"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 қаңтарда № 9110 тіркелді

      «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы - 156 (26973-26975) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Заңның 42-бабына сәйкес нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның жеке басын анықтайды.
      Нотариаттық іс-әрекет келесі жеке басты куәландыратын құжаттарымен жасалады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
      3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
      4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
      5) туу туралы куәлік;
      6) шетелдік паспорты.
      16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.
      16 жасқа толмаған, кәмелетке толған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі жеке басын куәландыратын құжатпен анықтайды, сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.»;
      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «102. Сенімхат мәтінінде оның жасалған жері мен куәландырылған күні, сенім білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) мен туған жері, тұратын жері (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға органының атауы мен орналасқан жері) және сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен тұратын жері көрсетіледі.
      БНАЖ электрондық тізіліміне сенім білдіруші адамның ЖСН мен оның жеке басын куәландыратын деректері, сондай-ақ заңды тұлғаның БСН енгізіледі.»;
      168-тармақ мынадай редакцияда жазылады:
      «168. Нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ газет баспаларының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, заңдық мәні жоқ жеке хаттар мен басқа да құжаттарының көшірмелерінің және үзінділерінің дұрыстығы куәландырылмайды.
      Заңды тұлғалар ұсынған, факсимиле бедерлемесімен куәландырылған құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға рұқсат етілмейді.»;
      170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «170. Тазартылған, қосымша жазу жазылған, сызып тасталған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген өзге де түзетулері бар құжаттың және одан алынған үзінділердің дұрыстығын, не егер құжат қарындашпен жазылса, мәтіні түсініксіз болса, тиісті түрде нөмірленбеген, бауланбаған және бекітілмеген бірнеше бетке жазылса, немесе мөрдің бедерлемесі анық болмаса куәландырылмайды.»;
      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірнеше бетке жазылған құжат көшірмесі және одан алынған үзінді осы Ереженің 21-тармағының ережелері сақталып жасалуға тиіс»;
      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «173. Шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыруды құжатта заңдастыру немесе апостиль қойылғаны туралы белгі болғанда ғана жүргізеді. Егер Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеті арасында тиісті келісім болған жағдайларда құжатты заңдастыру немесе апостиль қою талап етілмейді.»;
      174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «174. Көшірменің дұрыстығы көшірме жасалатын құжатта өзара байланысты емес жеке бөлек мәселелер туралы мәліметтер болған жағдайда куәландырылады.
      Үзінді құжаттың мәтінінен механикалық түрде жазба машинасымен, компьютермен, қолдан қайта жазу арқылы, ксерокөшірмеленіп және сканерленіп жүзеге асырылады.
      Келесі құжаттардың үзінділері ксерокөшірме және сканерлеу арқылы жүзеге асырылады:

      2) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты;
      3) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
      4) шет ел паспорты;
      5) әскери билеті;
      6) еңбек кітапшасы.
      Осындай құжаттардың үзінділері ұсынылған құжаттың үзіндісіне тиісті екенін анықтауға мүмкіндік беретін мәселе мен мәліметтерді айқындау бойынша құжаттың бір бөлігінің толық мәтінін қайталауы тиіс.
      Азаматтың қалауы бойынша жоғарыда аталған құжаттардың барлық беттерінің көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға болады.»;
      175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «175. Азамат берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығы азаматтың қолының дұрыстығын нотариус немесе нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға куәландырған жағдайда, куәландырылады.».
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету
комитетінің төрағасына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Имашев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 269023
    Қазақ тілінде 134237
    Орыс тілінде 133807
    Ағылшын тілінде 979
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы