Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкалары бекітілсін.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін.
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.09.2014 № 1046 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингін (бұдан әрі – бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне мұнай шикізатының орташа нарықтық бағасы туралы деректер берсін.
      Ескерту. Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.09.2014 № 1046 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2-3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi беретін шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкалары есебін жүзеге асырсын;
      2) қажет болған жағдайда, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкаларының мөлшерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлесін.
      Ескерту. Қаулы 2-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.09.2014 № 1046 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3. Кедендік баждарды өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін.
      Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға арналған өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.09.2014 № 1046 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
      5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 520 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне
кедендік әкету баждарының ставкалары

      Ескерту. Баж ставкалары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.07.2014 № 833 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.09.2014 № 1046 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы1

өлш. бір.

Тауарларға қатысты кедендік баж ставкасы

Маусымдық кедендік баж ставкасы

Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкету2

ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкету3

1

2

3

4

5

6

2709 00 900 96

Шикі мұнай

-

60 доллар

60 доллар

2710 124

Жеңіл дистилляттар және өнімдер

-

168,88 доллар

168,88 доллар

2710 19 110 0,
2710 19 150 0,
2710 19 210 0,
2710 19 250 0,
2710 20 290 0

Орташа дистилляттар

-

168,88 доллар

168,88 доллар

2710 19 420 0,
2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: дизель отыны

168,88 доллар

168,88 доллар

1 тонна үшiн
200 евро
15 ақпан – 15 қазан аралығында

2710 20 110 07,
2710 20 150 07,
2710 20 900 07

Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшін

-

60 доллар

60 доллар

1 тонна үшін
200 евро
15 ақпан -
15 қазан
аралығында

2710 19 310 07,
2710 19 350 07,
2710 19 480 07,
2710 20 190 07

Ауыр дистилляттар: газойлдар

-

60 доллар

60 доллар

2710 19 510 17,
2710 19 510 95,7
- 2710 19 550 97

Ауыр дистилляттар: сұйық отын

-

60 доллар

60 доллар

2710 19 620 17 -
2710 19 680 9
2710 20 310 17,
2710 20 310 97,
2710 20 350 17,
2710 20 350 97,
2710 20 370 17, 2710 20 370 97, 2710 20 390 17,
2710 20 390 97

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар: өзге де мақсаттар үшін Мазуттар

-

60 доллар

60 доллар

1 тонна үшін 15 евро 15 мамыр - 15 тамыз аралығында

2710 19 710 07,
2710 19 750 07,
2710 19 820 07,
2710 19 840 07,
2710 19 860 07,
2710 19 880 07,
2710 19 920 07,
2710 19 940 07,
2710 19 980 07

Жағармайлар: өзгелері

-

60 доллар

0

2710 91 000 07,
2710 99 000 07

Өңделген мұнай өнімдері

-

60 доллар

0

2712 90 990 07

Өзгелері

60 доллар

0

2713 20 000 07,
2713 90 100 07,
2713 90 900 07

Мұнай битумы; битумдандырылған жыныстардан алынған мұнайды немесе мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

-

60 доллар

60 доллар

1 тонна үшін 15 евро 15 қазан - 15  сәуір аралығында

2715 00 000 07

Битум қоспалары

-

60 доллар

0

4101

Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері

дана

1 тонна үшін 500 евро

20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес

4102

Қойлардың немесе қозылардың (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың жүні бар немесе жүнсіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері, осы топтағы 1в түсіндірмеде алынып тасталғаннан басқа

4103

Түкті немесе түксіз (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген), бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген өзге де терілер, осы топтағы 1б немесе 1в түсіндірмелерде алынып тасталғандардан басқа

5101

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн:

-

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлардың қылы:

5103

Иіру қалдықтарын қосқанда, бірақ ыдыратылған шикізатты қоспағанда, жануарлардың жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары:

5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан ыдыратылған шикізат

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шикі құрамды құйма металдар):

-

15, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес

7302

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіру немесе бекіту үшін арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер:

-

20, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес

7404 00

Қалдықтар және мыс сынықтары:

-

30, бірақ 1 тонна үшін 330 евродан кем емес

7601

Өңделмеген алюминий:

7601 20

- алюминий қорытпалары:

7601 20 100

- - бастапқы:

7601 20 100 1

- - - авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін

-

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

7601 20 100 9

- - - өзгелері, алюмо-бериллий лигатурасынан басқа

- - қайталама:

7601 20 910 0

- - - құйма немесе сұйық түрдегі

-

3 %, бірақ 1 тоннасы үшін 22 евродан кем емес

7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

86078

Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері

-

20 %, бірақ 1 тоннасы үшін 15 евродан кем емес

      Ескертпе:
      1. Кедендiк әкету бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшiн тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшiн келтiрiлген. <5> сілтеме қарастырылған жағдайда ғана негіз болады.
      2. Кеден одағына кіретін елдерді қоспағанда және кедендік әкету бажын төлеуден босатылу көзделген Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағы туралы Келісімге екіжақты және көпжақты келісілген елдер.
      3. Тараптармен 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген.
      Осы кедендік әкету баж ставкалары 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдермен келіссөздер аяқталуына дейін және мұнай өнімдері бойынша кедендік әкету баж ставкасын есептеу формуласын қарастыру бойынша 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттамада белгіленген.
      4. Қазақстан Республикасы шегінен тысқары көрсетілген тауарларды әкету кезінде 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін 1 тонна үшін 400 доллар көлемінде кедендік әкету баж ставкасы қолданылады.
      5. Кедендік әкету бажды төлеуден босатылатын ауыр дистиллятталған сұйық отынын қоспағанда.
      6. Осы қаулымен белгіленген шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкалары:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделеген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне;
      2) роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне қатысты қолданылмайтыны белгіленсін.
      7. Бағалар мониторингі кезеңі ішінде шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 1 тонна үшін 540 доллар және одан астам болып қалыптасқан кезде, мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендік әкету бажы ставкалары мынадай формула бойынша есептелді:
      КӘБС = Кх(Б-138,6), мұнда КӘБС - кедендiк әкету бажы ставкаларының мөлшерi;
      К - шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50 %-ы;
      Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
      138,6 - шикі мұнай экспорты рентабельді болып табылмайтын жағдайға жеткендегі шикі мұнайдың бағасы.
      Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.
      Жүргізілген кедендік әкету бажы ставкасының көлемін есептеу нәтижесі үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді.
      Есепті тоқсанның қорытындылары ай сайын баға мониторингі бойынша шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, мұнайдан жасалған тауарға кедендік әкету баждары ставкаларының мөлшері түзетіледі.
      Егер алынған кедендік баж ставкасын есептеу нәтижесі бойынша қолданыстағыдан төмен болған жағдайда, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы болған кезде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажының колданыстағы деңгейі сақталады.
      Ай сайынғы бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір тонна үшін 540 АҚШ долларынан аз болып төмендеген жағдайда мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкаларының мөлшері формуланы қолданбай белгіленеді.

      Түзету коэффициентінің кестесі:

СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуiшi

Түзету коэффициентi

К

2710 12

1,2

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 1,2 = 0,225

2710 19 110 0 -
2710 19 290 0

2710 19 420 0,
2710 19 460 0

1,2

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 1,2 = 0,225

2710 20 110 0,
2710 20 150 0,
2710 20 900 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 310 0,
2710 19 350 0,
2710 19 480 0,
2710 20 190 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 510 1,
2710 19 510 9 -
2710 19 550 9

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 620 1 -
2710 19 680 9,
2710 20 310 1,
2710 20 310 9,
2710 20 350 1,
2710 20 350 9,
2710 20 370 1,
2710 20 370 9,
2710 20 390 1,
2710 20 390 9

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 710 0,
2710 19 750 0,
2710 19 820 0,
2710 19 840 0,
2710 19 860 0,
2710 19 880 0,
2710 19 920 0,
2710 19 940 0,
2710 19 980 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2x0,8 = 0,15

2710 91 000 0,
2710 99 000 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

2712 90 990 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

2713 20 000 0,
2713 90 100 0,
2713 90 900 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

2715 00 000 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

      8 Өзіне қатысты кедендік құнының 10 %-ы мөлшерінде, бірақ 1 тоннасы үшін кемінде 7,5 евро кедендік әкету бажының ставкасы қолданылатын СЭҚ ТН 8607 19 100 9 кодын қоспағанда.

Қазақстан Республикасының
жекелеген тауарлар түрлеріне
кедендік әкету баждарының
ставкаларына      
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 520 қаулысына   
1-қосымша      

Кедендік әкелу баждарының ставкаларын қайта қарауға
өтінім

Өтінім беруші _______________________________________________________
Мекен-жайы __________________________________________________________
Телефон, факс, E-mail _______________________________________________
Директор (басшы) ____________________________________________________
Тіркеу күні _________________________________________________________
Тіркеу орны _________________________________________________________

Осы ақпарат мейлінше толық болып табылады және барлық қазіргі уақытта қол жетімді деректерден әзірленді. Ол кез келген қол жетімді тәсілмен тексерілуі мүмкін.

Мен берілген деректердің дұрыстығын куәландырамын.

Кәсіпорынның басшысы _________ ___________
(ведомствоның)          қолы      күні           Мөрі

Бас бухгалтер __________ __________
                 қолы       күні

Өтінімге мынадай ақпараттарды қоса беру қажет:

Тауардың атауы: _____________________________________________________
СЭҚ ТН бойынша коды: ________________________________________________
Кедендік баждың қолданыстағы ставкалары: ____________________________
Кедендік баждың ұсынылған ставкалары: _______________________________

      1. Алдағы үш жылға жалпы сипаттағы мынадай деректерді көрсетіңіз:
      1) табиғи және құндық мәнде (өлшем бірлігін көрсете отырып) тауар өндірісінің көлемі;
      2) табиғи және құндық мәндегі (өлшем бірлігін көрсете отырып), оның ішінде экспортқа (елді көрсете отырып) тауарды өткізу көлемі;
      3) өтініш беруші кәсіпорынның қуаттылықты іске қосу, %;
      4) өтініш беруші кәсіпорынның рентабельділігі, %;
      5) өтініш беруші кәсіпорынның пайдасы/залалы, мың теңге;
      6) өтініш беруші кәсіпорынның (саладағы) жұмыспен қамтылғандар (еңбек етушілер) саны;
      7) мемлекеттік бюджетке аударылған салықтар сомасы, оның ішінде ҚҚС, корпоративтік табыс салығы;
      8) импорт пунктінен тұтынушыға дейінгі, ел ішіндегі өндіріс пунктінен тұтынушыға дейінгі орташаландырылған көлік шығыстары;
      9) қайта қараудың мақсаттылығына негізделген қаралатын проблемаға қатысы бар қосымша мәлімет.

      2. Әкелінетін кедендік бажының ставкасын төмендеткен жағдайда:

      3) импортталған шикізат құнының үлесін көрсете отырып дайын өнімнің (дайын бұйымның) өзіндік құнының орташаландырылған құрылымы;
      4) өтініш беруші кәсіпорынның қуаттылықты іске қосу, %;
      5) өтініш беруші кәсіпорынның рентабельділігі, %;
      6) өтініш беруші кәсіпорынның пайдасы/залалы, мың теңге;
      7) өтініш беруші кәсіпорынның (саладағы) жұмыспен қамтылғандар (еңбек етушілер) саны;
      8) мемлекеттік бюджетке аударылған салықтар сомасы, оның ішінде ҚҚС, корпоративтік табыс салығы;
      9) импорт кезіндегі шығындар: кеден құны, кеден бажы, кеден алымы, акциздер, дайын өнімге және импортталатын шикізатқа ҚҚС;
      10) орташаландырылған көлік шығыстары (импорт пунктінен
тұтынушыға дейін, ел ішіндегі өндіріс пунктінен тұтынушыға дейін);
      11) өзге елдерден импортталатын соған ұқсас тауар (шикізат) бағасы және ішкі рыноктағы осы тауар бағасы сондай-ақ импорт көлемі мен импорттаушы елдер атауы;
      12) қайта қараудың мақсаттылығына негізделген қаралатын проблемаға қатысы бар қосымша мәлімет.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 520 қаулысына   
2-қосымша      

Кедендік әкету баждарының ставкаларын қайта қарауға

      Алдағы үш жылға жалпы сипаттағы мынадай деректерді көрсетіңіз:

      3) қуаттылықты іске қосу, %;
      4) өндірістің рентабельділігі, %;
      5) пайда/залал, мың теңге;
      6) саладағы жұмыспен қамтылғандар саны;

      8) қайта қараудың мақсаттылығына негізделген қаралатын проблемаға қатысы бар қосымша мәлімет.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 520 қаулысына   
2-1-қосымша     

201_ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған бағалар
мониторингiнiң нәтижелерi

      Ескерту. Қаулы 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

КҮНІ

URALS (MED)
($/баррель)

Сю (орташа мәні URALS
(MED)

BRENT DTD)
($/баррель)

Cб (орташа мәні BRENT
(DTD)

С (орташа мәні BRENT (DTD)
URALS (MED)

min

max

min

max

      Сатылатын шикi мұнайдың нарықтық бағасы «URALS (MED)», BRENT (DTD) күнделiктi түзетулерiнiң орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.
      URALS (MED) «min» - биржадағы бiр күн бұрынғы «URALS (MED)» ең төменгi нарықтық бағасы;
      URALS (MED) «mах» - биржадағы бiр күн бұрынғы «URALS (MED)» ең жоғары нарықтық бағасы;
      BRENT(DTD) «min» - биржадағы бiр күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең төменгi нарықтық бағасы;
      BRENT (DTD) «mах» - биржадағы бiр күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең жоғары нарықтық бағасы;

С = (Сю + Сб)/2 = ___ АҚШ доллары,

      мұнда,
      С - шикi мұнайдың күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      Сю - биржадағы бiр күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгi және ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      Сб - биржадағы бiр күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең төменгi және ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы.

Б = (С + C1 +...+ Cn) / n х 7,5 = _______ АҚШ доллары,

      мұнда,
      Б - мониторинг кезеңiндегi шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бiр тонна үшiн);
      Сn - мониторинг кезеңi iшiндегi мұндай түзетулер жарияланған күндердегi шикi мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      n - мониторинг кезеңi iшiндегi түзетулер жарияланған күндердiң саны;
      7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициентi.
      Мониторинг кезеңiнде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бiр) баррель үшiн ____ АҚШ долларын, бiр метрикалық тонна үшiн ____ АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 520 қаулысына   
3-қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдер тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 611-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 112 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 6, 65-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 338 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 184-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы № 531 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 276-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 331-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1128 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 516-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 732 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 26, 231-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 және 2009 жылғы 15 мамырдағы № 732 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 маусымдағы N 987 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 31, 291-құжат).

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262881
    Қазақ тілінде 131244
    Орыс тілінде 130743
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы