Жекелеген кеден шеңберіндегі кедендік бақылау туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2272. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474  Бұйрығымен.

      Ескерту: Барлық мәтін бойынша "Агенттік" деген сөз "Комитет" деген сөзбен ауыстырылды, "кедендік бақылау" деген сөздерден кейін "Қаржы министрлігі" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 17 тамыздағы N 310   бұйрығымен   (бұйрық бірінші ресми жарияланған сәттен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі) .

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  163 ,  187 ,  234 ,  236 ,  242 және  243 -баптарына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Тауарларды еркін кеден аймағы кеден режимінде кедендік ресімдеу ережесі;
      2) Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің ережесі;
      3) Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тыс қайта өңдеу кеден режимдері аяқталған кезде қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.
       Ескерту: 4-тармаққа жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 17 тамыздағы N 310   бұйрығымен   (бұйрық бірінші ресми жарияланған сәттен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі) .
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

"Жекелеген кеден режимдерінің   
шеңберінде кедендік бақылау    
туралы" Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау
комитеті төрағасының 2003 жылғы 
7 мамырдағы N 187 бұйрығымен  
бекітілген             

  Тауарларды еркін кеден аймағы кеден
режимінде кедендік ресімдеудің ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды еркін кеден аймағы кеден режимінде кедендік ресімдеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі)  234 ,  236 -баптарына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінген және еркін кеден аймағы кеден режимімен орналастырылған тауарларды, оларға қатысты еркін кеден аймағы кеден режимі өзгеретін тауарларды кедендік ресімдеудің, сондай-ақ тауарлардың есебін жүргізу мен қызметінің арнайы экономикалық аймақтарда жүзеге асыратын тұлғалардың кеден органына есептілік беруінің тәртібін айқындайды.

      2. Тауарларды еркін кеден аймағы (бұдан әрі - ЕКА) кеден режимімен орналастырудың және оларды пайдалану шарттары Кеден кодексінің  230 232 -баптарында айқындалған.

      3. ЕКА кеден режимімен орналастырылған тауарларды өткізу арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) тиісті аумағының шектерімен шектеледі. Бұл ретте, АЭА учаскелерінің арасында өткізу кеден органының рұқсатымен кедендік бақылау арқылы жүзеге асырылады.

  2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін тауарларды кедендік ресімдеу

      4. АЭА шекараларынан өту кезінде ЕКА кеден режимінде кедендік ресімдеуге АЭА аумағына әкелінген және АЭА құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті шетелдік және қазақстандық тауарлар жатады.

      5. Тауарларды ЕКА кеден режимімен орналастыруға АЭА аумағында жұмыс істейтін салық органында, не АЭА аумағында әкімшілік басқаруды жүзеге асыруға уәкілетті органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғаларға рұқсат етіледі.
      Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген тауарлар кеден органына:
      1) жүк кедендік декларацияны;
      2) декларацияланатын тауарлардың АЭА құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажеттілігін растайтын құжаттарды;
      3) Кеден кодексінің таңдап алынған кеден режимдерінің талаптарына сәйкес құжаттар ұсыну бөлігінде айқындалатын өзге де құжаттарды ұсыну жолымен декларациялауға жатады.

      6. Тауарларды АЭА аумағына әкелу кезінде декларациялау мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі:
      тауарлардың партиясы ретінде бір объектінің құрылысын салуға арналған тауарлар түсініледі;
      жүк кеден декларациясының "Тауарды тексеру орны" деген 30-бағанда АЭА құрылыс объектісін бірдейлендіру нөмірі көрсетіледі, оның мекен-жайына тауар мына сызба бойынша жеткізіледі:
      элемент N 0-000, мұнда
      0 - учаскенің нөмірі;
      000 - құрылыс объектісінің нөмірі.
       Ескерту: 6-тармақта және одан әрі мәтін бойынша "Астана - жаңа қала" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 17 тамыздағы N 310   бұйрығымен   (бұйрық бірінші ресми жарияланған сәттен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі) .

      7. Тауарларды АЭА аумағына өткізу кезінде тауарларға мерзімдік және алдын ала декларациялау ережесі, сондай-ақ кедендік ресімдеудің оңайлатылған рәсімдері қолданылуы мүмкін.

      8. АЭА аумағына қазақстандық тауарларды орналастыру кезінде декларант оңайлатылған декларациялау нысанын (1-қосымша) қолдануға құқылы.
      Бұл ретте, оңайлатылған декларациялау нысанының даналары мынадай тәртіппен бөлінеді:
      бірінші дана - бақылау үшін кеден органының істерінде қалады;
      екінші дана - декларанттың қолына беріледі.
      Оңайлатылған нысандағы декларация ресімделген күні көрсетіле және олардың іс-жүзінде әкелінгені/әкетілгені туралы белгілер қойыла отырып тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады. Бұл ретте, кедендік ресімдегені үшін алымдар алынбайды. Тауарларды әкелінгеннен ерекшелінетін мөлшерде әкеткен жағдайда, тауарды өткізуші тұлға оңайлатылған  нысандағы декларацияның 10-бағанында мөрмен расталған әкетілетін тауардың іс-жүзіндегі мөлшерін көрсетеді.
      Оңайлатылған нысандағы декларацияны кеден органдары оңайлатылған нысандағы декларацияларды тіркеу журналында (2-қосымша) тіркейді.
      АЭА аумағындағы объектілерге қызмет көрсету үшін пайдаланылатын (жұмысшыларды, жолаушыларды, қызмет көрсетуші құрамды тасымалдау) және тауарларды тасымалдауға жұмылдырылмаған автокөлік құралдарын көрсетілген АЭА аумағына өткізу кеден органының рұқсатымен жүргізіледі.
      Декларациялаудың оңайлатылған нысанын қолдана отырып ЕЭА аумағына бұрын әкелінген тауарларды ЕКА кедендік режимімен орналастыруға ЕЭА туралы ережеде көзделген жеңілдіктерді алу үшін қажетті талаптарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес есепті тоқсан ішінде жол беріледі.
      Шетелдік және қазақстандық тауарларды АЭА аумағына жеткізуді жүзеге асыратын көлік құралдары кеден ресімдеу кезеңінде бақылау-өткізу пункттерінің жанындағы ашық алаңдарға (уақытша сақтау орындарына) орналастырылады. Мұндай көлік құралдарының АЭА аумағында болу мерзімі тиеу/түсіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті уақытқа қарай айқындалады. Көлік құралдарының кіруінің және шығуының есебі АЭА бақылау-өткізу пунктінде тауарлар мен көлік құралдарының есебі кітабында (3-қосымша) кедендік есеп құжаттары бойынша жүргізіледі.
      Кедендік есеп құжаты ретінде жүк кедендік декларация немесе оңайлатылған нысандағы декларация пайдаланылады.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 17 тамыздағы N 310   бұйрығымен   (бұйрық бірінші ресми жарияланған сәттен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі) .

  3. Оған қатысты ЕКА кеден режимі өзгеретін тауарларды кедендік ресімдеу

      9. Бұрын ЕКА кеден режимімен орналастырылған шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге қайта экспорт кеден режиміне сәйкес әкетіледі.
      Мұндай тауарларды әкету Кеден кодексінің  114 -бабына сәйкес кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      10. ЕКА кеден режимімен орналастырылған тауарларды оларды кеден қоймасы кеден режимін, еркін қойма кеден режимін, тауарларды өзге АЭА орналастыруды қоспағанда, өзге кеден режимінде мәлімдеген жағдайда, кедендік ресімдеу мұндай тауарларды ЕКА кедендік режимінде кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органдарында жүргізіледі.
      Егер бұрын ЕКА кеден режимінде ресімделген тауарлар кеден қоймасы кеден режимінде, өзге кеден органының қызмет аясында орналасқан еркін қойма кеден режимінде мәлімделген жағдайда, не тауарларды басқа АЭА аумағына әкету жүзеге асырылған жағдайда, онда мұндай тауарларды кедендік ресімдеу таңдап алынған кеден режимдеріне сәйкес қызмет аймағында кеден қоймалары, еркін қоймалар немесе басқа АЭА аумағы орналасқан кеден органында жүргізіледі. Бұл орайда тауарларды өткізу Кодекстің 12-тарауына сәйкес кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      11. <*>
       Ескерту: 11-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 17 тамыздағы N 310   бұйрығымен   (бұйрық бірінші ресми жарияланған сәттен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі) .

  4. ЕКА кеден режимімен орналастырылған тауарлар
туралы есептілік ұсыну

      12. Қазақстан Республикасы заңдылықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, кеден органы Кеден кодексінің  441-бабында көзделген кедендік бақылаудың нысандарын қолдануға, сондай-ақ Кеден кодексінің  432-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар
       Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды   - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 17 тамыздағы N 310   бұйрығымен   (бұйрық бірінші ресми жарияланған сәттен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі) .

      13. ЕКА кеден режимін мәлімдеген тұлғалар тауарлардың есебін жүргізеді және кеден органдарына олар туралы есептілік ұсынады. Тауарларда болған кез келген өзгерістер есеп құжаттарында көрініс табуы тиіс. Тауарлардың есебін жүргізу мен олар бойынша есептіліктің нысанын қызмет аймағында АЭА құрылған кеден органы АЭА құру, жайластыру және жұмысын ұйымдастыру мақсаттарының ерекшеліктерін негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.
      Есептілік тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күні ұсынылады.
      Қарауында ЕКА кеден режимінде мәлімделген тауарлар бар тұлғалар заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органына есептілік ұсынбағаны және тауарлардың есебін жүргізуді сақтамағаны үшін жауаптылықта болады.

  5. Қорытынды ережелер

      12. Еркін кеден аймағы кеден режимінің талаптарын бұзғандық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық көзделеді.

Қазақстан Республикасының  
Қаржы министрлігі     
Кедендік бақылау комитеті 
төрағасының       
2003 жылғы 7 мамырдағы   
N 187 бұйрығымен     
бекітілген        

Тауарларды еркін кеден аймағы
кеден режимінде кедендік  
ресімдеудің ережесіне    
1-қосымша         

N 0/00000/0000000 оңайлатылған нысандағы декларация

------------------------------------------------------------------
1. Тауарларды    2. Тауарларды алушы    3. құрылыс учаскесінің
жөнелтуші                                N, объектінің атауы
                                            (объектінің
                                        бірдейлендірілген коды) 

4. Көлік құжаттарының атауы, нөмірлері  5. Көлік құралы туралы
                                           мәліметтер

6. Тауарлардың атауы  7. Саны (данасы,  8. Салмағы (кг)  9. Құны
                      орындары,
                      жиынтықтары және
                      т.б.)

10. Қосымша мәліметтер, әкетілгендігі туралы белгі

       Тауарды алушының өкілі _____________       Күні ___________
                            (қолы)
      М.О.

      Кеден органының қызметкері _______________________     ЖНМ

      Элемент 0/00000/0000000, мұнда
      0 - құрылыс учаскесінің нөмірі;
      00000 - оңайлатылған нысандағы декларацияның қабылданған күні, айы және ағымдық жылдың соңғы саны;
      0000000 - учаскенің бақылау-өткізу пунктінің нөмірі және кеден органы өспелі қорытындымен берген оңайлатылған нысандағы декларацияның реттік нөмірі (жыл аяқталғаннан кейін нөмірлену жаңарады)

                                      Қазақстан Республикасының  
                                          Қаржы министрлігі     
                                          Кедендік бақылау     
                                        комитеті төрағасының   
                                       2003 жылғы 7 мамырдағы   
                                          N 187 бұйрығымен      
                                             бекітілген         

                                    Тауарларды еркін кеден аймағы
                                      кеден режимінде кедендік  
                                        ресімдеудің ережесіне
                                             2-қосымша

           Оңайлатылған нысандағы декларацияларды
                       тіркеу журналы

Тіркеу!Тауарларды!Тауардың!Саны!Салмағы!Құны!Көлік құралының!Ес.
нөмірі!  алушы   ! атауы  !    ! (кг)  !    ! маркасы және  !керту
      !          !        !    !       !    !    нөмірі     !

   1  !     2    !    3   !  4 !   5   !  6 !       7       !  8

                                             3-қосымша         

         АЭА бақылау-өткізу пунктінде тауарлар
     мен көлік құралдарының есебін жүргізу кітабы

БӨП ашық   ! А/М    !Тауардың!Саны!Объекті. !АЭА учас.!Кеден
алаңына ор.!маркасы,!  атауы !    !нің атауы!кесіне   !құжатының N
наластыру  ! мем.   !        !    !         !кірген   !
күні (уа.  !нөмірі  !        !    !         !күні және!
қыты)      !        !        !    !         !уақыты   !

     1     !    2   !    3   ! 4  !    5    !    6    !    7

таблицаның жалғасы:
--------------------------
АЭА аумағынан !   Ескерту 
шыққан күні   !
және уақыты   !
--------------------------
      8       !     9
--------------------------

"Жекелеген кеден режимдерінің     
шеңберінде кедендік бақылау туралы" 
Қазақстан Республикасының      
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау
комитеті төрағасының        
2003 жылғы 7 мамырдағы       
N 187 бұйрығымен           
бекітілген              

  Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын
тауарларды кедендік бақылау мен кедендік
ресімдеудің ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі)  242 ,  243 -баптарына сәйкес әзірленді және еркін қойма кеден режимімен орналастырылған тауарларды кедендік ресімдеу мен бақылау, сондай-ақ еркін қоймалардағы тауарлардың есебін жүргізу тәртібін айқындайды. Қараңыз.K100296

      2. Кеден кодексінің 88-бабына сәйкес еркін қойма - бұл оған тауарлар мен көлік құралдарын еркін қойма кеден режиміне сәйкес орналастыруға әдейі арналған, бөлігі уақытша сақтау үшін пайдаланылатын қойма.
      Еркін қоймалар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лицензиясын алғаннан кейін құрылады.

      3. Еркін қойманың аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.

      4. Уақытша сақтау орны ретінде пайдаланылатын еркін қойма бөлігіндегі тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау жағдайларын қоспағанда, тауарлар еркін қоймаларда мерзімдері шектелместен болуы мүмкін.
      Тауарлар мен көлік құралдарын еркін қоймада уақытша сақтау мерзімі Кеден кодексінің 91-бабына сәйкес айқындалады. Қараңыз.K100296

      5. Еркін қойма кеден режимімен орналастырылған шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге тауарлардың қайта экспортының кеден режиміне сәйкес әкетіледі.
      Іс жүзінде әкетуді бақылау Кеден кодексінің  113-бабына сәйкес кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Тауарларды еркін қоймаға орналастыру кезінде
кедендік ресімдеу

      6. Еркін қойманың бөлігі уақытша сақтау орны деп танылған жағдайда, қойманың тиісті бөлігіне тауарлар кейін оларды еркін қойма кеден режимімен орналастыру үшін уақытша сақтау рәсіміне сәйкес уақытша сақтау мақсатында орналастырылуы мүмкін.
      Еркін қоймаға шетелдік тауарларды орналастыру жүк кедендік декларацияның негізінде жүзеге асырылады.

      7. Қазақстандық тауарларды еркін қоймаға орналастыру, сондай-ақ қазақстандық тауарларды еркін қоймадан Қазақстан Республикасының аумағына шығару кеден органына тауарға ілеспе құжаттарды ұсыну жолымен оңайлатылған нысан бойынша жүргізіледі. Кедендік ресімдеуді жүргізуші кеден органының лауазымды адамы тауарға ілеспе құжаттарда есеп жүргізу кітапшасы бойынша тіркеу нөмірін көрсетеді және оны қолымен және жеке нөмірлік мөрімен куәландырады. 

      8. Еркін қойма еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларға кедендік ресімдеу жүргізу орны болуы мүмкін.

      9. Тауарларды еркін қойма режимінде кедендік ресімдегеннен кейін еркін қойманың уақытша сақтау орны ретінде пайдаланылатын оңшаланған бөлігіндегі тауарлар еркін қойманың қалған бөлігіне ауыстыруға жатады.

      10. Уақытша сақтау орындарында (еркін қоймадан басқа) уақытша сақтаудағы тауарларды еркін қоймаға орналастыру мақсаттарында ауыстыру еркін қойма кеден режиміне сәйкес ресімделген жүк кедендік декларацияның негізінде жүргізіледі.

      11. Тауарларды еркін қоймадан әкету кезінде қойманың иесі кеден органын осы ниеті туралы алдын ала хабардар етуге міндетті.

  3. Еркін қойма арқылы айналымда болатын тауарлар
туралы есеп және есептілік

      12. Еркін қойма арқылы айналымда болатын тауарлар міндетті есепке алуға жатады. Кеден органдары еркін қоймаға орналастыратын және одан әкетілетін тауарлардың есебін кедендік есеп құжатының нысанында жүргізеді. Кедендік есеп құжаты ретінде жүк кедендік декларация пайдаланылады.

      13. Қазақстандық тауарлар есеп кітабына міндетті тіркеуге жатады. Кедендік есеп құжаты ретінде тауарға ілеспе, не өзге де құжаттар пайдаланылады.

      14. Еркін қоймалардың иелері есеп жүргізеді және кеден органдарына әкелінетін, сақталатын, қайта өңделетін, сатып алынатын, сататын және қоймадан әкетілетін тауарлар туралы кемінде үш айда бір рет есептілік ұсынады.

      15. Еркін қоймалардағы тауарларда болатын кез келген өзгерістер есеп құжаттарында көрініс табуы тиіс.

      16. Еркін қоймадағы тауарлардың есебін жүргізу нысанын кеден органдары қойма иесімен келісім бойынша айқындайды. Бұл ретте есеп жүйесіне:
      1) еркін қоймаға әкелінетін тауарлардың есебін жүргізу кітабы;
      2) еркін қоймадан әкетілетін тауарлардың есебін жүргізу кітабы;
      3) кедендік есеп құжаты енгізіледі.

      17. Есеп кітаптары шетелдік және қазақстандық тауарлар үшін есеп жүргізудің басқа жүйелерінің, оның ішінде автоматтандырылғанының пайдаланылғанына қарамастан, белгіленген нысанға сәйкес (1, 2-қосымшалар) жүргізіледі.

      18. Есеп жүргізу кітаптарына жазбалар мынадай тәртіппен енгізілуі тиіс:
      1) орналастырылған тауарлар туралы - тауарлардың еркін қоймаға орналастырылған сәтінде, бірақ тауарларды еркін қоймаға әкелген сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей;
      2) әкетілетін тауарлар туралы - тікелей тауарларды еркін қоймадан әкету кезінде.

      19. Мұндай құжаттарда: тауарлардың атауы мен бірдейлендіру белгілерінің, олардың мөлшерінің, тауарлар мен көлік құралдарын еркін қойманың шегінде ауыстыру туралы мәліметтердің, олармен еркін қоймада болатын кез келген өзгерістердің көрініс табуы шартымен, еркін қоймада сақталатын, дайындалатын және қайта өңделетін тауарлардың есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу үшін қолданылатын құжаттар пайдаланылады.

      20. Кеден органдары Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылатын кедендік бақылау нысандарын қолданады.

      21. Егер уақытша сақтау органында және еркін қоймада тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі пайдаланылса, онда оның иесі кеден органдарына мұндай жүйеге қол жетімдігін ұсынуға міндетті.

      22. Кеден кодексінің  477 -бабына сәйкес кеден органы уақытша сақтау орындарында және еркін қоймаларда сақталудағы тауарларға түгендеу жүргізуге құқылы.

      23. Еркін қойма арқылы айналымда болатын тауарлардың есеп құжаттары тауарлар шығарылған күннен бастап, есеп кітаптары үшін - тауарлар шығарылған күнінен бастап есеп кітабындағы соңғы жазба бойынша бес жыл сақталады. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген есеп құжаттары күнтізбелік жылдар бойынша жүргізіледі.

  4. Қорытынды ережелер

      24. Еркін қойма кеден режимінің талаптарын бұзғандық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық көзделеді.
                                     Қазақстан Республикасының
                                          Қаржы министрлігі
                                          Кедендік бақылау
                                        комитеті төрағасының
                                       2003 жылғы 7 мамырдағы
                                          N 187 бұйрығымен
                                             бекітілген 

                                    Еркін қойма кеден режимімен 
                                    орналастырылатын тауарларды 
                                   кедендік бақылау мен кедендік 
                                      ресімдеудің ережесіне
                                           1-қосымша

            Еркін қоймаға әкелінетін тауарлардың
                  есебін жүргізу кітабы

N !Таурлардың!Кедендік  !Тауарлар. !  Тауар-   !Тауардың!Орындар.
р/б!қоймаға   !есеп      !ды қоймаға! көліктік  ! атауы  !дың саны
   !орналас.  !құжатының,!орналасты.!құжаттардың!        !
   !тырылған  !тауарға   !рушы тұлға! нөмірлері !        !
   !күні      !ілеспе    !          !           !        !
   !          !құжаттың  !          !           !        !
   !          !нөмірі    !          !           !        !

--------------------------------------------
Жалпы салмағы !  Тауарды қоймаға ! Ескерту
     (кг)      !қабылдаған адамның!
               !       қолы       !

           Еркін қоймадан әкетілетін тауарлардың

N !Тауардың  !Кедендік  !Тауардың!Орындардың!Жалпы  !Тауарды! Ес.
р/б!қоймадан  !есеп      ! атауы  !   саны   !салмағы!берген !керту
   !іс жүзінде!құжатының,!        !          ! (кг)  !адамның!
   !әкетілген !тауарға   !        !          !       !қолы   !
   !күні      !ілеспе    !        !          !       !       !
   !          !құжаттың  !        !          !       !       !
   !          !нөмірі    !        !          !       !       !

шеңберіндегі кедендік бақылау 
туралы" Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі       
Кедендік бақылау комитеті   
төрағасының            
2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 
бұйрығымен бекітілген    

  Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден
аумағында/тыс қайта өңдеу кеден режимдері
аяқталған кезде қайта
өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тыс қайта өңдеу кеден режимдері аяқталған кезде қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі)  163 ,  187 -баптарына сәйкес әзірленді және тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимін аяқтаудың, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеу кеден режимін қайта өңдеу өнімдерін әкету кезінде аяқтаудың тәртібін айқындайды.
      Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимі не қайта өңдеу өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағына белгіленген мерзімдерінен кешіктірілмей қайтарылуымен, не қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларды тауарлардың экспорты кеден режиміне орналастырумен аяқталуы тиіс.
      Қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеу аяқталғаннан күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілуі немесе өзге кеден режимімен орналастырылуы тиіс.

  2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден
аумағында/тыс қайта өңдеу кеден режимін
аяқтау шарттары

      2. Қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының кеден аумағына/аумағынан қайтару/әкету мынадай шарттар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысында көрсетілген қайта өңдеу үшін әкетілген/әкелінген шикізаттың толық пайдаланылуы;
      2) Қазақстан Республикасының кеден аумағына/аумағынан қайта өңдеу өнімдерін бір немесе бірнеше партиямен шығару нормаларына сәйкес қайта өңдеу процесінде алынған қайта өңдеу өнімдерінің іс жүзінде әкелінуі/әкетілуі;
      3) белгіленген тәртіпке сәйкес әкелінген/әкетілген қайта өңдеу өнімдеріне жүк кедендік декларацияның ресімделуі.

      3. Егер әкелінген/әкетілген қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу әр түрлі кеден органдарында жүзеге асырылған жағдайда, онда қайта өңдеу өнімдерін әкелуді/әкетуді ресімдеген кеден органы бақылаушы кеден органының - онда кеден аумағында/тыс жүк кедендік декларацияның көшірмелері қоса беріле отырып кедендік ресімдеудің жүргізілуі бойынша қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды тіркелген кеден органын хабардар етуге міндетті.

  3. Қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу

      4. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимі тауарлардың экспорты кеден режиміне ауыстырылған кездегі кедендік ресімдеу қайта өңдеуге ұшырамаған қайта өңдеу өнімдерін не тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелместен жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимін аяқтаудың мұндай тәртібі аталған кеден режиміне орналастырылған тауарлардың толық көлеміне де, тауарлардың әрбір жекелеген партияларына да қолданылуы мүмкін.
      Қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетуге тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеу кеден режимімен орналастырылған тауарлардың барлық партиялары үшін де, оның жекелеген бөлігі үшін де рұқсат етіледі.

      5. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимін тауарлардың экспорты кеден режиміне ауыстыру үшін негіздеме:
      1) ол бойынша тауарларды қайта өңдеуге әкету кезінде кедендік ресімдеу жүзеге асырылатын қайта өңдеу туралы келісім-шарт (шарт);
      2) қайта өңдеу өнімдеріне, не қайта өңдеуге ұшырамаған тауарларға меншік құқығы тіркелген және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде әрекет ететін шетелдік тұлғаға беруді көздейтін шарт;
      3) Қайта өңдеушінің қайта өңдеу өнімдерін мөлшері туралы (оның ішінде қайта өңдеуге ұшырамаған тауарлардың мөлшері туралы) экспорт кеден режимі мәлімделген күні берілген құжаттар болып табылады.

      6. Қайта өңдеуге әкетілген және қайта өңдеуге ұшырамаған қазақстандық тауарларды, не тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимі тауарлардың экспорты кеден режиміне өзгертілген жағдайда қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс қайта өңдеу үшін кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органында жүргізіледі.

      7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген жағдайда мәлімдеуші электронды көшірмені толтырмастан уақытша жүк кедендік декларацияны (бұдан әрі - УЖКД) беруге міндетті.
      УЖКД мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүк кедендік декларацияны (бұдан әрі - ЖКД) толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылады:
      1) 1-бағанның үшінші "Декларацияның түрі" бөлімінде "УД" әріптік индекс көрсетіледі;
      2) көліктік құжаттардың нөмірлері мен күндері көрсетілместен тауарлардың мәлімделген саны көрсетіледі;
      3) қайта өңдеу тауарларының/өнімдерінің мөлшері мен сапасына тәуелді және ЖКД-да мәлімделуге жататын басқа да мәліметтер қолда бар мәліметтердің негізінде көрсетіледі.

      8. Кедендік ресімдеу жүргізу үшін кеден органына Кеден кодексінің  383 384 -баптарында көзделген тауарлардың экспорты кеден режиміне мәлімдеу үшін қажет құжаттар ұсынылады. Қараңыз.K100296

      9. УЖКД-ны қабылдау және тіркеу ЖКД-ны қабылдау және тіркеу үшін белгіленетін тәртіппен жүргізіледі.

      10. Тауарларды/қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу елінде кедендік ресімдеуге байланысты кеден рәсімдері орындалғаннан кейін 30 күннен кешіктірілмей мәлімдеуші УЖКД-да мәлімделген тауарға кедендік ресімдеу жүргізетін кеден органына УЖКД-ның ажырамас бөлігі болып табылатын толық ЖКД, сондай-ақ қайта өңдеу елінде кеден режимінің өзгергендігін растайтын құжаттарды ұсынады.
      Кеден органының лауазымды адамы ЖКД-ның 7-бағанына УЖКД-ның анықтамалық нөміріне сәйкес келетін тіркеу нөмірін қояды.

      11. Тауарларды қайта өңдеу елінде кеден режимінің өзгергендігін растайтын құжаттар:
      1) мәлімделген кеден режиміне сәйкес қайта өңдеу елінің кеден органдары ресімдеген ЖКД-ның көшірмесі;
      2) егер тауарларды/қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу елінен басқа елге әкету көзделген жағдайда, көліктік құжаттардың көшірмелері болып табылады.

      12. Егер қайта өңдеуге арналған тауарларға қатысты қайта өңдеу елінде кеден режимі өзгермеген жағдайда, көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

      13. Тарифтік емес және тарифтік реттеу шараларын және декларациялау УЖКД беру жолымен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты шектеулерді қолдану шетелдік валютаны УЖКД тіркелген күні белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша Қазақстан Республикасының валютасына қайта есептеуді қоса алғанда, кеден органы УЖКД-ны тіркеген күні қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      Кеден төлемдері УЖКД тіркелгенге дейін немесе тіркелген күні төленеді. Кеден баждарын төлеу экспорт кеден режимі үшін көзделген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

      14. Бұрын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режиміне сәйкес қайта әкетілген тауарлардың экспорты жағдайында валюталық заңнама саласындағы талаптар қайта өңдеу өнімдеріне, не қайта өңдеуге ұшырамаған тауарларға меншік құқығын ауыстыруды көздейтін шарттың ережелері ескеріле отырып орындалады.

  4. Қорытынды ережелер

      15. Қайта өңдеу өнімдерін, сондай-ақ қайта өңдеуге ұшырамаған тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлеріне іс жүзінде әкету Кеден кодексінің  114 -бабының ережелері ескеріле отырып тауарларды кедендік бақылаумен жеткізуге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Тұлға тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тыс қайта өңдеу кеден режимін аяқтаған жағдайда, Кеден кодексінде белгіленген мерзімдерде кеден органына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша толық есеп ұсынылады.

      17. Осы бұйрықта белгіленген талаптарды бұзғандық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық көзделеді.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы