Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетiн және кедендiк баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі N 668 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 191 , 200-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетiн және кедендiк баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесі бекiтiлсiн. Қараңыз.K100296

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимiн қолданудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 13, 100-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1689  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 551-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 тамыздағы N 1100  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 391-құжат).
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 8 шiлдедегi 
N 668 қаулысымен   
бекiтiлген      

Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық
босатыла отырып, уақытша әкелiнетiн және кедендiк
баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша
әкетiлетiн тауарлардың тiзбесi

      1. Шетелдiк (әкету кезiнде - қазақстандық) заңды және жеке тұлғаларға тиесiлi: баспасөз, радио немесе теледидар жабдықтары, кинематографиялық жабдықтар, кез келген басқа да жабдықтар (тауарларды өнеркәсiптiк өндiру, тауарларды тасымалдау, табиғи ресурстарды пайдалану, үйлердi, құрылыстарды және ғимараттарды салу, жөндеу және ұстау, тауарларды орау, жер қазу жұмыстары үшiн пайдаланылатын жабдықтардан және басқа да ұқсас жабдықтардан басқа) және қолөнермен немесе кәсiппен айналысу үшiн қажеттi (қосалқы аппараттарды, керек-жарақтар мен материалдарды қоса алғанда) және олар нақты жұмысты орындау үшiн әкелетiн (әкететiн) аспаптар.
      2. Уақытша әкелiнген (әкетiлген) кәсiптiк жабдықтар мен аспаптарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер.
      3. Көрмелерде, жәрмеңкелерде, конкурстарда, съездерде, симпозиумдарда, семинарларда, халықаралық кездесулерде және басқа да ұқсас iс-шараларда (әкелiнген (әкетiлген) тауарларды сату мақсатында өткiзiлетiн өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметтi жүзеге асыру орындарындағы көрмелердi қоспағанда) көрсетуге арналған тауарлар, сондай-ақ тауарларды көрсету кезiнде не халықаралық кездесулер, конференциялар мен конгрестер барысында пайдалануға арналған қосалқы жабдықтар мен материалдар.
      4. Егер көрсетiлген жабдықтардың, материалдардың, қосалқы бөлшектер мен аспаптардың шетелдiк (әкету кезiнде - қазақстандық) заңды және жеке тұлғалардың меншiгiнде қалуы шартымен болса, ғылыми-зерттеу және оқу мақсаттарына арналған жабдықтар мен материалдар, сондай-ақ осындай жабдықтарды жөндеуге, оңдауға және бақылауға арналған қосалқы бөлшектер мен аспаптар.
      5. Егер мұндай материалдар шетелдiк (әкету кезiнде - қазақстандық) заңды және жеке тұлғалардың меншiгiнде қалатын болса, шетелдiк (әкету кезiнде - қазақстандық) теңiз кемелерi экипаждарының әлеуметтiк-тұрмыстық өмiр сүру жағдайларын (яғни мәдениет, бiлiм, демалыс, дiни және спорт саласындағы) жақсартуға арналған материалдар.
      6. Мемлекеттiк органдар мен мекемелерге, уақытша пайдалануға өтeуciз берiлетiн табиғи зiлзалалардың, авариялар мен апаттардың зардаптарын жоюға арналған тауарлар.
      7. Контейнерлер (контейнермен бiрге әкелiнетiн (әкетілетін) және онымен бiрге, жеке немесе басқа контейнермен бiрге қайтарылатын не жеке әкелiнетiн (әкетiлетiн) және контейнермен бiрге қайтарылатын аталған контейнер үшiн қажеттi керек-жарақтар мен жабдықтарды қоса алғанда), сондай-ақ уақытша әкелiнген (әкетiлген) контейнерлердi жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер.
      8. Табандар.
      9. Өзге де көп айналымды ыдыс пен орам.
      10. Егер олар шетелдiк (әкету кезiнде - қазақстандық) заңды және жеке тұлғаның меншiгiнде қалған және тек осындай үлгiдегi тауарларға арналған тапсырыстарды алуға арналған, ал ұқсас тауарлардың саны екi данадан аспаған жағдайда, үлгілер.
      11. Бiр данадағы не бруттоның жалпы салмағы 1 килограмнан аспайтын жарнамалық материалдар (каталогтар, прейскуранттар және коммерциялық проспектiлер).
      12. Егер бұл фильмдер шетелдiк (әкету кезiнде - қазақстандық) заңды және жеке тұлғалардың меншiгiнде қалған, шетелдiк (әкету кезiнде қазақстандық) заңды және жеке тұлға ұсынатын шетелдiкке (әкету кезiнде - қазақстандыққа) жатқан, мүмкін болатын сатып алушыларға көрсету үшін ғана жараған жағдайда, егер көрсетiлген жарнамалық фильмдер бiр данада әкелiнген (әкетілген) жағдайда, тауарлардың қасиеттерiн немесе жұмыс iстеуiн ашатын жарнамалық фильмдер.
      13. Сынақтар, тексерулер, эксперименттер жүргiзуге арналған тауарлар.
      14. Уақытша және деректердi автоматты түрде өңдеуге пайдалану үшiн ұсынылатын сандық ақпаратты тасығыштар.
      15. Емдеу және басқа да медициналық ұйымдар мен мекемелер диагностикалық, хирургиялық немесе терапевтiк мақсаттарда пайдалану үшiн уақытша қолдануға өтеусiз берiлетiн және шетелдiк (әкету кезiнде - қазақстандық) заңды және жеке тұлғаның меншiгiнде қалатын медициналық, хирургиялық немесе зертханалық жабдықтар.
      16. Егер мұндай тауарлар шетелдiк (әкету кезінде - қазақстандық) заңды және жеке тұлғаның меншiгiнде қалған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағындағы (әкету кезінде - одан тысқары жерлердегi) спорт жарыстарына, көрсетiмдiк спорттық iс-шараларға немесе жаттығуларға арналған тауарлар.
      17. Егер мұндай жануарлардың шетелдік (әкету кезiнде - қазақстандық) заңды және жеке тұлғаның меншiгiнде қалуы шартымен болса, жаттықтыру, үйрету, өсіру, малдәрігерлік емдеу, азықтандыру, сынақтарды, құтқару операцияларын жүргізу, арнайы функцияларды жүзеге асыру, көрмелерге, конкурстарға, жарыстарға, шерулерге, спектакльдерге, көрсетiлiмдерге және басқа да ұқсас iс-шараларға қатысу үшiн, сондай-ақ медициналық мақсаттарда және Қазақстан Республикасының кеден шекарасына iргелес орналасқан алқапта пайдалану үшiн жұмыс малы ретiнде (тиiстi жабдықтарымен бiрге) уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн) жануарлар.
      18. Театр (цирк) костюмдерi, сахналық жабдықтар және көрсетiлiмдер, спектакльдер және ұқсас iс-шаралар өткiзуге арналған басқа да театр (цирк) реквизитi.
      19. Шетелдiк (әкету кезiнде - қазақстандық) заңды және жеке тұлғаның меншiгiнде қалатын кино- және бейнефильмдер, диапозитивтер, фотосуреттер және фото және кино конкурстары мен ұқсас iс-шараларда көрсетуге арналған бекiтiлген бейнесi бар, басқа да материалдар.
      20. Астық, техникалық, майлы және басқа да дақылдарды жинауға арналған комбайндар, ұзын аспалы, тiркемелi дестелегiштер.
      21. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган пайдалануға құқық берген авиабағыттар бойынша ұшуға арналған азаматтық әуе кемелері.
       Ескерту. Қаулының тізбесі 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 742  қаулысымен
      22. Қазақстан Республикасына/Қазақстан Республикасынан әкелінетін/әкетілетін, жолтабаны 1435 және 1520 мм темір жолдарда жолаушылар вагондарын пайдалануды қамтамасыз ету үшін қолданылатын арбашықтар.
       Ескерту. Қаулының тізбесі 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 571  қаулысымен

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы