Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1009 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мeмлекeт меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларында:
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі — уәкілетті орган) осы қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады:»;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекет қызметтің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау көрсететін, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары бар.
      Министрлік және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды.
      Құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін бірінші басшы айқындайды.»;
      15-тармақта:
      3)4)5)6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдерді, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру;
      4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
      5) сот-сараптама қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, іске асыру және бақылауды жүзеге асыру;
      6) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында
мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ ондағы қызметті мемлекеттік реттеу.»;
      16-тармақта:
      «Ведомстволардың функциялары» деген екінші бөлік алып тасталсын;
      Мынадай мазмұндағы 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61), 62), 63), 64), 65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 72), 73), 74), 75), 76), 77), 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 86), 87), 88), 89), 90), 91), 92), 93), 94), 95), 96), 97), 98), 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140), 141) тармақшалармен толықтырылсын:
       «53) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
      54) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
      55) реттелетін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
      56) Министрліктің стратегиялық жоспарын әзірлеу және бекіту;
      57) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
      58) шарттық негізде эталондық заңнамалық актілерді және өзге де  құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды, соның ішінде автоматтандырылған құқықтық ақпараттық жүйені пайдалана отырып ұсыну;
      59) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру;
      60) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;
      61) заңдық әдебиетке, құқықтық насихат проблемалары жөніндегі әдебиетке тапсырыс беру;
      62) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      63) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
      64) мемлекеттік сот орындаушысының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      65) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
      66) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу
құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларын лицензияларынан айыру туралы талап-арыздарға бастамашылық ету;
      67) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылауды жүзеге асыру;
      68) жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс ұйымдастыру;
      69) конкурстың қорытындылары бойынша азаматтарды жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындау;
      70) республика бойынша және әрбір өңір бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекіту;
      71) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;
      72) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілім мен электрондық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу;
      73) заңнамада белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;
      74) зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;
      75) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарына қатысу;
      76) Интегралды микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияны енгізу;
      77) тіркелген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты, тіркелген топологияны пайдалануға лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеуді жүзеге асыру;
      78) қорғау құжаттарын және оларды алуға құқықты басқаға беру шарттарын тіркеуді жүзеге асыру;
      79) лицензиаттың басқа адамға (сублицензиатқа) селекциялық жетістікті, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын пайдалану құқығын беру туралы лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеуді жүзеге асыру;
      80) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензияны (ашық лицензия) алуға ниет білдірген адаммен патент иесінің төлемдері туралы шартты тіркеуді жүзеге асыру;
      81) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау;
      82) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралды микросхемалар топологияларына, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге өтінімдерді тіркеуді қамтамасыз ету;
      83) топологияларды тіркеу бойынша өтінімдерді қарауға қабылдау, оларды қарау және топологияларды тіркеуді жүзеге асыру;
      84) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығарылған жерлердің атауларына, селекциялық жетістіктерге қорғау құжаттарын беру;
      85) ресми тізілімдерде авторлық құқықтардың тіркелуін жүзеге асыру;
      86) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды
аккредиттеу;
      87) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін беру;
      88) қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру;
      89) тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану;
      90) қорғау құжаттарын беруге өтінімдер бойынша сараптама шешімдеріне қарсылықтарды, қорғау құжаттарын беруге және олардың күшіне қарсылықтарды қарауды ұйымдастыру;
      91) Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларға тексерулерді жүзеге асыру;
      92) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын, селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      93) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
      94) патент ісі саласында сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      95) туындыларды пайдалануға құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      96) аумақтық әділет органдарының қызметін қамтамасыз ету және оларға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметі мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;
      97) азаматтық хал актілері жазбалары органдарына әдістемелік басшылық жасау;
      98) республиканың азаматтық хал актілері жазбалары органдарының қызметін қамтамасыз ету және азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету;
      99) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;
      100) азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      101) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу;
      102) өз құзыреті шегінде бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;
      103) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тіркеуші мен басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат беру;
      104) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
      105) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;
      106) жылжымайтын мүлік орталықтарының қызметіне жалпы басшылық ету және бақылау;
      107) құқықтық кадастр ақпараттық жүйесін қалыптастыру және жүргізу;
      108) аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылықты, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
      109) өз құзыреті шегінде нотариат қызметін реттеуді жүзеге асыру;
      110) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдармен қамтамасыз ету;
      111) аумақтық әділет органдарының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып берген ұсынымдарының негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту;
      112) нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу;
      113) нотариустардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
      114) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ нотариустардың лицензияларынан айыру туралы талап-арыздарға бастамашылық ету;
      115) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ ведомстволық баспа басылымында лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді және нотариустардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәліметтерді жариялау;
      116) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар тізілімін
жүргізу, интернет-ресурста тізілім мәліметтерінің, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын лицензиаттар тізімдерінің және адвокаттар лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәліметтердің орналастырылуын қамтамасыз ету;
      117) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру;
      118) аумақтық әділет органдарының, нотариустардың, адвокаттардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңды қызметтерінің сапасына бақылауды жүзеге асыру;
      119) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
      120) бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін тең жағдай жасау арқылы мүлікті бағалау жөніндегі қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
      121) бағалау қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
      122) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      123) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      124) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      125) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілердің қызметін үйлестіру, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
      126) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегінің көрсетілу көлемінің толықтығы мен оның сапасына мониторинг жүргізу;
      127) халықты мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы құқықтық сауаттандыруды және оларға құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
      128) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесінің жай-күйі туралы ақпараттың кемінде жарты жылда бір рет жариялануын қамтамасыз ету;
      129) әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
      130) сот-сараптама қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
      131) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік емтихандарын қабылдау және сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру;
      132) сот сараптамасы органы көрсететін сот-сараптамалық қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      133) сот сараптамасы органының құрылымын, оның қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттар мен штаттық нормативтерді, сот сараптамасы органы қызметкерлерінің біліктілік мінездемелерін әзірлеу және бекіту;
      134) сот-сараптама қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ сот сарапшыларын кәсіби дайындау және біліктіліктерін арттыру;
      135) мемлекеттік сот-сараптамалық ұйымдарды материалдық техникалық қамтамасыз ету;
      136) сот сараптамасы саласында электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерін жасау және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      137) лицензиялық талаптарды сақтау бойынша лицензиаттардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      138) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және хаттамалар жасау, әкімшілік жазалау;
      139) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      140) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жоспарын және тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңіне сәйкес жоспарын әзірлеуге қатысу;
      141) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.»;
      Министрлік пен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі»;
      «1. Министрлік», «2. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті» және «3. Зияткерлік меншік құқығы комитеті» деген бөлімдердің тақырыптары алып тасталсын;
      Министрлік пен оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі»;
      «1. Министрлік» деген бөлімнің тақырыбы және «2. Сот актілерін орындау комитеті» деген бөлім алып тасталсын;
      Министрлік пен оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі»;
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 3-тармағының 1) тармақшасын2) тармақшасының үшінші, төртінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он тоғызыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма алтыншы, алпыс бесінші, алпыс алтыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 3-тармағы 2) тармақшасының жиырма сегізінші, алпыс бірінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші абзацтары Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысына  
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы Әділет мининстрлігінің қайта
ұйымдастырылатын аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      1. Ақмола облысының Әділет департаменті оған Ақмола облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті оған Ақтөбе облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      3. Алматы облысының Әділет департаменті оған Алматы облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      4. Атырау облысының Әділет департаменті оған Атырау облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      5. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті оған Шығыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      6. Жамбыл облысының Әділет департаменті оған Жамбыл облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      7. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті оған Батыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      8. Қарағанды облысының Әділет департаменті оған Қарағанды облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      9. Қызылорда облысының Әділет департаменті оған Қызылорда облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      10. Қостанай облысының Әділет департаменті оған Қостанай облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      11. Маңғыстау облысының Әділет департаменті оған Маңғыстау облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      12. Павлодар облысының Әділет департаменті оған Павлодар облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      13. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті оған Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      14. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті оған Оңтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      15. Астана қаласы бойынша Әділет департаменті оған Астана қаласы бойынша Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен;
      16. Алматы қаласы бойынша Әділет департаменті оған Алматы қаласы бойынша Сот актілерін орындау департаментін қосу жолымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысына  
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы
қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      8. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      13. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      14. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      15. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      16. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
      17. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 284351
    Қазақ тілінде 141507
    Орыс тілінде 141304
    Ағылшын тілінде 1540
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы