Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 тамыз N 1090. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 374 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.06.2018 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексi) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:<*>

      ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.11.20. N 1494 қаулысымен.

      1. Iзгiлiк көмегi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелден тауарлар әкелу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi iзгiлiк көмегi мәселелерi бойынша келген шетел азаматтарына виза берудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, "Қазақстан телевизиясы мен радиосы" республикалық корпорациясы iзгiлiк көмектiң түсуi мен бөлiну барысы туралы жұртшылыққа үнемi хабарлап тұрсын.<*>

      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.11.20. N 1494қаулысымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

  Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 7 тамыздағы
N 1090 қаулысымен
Бекiтiлген

Iзгiлiк көмегi ретiнде Қазақстан Республикасының
кеден аумағына шетелден тауарлар әкелу тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар үшiн iзгiлiк көмегi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелден келген жүктердi қабылдаудың, есептеу, тасымалдау, жинау, күзету, бөлу тәртiбiн айқындайды.

      Уәкiлеттi ұйымдар арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi бөлетiн азық-түлiк, халықтық тұтыну тауарлары, техника, керек-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар мен дәрi-дәрмектер, халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн шетелдер мен халықаралық ұйымдар жiберген өзге заттар, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою түрiнде Қазақстан Республикасына тегiн берiлетiн мүлiк ізгiлiк көмегі болып табылады.<*>

      Қазақстан Республикасына келiп түскен iзгiлiк көмегi тұтынушы үшiн қауiпсiз болуға және Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген санитарлық нормаларға және адам үшiн қауiпсiздiктiң халықаралық талаптарына сай келуге тиiс.

      Азық-түлiк пен медициналық дәрi-дәрмектердi Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу шарттары Қазақстан Республикасының тиiстi қызметтерiнiң (санитарлық, эпидемиологиялық, мал дәрiгерлiк және фармакологиялық) нормативтiк құжаттарымен реттеледi.

      Iзгiлiк көмегi жүгi жүктi алушыға нақты табыс етiлген сәтке дейiн шетелдiк заңды және жеке тұлғалардың меншiгi болып табылады.

      Iзгiлiк көмегiнiң пайдаланылуын бақылауды Халықаралық iзгiлiктi көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мен Қазақстан Республикасының салық қызметi органдары жүзеге асырады.

      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.11.20. N 1494 қаулысымен.

      2. Iзгiлiк көмегi жүктерiн жеткiзуге байланысты барлық жұмыстарды ұйымдастыру мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:

      жүктердiң өткiзiлуi туралы ақпаратта жiберiлген жерi мен алушы жерi көрсетiлмеген жағдайда, оларды Комиссия айқындайды. Бұл орайда ол жүктердi тұтынушыларды, жүктердi тұтынушылар арасында бөлу лимиттерiн, жүктердiң жеткiзiлуiнiң қамтамасыз ететiн ұйымдарды да айқындайды, бұл мәлiметтердi көлiк ұйымдарына, шекарадан өтетiн жерлердегi кеден ұйымдарына және жүктердi тұтынушылар орналасқан жердегi iшкi iстер органдарына хабарлайды. Қазақстан Республикасы Кеден комитетi iзгiлiктi көмектi әкелу кезiнде бiрiншi кезекте қызмет көрсетiп, оңайлатылған кеден тәртiптерiн қолданады.<*>

      Жүк тасымалдайтын экспедиторлық және көлiк ұйымдары Қазақстан Республикасы Кеден комитетiне жүктердiң жөнелтiлгенiн, көлемiн және номенклатурасын, шекарадан өту бекеттерiн хабарлайды.<*>

      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.
     
      3. Iзгiлiк көмек жүктерiн кеденде рәсiмделгеннен кейiн Қазақстан Республикасының кеден органдары Комиссияға олардың сипаты, көлемi (салмағы мен орын саны), жөнелткен ел және Қазақстан Республикасындағы жүк алушы туралы хабарлайды.

      Iзгiлiк көмектi алатын барлық заңды тұлғалар оны қабылдауды, есепке алуды, тасымалдауды, күзетудi және бөлудi қамтамасыз ететiн органдар құрады.

      4. Iзгiлiк көмек түрiнде Қазақстан Республикасына келiп түскен жүктердi есепке алу, сақтау және тасымалдау коммерциялық жүктерден бөлек жүзеге асырылады.

      Жүктер алушылардың мекен-жайларына мынадай тәртiппен жiберiледi:

      нақты адресаттары бар жүктер - тiкелей алушыларға;

      адресаттары көрсетiлмей жiберiлген жүктер - Комиссия айқындаған алушыларға жiберiледi.

      5. Iзгiлiктi көмектiң бөлiнуi осы көмектiң жеткiзiлу шарттарына сәйкес жүргiзiлуi тиiс.

      Iзгiлiк көмектiң бөлiнуiн бақылауды комиссия ұйымдастырады.

      Заңды және жеке тұлғалардың аталған көмектi басқа заңды және жеке тұлғаларға сату, сондай-ақ оларды сату мақсатымен сатып алуына тыйым салынады.

      Iзгiлiк көмектiң тиiстi мақсатқа пайдаланылмауы фактiлерiн жергiлiктi жерлердегi атқарушы органдар Комиссияға және әрекет аймақта орналасқан кеден мекемелерiне хабарлайды. Кеден және салық органдары аталған заңды және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген салық пен мiндеттi төлемдердi өндiрiп алады.

      Заңды және жеке тұлғалар осындай тауарлармен және заттармен жасалған операциялардан алған барлық түсiмдi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден алымы және баж сомасын шегере отырып, салық қызметiнiң органдары алуға тиiс және бiрдей мөлшерде республикалық және жергiлiктi бюджетке аударылады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262472
    Қазақ тілінде 131038
    Орыс тілінде 130540
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы