалар талданады.
      23. Негізгі проблемаларға шешілуі басымды сипатқа ие және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әзірленетін құжатын іске асыру оның шешілуіне бағдарланатын проблемалар жатады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      24. Проблемалар мынадай критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады:
      өзектілік, яғни стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақты дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезіндегі;
      нақтылық, яғни проблеманы тұжырымдау, мүдделі тараптарға жеткізу мүмкіндігіне байланысты нақты баяндалады;
      қысқа және ықшам, яғни проблеманы тұжырымдау, артық толықтыруларсыз баяндалады.
      25. Проблемалар бірін бірі қайталай алмайды. Егер бірнеше проблема мағынасы жағынан жақын болса, олар біріктіріледі не проблемалар арасындағы көрнекі айырмашылықты айқындау мақсатында олардың тұжырымдамасы нақтыланады.
      26. Барлық мүмкін проблемалар анықталғаннан кейін, проблемалардың иерархиялық орналасуы және олардың арасындағы себеп-салдар байланыстары белгіленеді. Бұл үшін проблемалар бір-бірімен қалай байланысатыны, яғни «проблемалар-себептер» және «проблемалар-салдарлар» белгіленеді.
      27. Егер бір проблема екіншісі үшін себеп болып табылса, онда ол бір деңгейге түсіріледі, егер ол салдар болса – онда жоғары көтеріледі. Егер проблемалар бір біріне қатысты себеп те, салдар да болып табылмаса, онда олар бір деңгейге орналастырылады.
      28. Осыдан кейін келесі жоспарлау кезеңіне негізгі проблемалар айқындалады, олардың шеңберінде стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының, аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуді іске асыру жоспарланады.
      Ол үшін:
      стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде проблемалар қай деңгейге дейін шешілетінін (проблемалар - себептер);
      қандай проблемалар өздігінен немесе басқа проблемаларды шешу салдарынан шешілетіні (проблемалар – салдарлар) айқындалады.

4. Жоспарлау кезеңі

      29. Әзірленетін стратегиялық стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту бағдарламалары тиісті құжаттың мақсаттарын қалыптастыру жолымен проблемаларды шешуге шоғырланады.
      30. Негізігі проблемалардың негізінде тиісті мақсаттар қалыптастырылады.
      31. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) әзірленетін құжатына байланысты мақсаттар стратегиялық мақсаттар, басты мақсаттар, бағдарламалық мақсаттар және стратегиялық жоспардың/аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары болып бөлінеді.
      32. Мақсаттар елдің (белгілі бір қызмет аясының, тиісті аумақтың) жоспарлы кезеңнің соңындағы қалаулы болашақ жағдайын айқындайды, оған қол жеткізу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжатын іске асыруды қамтамасыз етеді.
      33. Мақсаттарды тұжырымдамдау қысқа әрі түсінікті баяндалады және:
      еркін немесе біркелкі түсіндіруге жол берілетін терминдерді, ұғымдар мен сөздерді;
      мақсатқа қол жеткізу жолдарын, құралдары мен әдістерін сипаттауларды қамтымайды.
      34. Мақсаттар саны көп болмағаны жөн. Дұрыс тұжырымдалған мақсаттар жүйесі елдің (белгілі бір қызмет аясының, тиісті аумақтың) жоспарлы кезеңдегі өзекті қажеттіліктерін көрсетеді.
      35. Мақсаттарды анықтау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алу қажет:
      өлшемділік: мақсатқа қол жеткізілуін сандық шамасы бар индикаторлардың көмегімен тексеруге болады.
      релеванттылық: мақсаттардың Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының мақсаттарымен байланысының болуы;
      қол жетімділік: жоспарлы кезеңде ықтималды қол жеткізуге болатын мақсаттар;
      мақсаттың айқындылығы: мақсаттың тұжырымдалуынан оған қол жеткізу индикаторлары түсінікті.
      36. Әрбір мақсатқа, оған қол жеткізу дәрежесін анықтау үшін нысаналы индикатор (аралық және түпкі мәндері бар) сәйкес келеді.
      37. Нысаналы индикатордың сапалы жағы мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) оң өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолютті және салыстырмалы шамаларын көрсетеді.
      38. Нысаналы индикаторлар мынадай критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады:
      оларды жоспарланатын кезеңдегі серпінде салыстыруға мүмкіндік беру;
      пайдаланушылар үшін біркелкі түсінікті болу;
      оларды қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;
      жалпы толық және барабар сипаттама беру;
      қолжетімді және өлшемді болу;
      мониторинг жүргізу мен көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау мақсатында аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.
      39. Негізгі өзгерістерді қамтитын, анықталған проблемаларды шешуді өте жақсы сипаттайтын нысаналы және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін қажет индикаторлар ғана таңдалады.
      40. Әрбір нысаналы индикатор үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары айқындалады.
      41. Олар үшін лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін нысаналы индикаторлар немесе олар бойынша еңбекті тым көп қажет ететін әрі қымбат ақпарат жинау басқалармен ауыстырылады.
      42. Өзге нысаналы индикаторларды айқындау мүмкін болмаған жағдайда, таңдап алынған нысаналы индикаторлар немесе нәтижелер көрсеткіштері бойынша есептеу әдістемесін (формуласын) көрсету және мұндай нысаналы индикатордың бағалық (болжамды) есебін қоса беру қажет.
      43. Нысаналы индикатор бойынша есептеу әдістемесі стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақты дамыту бағдарламасына қоса беріледі.
      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      44. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, аумақты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары бойынша оларды жүзеге асыруға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ал мемлекеттік бағдарламалар бойынша, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар айқындалады.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      45. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нысаналы индикаторларын әзірлеу кезінде, бұдан әрі оларға қол жеткізуге жауапты болатын орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектордың субъектілері, ведомстволық бағынысты ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер деңгейінде каскадтау немесе декомпозициялау талап етілетін болады.
      46. Мақсатқа қол жеткізу әртүрлі, кейбір жағдайда баламалы міндеттерді шешумен қамтамасыз етілуі және көлемі бойынша әртүрлі ресурстар мен шығындарды талап етуі мүмкін.
      47. Міндеттер, оларды жағдайды талдау негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңына дейін қызмет саласындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, аумақтарды дамыту бағдарламасының тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы қажет негізгі талаптар болып табылады.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      48. Әрбір міндет бір мақсатқа ғана сәйкес келеді. Мақсаттардың әрқайсысы үшін жиынтығында тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті қызметтің барлық бағыттарын қамтитын неғұрлым маңызды міндеттердің қажет саны қалыптастырылады.
      49. Әрбір мақсат бойынша міндеттер жиынтығы мынадай қағидаттарға сәйкес келуі тиіс:
      қажеттілік – әрбір міндеттің шешілуі мақсатқа қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады;
      жеткіліктілік - барлық міндеттердің шешілуі мақсатқа қол жеткізудің жеткілікті шарты болып табылады.
      50. Міндеттердің әрқайсысының іске асырылу мерзімдері тиісті мақсатқа қол жеткізу мерзімінен аспайды.
      51. Әрбір міндет бағдарламаның міндеттерін шешу деңгейін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштерінің (сандық өлшенетін) аралық және соңғы мәндерін қамтиды.
      52. Шешуші өзгерістерді, анықталған проблемаларды шешуді неғұрлым жақсы сипаттайтын және міндеттерге қол жеткізілуді бағалау үшін қажетті көрсеткіштер ғана таңдалады.
      53. Барлық келтірілген көрсеткіштер бойынша базалық (бастапқы) және жоспарлы мән (егер жоспарланған өзгерістер осындай түрде тиімді қамтылып көрсетілсе), сондай-ақ аталған көрсеткіш мәніне қол жеткізу үшін қажетті уақытша кезеңнің (жылдың) белгіленуі көрсетіледі.
      54. Әрбір көрсеткіш үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары айқындалады.
      55. Лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін көрсеткіштер немесе олар бойынша ақпарат жинау көп еңбек етуді қажет етіп, әрі қымбатқа түсетін жағдайда басқаларымен ауыстырылады.
      56. Өзге көрсеткіштерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда, таңдап алынған көрсеткіштер бойынша есептеу әдістемесі (формуласы) көрсетілетін болады және мұндай көрсеткіштің бағалық (болжамдық) есептемесі қоса беріледі.
      57. Нәтижилер көрсеткіші бойынша есептеу әдістемесі стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттарға, аумақты дамыту бағдарламасына қоса беріледі.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      58. Нәтижелер көрсеткіштері стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруда орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, ал мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар көрсетіле отырып келтіріледі.
      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      59. Көрсеткіштерді әзірлеу кезінде, бұдан әрі оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер деңгейінде каскадтау немесе декомпозициялау қажеттігі ескерілетін болады.
      60. Мақсаттарды каскадтау кезінде стратегиляық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері екі түрге бөлінеді:
      қол жеткізілуі толығымен бір мемлекеттік органның (оның бағынысты кіші ұйымдарын қоса алғанда) қызметіне тәуелді болатын;
      қол жеткізілуі мемлекеттік органның және басқа ұйымдардың қызметіне тәуелді болатын. Мысалы: «Халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту». Осы көрсеткішке қол жеткізуге денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту, ішкі істер, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың қызметі ықпал етеді.
      61. Каскадтау кезінде құжаттар иерархиясының деңгейлері арасында, оған сәйкес құжаттардың іске асырылуы және мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілу біртіндеп бірлесіп орындаушы органдарға дейін төмендейтін өзара байланыс орнатылады.
      62. Нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жауапкершілігін мемлекеттік органға, бірлесіп орындаушы органдарға бекіту негізінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен және нәтижелер көрсеткіштерімен келісілген жеке мақсаттар, нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері әзірленеді.

5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары

      63. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық даму жоспары) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында 10 жылға әзірленеді және жоспарлы кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму стратегиясын, мақсаттарын, міндеттерін, басым бағыттарын, олардың көрсеткіштері көрсетілген күтілетін нәтижелерді, кезеңдік нысаналы бағдарды нақтылайды.
      64. Алдағы кезеңге Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірлеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) алдыңғы Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың тоғызыншы жылынан кешіктірмей мүдделі органдардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      65. Стратегиялық даму жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      66. «Кіріспе» бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеудің негіздемесі мен қажеттігі көрсетіледі.
      67. «Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
      1) ағымдағы жағдайды талдау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының, ағымдағы онжылдық кезеңнің соңында елдің дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштерін талдау шеңберінде қол жеткізілген деңгейін бағалау;
      2) SWOT-талдау негізінде қалыптастырылған ішкі факторларды (мүмкіндіктер мен қауіптер) бағалау көрсетіледі.
      68. «Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлім осы Әдістеменің 3-тарауына сәйкес қалыптастырылады.
      69. «Жаһандық үрдістерді талдау» бөлімінде әлемдік үрдістерді талдау, Қазақстан Республикасының әлемдік және өңірлік экономикадағы позициялары, сондай-ақ елдің дамуына ықпал ететін сыртқы факторларды, сыртқы тегеурінді талаптар мен қауіптерді айқындауды бағалау келтіріледі.
      70. «Қазақстан Республикасының алдағы он жылдықтың соңына дейінгі пайымы» бөлімінде Қазақстан Республикасының дамуының алдағы он жылдықтағы параметрлері, сондай-ақ оның дамыуын негізгі жалпыұлттық көрсеткіштері айқындалады.
      71. Елдің негізгі жалпыұлттық көрсеткіштері негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және елдің қоғамдық-саяси жүйесінің көрсеткіштері болып табылады, яғни елдің жалпы даму деңгейін сипаттайтын неғұрлым іріленген индикаторлар (мысалы: ЖІӨ, халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштері).
      72. Елдің даму пайымы осы Әдістеменің 4-тарауында келтірілген талдау кезеңінде қалыптастырылады.
      73. «Елді дамытудың басымды бағыттары және алдағы онжылдық кезеңге арналған елді дамытудың стратегиялық мақсаттары» осы Әдістеменің 4-ші тарауына сәйкес қалыптастырылады.
      74. «Елді дамытудың басымды бағыттары және алдағы он жылдық кезеңге арналған елді дамытудың стратегиялық мақсаттары» деген бөлім
елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму салалары бойынша топтастырылған басымды бағыттарды айқындайды.
      75. Стратегиялық даму жоспарында бес-жетіден аспайтын басымды бағыттар болуы тиіс.
      76. Әрбір басымды бағыт бойынша стратегиялық мақсаттар, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізу бойынша ортақ тәсілдер айқындалады.
      77. Стратегиялық мақсаттар елді дамыту пайымынан туындайды және пайым - стратегиялық мақсат – нысаналы индикатор иерархиялық құрылымын қалыптастырады.
      78. Стратегиялық мақсаттар пайымының мазмұнын ашады.
      79. «Қорытынды» деген бөлімде алдағы жоспарлы кезеңге арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың негізгі тұжырымдамалары келтіріледі.
      80. Мемлекеттік органдар алдыңғы Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың тоғызыншы жылының 1 сәуірінен кешіктірмей Стратегиялық даму жоспарының жобасына қатысты ұсыныстарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      81. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Стратегиялық даму жоспарының жобасын қалыптастырып, тиісті кезеңнің 1 шілдесінен кешіктірмей
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізеді.

6. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы

      82. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) Стратеиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және өндірістік күштерді, көлік-коммуникациялық, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды ұтымды орналастыру, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, еліміздің өңірлер бөлінісінде жеке-қоныстандыру жүйесі болып табылады.
      83. Болжамды схеманы әзірлеуді алдыңғы Болжамды схеманың іске асырылуының тоғызыншы жылынан кешіктірмей орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық басқару холдингтеріұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен ұлттық компаниялар, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      84. Болжамды схема:
      халықты тұрғылықты жеріне тәуелсіз (қала, ауыл) тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуді;
      жоғары тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында (бірінші кезекте кірісті ескере отырып) халықты тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары бар перпективалы елді мекендерге шоғырлануын;
      елдің перспективалы елді мекендерін мемлекеттің ішінара қолдауын;
      өсу нүктелерін дамыту және қалыптастыру бойынша жергілікті бастамаларды, бірінші кезекте қалалық агломерацияны нысаналы қаржыландыруды;
      инженерлік қоныстандыруымен инфрақұрылым объектілерін перспективалы орналастыруды өндірістік күштермен өзара байланыстыруды;
      жалпы адами капиталды дамыту мен республиканың еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыруды, көші-қон ағындары тиімді басқаруды;
      елдің ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану және еңбекті республикалық, өңірлік және халықаралық бөлуде оның өңірлерінің бәсекеге қабілетті экономикалық мамандандырылуын қалыптастыруды;
      үшінші елдердің нарығына шығу мақсатында шекарамен шектес аумақтарды дамыту.
      85. Болжамды схеманың қалыптастыру өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылады.
      86. «Аумақтың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау» деген бөлім елдің даму басымдықтарына сүйене отырып, өңірлердің экономикалық әлеуетін бағалауды, еңбек және демографиялық әлеуетін бағалауды, жалпы ел бойынша және оның әрбір өңірлерінде әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.
      87. Талдау елдің аумақтық-кеңістік дамуының сыртқы факторлары ретінде әлеуметтік-экономикалық және қоғадық-саяси дамуының жаһандық және өңірлік үрдістерін талдаудан басталады (мысалы, облыс, аудан шегінде).
      88. «Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау» бөлімін қалыптастыру кезінде осы Әдістеменің 3-тарауын басшылыққа алу қажет.
      89. «Аумақтық-кеңістіктік дамудың негізгі бағыттары» деген бөлім елді аумақтық-кеңістікте дамытудың мақсаттарынан, міндеттерінен және негізгі тәсілдерінен, өңірлік даму сценарийлерінен, өңірді дамытудың стратегиялық бағыттарынан, ірі агломерацияларды және басқа қоныстандыру жүйелерін тиімді дамыту мәселелерінен, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру және базалық әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттарын енгізуден тұрады.
      90. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мақсаттары елді аумақтық-кеңістікте дамытуға өңірлер бөлінісінде талдауды жүргізу құралы арқылы ықпал ететін неғұрлым маңызды факторларды анықтау негізінде айқындалады.
      91. Болжамды схеманың мақсаттарын белгілей отырып, белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін шешуді талап ететін міндеттерді айқындайды.
      92. Болжамды схеманың мақсаттары мен міндеттері осы Әдістеменің «Жоспарлау кезеңі» деген 4-тарауына сәйкес айқындалады.
      93. «Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары» деген бөлім индустриалдық сектордың келешекті дамуының, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, инженерлік-көліктік инфрақұрылымның схемаларынан тұрады.
      94. «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының алдыңғы он жылдық мерзімде іске асырылуын мониторингілеуге арналған индикаторлар» бөлімі алдыңғы он жылдық кезеңде өңірлерді дамытудың негізгі көрсеткіштерін, салаларды дамытудың болжамды параметрлерін қамтиды.
      95. Болжамды схеманы іске асырылуын мониторингілеуге арналған индикаторлар Болжамды схеманың мақсаттарына және міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері болып табылады.
      96. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері осы Әдістеменің «Жоспарлау кезеңі» деген 4-тарауына сәйкес айқындалады.
      97. Мемлекеттік органдар алдыңғы Болжамды схеманың іске асырылуының тоғызыншы жылының 1 сәуірінен кешіктірмей, Стратегиялық даму жоспарының жобасына қатысты ұсыныстарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Болжамды схеманың жобасын қалыптастырып, тиісті кезеңнің 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізеді.

7. Мемлекеттік бағдарламалар

      98. Мемлекеттік бағдарламалар Стратегиялық даму жоспарын және Болжамды схеманы (бұдан әрі – жоғары тұрған құжаттар) іске асыру мақсатында әзірленеді, Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жолдарын көрсетеді, орта мерзімді (ұзақ мерзімді) кезеңге өзектендірілген жалпыұлттық салааралық және ведомствоаралық сипаттағы міндеттерді шешуге бағдарланады.
      99. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 19 наурызда № 957 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      100. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуді Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған әзірлеуші-мемлекеттік мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      101. Мемлекеттік бағдарламаның жобасы әзірлеу сатысында әзірлеуші мемлекеттік орган жария түрде талқылау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырады және келіп түскен ұсыныстар ескеріле отырып, пысықталады.
      102. Мемлекеттік бағдарламаның «Паспорт (негізгі параметрлері)» бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі ережеге сәйкес бағдарламалық құжаттың негізгі параметрлері баяндалады.
      103. «Кіріспе» деген бөлімде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен байланыстырыла отырып, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу қажеттігінің негіздемесі баяндалады.
      104. «Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
      1) сала қызметінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау (бұл ретте, негізгі проблемаларды, үрдістерді және әлсіз және күшті жақтарына алдын-ала талдау негізіндегі алғышарттарын, осы қызмет саласы үшін мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін белгілеу қажет);
      2) жүргізілуі кезінде осы саланың дамуына ықпал ететін қолданыстағы нормативтік құқықтық база талданып, қолданыстағы қызмет саласын мемлекеттік реттеу саясатын талдау сипатталады, сондай-ақ қызмет саласын дамытуды қамтамасыз ету бойынша бұрын келтірілген іс-шаралар нәтижелері баяндалады.
      Осы бөлім осы Әдістеменің 3-тарауына сәйкес қалыптастырылады.
      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      105. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      106. «Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде Мемлекетттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сүйене отырып қалыптастырылған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты көрсетіледі.
      107. Мемлекетттік бағдарламаның басты мақсаты жоспарлы кезеңнің аяғына қарай қызмет саласы жағдайының пайымын білдіреді және оның осы бағыттағы дамуының сапалы бағдары болып табылады.
      108. Мемлекетттік бағдарламаның басты мақсаты кезең-кезеңмен жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау және кіші бағдарламаларды бөлу арқылы басты мақсатты неғұрлым жекелеген мақсаттарға бөлу).
      109. Бағдарламалық мақсаттар басты мақсаттың мазмұнын ашады.
      110. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары барлық бағдарлама мақсаттарына қол жеткізілу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін нысаналы индикаторлардың сандық өлшенетін аралық және түпкілікті мәндерін қамтиды.
      111. Міндеттері жағдайды талдаудың негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің аяғына қарай қызмет аясында негізгі өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізуі үшін орындалуы қажет басты шарттар болып табылатын бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламаның міндеттері айқындалады.
      112. Мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік бағдарламаға қатысатын қызмет саласының даму пайымынан туындайды және: басты мақсат-бағдарламалық мақсаттар - міндеттер иерархиялық құрылымын құрастырады.
      113. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері осы Әдістеменің 4-тарауына сәйкес әзірленеді.
      113-1. Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері кешенді сипатталуы, салааралық және ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді шешу деңгейін, дәрежесін көрсетуі тиіс.
      Ескерту. 113-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      114. «Бағдарламаның негізгі бағыттары мен қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар» деген бөлімде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу мен алда тұрған міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізуді және әрбір міндетті шешуді толық көлемде әрі тиісті мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.
      115. «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде әрбір кезең үшін мақсаттарды, міндеттерді, нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштері мен қол жеткізу шараларын көрсете отырып, бағдарламаны іске асыру кезеңдеріне сипаттама жазылады.
      116. «Қажетті ресурстар» деген бөлімде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттіліктер баяндалады.
      117. Мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу сатысында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және барлық мүдделі органдармен келісіледі.

8. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары

      128. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру, мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді тиімді орындауы және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында әзірленеді.
      129. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      130. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      131. Стратегиялық жоспардың жобасын тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 40-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік пен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісіледі.
      Ескерту. 131-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      132. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес стратегиялық жоспардың жобасын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар келіскеннен кейін:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспары әзірлеуші мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі;
      Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын
Қазақстан Республикасының Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға бекiтедi.
      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      133. Мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспары (мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда) осы мемлекеттік органның веб-сайтында күнтiзбелiк 10 күн iшiнде орналастырылады.
      Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      134. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары осы Әдістемеге
қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Аумақтарды дамыту бағдарламасы

      135. Аумақты дамыту бағдарламасы Стратегиялық даму жоспарын, Болжамды схеманы, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын (бұдан әрі – жоғары тұрған құжаттар), әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, осы аумақта Болжамды схемада, мемлекеттік және салалық бағдарламаларда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттерді шешу жолдарын баяндау мақсатында әзірленеді.
      136. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астаның мәслихатына бекітуге енгізіледі;
      Болжамдық схеманы іске асырудың бірінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы үшін Болжамды схема бекітілгеннен кейін екі айлық мерзімді;
      Болжамды схеманы іске асырудың екінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы үшін Болжамды схеманы іске асырудың екінші кезеңі басталғанға дейін екі айлық мерзімнен кешіктірмей бекітуге енгізіледі.
      Ескерту. 136-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      137. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және ол облыстық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасы облысты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына бекіту үшін енгізіледі.
      138. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдар аумақты дамыту бағдарламаларының жобаларын келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.
      139. «Паспорт (негізгі параметрлер)» деген бөлімі аумақты дамыту бағдарламасының түйінді бөлімі болып табылады және:
      1) атауын;
      2) әзірлеу үшін негіздемені;
      3) аталған өңірдің негізгі сипаттамасын;
      4) бағыттарын;
      5) мақсаттарын;
      6) міндеттерін;
      7) нысаналы индикаторларды;
      8) қаржыландыру көздері мен көлемдерін қамтуы тиіс.
      140. «Ағымдағы ахуалды талдау» деген бөлімде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:
      1) өңірдің жай-күйінің оң және теріс жақтарын, сондай-ақ олардың елді дамытудың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау;
      2) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық (кеңістіктік) дамыту, өңіраралық ынтымақтастық, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;
      3) негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы;
      4) қолда бар нормативтік құқықтық базаның, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикасы мен нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.
      Ескерту. 140-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      141. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімі осы Әдістеменің 3-тарауына сәйкес қалыптастырылады.
      142. «Өңірді дамытудың пайымы» деген бөлім түйінді нысаналы индикаторлар көрсетіле отырып, аумақтарды дамытудың тиісті бағдарламаларын іске асырудың қорытындысы бойынша өңірді дамытудың жалпы перспективалы нәтижелері көрсетілуі тиіс.
      Бұл бөлім осы Әдістеменің 4-тарауынан туындайды.
      143. «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» деген бөлімде:
      1) жалпы өңірдің экономикасын, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық кешенді, аумақтық (кеңістіктік) құрылымды, өңіраралық ынтымақтастықты, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;
      2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша, нысаналы индикаторлары көрсетілген, мақсаттары;
      3) көрсетілген әрбір мақсатқа қол жеткізу бойынша міндеттері;
      4) олардың болжамды мәндеріне қол жеткізілуі болжанып отырған кезеңдері көрсетіле отырып, бағдарламаның міндеттеріне қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын және олардың негізінде бағдарламаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру болжанып отырған, саны жағынан өлшенетін нәтижелер көрсеткіштері;
      5) қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары баяндалады.
      Ескерту. 143-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      144. Мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері осы Әдістеменің 4-тарауына сәйкес әзірленеді.
      145. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін  Базалық көрсеткіштер тізбесі айқындайды.
      146. Мүдделі орталық атқару органдар келісім бойынша жергілікті атқару органдардың ұсыныстар негізінде көрсеткіштердің базалық тізбесі әзірленеді.
      147. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.
      148. Өңірлерді дамытудағы ерекшілікті есепке алу үшін аумақтарды дамыту бағдарламаларға қосымша нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді қосуға жол беріледі.
      149. Қосымша нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін әзірлеу кезінде олар бойынша статистикалық деректетердің болуы ескеріледі.
      149-1. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің жоспарлы мәнін олардың іске асырылу мерзімі өткеннен кейін өзгертуге жол берілмейді.
      Ескерту. 149-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      150. Әрбір міндетті шешу үшін өз кезегінде нәтижелер көрсеткіштеріне, нысаналы индикторларға және аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиісті міндетті шешу бойынша негізгі шаралар көрсетіледі.
      151. «Қажетті ресурстар» деген бөлімде аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қажетті ресурстар (адами, қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық және басқа) көрсетіледі.
      152. «Бағдарламаны басқару» деген бөлім орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының, мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігі бойынша ақпаратты қамтиды.

11. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 11-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын,
Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын,
мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту  
бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге    
1-қосымша                       

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.                        

2-қосымша                       

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.     

Қазақстан Республикасының    
Стратегиялық даму жоспарын,  
Елді аумақтық-кеңістікте    
дамытудың болжамды схемасын, 
мемлекеттік бағдарламаларды, 
мемлекеттік органдардың    
стратегиялық жоспарларын және 
аумақтарды дамыту бағдарламаларын
әзірлеу жөніндегі әдістемеге  
қосымша             
 
Нысан

_________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
______________________ жылдарға арналған
(жоспарлы кезең)                    
стратегиялық жоспары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.    

1-бөлім. Миссиясы және пайымы 2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару

      1. 1-стратегиялық бағыт
      1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
      1.2) Негізгі проблемаларды талдау
      1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің аты

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Сыртқы тәуекелдер

Ішкі тәуекелдер

      2. 2-стратегиялық бағыт

3-бөлім. Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары

      1-стратегиялық бағыт
      ...
      2-стратегиялық бағыт
      ...

4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы

5-бөлім. Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторлар

№ р/с

Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ағымдағы кезеңнің жоспары

Жоспарлы кезең

1-жыл

2–жыл

3-жыл

4-жыл

5-жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1-стратегиялық бағыт …

1.1-стратегиялық мақсат…

1

6-бөлім. Ресурстар

Ресурстар

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ағымдағы жылдың жоспары

Жоспарлы кезең

1-жыл

2–жыл

3-жыл

1

2

3

4

5

6

7

Қаржылық, барлығы:

Оның ішінде:
1-бюджеттік бағдарлама:

2-бюджеттік бағдарлама:

…….

Адами

      Ескертпе: стратегиялық жоспар осы Нысанға қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

Стратегиялық жоспар нысанына
қосымша           

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының нысанын толтыру бойынша түсіндірулер

      1. «Мемлекеттік органның атауы» деген жолда стратегиялық жоспарды әзірлейтін мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі.
      2. «Жоспарлы кезең» деген жолда стратегиялық жоспар әзірленетін кезекті бесжылдық кезең көрсетіледі.
      3. «Миссиясы және пайымы» деген 1-бөлім:
      Бөлімде мемлекеттік органның миссиясы мен пайымы жазылады.
      Миссияны қалыптастыру кезінде мемлекеттік орган «Біз не істейміз және кім үшін істейміз?» деген сұрақтарды басшылыққа алады, нәтижесінде тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік басқару субъектісі ретінде рөлін айқындауды білдіретін оның негізгі тағайындалуы айқындалады.
      Мемлекеттік органның пайымында мемлекеттік органның жетекшілік ететін салаларды немесе қызмет аясын перспективада қалай көретінін көрсетуге тиіс.
      4. «Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару» деген 2-бөлім:
      Бөлімде Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің (бұдан әрі осы қосымшада - Әзірлеу жөніндегі әдістеме) 3-тарауына сәйкес талдау жүргізу процесінде алынған ақпарат стратегиялық бағыттар бөлінісінде көрсетіледі.
      «Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару» деген 2-бөлім мынадай кіші бөлімдерден тұрады:
      1.1) «Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері»;
      1.2) «Негізгі проблемаларды талдау»;
      1.3) «Тәуекелдерді басқару».
      «Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері» деген 1.1-кіші бөлім бойынша статистикалық деректер не қызмет саласының немесе аясының жай-күйін алдыңғы кезеңдермен салыстыра отырып сипаттайтын басқа да көрсеткіштер келтіре отырып, мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері көрсетіледі.
      Әлемдік тәжирибе болған кезде реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері басқа елдер салыстырмалы түрде көрсетіледі.
      «Негізгі проблемаларды талдау» деген 1.2-кіші бөлім бойынша жетекшілік ететін салада немесе аяда шешілуіне стратегиялық жоспар бағытталған негізгі проблемаларды талдау келтіріледі.
      «Тәуекелдерді басқару» деген 1.3-кіші бөлім бойынша мемлекеттік органның, стратегиялық жоспарының мақсаттарын іске асыруға және қол жеткізуге өте жоғары ықтималдылықпен кері әсер етуі мүмкін тәуекелдер, сондай-ақ оларды басқару бойынша іс-шаралар көрсетіледі.
      «Тәуекелдерді басқару» 1.3-кіші бөлімінің кестесінде:
      1) 1-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылу барысына ықпал етуі және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге кедергі болуы мүмкін ықтимал тәуекелдер келтіріледі.
      Толық қаржыландырылмау тәуекелі мемлекеттік органның көрсеткіштеріне қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды;
      2) 2-бағанда тәуекел туындау жағдайда мемлекеттік орган қабылдауды жоспарлайтын мемлекеттік органның баламалы іс-шаралары келтіріледі.
      5. «Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары» деген 2-бөлім:
      Бөлімде мемлекеттік органның әрбір стратегиялық бағыты бойынша жоспарлы кезеңде іске асырылатын басым бағыттарды басым бағыттар қатарына қосуды негіздей отырып басым бағыттар және оларға қол жеткізудің негізгі шаралары айқындалады.
      Мемлекеттік орган «Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары» бөлімін қалыптастырған кезде:
      мемлекеттік органның басымдақтарын анықтайды;
      осы бағыттардың басымдылығын негіздейді;
      таңдалған басым бағыттарды іске асыру бойынша шараларды айқындайды.
      6. «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы» деген 4-бөлім:
      Бөлімде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары бөлінісінде схема түрінде, оларды іске асырудан елдің тиісті жалпыұлттық көрсеткіштеріне қол жеткізілуі тәуелді болатын бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары көрсетіледі. Бұл бөлім Әзірлеу жөніндегі әдістеменің 4-тарауына сәйкес қалыптастырылады.
      «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы» деген 4-бөлімнің кестесінде:
      1) «Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері» деген бағанда қол жеткізілуі стратегиялық жоспарды мемлекеттік органың стратегиялық бағыттары мен өзара байланыста іске асырумен қамтамасыз етілетін бірінші деңгейдегі Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында айқындалған жалпыұлттық сипаттағы мақсаттар мен нысаналы индикаторлар көрсетіледі;
      2) «Стратегиялық бағыт» деген бағанда жоғары тұрған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетіледі.
      Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін өзгерістер неғұрлым маңызды болып табылатын реттелетін салаларды, экономика секторларын немесе қызмет салаларын талдау негізінде қалыптастырылады;
      3) «Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары» деген бағанда мемлекеттік орган қызметінің белгілі бір саласының жоспарлық кезеннің соңында күтілетін жай-күйін көрсететін мақсаттар көрсетіледі;
      4) «Бюджеттік бағдарламалар» деген бағанда мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама бойыша мың тенгеде жиынтығы қамтамасыз етілетін кодтар мен бюджеттік бағдарламалардың атауы көрсетіледі.
      Бюджеттік бағадрламалар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған бір стратегиялық мақсатқа қол жеткізу бағытын есекере отырып қалыптастырылуы тиіс.
      Мемлекеттік органның бірнеше стратегиялық мақсаттарын іске асыруға оның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламадан басқа бюджеттік бағдарламаның бағытталуына жол берілмейді.
      7. «Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:
      1) «Стратегиялық бағыт» деген жол бойынша мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары көрсетіледі;
      2) «Стратегиялық мақсат» деген жол бойынша мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары көрсетіледі;
      3) 1-бағанда толассыз реттік нөмірі ретімен көрсетіледі;
      4) 2-бағанда тиісті мақсатқа қол жеткізу деңгейін сипаттайтын нысаналы индикатордың атауы көрсетіледі.
      Стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларын айқындау кезінде мынадай талаптар сақталады:
      жоғары тұрған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың көрсеткіштері негізгі бағдарлар болып табылады, себебі олар
Қазақстан Республикасының дамуының негізін қалайтын мақсаттар болып табылады.
      Бұл үшін каскадтау және/немесе ыдырату арқылы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органның құзыретіне кіретін нысаналы индикаторлар айқындалады;
      нысаналы индикаторлар мемлекеттік органның өкілеттіктері мен құзыреттеріне сәйкес келеді;
      нысаналы индикаторлар халықаралық рейтингтік агенттіктердің, оның ішінде Дүниежүзілік Экономикалық Форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі рейтингі индикаторларын ескереді.
      Бұл үшін мемлекеттік органға бекітілген әрбір халықаралық бәсекеге қабілеттілік индикаторы бойынша (Дүниежүзілік Экономикалық Форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша (бұдан әрі - ДЭФ ЖБИ), Doing Business және т.б.) мемлекеттік органдар осы халықаралық индикатор бойынша Қазақстан Республикасының позициясын тікелей немесе жанама түрде жақсартуға бағытталған өзіндік нысаналы индикаторларын әзірлеуі мүмкін.
      Бұл ретте, егер халықаралық бәсекеге қабілеттілік индикаторын тұжырымдау саланың сипаттамаларын көрсетеді және өлшенетін болса, онда оны өлшем бірлігін көрсете отырып, нәтижелердің нысаналы индикаторы түрінде бекітуге жол беріледі.
      Мысалы, ДЭФ ЖБИ «Балалар өлім-жітімі» көрсеткішін «Балалар
өлім-жітімінің тірі туылған 1000 шаққандағы үлесі» нысаналы индикаторы ретінде тұжырымдауға болады.
      нысаналы индикаторлар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағытталады.
      Мемлекеттік органға мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты міндеттер мен функциялар заңнамалық деңгейде бекітілген жағдайда мемлекеттік орган стратегиялық жоспарында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, уақтылығын және тиімділігін көрсететін нысаналы индикаторларды айқындайды.
      Бұл ретте, оларды әлеуметтік сауалнама түрінде өлшеудің баламалы әдістерін пайдалануға жол беріледі;
      5) 3-бағанда есепті кезеңде нысаналы индикаторлардың мәндерін қанағаттануға мүмкіндік беретін ақпарат көздері көрсетіледі;
      6) 4-бағанда нысаналы индикаторлардың өлшем бірліктері көрсетіледі;
      7) 5-11-бағандарда оларға қол жеткізу динамикасын көрсететін жылдар бөлінісінде нысаналы индикаторлардың мәңдері көрсетіледі;
      8) 5 пен 6-бағандарда есепті кезенде қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың мәндері көрсетіледі, бұл ретте кезекті жоспарлы кезеңге стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде 5-бағанда есепті кезеннің бірінші жылғы есепті деректер, 6-бағанда ағымдағы кезеңнің жоспарлы мәндері көрсетіледі.
      Кезекті жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті қалыптастырумен немесе ағымдағы жылы республикалық бюджетті нақтылаумен байланысты мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізген кезде стратегиялық жоспарды іске асырудың бірінші жылында 6-бағанда ағымдағы жылғы жоспардың мәні нысаналы индикатордың нақты мәніне ауыстырылады.
      Жоспарлы кезең іске асыру мерзімі аяқталған соң жоспарлы болып қала береді. Іске асыру мерзімі аяқталған соң, нысаналы индикаторлардың сандық мәндерін өзгерту көзделмейді.
      Стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, нақты деректер жоспарлы мәндерден асып түскен жағдайда, жоспарлы мәндер ұлғаю жағына қарай түзетіледі.
      Нақты деректердің асып түсуі мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз факторларға (мысалы, климаттық жағдайлар) негізделген кездегі жағдайларға қатысты емес.
      Нақты деректер жоспарлы кезеңнің жоспарлы мәндерінен асып түспеген кезде, қаржыландыру көлемін азайтумен және мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз басқа да сыртқы факторларға байланысты жағдайларды қоспағанда, қайта қаралмайды.
      Мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз факторларға негізделген іс-шаралар мен міндеттемелердің орындалмау жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған көрсеткіштердің жоспарлы мәндерін төмендетуге жол берілмейді.
      8. «Ресурстар» деген 6-бөлім:
      Бөлімде «Ресурстар» деген 6-бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыруға тартылған қаржылық және адами ресурстар бойынша деректер келтіріледі.
      «Ресурстар» деген 6-бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:
      1) 1-бағанның «Бюджеттік бағдарламалар» жолы бойынша Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі;
      2) 2-бағанда ресурстарды өлшеу бірліктері көрсетіледі;
      3) 3-5-бағандарда:
      «Қаржылық, барлығы» деген жол бойынша жылдар бойынша бөле отырып мемлекеттік органның бюджет шығыстарының жалпы жиынтығы келтіріледі;
      «Бюджеттік бағдарлама» деген жол бойынша жылдар бойынша бөле отырып тиісті бюджеттік бағдарламаның жалпы сомасы келтіріледі;
      «Адами» деген жол бойынша стратегиялық жоспарды іске асыруға тартылған мемлекеттік органның штат саны көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 50 бұйрығына 1-1-қосымша

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдістеме

      Ескерту. Бұйрық 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ереже

      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, (бұдан әрі – стратегиялық және бағдарламалық құжаттар) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша негізгі ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен (бұдан әрі - № 931 Жарлық) бекітілген.
      2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру – бұл осы құжаттарда көзделген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, нәтижелер (аралық және түпкі) көрсеткіштеріне қол жеткізу және міндеттерді шешу процесі.
      3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде:
      ведомствоаралық өзара іс-қимылда келісушілік;
      ресурстарды аз шығындай отырып берілген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге, міндеттерді шешуге бағдарлану;
      қаржылық, еңбек және басқа ресурстардың теңгерімділігі қамтамасыз етеді.
      4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын табысты іске асыру үшін қолданылатын негізгі құралдар:
      төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру;
      мақсаттарды, мақсатты индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін каскадтау;
      іс-шаралар жоспарларын және операциялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру;
      ресурстармен қамтамасыз ету;
      ведомствоаралық өзара іс-қимыл;
      тәуекелдерді талдау және басқару;
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу;
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын түзету.

2. Төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру

      5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтарды дамыту бағдарламалары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттігі мен заңдылығы жоғары деңгейде тұрған құжаттардан туындайтын біртұтас жүйені қамтиды, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттарды іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау төмен тұрған деңгейдегі құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру төмендегілерді іске асыру арқылы орындалады:
      Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,
      мемлекеттік бағдарламаларды,
      салалық бағдарламаларды,
      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын,
      аумақтарды дамыту бағдарламаларын,
      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғы капиталында мемлекеттің үлесі бар ұлттық компаниялардың даму стратегияларын.
      7. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру төмендегілерді іске асыру арқылы орындалады:

      8. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру төмендегілерді іске асыру арқылы орындалады:
      оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын,
      салалық бағдарламаларды,
      мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын,
      мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын өзге мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын,
      облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын,
      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғы капиталында мемлекеттің үлесі бар ұлттық компаниялардың даму жоспарларын.
      9. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру операциялық жоспарды іске асыру арқылы орындалады.
      10. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырады.

3. Мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды айқындау

      11. Стратегиялық және бағдарламалық құжат, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары және аумақтарды дамыту бағдарламалары табысты іске асырылуы үшін, мақсаттарға, нысаналы индикаторларға қол жеткізу және жоспарланған нәтижелер алу үшін орындалуы тиіс іс-қимылдар (іс-шаралар) тізбесін айқындау қажет.
      12. Мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іс-шаралар жоспары және мемлекеттік органдардың операциялық тактикалық және операциялық деңгейлерде әзірленеді.
      13. Тактикалық деңгейде мақсаттарға, нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысатын орган, қандай нәтижелерге қол жеткізу қажеттігі және ол үшін қанша шығын жұмсалатындығы бағаланады.
      14. Мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру үшін Іс-шаралар жоспарлары әзірленеді.
      15. Мемлекеттік бағдарлама немесе аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары – мерзімдерін, жауапты орындаушыларын, аяқтау нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып мемлекеттік бағдарламаның немесе аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтижелі көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған, нақты әрекеттер жиынтығы.
      16. Операциялық деңгейде іске асырылады – стратегиялық және бағдарламалық құжатты, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері үшін нақты іс-қимылдар (іс-шаралар) мен оларды орындаудың тиімділік өлшемдері әзірленеді.
      17. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығында айқындалған.

4. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

      18. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және оның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толыққанды қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-қимылдарды ұйымдастыру мен үйлестіру мақсатында әзірленеді.
      19. Іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне немесе әрбір орта мерзімді кезеңге кезең-кезеңмен әзірленеді.
      20. Іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарлама бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде немесе кезекті іске асыру кезеңі басталғанға дейін бір ай бұрын әзірленеді.
      21. Іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарламаның алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілуін қамтамасыз ететін, күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, мерзімдері, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген іс-шаралар жүйесін қамтиды.
      22. Іс-шаралар жоспарының жобасы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысушы өзге де мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
      23. Әзірлеуші мемлекеттік орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жасайды және ұсыныстар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастырады.
      24. Іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес бюджеттер деңгейлері бөлінісінде әкімшілік бюджеттік бағдарламалардың болжанатын шығыстарының жиыны туралы ақпарат қоса беріледі.
      25. Басқа көздердің болжанатын шығыстары туралы ақпарат бұл кестеде көрсетілмейді.
      26. Бұдан әрі Іс-шаралар жоспарының жобасы мынадай ретпен пысықталады:
      1) қалыптастырылған Іс-шаралар жоспарының жобасын Іс-шаралар жоспары бекітілу мерзіміне дейін 20 күнтізбелік күн бұрын бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың барлығы қарауы және барлық мүдделі мемлекеттік органдарға Интранет порталы (МОИП) арқылы жіберуі үшін мемлекеттік органдардың ресурсында орналастыру;
      2) Іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың және басқа да мүдделі адамдардың ескертулері мен ұсыныстарын қарау;
      3) Іс-шаралар жоспары жобасының түпкілікті редакциясын қалыптастыру;
      4) белгіленген тәртіпте келісу және бекіту.

5. Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

      27. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімін, орындаушыларды, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.
      28. Іс-шаралар жоспары аумақты дамыту бағдарламасы оның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толық қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін оны іске асыру бойынша іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында әзірленеді.
      29. Іс-шаралар жоспары Болжамды схема ескеріле отырып, бағдарламаның алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, іс-шаралардың мерзімдері, ресурстары және орындаушылары бойынша келісілген жүйесін қамтиды.
      30. Іс-шаралар жоспары аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңдерін міндетті түрде белгілей отырып іске асырудың барлық кезеңіне әзірленеді.
      31. Іс-шаралар жоспары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
      32. Іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес бюджеттер деңгейлері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің болжамды шығыстарының жиынтығы қоса беріледі.
      33. Басқа көздердің болжамды шығыстары туралы ақпарат бұл кестеде көрсетілмейді.
      34. Әзірлеуші мемлекеттік орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді және ұсыныстар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастырады.
      35. Іс-шаралар жоспарының жобасы мынадай реттілікпен пысықталады:
      1) Іс-шаралар жоспарын бекіту мерзіміне дейін 15 күнтізбелік күн бұрын қалыптастырылған Іс-шаралар жоспарының жобасын бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың барлығын жалпы түрде қарауы үшін Интернет ресурсына орналастыру. Әзірлеуші орган келісу мақсатында мемлекеттік органдарды Іс-шаралар жоспарының жобасын орналастырған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабардар етеді;
      2) Іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысушылардың және басқа да мүдделі тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулерін қарау;

      4) келісу мен бекіту іске асырылады.
      36. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 50-тармағына сәйкес Іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың Әкімі жоғары тұрған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді.

6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын ресурстармен қамтамасыз ету

      37. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын уақытылы және сапалы іске асыру үшін оларды қажетті ресурстармен – қаржылық, еңбек, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету маңызды.
      38. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыру көздері:
      республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты,
      мемлекеттік қарыздар,
      мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарыздар,
      тікелей шетелдік және отандық инвестициялар,
      халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары,
      екінші деңгейдегі банктердің кредиттері,
      ұйымдардың меншікті қаражаттары,
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері.
      39. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландырудың болжанатын көлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, орта мерзімдік кезеңдегі республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлерін, халықаралық шарттар мен басқа да құжаттарды ескере отырып айқындалады.
      40. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті бюджеттік ресурстарды орта мерзімдік кезеңге бөлу республикалық және жергілікті бюджеттер жобаларын қалыптастыру процесінде жүзеге асырылады.
      41. Орта мерзімдік кезеңге бюджет жобаларын әзірлеу барысында республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыру мүмкіндіктері нақтыланады.
      42. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган өзінің бюджеттік бағдарламаларында қойылған мақсаттарға, міндеттер мен жоспарланған нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді.
      43. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және аумақты даму бағдарламаларында көзделген, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен қол жеткізу болжанып отырған мақсаттар, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері тиісті мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының мақсаттарымен, мендеттермен және нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысты болуы тиіс.

7. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

      44. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру сатысындағы маңызды міндеттер ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту болып табылады. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың табыстылығы мен нәтижелілігі көбінесе орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының іс-қимылдарының өзара келісілген, олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламларын іске асыру процесіне қызығушылық танытуы мен қатыстырылуына байланысты болады.
      45. Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың мәні мемлекеттік құрылымдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысатын басқа да ұйымдардың арасында конструктивті өзара іс-қимылды дұрыс жолға қоюда болып табылады.
      46. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде мынадай:
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру процесінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарындағы келісушілігі;
      әрбір өзара әрекеттесетін тараптың проблемаларды шешу және нәтижелерге қол жеткізу жолдарын табуда қызығушылық білдіруі;
      әрбір тараптың жеке шешу тиімсіз болатын маңызды проблемаларды жеңуде күштері мен мүмкіндіктерін біріктіруі;
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысушылар арасындағы даулы мәселелерді шешудегі конструктивті ынтымақтастығы;
      мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдауға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауына ұйымдар басшыларының жауапкершілігі қағидаттары бар.
      47. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және басқа ұйымдардың бірлескен күшімен стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының жоспарланған мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және өзге де маңызды проблемаларды шешу үшін қажет.
      48. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мыналар:
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, аумақтарды дамыту бағдарламалары;
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттары, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін каскадтау;
      мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары;
      салалық бағдарламалар негізінде іске асырылады.
      49. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысатын әрбір ұйым тиісті салада (қызмет аясында) елеулі нәтижелерге қол жеткізуі үшін нақты не істеуге тиіс екендігіне назар аударады.

8. Тәуекелдерді талдау және басқару

      50. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде тәуекелдерді анықтауға және талдауға, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді.
      51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу процесінде жиналған ақпараттардың едәуір бөлігі сияқты, тәуекелдер де құжаттардың іске асырылуына қарай өзгеруі мүмкін және үнемі қадағаланып отыруы тиіс.
      52. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру барысында жаңа тәуекелдердің туындау ықтималдығы бар.
      53. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде, оларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушы органдар өздерінің өкілеттігі шеңберінде мыналарды жүргізеді:
      1) тәуекелдерді талдау – стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру барысына ықпалын тигізетін және жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге кедергі келтіретін ықтимал қауіптерді қадағалайды;
      2) тәуекелдерді басқару – жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеу ықтималдығы күшейген немесе тәуекел туындаған жағдайда қажетті іс-шараларды (оның ішінде бұрын жоспарланған) жүзеге асырады.
      54. Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді басқару процесінің негізгі мақсаты – тұтастай стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруда тәуекелдердің ықпал ету дәрежесін тиісті деңгейге төмендету арқылы мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне табысты қол жеткізу ықтималдығын ұлғайту. Тәуекелдерді басқару процесі қажетті және уақытылы шешімдер қабылдаумен байланысты.
      55. Тәуекелдерді талдау және басқару стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың барлық жоспарлы кезеңі ішінде құжаттарды әзірлеушілер, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушылар орындауы тиіс.
      56. Тәуекелдерді басқару стратегиясы шынайы болуы тиіс және мақсаттар, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты және тәуекелдерді басқару жоспарын әзірлеген орган қабылдайтын іс-қимылдарды қамтуы тиіс.

9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын түзету

      57. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, жоғары тұрған органның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер, құжаттардың іске асырылуына елеулі әсер ететін ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістер, қаржыландыру көлемдерінің өзгеруі, құжаттардың іске асырылуына жүргізілген мониторинг және құжаттарды іске асыруды бағалау оларды түзетуге негіз болып табылады.
      58. Нәтижесінде, құжаттарды түзету жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды қайта қарауға, ресурстарды қайта бөлуге, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері мәндерінің өзгеруіне, тиімді болмай шыққан іс-қимылдардың тоқтап қалуына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру процесінде анықталған проблемаларды еңсеруге және әлсіз жерлерін жоюға қатысты жаңа тәсілдер әзірлеуге алып келеді.

Қазақстан Республикасының  
Стратегиялық даму жоспарын, 
Елді аумақтық-кеңістікте   
дамытудың болжамды схемасын, 
мемлекеттік бағдарламаларды, 
мемлекеттік органдардың    
стратегиялық жоспарларын және 
аумақтарды дамыту бағдарламаларын
іске асыру жөніндегі әдістемеге
1-қосымша             

Нысан

______________________________________________________________
(мемлекеттік бағдарламаның, аумақтарды дамыту бағдарламаларының атауы)
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Атауы

Өлшем бірлігі

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімдері

Орындауға жауаптылар

Оның ішінде жылдар бойынша

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарламаның коды

1- жыл

2- жыл

...

n- жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Мақсат

1-нысаналы индикатор

*

*

*

*

*

n-нысаналы индикатор

*

*

*

*

*

Міндет

1-нәтижелер көрсеткіші

*

*

*

*

*

n-нәтижелер көрсеткіші

1-іс-шара

n-іс-шара

      Ескертпе: Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары осы Нысанына 1-қосымшаға сәйкес толтырылады, аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша – Іс-шаралар жоспары Нысанына 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске
асыру бойынша іс-шаралар  
жоспарының нысанына 1-қосымша

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары былай толтырылады:
      1) «Мемлекеттік бағдарламаның атауы» деген жолда мемлекеттік бағдарламаның толық атауы көрсетіледі;
      2) бірінші бағанда мақсаттың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің және мемлекеттік бағдарлама
іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
      3) екінші бағанда мақсаттар, нәтижелер көрсеткіштері бөлінісінде нысаналы индикаторлар және жазылу реттілігі мемлекеттік бағдарламаның «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін міндеттер бөлінісінде іс-шаралар келтіріледі;
      4) үшінші бағанда нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірліктері көрсетіледі;
      5) төртінші бағанда іс-шаралардың аяқталу нысаны көрсетіледі (іс-шаралардың аяқталуы нені білдіретінін ашып көрсететін іс-шараның сапалық сипаты, мысалы, «Республикалық меншіктегі гидротораптар мен су қоймаларын реконструкциялау және күрделі жөндеу» іс-шарасы «мемлекеттік комиссиялардың қабылдау актілері» деген аяқталу нысаны болу тиіс);
      6) бесінші бағанда іс-шаралардың жоспарланған орындалу мерзімдері көрсетіледі;
      7) алтыншы бағанда мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне және жоспарланған іс-шараларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар, оның ішінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, сондай-ақ квазимемлекеттік субъектілер көрсетіледі;
      8) жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бағандарда:
      «Нысаналы индикаторлар» деген жол бойынша мемлекеттік бағдарламаның «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері» бөліміне сәйкес сандық мәнімен нысаналы индикаторлар көрсетіледі;
      «Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолы бойынша мемлекеттік бағдарламаның «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері» бөліміне сәйкес сандық мәнімен нәтижелер көрсеткіштері көрсетіледі;
      «Іс-шара» деген жол бойынша:
      қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін мемлекеттік бағдарламаның әрбір іске асыру жылының бөлінісінде болжанатын сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
      натурал шырайлумен өлшетін іс-шаралар үшін олардың сандық мәні көрсетіледі;
      9) он бірінші, он екінші және он үшінші бағандар қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар бойынша толтырылады:
      он бірінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша болжанатын қаражаттың жалпы сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
      он екінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша болжанатын сомаларды қаржыландыру көздері көрсетіледі (республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдарының немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасыда тыйым салынбаған басқа қаражат);
      он үшінші бағанда «Іс-шаралар» деген жол бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес (бұдан әрі – Бірыңғай бюджеттік сыныптама) бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі.
      «*» белгілері бар ұяшықтар толтырылмайды.

Аумақтарды дамыту бағдарламасын
іске асыру бойынша іс-шаралар
жоспарының нысанына 2-қосымша

Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірулер

      Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары былай толтырылады:
      Іс-шаралар мынадай тәртіпте толтырылады.
      1) «Аумақты дамыту бағдарламасының атауы» деген жолда аумақты дамыту бағдарламасының толық атауы көрсетіледі;
      2) бірінші бағанда аумақты дамыту бағдарлама мақсатының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
      3) екінші бағанда жазылу реттілігі «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін мақсаттар бөлінісінде нысаналы индикаторлар, міндеттер бөлінісінде нәтижелер көрсеткіштері және іс-шаралар келтіріледі;
      4) үшінші бағанда нысаны индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
      5) төртінші бағанда іс-шараның аяқталу нысаны көрсетіледі
(іс-шараның аяқталуы нені білдіретінін ашатын іс-шараның сапалық сипаттамасы. Мысалы, «Халықты шылым шегудің зияндығы туралы ақпаратандыру» іс-шарасы «лекциялар» немесе «постерлер мен буклеттер» немесе «темекіге қарсы жарнама» деген аяқталу нысанында болуы мүмкін);
      6) бесінші бағанда жоспарланған орындалу мерзімдері көрсетіледі;
      7) алтыншы бағанда салалық бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар, олардың ішінде ведомствоға бағынысты ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) көрсетіледі;

      «Нысаналы индикаторлар» деген жол бойынша аумақты дамыту бағдарламасының «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» бөлімі нысаналы индикаторларының сандық мәні көрсетіледі;
      «Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолда аумақты дамыту бағдарламасының «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жолдары» бөлімінің сандық мәнімен нәтижелердін көрсеткіштері көрсетіледі;
      «Іс-шара» деген жол бойынша:
      қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін аумақтарды дамыту бағдарламасын әрбір іске асыру жылының бөлінісінде миллион теңгемен болжанатын сомасы;
      заттай мәнде өлшетін іс-шаралар үшін олардың сандық мәні көрсетіледі;

      он бірінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша қаржыландыратын іс-шаралар бойынша болжанатын қаражаттың жалпы сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
      он екінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша қаржыландыратын іс-шаралар бойынша болжанатын сомаларды қаржыландыру көздері көрсетіледі (республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдарының немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа қаражат);
      он үшінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша қаржыландыратын
іс-шаралар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі.

Мемлекеттік органдар бөлінісінде
________________________________________________________________
(мемлекеттік бағдарламаның, аумақты даму бағдарламаның атауы)
болжанатын шығыстар жиынтығы

р/с№

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы

Болжанатын шығыстар (мың теңге)

1-жыл

2-жыл

n- жыл

Бар-лығы

1

2

3

4

5

6

7

(Бюджет деңгейі)

(Бюджет деңгейі)

      Ескертпе: мемлекеттік бағдарлама мен аумақтарды дамыту бағдарламасының болжанатын шығыстарының жиыны болжанатын шығыстар жиынына қосымшаға сәйкес толтырылады.

Болжанатын шығыстар жиынына
қосымша          

Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша болжанатын шығыстар жиынтығын толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік бағдарламаның, аумақты дамыту бағдарламасының болжанатын шығыстар жиынтығы былай толтырылады:
      1) бірінші бағанда реттік нөмір көрсетіледі;
      2) екінші бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;
      3) үшінші-алтыншы бағандарда мемлекеттік бағдарламаның/аумақты дамыту бағдарламасы әрбір іске асырылу жылына болжанатын сомасы мың теңгемен көрсетіледі;
      4) жетінші бағанда болжанатын қаражаттың жалпы сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 50 бұйрығына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді
аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік
бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг
жүргізу жөніндегі әдістеме 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік бағдарламаларға (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізудің негізгі ережелері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген.
      2. Осы Әдістеме стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізуді әдіснамалық сүйемелдеу мақсатында әзірленген.
      3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есептерді және басқа да ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жалпылау мониторингілеу болып табылады.
      4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтардың даму бағдарламаларын мониторингілеу мыналарды қамтамасыз етеді:
      тиісті құжатты іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты алудың тұрақтылығын;
      тиісті құжатты іске асыруда мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының келісімділігі;
      өзгеріп отыратын сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, тиісті құжатты уақтылы өзектендіру.
      5. Мониторингілеу ресурстардың пайдаланылуын;
      жоспарланған қызметтің орындалуын;
      жоспарланған нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуін зерделеу және талдау үшін тұрақты ақпарат жинау арқылы жүзеге асырылады.
      6. Белгілі бір қызметті, іс-шараларды, тікелей және түпкі нәтижелерді жүзеге асыруға арналған шығындар мен ресурстар, сондай-ақ осы қызметтің сапалы нәтижелері мониторингілеудің мәні болып табылады.
      7. Стратегиялық және бағдарламалардық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтардың даму бағдарламалары мониторингілеудің негізгі нәтижесі - мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
      8. Стратегиялық және бағдарламалардық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтардың даму бағдарламаларын мониторингілеуді жүргізу үшін мыналар ақпарат көзі болып табылады:
      ұлттық және ведомстволық статистика;
      төменгі деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды мониторингілеудің, сондай-ақ сол арқылы іске асырылатын басқа да құжаттардың қорытындылары;
      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есептер;
      бюджеттердің атқарылуы туралы есептер;
      сарапшылардың есептері мен қорытындылары, басқа да көздер.
      9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын мониторингілеудің нәтижелері бойынша оларды түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
      10. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтық даму бағдарламаларына жүргізілген мониторингілеудің толықтығы мен дұрыстылығы әзірлеуші мемлекеттік органдарға және бірлесіп орындаушыларға және тиісінше Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.
      11. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) нысаналы индикатор - оған қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін мақсаттың сандық мәні;
      2) нәтиже көрсеткіші - міндеттердің шешілу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін, сандық тұрғыдан өлшенетін көрсеткіш;
      3) көрсеткіштер - нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері;
      4) көрсеткішке қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган - нысаналы индикаторға және (немесе) нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік орган, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      5) бірлесіп орындаушы орган - оның қызметінен нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге байланысты және өзінің құзыреті мен функционалдық міндеттері шегінде аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін жауапты стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты және басқа ұйымдар.

2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақты дамыту
бағдарламаларының іске асырылуы туралы есеп

      12. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын құжаттардың іске асырылуы туралы есеп түрінде рәсімделеді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Кезеңділік жөніндегі іске асыру туралы есептер жыл қорытындылары бойынша жасалады.
      14. Көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, аумақтарды даму бағдарламаларын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы орган Елдің Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамдық схемасын, мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есепті тиісті мемлекеттік органға осы Әдістемеге 1-қосымшада берілген нысанға сәйкес ұсынады.
      15. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есеп осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
      16. Іске асыру туралы есеп Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының түріне байланысты қағаз жеткізгіште және электронды түрде ұсынылады және (немесе) бірінші басшысының қолы қойылған іске асыру туралы есепті жүзеге асыратын мемлекеттік органның веб-порталында (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырылады.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік

бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді ұсыну

§1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын
іске асыру туралы есепті ұсыну

      17. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингілеу (бұдан әрі - Стратегиялық даму жоспары) жылына бір рет жүргізіледі.
      18. Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) түйінді жалпыұлттық көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар ұсынған ақпарат негізінде жүргізеді.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Егер негізгі жалпы ұлттық көрсеткішке қол жеткізуде бірлесіп орындаушы орган қатысқан жағдайда, онда ол негізгі жалпы ұлттық көрсеткішке қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде:
      бірлесіп орындаушы органға бекітілген көрсеткіштерге нақты қол жеткізуге шолуды;
      оларға байланысты көрсеткіштерге қол жеткізілмеу себептерін;
      көрсеткіштерге қол жеткізудегі проблемаларды сипаттау және оларды шешу;
      бірлесіп орындаушы орган жауапты іс-шаралардың орындалуы және іс-шаралар орындалмаған жағдайда олар қабылдайтын шараларды қамтитын ақпаратты ұсынады.
      20. Көрсеткішке қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы осы мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған ақпаратты ұсынады.
      21. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың негізінде Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасын қалыптастырады.
      22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган түйінде жалпы ұлттық көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдардан алынған ақпарат негізінде Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есепті және қорытынды жобасын қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының қолы қойылған Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есеп (құпия мәліметтерді қамтитын және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) мемлекеттік органның веб-порталына орналастырылады.

      24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есепті және қорытынды жобасын қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі кажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және оны іске асыру туралы есеппен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 20 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

§2. Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын
іске асыру туралы есепті ұсыну

      25. Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын мониторингілеу (бұдан әрі - Болжамдық схема) жылына бір рет жүргізіледі.
      26. Болжамды схеманы мониторингілеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      27. Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган Болжамды схеманы іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы органдар құзыреті шегінде олар ұсынатын ақпараттың негізінде ұсынылған ақпаратқа мониторинг жүргізеді. Бірлесіп орындаушы органның бірінші басшысының қолы қойылған Болжамды схеманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде ұсынады.
      28. Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде осы мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған Болжамды схеманың іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынады.
      29. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдардан алған ақпарат негізінде Болжамды схеманы туралы іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобаны қалыптастырады.
      30. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Болжамдық схемасын мониторингі бойынша іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      31. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған Болжамдық схеманың мониторингі бойынша іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасы қаралғаннан кейін, қажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

§3. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті ұсыну

      32. Мемлекеттік бағдарламаны мониторингілеу жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүргізіледі.
      33. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы органдар ұсынған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат негізінде әзірлеуші мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізеді.
      34. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты бірлесіп орындаушы орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін бірлесіп орындаушы орган басшысының қолы қойылған ақпаратты әзірлеуші мемлекеттік органға не мониторинг жүргізуге Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органға ұсынады.
      35. Әзірлеуші мемлекеттік орган не мониторинг жүргізуге Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы уәкілеттік берген басқа мемлекеттік орган есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейінгі мерзімде бірлесіп орындаушы органдардың алған ақпарат негізінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      36. Іске асыру туралы есеп әзірлеуші мемлекеттік органның не мониторинг жүргізуге Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы уәкілеттік берген басқа мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
      37. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер негізінде олардың әрқайсысы бойынша қорытынды жобаларын қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытындылардың жобалары қаралғаннан кейін мемлекеттік бағдарламаларды бағалау жөніндегі қорытындыларды қажет болған жағдайда пысықтайды және оларды барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

§4. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын
іске асыру туралы есепті ұсыну

      39. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мониторингілеуді есепті жылдың қорытындылары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      40. Мемлекеттік органдар операциялық жоспардың іске асырылу барысын талдау негізінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанға дейін стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті қалыптастырады және бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті (құпия мәліметтерді қамтитын және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) мемлекеттік органның веб-порталына орналастырады.
      41. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, оларға қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін мемлекеттік органдар мониторинг қорырытындылары бойынша жасалған іске асыру туралы есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
      42. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі ереженің 156-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу бойынша қорытындылардың жобаларын қалыптастырады.
      43. Қалыптастырылған қорытындылардың жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынады.
      44. Мониторинг бойынша қорытындылар жобалары қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі, қажеттігіне қарай қорытындылар жобаларын пысықтайды және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей іске асыру туралы есептермен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

§5. Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы
есепті ұсыну

      45. Мемлекеттік органдар жыл қорытындысы бойынша жылына бір рет ұсынатын ақпараттың негізінде Аумақтарды дамыту бағдарламасының мониторингін жүргізеді.
      46. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму бағдарламасын мониторингілеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүргізеді.
      47. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) даму бағдарламасын мониторингілеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      48. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын мониторингілеу жылдың қорытындылары бойынша жүргізу үшін:
      Құжатты іске асыру қатысатын бірлесіп орындаушы орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардан алған ақпарат негізінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қолы веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      49. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.
      50. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларын мониторингілеуді жылдың қорытындысы бойынша жүргізу үшін:
      құжатты іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде бірлесіп орындаушы органдардан алған ақпарат негізінде ауданды (облыстық маңызы бар қаланың) дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      51. Аудандың (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.

4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік

бағдарламаларын мониторингілеу жөніндегі қорытынды

      52. Іске асыру туралы есептер негізінде қорытынды дайындалады.
      53. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға бағалау жүргізілетін жылы мониторингілеу қорытындысы қалыптастырылмайды.
      54. Мониторингілеу бойынша қорытынды:
      1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын және аумақты дамыту бағдарламасын, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);
      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);
      3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, оның ішінде орындалмаған іс-шаралардың себептерін көрсете отырып орындалған және орындалмаған іс-шаралар санын;
      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;
      5) іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;
      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
      7) әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына енгізген өзгерістері мен толықтырулары туралы ақпаратты;
      8) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.
      Ескерту. 54-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының   
Стратегиялық даму жоспарына, 
Елді аумақтық-кеңістікте    
дамытудың болжамды схемасына, 
мемлекеттік бағдарламаларға,  
мемлекеттік органдардың     
стратегиялық жоспарларына және 
аумақтарды дамыту бағдарламаларына
мониторинг жүргізу жөніндегі  
әдістемеге 1-қосымша      

Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

(_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, _______ жылға дейінгі Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын) іске асыру туралы есеп

Есепті жыл___________________________________________________________

Іске асырудың кезеңі (мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту
бағдарламалар үшін) _________________________________________________

Мемлекеттік орган ___________________________________________________
        (мониторингті жүргізуге және есептілікті құрастыруға жауапты
                        мемлекеттік органның атауы)

20_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму
жоспарының стратегиялық бағыты (мемлекеттік бағдарламалар үшін)

1. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер
көрсеткіштеріне қол жеткізу және іс-шараларды орындау

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

20__ жылдың жоспары

20_ жылдың фактісі

Қаржыландыру млн.теңге

Орындалуы туралы ақпарат

бекітілген жоспар

нақтыланған жоспар

факт

Қаржыландыру көзі

Бюджеттік бағдарламаның коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1. Стратегиялық бағыт

1.1. Мақсат

1-нысаналы индикатор

*

*

*

*

*

n -нысаналы индикатор

*

*

*

*

*

1.1.1. Міндет

1-нәтижелер көрсеткіші

*

*

*

*

*

n -нәтижелер көрсеткіші

*

*

*

*

*

1-іс-шара

*

n -іс-шара

*

2. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау

Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3

3. Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері

Қабылданған шаралар

1

2

4. Қаржы қаражатын игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар, мың.теңге

Факт, мың.теңге

Пайдаланбаудың себептері

1

2

3

4

1 көз

2 көз

Барлығы

5. Талдамалық жазба

      Бірінші басшы         ___________________________________
                                    (қол, қолдың толық жазылуы)
      Облыстың, республикалық
      маңызы қаланың, астананың,
      ауданның (облыс маңызы
      қаланың) әкімі        ______________________________________
                                    (қол, қолдың толық жазылуы)

      Ескертпе: (_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, _______ жылға дейінгі Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын) іске асыру туралы есеп осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.

(_______ жылға дейінгі    
Қазақстан Республикасының  
Стратегиялық даму жоспарын, 
_______ жылға дейінгі Елді  
аумақтық-кеңістікте дамытудың
болжамды схемасын, мемлекеттік
бағдарламаларды, аумақтарды 
дамыту бағдарламаларын) іске 
асыру туралы есептің нысанына
қосымша            

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді толтыру бойынша түсіндірулер

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есептер мынадай тәртіппен толтырылады
      1. «Есепті кезең» деген жол бойынша оның қорытындысы бойынша есеп ұсынылатын жыл көрсетіледі.
      2. «Мемлекеттік орган» деген жол бойынша мониторингілеуді жүргізуге, есепті құрастыратын және беретін жауапты мемлекеттік органның немесе бірлесіп орындаушы органның атауы көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік бағдарлама, аумақтарды дамыту бағдарламасы үшін «Іске асыру кезеңі» деген жол бойынша іске асыру кезеңі көрсетіледі;
      «Мемлекеттік орган» деген жол бойынша мониторингілеуді жүргізуге, есепті құрастыратын және беретін жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
      4. «20__ жылға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыттары» деген жол мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады. Мұнда, шеңберінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылатын тиісті онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағытының атауы көрсетіледі.
      5. 1-бөлім. «Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және іс-шаралардың орындалуына қол жеткізу»:
      1) бірінші бағанда:
      «Стратегиялық бағыттар» және «Мақсат» деген жолдар бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізу, оларға қол жеткізуді қамтитын стратегиялық мақсат, құжатты іске асыру, оларды дамытуға бағытталған елді/өңірді дамытудың басымды (шешуші ) бағыты, негізгі бағыттары немесе қызметі саласының атауы көрсетіледі. Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамдық схемасын іске асыру туралы есепті толтыру кезінде бұл жолдар толтырылмайды;
      «Нысаналы индикатор» деген жол бойынша (тиісті мақсатқа) қол жеткізуге мемлекеттік орган жауап беретін нысаналы индикаторлардың атауы көрсетіледі.
      Кейінгі жолдар мемлекеттік бағдарламалар мен аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі есеп қалыптастырылған кезде толтырылады:
      «Міндет» деген жол бойынша орындалуына мемлекеттік орган жауапты болатын міндеттер көрсетіледі;
      «Нәтижелер көрсеткіші» деген жол бойынша мемлекеттік орган қол жеткізілуіне жауапты болатын тиісті міндеттің шешілу дәрежесін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштері көрсетіледі;
      «Іс-шара» деген жол бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бекіткен мемлекеттік бағдарламаларды немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес келуге тиіс іс-шаралар көрсетіледі;
      2) екінші бағанда нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірлігі және іс-шаралар көрсетіледі;
      3) үшінші бағанда нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштеріне нақты қол жеткізуді растайтын ақпарат көздері көрсетіледі;
      4) төртінші бағанда нысаналы индикаторларға қол жеткізуге нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштерін және іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушылар көрсетіледі;
      5) бесінші бағанда есепті кезеңге бекітілген стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, аумақтардаы дамыту бағдарламаларының нақты мәнде өлшенетін тиісті нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің және жоспарлы іс-шаралардың мәні көрсетіледі;
      6) алтыншы бағанда есепті жылда нақты мәнде өлшенетін нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шаралардың нақты мәні көрсетіледі;
      7) жетінші бағанда Мемлекеттік бағдарламаны немесе Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында бекітілген аталған іс-шараны іске асыруға есепті кезеңге жоспарланған қаржы қаражатын миллион теңгедегі сомасы көрсетіледі;
      8) сегізінше бағанда республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты бойынша бюджеттің түзетілуі және нақтылануы ескерілген сома көрсетіледі;
      9) тоғызыншы бағанда тиісті іс-шараны іске асыруға арналған есепті кезеңде пайдаланылған қаржы қаражатының миллион теңгедегі сомасы көрсетіледі;
      10) оныншы бағанда осы іс-шараның қаржыландыру көзі көрсетіледі;
      11) он бірінші бағанда іс-шара есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі;
      12) он екінші бағанда нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің нақты және жоспарлы мәндері сәйкессіздігінің себептері туралы ақпарат және іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат көрсетіледі.
      6. 2-бөлім «Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау».
      Осы бөлімде бірлесіп орындаушы органның іс-қимылы (әрекетсіздігі) нәтижесінде қол жеткізілмеген көрсеткіштер бөлінісінде келтіріледі:
      1) «Нысаналы индикатор/нәтиже көрсеткіші» деген бірінші бағанда бірлесіп орындаушы органның іс-қимылы (әрекетсіздігі) нәтижесінде есепті жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілмеген (орындалмаған) көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;
      2) «Бірлесіп орындаушы орган» деген екінші бағанда ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын және көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдарына байланысты органның атауы көрсетіледі;
      3) «Өзара іс-қимылды талдау» деген үшінші бағанда көрсеткіштерге қол жеткізілуді қамтамасыз ету бойынша оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушы орган қабылдаған шаралар, сондай-ақ көрсеткіштерге қол жеткізілмеу себептері туралы ақпарат көрсетіледі.
      7. 3-бөлім. «Сыртқы әсерді талдау»
      1) Бірінші бағанда сыртқы факторлар және олардың көрсеткішке қол жеткізу үшін оң және теріс әсерлер көрсетіледі;
      2) Екінші бағанда көрсеткішке қол жеткізу үшін теріс салдарды еңсеру бойынша қабылданған нақты шаралар және (немесе) оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органның сыртқы факторлардың оң әсерін пайдалану туралы ақпараты көрсетіледі.
      8. 4-бөлім. «Қаржылық қаражаттарды игеру» мемлекеттік бағдарламаны және аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастыруға арналған:
      1) бірінші бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі;
      2) екінші бағанда есепті кезеңге жоспарланған қаржылық қаражат сомасы көрсетіледі.
      Егер бағдарламаны қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті бюджет қаражаты болса, онда осы бағанда түзетілген бюджет сомасы көрсетіледі;
      3) үшінші бағанда есепті кезеңде қаржы қаражатының нақты игерілген сомасы келтіріледі;
      4) төртінші бағанда қаржы қаражатының игерілмеу себептері көрсетіледі;
      5) Осы бөлімнің соңында «Жиынтығы» деген жолда есепті кезеңнің соңына бағдарламалық құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі.
      Қаржы қаражатының сомасы екінші және үшінші бағандарда миллион теңгеде көрсетіледі.
      9. Есептер талдамалық жазбахатты қамтиды.
      10. Іске асырылу туралы есептің талдамалық жазба хатында:
      шешілуіне құжат жіберілген проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпарат, бұл құжатты іске асырудың елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
      орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпарат;
      игілік алушылардың қанағаттанушылығы деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің көлемінің нақты деңгейі туралы ақпарат (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
      мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер;
      қорытындылар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстар қамтылған.
      11. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамдық схемасын іске асыру туралы есепті толтыру кезінде талдамалық жазбаны сандық өлшенбейтін көрсеткіштерге қол жеткізу/қол жеткізбеу туралы ақпаратты көрсете отырып аумақтық кеңістіктік дамытудың барлық жоспарланған бағыттары бойынша ілгерілетуді ашып көрсете отырып, әрбір схема бойынша құрылымдық баяндалу қажет.
      12. «*» белгілері бар ұяшықтар толтырылмайды.

Қазақстан Республикасының    
Стратегиялық даму жоспарына,  
Елді аумақтық-кеңістікте     
дамытудың болжамды схемасына,  
мемлекеттік бағдарламаларға,  
мемлекеттік органдардың     
стратегиялық жоспарларына және  
аумақтарды дамыту бағдарламаларына
мониторинг жүргізу жөніндегі  
әдістемеге 2-қосымша      

Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп ___________________________________________________________________
(Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
______________________ жылдарға арналған,
(жоспарлы кезең)                 
___________________________________________________________________
(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрықтың атауы)
бекітілген
20____жылғы «___»_____________№ ______
Есеп беру кезеңі:______________________ 1. Тәуекелдерді басқаруды талдау

Ықтимал тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды нақты орындауы

Орындалмау себебі

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт

Сыртқы тәуекелдер

Ішкі тәуекелдер

2. Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу

Нысаналы индикатордың атауы

Ақпарат көздері

Өлш. бірл.

Есепті кезең

Қол жеткізілмеу себептері

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

1. Стратегиялық бағыт

1.1. Стратегиялық мақсат

Нысаналы индикатор 1

Нысаналы индикатор n

3. Бюджет қаражатын игеру туралы ақпарат

№ п/п

Бюджеттік бағдарламаның атауы

Жоспар

Нақты

Игеруі/игермеудің мақсатқа қол жеткізуге әсері туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Стратегиялық бағыт

Стратегиялық мақсат

4. Талдамалық жазба

      Мемлекеттік органның
      бірінші басшысы          ___________________________________
                                    (қолы, қолдың толық жазылуы)

      Ескертпе: мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.

Мемлекеттік органның стратегиялық
жоспарын іске асыру туралы   
есептің нысанына қосымша    

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есепті толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп мына тәртіппен толтырылады:
      1. «(Мемлекеттік органның атауы)» деген жол бойынша стратегиялық жоспарды әзірлеуші-мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі;
      2. «(жоспарлы кезең)» деген жол бойынша стратегиялық жоспар әзірленген жоспарлы бесжылдық кезеңдегі есепті жыл көрсетіледі;
      3. «(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық бұйрықтың атауы)» деген жол бойынша мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрық, оның деректемелері (нөмірін және күнін көрсете отырып) көрсетіледі;
      4. «Есеп кезеңі» деген жол бойынша есептілік кезең (есептілік жылы) көрсетіледі;
      5. 1-бөлім «Тәуекелдерді басқаруды талдау»:
      1) 1-бағанда тәуекелдер басқару бойынша іс-шаралар мемлекеттік орган бекітілген стратегиялық жоспарының «Тәуекелдерді басқару» 1.3)-бөлімшеде келтірілген мүмкін ықтимал тәуекелдер келтіріледі;
      2) 2-бағанда тәуекелдер басқару бойынша мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарының 1.3) «Тәуекелдерді басқару» кіші бөлімінде жоспарланған іс-шаралар көрсетіледі;
      3) 3-бағанда тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шараларды нақты орындауы бойынша ақпарат келтіріледі;
      4) 4-бағанда тәуекел туындаған жағдайда және осы тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шараларды орындамау, орындалмаған себептер бойынша ақпарат келтіріледі.
      6. 2-бөлім. «Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу».
      1) «Стратегиялық бағыт» деген жолдар бойынша мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттар көрсетіледі;
      2) «Мақсат» деген жолдар бойынша мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған мақсаттар көрсетіледі;
      3) бірінші бағанда мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен стратегиялық бағыттары бөлінісінде мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан нысаналы индикатордың атаулары келтіріледі;
      4) екінші бағанда нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың (статистикалық деректер, есеп формуласы және тағы басқа) дұрыстығын растайтын ақпарат көзі көрсетіледі;
      5) үшінші бағанда нысаналы индикаторларының өлшем бірліктері көрсетіледі;
      6) төртінші бағанда нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәні көрсетіледі;
      7) бесінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторларының нақты мәні көрсетіледі;
      8) алтыншы бағанда нысаналы индикаторлардың нақты және жоспарлы мәндерінің сәйкес келмеу себептері келтіріледі.
      7. 3. «Бюджет қаражатын игеру туралы ақпарат» деген бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:
      1) «Стратегиялық мақсат» деген жолда мемлекеттік органның стратегиялық мақсаты көрсетіледі;
      2) «№ р/с» деген бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
      3) «Бюджеттік бағдарламаның атауы» деген бағанда стратегиялық жоспардың 4. «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы» бөліміне сәйкес мемлекеттік органның тиісті стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары көрсетіледі;
      4) «Жоспар» деген бағанда есепті кезеңге бюджет қаражатының жоспарланған көлемі мың тенгеде көрсетіледі;
      5) «Нақты» деген бағанда есепті кезеңде бюджет қаражатының нақты пайдаланылған (игерілген) көлемі мың тенгеде көрсетіледі;
      6) «Игеру/игермеудің мақсатқа қол жеткізуге әсері туралы ақпарат» деген бағанда осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатты игеру/игермеудің мемлекеттік органның тиісті стратегиялық мақсатына қол жеткізуге әсер ету дәрежесі туралы ақпарат келтіріледі.
      8. Іске асыру туралы есеп талдамалық жазбахатты қамтиды.
      9. Іске асырылу туралы есептің талдамалық жазба хатында:

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262472
    Қазақ тілінде 131038
    Орыс тілінде 130540
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы