"Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 487

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, өзге де заңды және жеке тұлғалардың құқықтық ақпаратқа деген сұраныстарын компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесі " Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын:
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2015 № 420 қаулысымен.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін және нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу болып белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2015 № 420 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір ай мерзімде Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, оның жарғысын бекітсін және заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі: 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, Республикалық құқықтық ақпарат орталығына құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етуге 1999 жылға бөлінген республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шегінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жинақтау мен олардың есебін жүргізуге және мемлекеттік және орыс тілдерінде оның деректерінің базасын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырысты қалыптастырсын. 
      заңдарда белгіленген тәртіппен Үкіметтің бұдан бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныс енгізсін, сондай-ақ Әділет министрлігінің бұдан бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280076
    Қазақ тілінде 139469
    Орыс тілінде 139188
    Ағылшын тілінде 1419
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы