"Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн акцизделетiн жекелеген тауарларға марка жапсырудың тәртiбi туралы" нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Бас салық инспекциясы 1996 жылғы 5 маусымдағы N 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 10 маусым N 173 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен.

-----------Күші жойылды------------

      БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қосымшаға сәйкес кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын...
    
     Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнiң     
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 471 бұйрығына қосымша  

Күші жойылған кейбiр нормативтiк
құқықтық актiлер тiзбесi

     1. "Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлетiн жекелеген акцизделетiн тауарларды таңбалау тәртiбi туралы" нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы N 132 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 173 болып тiркелген)...

-----------------------------------

     "Қазақстан Республикасының аумағында акциздiк алым маркаларын енгiзу және марка жапсырылуға тиiстi акцизделетiн тауарларды өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 P950592_ Қаулысының негiзiнде осы бұйрыққа қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн акцизделетiн жекелеген тауарларға марка жапсырудың тәртiбi туралы" нұсқаулық бекiтiлсiн.

   Министрдiң бiрiншi орынбасары,
    Қазақстан Республикасы
    Бас салық инспекциясының бастығы

БЕКIТЕМIН
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi Бас салық
инспекциясының бастығы
салық қызметiнiң I дәрежелi
мемлекеттiк кеңесшiсi

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн
акцизделетiн жекелеген тауарларға марка
жапсырудың тәртiбi туралы
УАҚЫТША НҰСҚАУЛЫҚ I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     1.1. "Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн акцизделетiн жекелеген тауарларға марка жапсырудың тәртiбi туралы" осы нұсқаулық (бұдан әрi - нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының аумағында акциздiк алым маркаларын енгiзу және марка жапсырылуға тиiстi акцизделетiн тауарларды өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 Қаулысын орындау мақсатында әзiрлендi.
     1.2. Осы нұсқаулыққа сәйкес акцизделетiн жекелеген тауарларға марка жапсырудың тәртiбiн сақтау осы тауарлардың еркiн айналыста жүруiнiң шарты болып табылады.
     Марка жапсыруға тиiстi тауарлардың тiзбесi N 1 қосымшада келтiрiлген.
     1.3. Осы нұсқаулықтың 1.2-тармағында көрсетiлген тауарларға акциздiк алым маркасы жапсырылуға тиiс.
     Маркалардың үлгiлерi N 2 қосымшада келтiрiлген.
     1.4. Акциздiк алым маркаларының құны оларды дайындау мен акцизделетiн өнiм өндiрушiге жеткiзiп берудi ескере отырып айқындалады.
     1.5 Акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер осы тауарларға марка жапсыру үшiн жауапты болады.
     1.6. Акциздiк алым маркаларын өнiм өндiрушiлерге салық органдары сатып, осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен сатып алынған маркалардың пайдалануын бақылап отырады.
     1.7. Өнiм өндiрушi сатып алған маркалар, салық органдарына қайтаруды қоспағанда, қайта сатуға, басқа бiреуге немесе басқаша жолмен өзге адамдарға шеттетуге жатпайды.

II. АКЦИЗДIК АЛЫМ МАРКАЛАРЫН САТЫП АЛУ ТӘРТIБI

     2.1. Маркаларды өнiм өндiрушiлерге сатуды өнiм өндiрушi өзiнiң қызмет аймағында орналасқан облыстық және Алматы қалалық салық инспекциялары жүргiзедi.
     2.2. Маркаларды сатып алуға арналған ақша қаражатын өнiм өндiрушi кәсiпорындардың тiркелген жерiндегi салық инспекцияларының шоттарына III "Акциздер" бөлiмiнiң 16 "Бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының сыныптамасы" парасы бойынша енгiзiледi.
     2.3. Өнiм өндiрушiден Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау (Мемстандарт) комитетi берген алкогольдiк өнiмдер өндiру құқығын беретiн рұқсат (лицензия) болған жағдайда салық инспекциялары маркаларды шығарылатын өнiмнiң 110 процентiнен аспайтын мөлшерде сатады.
    Ескерту: 1995 жыл iшiнде алкогольдiк өнiм өндiрушiлер акциздiк маркалар алу үшiн салық инспекцияларына шығарылып отырған өнiмнiң Мемстандарт немесе оның аумақтық органдары берген нормативтiк құжаттарға сай келетiнiн куәландыратын ресми құжат бере алады.
     2.4. Өнiм өндiрушi N 3 қосымшада келтiрiлген нысан бойынша маркалар сатып алуға арыз бередi.
     2.5. Маркалар сатып алуға берiлген арыз онда келтiрiлген мәлiметтер тексерiлгеннен кейiн салық органында тiркелiп, оған тiркеу нөмiрi берiледi және марка жапсырылуға тиiстi акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдардың, кәсiпорындардың есеп жүргiзу журналына тиiстi жазу жазылады (N 4 қосымша).
     2.6. Облыстық салық инспекциялары мен Алматы қалалық салық инспекциясы маркаларды сатудан түскен сома, уақыты, кiмге қанша марка сатылғаны туралы Бас салық инспекциясына ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.
     2.7. Өнiм өндiрушi төлеген ақша қаражаты салық инспекциясының шоттарына нақты келiп түскеннен кейiн маркалар сатып алуға берiлген арыздардың екi данасында да "Ақшасы келiп түстi" деген белгi қойылып, қол қойып, мөр соғып куәландырылады.
     Журналға да осындай белгi жасалып, қаржының төленген күнi мен салық органдарының шотына келiп түскен күнi көрсетiледi.
     2.8. Өнiм өндiрушi акциздiк алым маркаларын сатып алғаны үшiн төленген ақша сақтық инспекциясының шоттарына нақты келiп түскен соң салық төлеушiнiң тiркелген жерiнде III "Акциздер" бөлiмiнiң 16 "Бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының сыныптамасы" парасына аударылып, журналдың тиiстi бағандарына мәлiметтер жазып қойылады (N 4 қосымша).
     2.9. Маркалар өнiм өндiрушiнiң өкiлеттi өкiлiне төлқұжаты мен өзiнiң атына берiлген сенiмхатты көрсеткеннен кейiн берiледi.
     Маркаларды берген кезде салық органының лауазымды адамы алынған маркаларға екi дана етiп түбiртек толтырады.
     Түбiртектiң нысаны N 5 қосымшада келтiрiлген.
     Түбiртектiң нөмiрi өнiм өндiрушiнiң маркалар сатып алуға берген арызының тiркеу нөмiрiмен бiрдей болуы керек.
     2.10. Түбiртектiң даналары былай бөлiнедi:
     - бiрiншi данасы өкiлеттi өкiлге берiледi;
     - екiншi данасы маркаларды алуға берiлген сенiмхатпен бiрге маркаларды сатып алуға берiлген арыздың екiншi данасына қоса бекiтiлiп, сонымен бiрге сақталады.
     2.11. Маркалар оларға берiлген тапсырыс санына қатаң түрде сәйкес берiледi.
     2.12. Акциздiк маркаларды берген кезде сонымен бiр мезгiлде нөмiрленген құлақшалар да берiледi, олар бұдан былайғы бақылауға қажет болады.

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДIРIЛЕТIН АКЦИЗДЕЛЕТIН
ТАУАРЛАРҒА МАРКА ЖАПСЫРУ ТӘРТIБI

     3.1. Марка жапсырудың ережелерi мен талаптары.
     Арақ-шарап бұйымдарына марка жапсыру тығынының белiн бастыра екi шетiнен тең қашықтықта марка желiмдеу арқылы жүргiзiледi.
     Маркаларды жапсырған кезде тауардың маркасын зақымдамай алып тастауға мүмкiндiк бермейтiн желiм қолданылуы тиiс.

IҮ. АКЦИЗДIК АЛЫМ МАРКАЛАРЫНЫҢ ЕСЕБIН
ЖҮРГIЗУ МЕН САҚТАУ ТӘРТIБI

     Акциздiк маркалар қатаң түрдегi есептеме бланкiлерi болып табылады. Кәсiпорындардың алған акциздiк маркалары бухгалтерлiк есепте баланстан тыс N 006 "Қатаң түрдегi есептеме бланкiлерi" шотында есепке алынады. Бұл шот қолда бар бланкiлер, сақтаулы тұрған және есеп беретiн болып берiлген бланкiлердiң қозғалысы туралы ақпараттарды зерделеуге арналған.
     Акциздiк маркалар оларды тасымалдауға жұмсалған шығындарды қоспай, есептiк құны бойынша кәсiпорынның қоймасына кiрiске алынады.
     Салық органдары акциздiк маркалардың дайындаушы кәсiпорындарда дұрыс есептен шығарылуына ұдайы бақылау жасауға, ол үшiн қолда бар осы бланкiлердi ай сайын түгендеп, есептен шығарылған маркалардың санын шишаға құйылып шығарылған өнiмнiң санымен салыстырып отыруға мiндеттi.
     Пайдасыз болып қалған акциздiк маркалар салық инспекциялары қызметкерлерiнiң қатысуымен акт жасалып, жойылуға тиiс.
     Акциздiк маркалармен нөмiрленген құлақшалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорындар үшiн де салық органдары үшiн де арнайы бөлме бөлу немесе оларды отқа жанбайтын жәшiктерде (сейфтерде) сақтау ұсынылады.
     Сауда кәсiпорындары мен коммерциялық құрылымдар акциздiк маркаларды сатып алып, 1995 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша өткiзiлмеген арақ-шарап өнiмдерiнiң қалдығына марка жапсыруға мiндеттi.

V. ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН НЕМЕСЕ ЗАҚЫМДАЛҒАН
АКЦИЗДIК АЛЫМ МАРКАЛАРЫН ҚАЙТАРУ

     5.1. Өнiм өндiрушiнiң пайдаланылмаған акциздiк алым маркаларын қайтаруы
     Марка жапсырылуға тиiстi акцизделетiн тауарлар шығару тоқтатылған жағдайда өнiм өндiрушi пайдаланылмаған маркалардың барлығын маркаларды сатқан салық органына қайтаруға мiндеттi.
     Осымен бiр мезгiлде өнiм өндiрушi салық органына мынадай құжаттар тапсыруға мiндеттi:
     - маркалардың қайтарылу себебi көрсетiлген және оларды сатып алған кезде төленген ақша қаражатын қайтару туралы өтiнiш жасалған жазбалай арыз;
     - арызда көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттар;
     - маркаларды алу туралы түбiртектiң бiр данасы;
     - өнiм өндiрушiнiң маркалар сатып алуға берген арызының бiр данасы.
     Өнiм өндiрушiнiң арызын салық органы қабылдап алып, маркаларды қайтару туралы өнiм өндiрушiнiң арызына тиiстi белгi соғады.
     Арыз қабылдап алынғаннан кейiн қайтарылған маркалар мен жоғарыда аталған құжаттардың барлығы Бас салық инспекциясына жiберiледi.
     5.2. Өнiм өндiрушiнiң зақымдалған маркаларды қайтаруы
     Маркаларды тауарларға жапсыру кезiнде олар зақымдалған жағдайда өнiм өндiрушi зақымдалған маркалардың барлығын маркаларды өнiм өндiрушiге сатқан салық органына ұсынуға мiндеттi.
     Зақымдалған маркалар мынадай ережелердi сақтай отырып, бөлек-бөлек қағаз беттерiне желiмделуi тиiс:
     - маркалар бүктелген жерлерi жазылып, тегiс желiмделуi тиiс;
     - маркалардың серия нөмiрi мен орталық бөлiгi анық көрiнiп тұратындай болып желiмделуi тиiс;
     - маркалар жыртылып қалған жағдайда оның бөлек бөлiктерi бiрiктiрiлуi тиiс;
     - өнiм өндiрушi керi қайтарған әрбiр зақымдалған марканың жалпы аумағы (соның iшiнде бөлек бөлiктерден жиналғандары да) оның бастапқы мөлшерiнiң кемiнде 60 процентiн құрауы тиiс.
     Өнiм өндiрушi салық органына осы Нұсқаулықтың 5.1. тармағында көзделген құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
     Өнiм өндiрушiнiң арызын салық органы қабылдап алып, марканың қайтарылғаны туралы өнiм өндiрушiнiң арызына тиiстi белгi соғады.
     Арыз қабылдап алғаннан кейiн қайтарылған маркалар мен жоғарыда аталған құжаттардың барлығы Бас салық инспекциясына жiберiледi.
     5.3. Пайдаланылмаған немесе зақымдалған маркалар үшiн ақша қаражатын өнiм өндiрушiге маркаларды сатқан салық органы қайтарады.
     Өнiм өндiрушiнiң қалауы бойынша аталған ақша қаражаты жаңа маркалар үшiн төлемақы немесе акциздердiң төлемақысы есебiне есептелуi мүмкiн.
     5.4. Ұсынылған құжаттардың негiзiнде салық органдары өнiм өндiрушiге акциздiк алым маркаларын сатып алу кезiнде төленген ақша қаражатын қайтарып, маркаларды дайындау, сақтау және тасымалдау жөнiндегi шығындарды өтеу үшiн аталған соманың 10 процентiн ұстап қалады.

ҮI. АКЦИЗДЕРДI ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ

     6.1. Акциздердi есептеу және төлеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
     А   = А - А
      уп.       м
    бұл жерде
    А - өткiзiлген өнiм үшiн алынған акциздердiң сомасы.
    А   - теңгемен төленуге тиiстi акциздердiң сомасы.
     уп.
    А - маркаларды сатып алу кезiнде төленген акциздер сомасының
     м бiр бөлiгi.
     6.2. Осы Нұсқаулықта белгiленген талаптарды сақтамайтын өнiм өндiрушiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

ҮII. САУДА ЖЕЛIСIНДЕ АКЦИЗДЕЛЕТIН ТАУАРЛАРҒА
МАРКА ЖАПСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ

     Сауда желiсiндегi (бөлшек және көтерме) арақ-шарап бұйымдарында акциздiк маркалардың болуын бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясы жүзеге асырады.
     Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген арақ-шарап бұйымдары марка жапсырылмай саудаға түскенi байқалса, олар алынып тасталады, ал тексеру материалдары заңдармен белгiленген тәртiпте санкциялар қолдану үшiн салық органдарына берiледi.

    Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрлiгi Бас салық
     басқармасы бастығының орынбасары

                                      Қазақстан Республикасының
                                      Аумағында өндiрiлетiн
                                      акцизделетiн жекелеген
                                      тауарларға марка жапсырудың
                                      тәртiбi туралы Уақытша
                                      нұсқаулыққа N 1 қосымша

Марка жапсырылуға тиiстi акцизделетiн
тауарлардың тiзiмi

-------------------------------------------------------------------
    рет і        Тауардың  атауы
    N   і

    1.    Спирттiң барлық түрлерi *
    2 .   Арақ *
    3.    Тәттi шараптар, күшейтiлген сусындар мен бальзамдар *
    4.    Шараптар *
    5.    Коньяктар *
    6.    Аққайнар

    * - соның iшiнде қаңылтыр қалбырлар мен "TETRA-PAK" үлгiсiндегi
қораптарда.

                                        Қазақстан Республикасының
                                          аумағында өндiрiлетiн
                                          акцизделетiн жекелеген
                                        тауарларға марка жапсырудың
                                          тәртiбi туралы Уақытша
                                          нұсқаулыққа N 2 қосымша

               Акциздiк алым маркаларының үлгiлерi

     1. Арақ-шарап өнiмдерiне арналған марканың үлгiсi

                                        Қазақстан Республикасының
                                          аумағында өндiрiлетiн
                                          акцизделетiн жекелеген
                                        тауарларға марка жапсырудың
                                           тәртiбi туралы Уақытша
                                          нұсқаулыққа N 3 қосымша

    ____________________________________________бастығына
                (салық органының атауы)
    тiркеу N_____________________________"__"_________199__ж.
               (салық органы толтырады)

             Акциздiк алым маркаларын сатып алуға
                           АРЫЗ      

________________________________________________________________
      (ұйымның толық атауы, мекен-жайы, банктегi реквизиттерi)

акциздiк алым маркаларын сатуды сұрайды:

    саны______________________________дана сомасы_____________теңге
             (марканың түрi)

    жалпы сомасы______________________________________________теңге
                     (жазумен)
    Көрсетiлген маркалар саны мынадай тауарлар шығару үшiн қажет:

      (тауардың атауы, ыдыстың түрi көрсетiлген шишалар саны)

   Маркалар сатып алуға арналған ақша қаражаты салық инспекциясының
   ________шотына_________________________________________сомасында
                              (сомасы жазумен)
    199__ж. "__"_________N_____төлем құжатымен аударылды.
    "Акцизделетiн тауарларды маркалау тәртiбi туралы" Нұсқаулықтың
     ережелерiмен таныстым.
    Маркалар қайтаруға болмайтындай жоғалған, ұрланған және т.б.
    жағдайда белгiленген акциз сомасын бюджетке төлеудi мiндетiме
    аламын.

        Ұйымның басшысы_________________________________
        Бас бухгалтер___________________________________
        Қаржының түскенi туралы салық
        органының белгiсi

                                      Қазақстан Республикасының
                                      аумағында өндiрiлетiн
                                      акцизделетiн жекелеген
                                      тауарларға марка жапсырудың
                                      тәртiбi туралы Уақытша
                                      нұсқаулыққа N 4 қосымша

       Марка жапсырылуға тиiстi акцизделетiн тауарлар
        шығаратын ұйымдардың есебiн жүргiзу журналы

Рет і Ұйым.іМаркалар ітапсырысіМаркалардың іМаркаларіАқшаіКепiлдiк
 N  і ның  ісатып алуіберiлгеніақысы төлен.іүшiн тө.іқараісомасы
    іатауы іға берiл.імаркаларігенi жөнiндеіленген  іжатыібанктiң
    і      іген тапсыі--------ігi төлем құ.іақша    іның іреквизит.
    і      ірыстың   іТү. іСа.іжатының нөм ісомасы  ітүс.ітерi
    і      ітiркеу   ірi  іны іiрi мен күнiі        ікен і
    і      інөмiрi   і    і   і            і        ікүнiі
    і      імен күнi і    і   і            і        і    і
 
                                     Қазақстан Республикасының
                                      аумағында өндiрiлетiн
                                      акцизделетiн жекелеген
                                      тауарларға марка жапсырудың
                                      тәртiбi туралы Уақытша
                                      нұсқаулыққа N 5 қосымша
            _____________________________________
                   салық инспекциясы

         Акциздiк алым маркаларын алуға арналған
                        ТҮБIРТЕК

   Тiркеу N_____________________________"__"___________199  ж.
               (салық органы толтырады)     Берiлдi_________________________________________________________

    Акциздiк алым маркалары:
саны_____________________дана; сомасы______________________теңге
     (марканың түрi)
жалпы сомасы____________________________________________________
                             (жазумен)
Маркаларды берген қызметкердiң қолы_____________________________
Алған___________________________________________________________
                 (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты)

  Сенiмхат N____________________"__"_____________________199  ж.
  Төлқұжат сериясы_____________N________берген_________________

    Алдым "__"___________199  ж. Қолы _________________

    Салық органының                              Алған ұйымның
       мөрi                                          мөрi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282177
    Қазақ тілінде 140425
    Орыс тілінде 140245
    Ағылшын тілінде 1507
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы