Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2318. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кеден  кодексiне сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесі;
      2) Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру ережесi;
      3) Кеден төлемдер мен салықтарының төленуiнiң қамтамасыз етiлгендiгiн растайтын құжатты толтырудың және ұсынудың ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.02.22 N 74 бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қонлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасының 
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының       
2003 жылғы 12 мамырдағы  
   N 197 бұйрығымен     
бекiтiлген        

Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесі

      Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.02.22 N 74 бұйрығымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кодекс) 747677, 86,  90217257276 және 476-баптарына сәйкес әзiрлендi және тауарлардың кедендiк бақылаумен орналастыру кезiндегi жеткiзiлуiн бақылау тәртiбiн айқындайды.

      2. Тауарлар iшкi кеден транзитi рәсiмi бойынша (бұдан әрi - IКТ рәсiмi) кедендiк жөнелту органының баратын кеден органына дейiн тасымалдаушының жауаптылығымен, көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалданады.

      3. Баратын кеден органы алынған құжаттарды тексередi және тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзiмдерде келiп түспеген жағдайда, жедел байланыс арналары бойынша жөнелтушi кеден органын хабардар етедi, жеткiзiлмеген тауарлардың кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етуге арналған тиiстi iс-шаралар жүргiзедi.

2. Жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу және қалыптастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.02.22 N 74 бұйрығымен.

      4. Жеткiзiлуiн бақылау құжаты (бұдан әрi - ЖБҚ) кедендiк декларация-1, кедендiк декларация-2 нысанындағы (2-қосымша) жүк кедендiк декларациясының бланкасында төрт данада бiр мезгiлде электрондық көшiрмесi жасала отырып, Кодекстiң 76-бабына және осы Ереженiң талаптарына сәйкес толтырылады.

      5. ЖБҚ тiркеудi жөнелтушi кеден органы 2-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша жеткiзудi бақылау құжаттарын тiркеу журналында жүргiзедi.

      6. Тауарларды АКТ рәсiмi бойынша тасымалдау кезiнде ЖБҚ барлық
даналарына және тауарға iлеспе құжаттардың (жүктiк жөнелтпе құжат, шот-фактура, инвойстар, коносаменттер және т.б.) барлық даналарына 1-суретте (3-қосымша) көрсетiлген мөртаңба қойылады. Мөртаңба тасымалдауды iшкi кедендiк транзит рәсiмi бойынша ресiмдеудi жүргiзушi кеден органы лауазымды адамының жеке нөмiрлiк мөрiмен және қолымен расталады.

      7. ЖБҚ-ның екiншi және үшiншi даналары тауармен бiрге баратын кеден органына ұсыну үшiн тасымалдаушыға тапсырылады, бiрiншi дана - жөнелтушi кеден органының бақылауында (бақылау парағы) қалады, төртiншi дана тауар-көлiк құжаттарының (шот-фактура, көлiктiк жөнелтпе құжат және басқа) көшiрмелерiмен бiрге - жедел байланыс түрлерiмен баратын кеден органына жөнелтiледi.
      ЖБҚ-ның бiрiншi данасы тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерiмен бiрге жөнелтушi кеден органында жеке папкада сақталады.

      8. Тауарлардың жеткізілуін бақылаудың мынадай бағандары толтырылады: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 25, 29, 31, 32, 33, 35, 38, 40, 42 және 44, 46-бағандарының 2, 7-тармақтары (компьютердің басылым құрылғысында немесе басу машинкасында бас әріптермен), 50, 53, 54, А, С, Д.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 20 мамырдағы N 195 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін   5-тармақтан қараңыз) .

      9. ЖБҚ бағандарын декларант не тасымалдаушы, экспедитор, ал көрсетілген адамдар болмаған жағдайда - кеден органының лауазымды адамы толтырады.
      "Декларацияның түрі" 1-бағаны:
      бірінші қосымша бөлікте тауарлар мен көлік құралдарын өткізу бағыты қойылады:
      ИМ - Қазақстан Республикасының аумағына жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін әкелу кезінде;
      ТР - "тауарлар транзиті" кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде;
      ВТ - бұрын өзге де кедендік рәсімдерге (уақытша сақтау орындары, кеден қоймасы және тағы басқалар) орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу кезінде;
      ТТ - тауарлар мен көлік құралдарын шетел мемлекетінің аумағы арқылы бір кеден органынан басқа кеден органына өткізу кезінде;
      екінші қосымша бөліктері толтырылмайды, ал үшінші қосымша бөлікте ЖБҚ көрсетіледі.
      "Жөнелтушi" 2-бағанында - жөнелтушiнiң атауы мен толық заңды мекен-жайы көрсетiледi.
      "Қосымша парақтар" 3-бағаны - егер қосымша парақтар пайдаланылса толтырылады. Бағанның бiрiншi қосымша бөлiгiнде парақтың реттiк нөмiрi, екiншiсiнде - қосымшаларды қоса алғанда ұсынылған ЖБҚ парақтарының жалпы саны көрсетiледi.
      "Түсiру ерекшелiгi" 4-бағаны - тауарлардың тiзiмдемесi пайдаланылған жағдайда толтырылады. Қоса берiлген парақтардың жалпы саны көрсетiледi.
      "Барлық тауарлардың атауы" 5-бағанына - ЖБҚ негiзгi және қосымша парақтарының 31-бағанында көрсетiлген декларацияланатын топтағы тауарлар атауларының жалпы саны қойылады.
      "Орындардың саны" 6-бағанында - тауарлардың декларацияланатын тобындағы орындардың жалпы саны көрсетiледi. Кеден шекарасы арқылы сусыма, құйылма, сондай-ақ төгiлмелi жүктер өткiзiлген жағдайда, бағанда - "0" көрсетiледi. Контейнерлерде, жәшiктерде немесе табандарда тасымалданатын тауарлар үшiн тиiсiнше контейнерлердiң, жәшiктердiң, табандардың саны көрсетiледi.
      "Анықтамалық нөмiр" 7-бағанында - ЖБҚ-ның кедендiк ресiмдеуге қабылданған күнi мен тiркеу нөмiрi мынадай сызба бойынша көрсетiледi: 11111/22334/55555, мұнда 1 сандары кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органының Қазақстан Республикасы кеден органдарының жiктеушiсiне сәйкес бес мәндi сандық коды, 2 және 3 сандары ЖБҚ-ның кедендiк ресiмдеуге қабылданған күнi мен айы, 4 саны - ағымдық жылдың соңғы саны, 5 сандары - тиiстi кеден органы ресiмдеген ЖБҚ-ның реттiк нөмiрi (ағымдық жылдағы өспелi қорытындымен, жыл аяқталғаннан кейiн нөмiрлену жаңартылады). ЖБҚ-ның реттiк нөмiрi тауарлардың әкетiлетiндiгiне немесе әкелiнетiндiгiне қарамастан, қайталанбауы тиiс. Қосымша парақтар қолданылған жағдайда "A" бағанының төменгi бөлiгiнде 33-бағанының үстiнде ЖБҚ негiзгi парағының тiркеу нөмiрi көрсетiледi. Баған толтырылғаннан кейiн, деректер ЖБҚ-ны ресiмдеушi инспектордың жеке нөмiрлiк мөрiмен расталады.
      "Алушы" 8-бағанында - алушының толық заңды мекен-жайы көрсетiледi. Тауар темiржол көлiгiмен тасымалданған жағдайда қосымша темiржол жүк құжатында белгiленген баратын кеден органының қызмет аймағындағы темiр жол станциясының коды көрсетiледi.
      9-бағанда - кедендiк алып жүру кезiндегi акт пен шешiмнiң нөмiрi көрсетiледi.
      "Жөнелтушi ел" 15-бағанында - жөнелтушi ел көрсетiледi.
      "Шығарылған ел" 16-бағанында - тауарды шығарған ел көрсетiледi.
      "Баратын елi" 17-бағанында - баратын елi көрсетiледi.
      "Жөнелту кезiндегi көлiк құралы" 18-бағанында - бағанның сол жақ қосымша бөлiгiнде көлiк құралдарының саны қойылады, ашық алаңнан кейiн Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнен тауарларды тасымалдауды жүргiзетiн көлiк құралы туралы мәлiметтер көрсетiледi. Бағанның оң жақ қосымша бөлiгiнде Әлем елдерi жiктеушiсiне сәйкес көлiк құралы тиесiлi болатын елдiң сандық коды көрсетiледi.
      "Шекарадағы көлiк құралы" 21-бағанында - бағанның оң жақ қосымша бөлiгiнде көлiк құралдарының саны қойылады, ашық жерден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге тауарларды әкететiн көлiк құралы туралы мәлiметтер көрсетiледi. Бағанның оң жақ қосымша бөлiгiнде көлiк құралы тиесiлi болатын елдiң сандық коды көрсетiледi. 
      "Валюта және тауарлардың жалпы фактуралық құны" 22-бағанында - сол жақ қосымша бөлiкте валютаның сандық коды және тауарлардың шот-фактураға және басқа да тауарға iлеспе құжаттарға сәйкес жалпы фактуралық құны көрсетіледі.
      "Валюта бағамы" 23-бағанында - валютаны ЖБҚ-ны ресiмдеуге қабылдау күнiндегi бағамы көрсетiледi.
      "Көлiк түрiнiң коды" 25-бағанында - көлiк түрiнiң коды көрсетiледi.
      Шекарадағы кеден" деген 29-бағанда - жөнелтуші кеден органы көрсетіледі.
      "Жүк орындары мен тауардың сипаттамасы", "Контейнерлердiң маркiленуi және саны, нөмiрi - тауардың сипаттамасы" 31-бағанында - моделдерiнiң нөмiрлерiн, түрлерiн, мөлшерлерiн, параметрлерiн және т.б. қоса алғанда тауардың атауы және олардың техникалық сипаттамалары көрсетiледi, декларацияланатын тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы номенклатурасы бойынша (бұдан әрi - СЭҚ ТН) келтiрiлген тауарлар позициясының жалпы атауымен көрсетуге рұқсат етiлмейдi. Контейнерлерде тасымалданатын тауарлар үшiн, жоғарғы оң жақ бөлiгiнде контейнерлердiң саны және ашық жерден кейiн нөмiрi көрсетiледi.
      "N тауары" 32-бағанында - 31-бағанда декларацияланатын тауардың реттiк нөмiрi көрсетiледi.
      33-баған "Тауардың коды" - тауарлардың ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша жіктемесіне сәйкес тауар коды көрсетіледі. Кодтың құрылымы ашық жерсіз және өзге де бөлгіш таңбаларсыз жазылады. Тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша дәл кодын айқындау мүмкін болмайтын жағдайда тауар позициясы (тауардың сандық кодтың төртінші белгісі деңгейіндегі коды) көрсетіледі;
      "Қосымша салмақ (кг)" 35-бағанында - тауардың ораммен қоса жалпы салмағы килограммен көрсетiледi. Жалпы салмағы бір килограмнан асатын тауарларға қатысты салмақ дөңгелектеу ережесi бойынша бүтiн шамаға дейiн дөңгелектенедi.
      "Таза салмақ (кг)" - 38-бағанында - тауардың орамсыз салмағы көрсетiледi.
      "Алдыңғы құжат" 40-бағанында - шектес мемлекеттердiң тауарлар жеткiзiлуін бақылау құжатының нөмiрi көрсетіледi.
      "Фактуралық құн" 42-бағанында - тауарлардың шот-фактураға немесе басқа да тауарға iлеспе құжаттарға сәйкес фактуралық құны көрсетiледi.
      "Қосымша ақпарат/ұсынылатын құжаттар" 44-бағанында - әрбiр деректемелердi жаңа жолдан бастай отырып және әрқайсысының алдына олардың реттік нөмiрi көрсетiле отырып:
      2 - көлiк құжатының нөмiрi,
      7A - шот-фактураның нөмірi мен күнi,
      7В - кепiлдi мiндеттеменiң нөмiрі,
      7C - төлемнің қамтамасыз етiлгендiгін растайтын құжаттың нөмiрi мен күні,
      7D - кеден тасымалдаушысы лицензиясының нөмiрi көрсетiледi.
      "Статистикалық құн" 46-бағанында - тауардың ЖБҚ қабылданған күнгi бағам бойынша АҚШ долларындағы фактуралық құны көрсетiледi.
      Сенімгер" 50-бағанында - тауарларды IКТ рәсіміне сәйкес тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы туралы мәліметтер (тасымалдаушының атауы, мекен-жайы, оның баратын кеден органына дейін тауарды жеткізетіндігі туралы міндеттемесі, тасымалдаушы өкілінің аты-жөні және қолы); баратын кеден органына дейін жеткізу мерзімі көрсетіледі.
      Тауарлар мен көлік құралдарын Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған жөнелтуші кеден органынан Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған межелі кеден органына дейін өткізу жағдайында бағанда тасымалдаушының межелі кеден органына дейін электронды пломбаны (номерін көрсетіп) өзгеріссіз жайда жеткізу және беру туралы міндеттемесі көрсетіледі.
      Бағанды өз қолымен тасымалдаушының өкілі толтырады.
      "Кеден және баратын eл" 53-бағанында - баратын кеден органының атауы мен коды көрсетiледi.
      "Орны және күнi" 54-бағанында ЖБҚ толтырылған орын және күн: ресiмделген жерi, ұйымның атауы көрсетiледi.
      А бағанында жеткiзiлу орнының мекен-жайы көрсетiледi.
      С және Д бағандарында ocы Тәртiпке 3-қосымшаның 1 және 2-суреттеріне сәйкес көрсетiлген мөртаңбалар қойылады және жеке нөмiрлiк мөрмен расталады.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 537 бұйрығымен, 2005 жылғы 20 мамырдағы N 195    бұйрығымен(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 386 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтанқараңыз) .

  3. Тауарлар транзитi не кеден режимін қолданудың
ерекшелiктерi

      10. Тауарлар мен көлiк құралдарын шетелдiк мемлекеттiң аумағы арқылы транзитпен өткізу кезiнде жөнелтуші кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етедi, ал баратын кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын оларды IKТ рәсiмiне сәйкес өткiзу кезiнде бiрдейлендіру құралдарының сақталуын тексередi.

  4. Баратын кеден органына жеткізілетін тауарлар туралы
кепілдік мiндеттемелердi тiркеудiң тәртiбi

      11. Кепілдi мiндеттемелердi тiркеу үшін алушы баратын кеден органына өтінішпен жүгінуі тиіс.

      12. Кепiлдi мiндеттердi тiркеу мынадай жағдайлардың сақталуы шартымен жүргiзiледi:
      сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп кәртiшкесiнiң болуы;
      жеке уақытша сақтау қоймасының (бұдан әрi- УСҚ) немесе уақытша сақтау орнының (бұдан әрi - УСО), не УСҚ-ның бірiнде уақытша сақтау жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған шарттың болуы;
      соңғы жыл iшiнде Қазақстан Республикасы кеден заңнамасы бойынша бұзушылықтардың болмауы.

      13. Өтiнішке мынадай құжаттар қоса берiледi: 
      кепiлдi мiндеттеменің толтырылған екi бланксi;
      сыртқы экономикалық қызметке қатысушының қызмет аясында сыртқы экономикалық қызметке қатысушы орналасқан кеден органында тiркелген кәртішкесi;
      сыртқы сауда шарттарының (келiсiм-шарттарының) (қолда бар) көшiрмелерi;
      қойма иелерiнiң жасасқан шарттардың көшірмесi (болған жағдайда).

      14. Алушының өтінішін қарау мерзiмi оны алған сәттен бастап екi жұмыс күннен аспауы тиiс. Құжаттар мен мәлiметтердi қосымша тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда өтініштi қарау мерзiмi кеден органы басшылығының шешiмi бойынша ұзартылуы, бiрақ бес күннен артық емес уақытқа ұзартылуы мүмкін.

      15. Кеден органының қызметкерi жүгiнген алушыны есепке қояды. Қоса берiлiп отырған нысап бойынша (4-қосымша) жүргiзiлетiн Алушылардың есебiн жүргiзу журналында (бұдан әрi - есебiн жүргiзу журналы) тiркеу жүргiзiледi. Әрбiр алушыға есебiн жүргізу журналы бойынша нөмiр берiледi. 
      Қажет болған жағдайда, осы алушы туралы қажеттi деректердi қамтитын барлық құжаттарды сақтауға арналған есеп жүргiзудiң жеке папкасы жүргізiледi.

      16. Баратын кеден органы, кепілдi мiндеттеменi тiркеуден мынадай жағдайда бас тартады:
      егер алушы осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаса;
      егер алушы алдыңғы кепiлдi мiндеттеменi орындамаса (осы Ереженiң 21-тармағында көрсетiлген жағдайлардан басқа);
      егер алушының құжаттарды тексеру сәтiнде кеден төлемдерi мен салықтары бойынша қарызы болса;
      егер алушыға немесе тасымалдаушыға қатысты жыл iшiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалса.

      17. Кепiлдiк мiндеттеме белгiленген нысан бойынша (6-қосымша) жеке журналда тiркеледi.

      18. Кепілдiк мiндеттемеге (6-қосымша) мынадай:
      7777/000/11223/9999, мұнда:
      7777 - алушының есебiн жүргiзу журналы бойынша нөмiрi, 000 - баратын кеден органының кеден органдарының жiктеушiсiне сәйкес сандық кодын бiрiншi үш белгiсi, 11 және 22 - тiркеудiң тиiстi күнi мен айы, 3 - ағындық жылдың соңғы саны, 9999 - кепiлдi  мiндеттеменiң тiркеу журналы бойынша реттiк нөмiрi болатын сызба бойынша жасалатын тiркеу нөмiрi берiледi.

      19. Кепiлдi мiндетте бiр ай iшiнде екi мың километр есебiндегi мерзiмге берiледi.
      20. Кеден органының қызметкерлерi кеден органдарының алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған алушылардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

      21. Орындамаған кепiлдi мiндеттемелердi қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн алушы аталған кепiлдi мiндеттеменi тiркеген кеден органының тауардың жеткiзiлуiн бақылау бөлiмiне тапсыруы тиiс.

      22. Тапсырылған, пайдаланылмаған кепiлдi мiндеттеме құжаттың беткi жағына және тiркеу журналының тиiстi бағанына "ҚАЙТАРЫЛДЫ" жазбасын қою жолымен жабылады. Жазбаны ТЖББ лауазымды адамы жүргiзедi және осы адамның қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен расталады.

      23. Пайдаланылған кепiлдi мiндеттемелер мұндай мiндеттемелердiң бiрiншi (бақылау) даналарымен бiрге сақталады.

      24. Алушының дәлелді өтініші бойынша кепілдік берілген міндеттемені тіркеген кеден органы жөнелтуші кеден органына кейіннен түпнұсқаны пошта арқылы жібере отырып байланыс құралдары бойынша кепілдік берілген міндеттемені жібереді.
       Ескерту: 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 386 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін    4-тармақтанқараңыз) .

      25. Тауарларды алушының кепiлдi мiндеттемесiнiң ұсынылған жағдайда, жөнелтyшi кеден органында кепiлдiк мiндеттеме алынады және ЖБҚ бақылау данасына тiгiледi. Кепiлдiк мiндеттеме Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзуде бiр жолға берiледi.
       Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 386 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

  5. Қысқаша декларацияларды толтырудың тәртiбi

      26. Қысқаша декларацияны тауарларға қатысты уәкiлеттiгi бар тасымалдаушы не тұлға, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органына әкелгеннен кейiн келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей белгiленген нысан бойынша (7-қосымша) үш данада бередi.
      Бұл орайда, қысқаша декларацияның даналары мынадай тәртiппен бөлiнедi: 
      1-шi дана - бақылау үшiн кеден органының iс қағаздарында қалады;
      2-шi дана - тасымалдаушыға берiледi;
      3-шi дана - УСҚ (кеден қоймасы, еркiн қойма) иесiне берiледi.
      Қысқаша декларацияны берудің мерзiмiн бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкiмшiлік құқық бұзушылық туралы  кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      27. Кеден органдары қысқаша декларацияны белгiленген нысан бойынша (8-қосымша) қысқаша декларациялардың есебін жүргiзу журналында, бiрмезгiлде деректер базасының электронды көшiрмесiн жасай отырып тiркейдi. Қысқаша декларацияның есепке алу журналындағы реттiк нөмiрi оның тiркеу нөмiрi болып табылады.

      28. Қысқаша декларацияға тiркеу нөмiрi мынадай сызба бойынша қалыптастырылады, берiледі:
      11111/22334/555555, мұнда
      11111 - қысқаша декларацияны тiркеген кеден органының коды,
      22 және 33 - тиiсiнше тiркелген күнi мен айы,
      4 - ағымдағы жылдың соңғы саны,
      555555 - тiркеу журналы бойынша қысқаша декларацияның реттік нөмiрi.

      29. Кеден органы тiркеуге ұсынған қысқаша декларацияда уақытша сақтау қоймасында немесе уақытша сақтау орындарында тiркеу нөмiрi жазылуы тиiс, мынадай түрде қалыптастырылған:
      111111/22334/555555, мұнда
      111111 - лицензияның соңғы алты саны (рұқсаты),
      22 және 33 - тиiсінше тiркелген күнi мен айы,
      4 - ағымдағы жылдың соңғы саны,
      555555 - жеткiзілген тауарларды тиiстi журнал бойынша реттiк тiркеу нөмiрi.

      30. Қысқаша декларация 17-бағаннан тұрады және мынадай мәлiметтерді қамтуы тиiс:
      1-баған. "Тауарларды жөнелтушi, жөнелтушi ел":
      жөнелтушi ел көрсетiле отырып жөнелтушiнiң атауы, заңды мекен-жайы;
      2-баған. "Тауарларды алушы, баратын ел":
      баратын ел көрсетiле отырып алушының атауы, заңды мекен-жайы;
      3-баған. "Тасымалдаушы":
      тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаның атауы және заңды мекен-жайы.
      Егер, тасымалдаушы:
      Жеке тұлға болып табылса - тұлғаның Т.А Ә, төлқұжаттық деректерi және оның тұратын жерi;
      темiржол болып табылса - "темiржол" жазбасы жазылады;
      авиакомпания болып табылса - "авиа" жазбасы жазылады және рейстiң нөмiрi мен әуе кемесінiң Қазақстан әуежайына келу күнi көрсетiледі;
      теңiз немесе өзен кемесi болып табылса - "теңiз (өзен) кемесi" деген жазба жазылады және рейстің нөмірі мен күнi көрсетiледi;
      4-баған. "Көлiк құралы туралы мәліметтер":
      көлiктiң түрi, көлiк құралының атауы және нөмiрi;
      5-баған. "Көлiктiк құжаттардың атауы, нөмiрлерi":
      құжаттардың атауы, көлiк құралының нөмiрi болған жағдайда - оның нөмiрi;
      6-баған. "Тауардың атауы/ТМД СЭҚ ТН бойынша коды":
      тауардың атауы, көлiктiк құжаттарда тауардың ТМД СЭҚ ТН бойынша коды болмаған жағдайда, оны көрсету мiндеттi емес. Тауарлардың үштен астам атаулары ұсынылған жағдайда, декларацияның сыртқы жағына баған ("6-бағанға толықтыру") нөмiрiне белгi соғу арқылы, ресiмделген күнi көрсетiле отырып, қысқаша декларацияны қабылдауды және тiркеудi жүргiзген кеден органының лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен расталған аталған баған бойынша мәлiметтердi көрсетуге рұқсат етiледi.
      7-баған. "Орындардың саны":
      көлiк құралдарында көрсетiлген орындардың саны;
      8-баған. "Салмағы (кг)":
      уақытша сақтауға орналастырылған тауарлардың тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлген салмағы, килограмдағы;
      9-баған. "Пломбалар мен өзге де бiрдейлендiру құралдарының саны және нөмiрлерi".
      көлiк құралында бар пломбалардың немесе өзге де бiрдейлендiру құралдарының саны, нөмiрi;
      10-баған. "Фактуралық құны": тауарға iлеспе құжаттардағы құны, көрсеткiштерi; 
      11-баған. "Валютаның коды": тауарға iлеспе құжаттардағы көрсетiлген төлем валютасының коды;
      12-баған. "Алдыңғы құжат": жеткiзiлуiн бақылау құжатының анықтама нөмiрi;
      13-баған. "Қосымша мәлiметтер":
      егер уақытша сақтаудың жекелеген орындарына орналастыруға шек қойылған тауарлар ұсынылған жағдайда толтырылады;
      14-баған. "Уақытша сақтау орны":
      таңдап алынған уақытша сақтау орнының атауы және орналасқан жерi, тауардың сақтауға iс-жүзiнде орналастырғандығы туралы қойма белгiсiмен бiрге орын иесi туралы мәлiметтер;
      15-баған. "Уақытша сақтау мерзiмi":
      Қазақстан Республикасының Кеден  кодексiне сәйкес айқындалатын уақытша сақтау мерзiмi;
      16-баған. "Кеден органының атауы":
      тауарлар мен көлiк құралдары ұсынылатын Қазақстан Республикасы кеден органының толық атауы;
      17-баған. "Кеден органының шешiмi":
      кеден органының уақытша сақтау орны туралы шешiмi.

      31. 1-14-бағандарының тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдаушының өкiлi, ал арнайы уәкiлеттi тұлға болмаған жағдайда - көлiк құралын басқарушы адам толтырады.

      32. 15-17-бағандарын тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеу жүргізетiн кеден органының лауазымды адамы толтырады.

      33. Қысқаша декларация ресiмделген күнi көрсетiле отырып, тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеу жүргiзушi кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен расталады.

  6. Iшкi кедендiк транзит рәсiмдерiнiң аяқталуы

      34. IКТ рәсiмi бойынша тасымалданатын тауар келiп түскеннен кейiн тасымалдаушы бұл туралы баратын кеден органын тауарлар мен олардың құжаттарын ұсыну жолымен хабардар етедi. Баратын кеден органы тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау жөнiндегi бөлiмiнiң лауазымды адамы тауарлардың жеткiзiлуiнiң аяқталғандығын ресiмдеу кезiнде кеден органының осы лауазымды адамының жеке нөмiрлiк мөрiмен және қолымен расталатын ЖБҚ-ның екiншi және үшiншi даналарында және көлiк құжаттарында қысқаша декларацияның, не жүк кедендiк декларацияның нөмiрiн көрсете отырып 2-суретте (3-қосымша) көрсетiлген мөртаңбаны қояды, 9-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша түскен тауарларды журналда тiркейдi, одан кейiн жедел байланыс арналары бойынша жөнелтушi кеден органына ол ЖБҚ-ның бақылау данасымен бiрге жеке мұрағаттық папкада сақталатын жөнелтушi кеден органына жүктiң келiп түскендiгi туралы белгi соғу арқылы ЖБҚ-ның қағаз тасығыштары жөнелтiле отырып тауарды ІКТ рәсiмi бойынша тасымалдаудың аяқталғандығы туралы ақпарат берiледi.
 
      35. Ішкі кедендік транзит рәсіміне сәйкес өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары келгенін тіркеген сәттен бастап жеткізілген деп есептеледі.
       Ескерту: 35-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 386 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін    4-тармақтанқараңыз) .

  7. Бос шетелдiк автокөлiк құралдарын әкелу
куәлiгiн толтырудың тәртiбi

      36. Бос автокөлiк құралдарын уақытша әкелу кезiнде белгiленген нысан бойынша (11-қосымша) кеден органы бос шетелдiк автокөлiк құралдарына әкелу куәлiгiн ресiмдеудi жүргiзедi.

      37. Әкелу куәлiгi қатаң есептiлiк бланксi болып табылады және оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына автокөлiк құралын әкелу орнында орналасқан жөнелту кеден органы екi данада (бiрiншiсi - көлiк құралының иесiне, не оның өкiлiне берiледi, екiншiсi - кеден органында қалады) ресiмделедi. Әкелу куәлiгi кеден органының елтаңбалық мөрiмен, сондай-ақ осы кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен расталуы тиiс.

      38. Кеден органы бос көлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағына келу мерзiмiн көлiк құралының мүмкiндiктерiн, белгiленген бағытты негiзге ала отырып белгiлейдi, бiрақ бiр айдың iшiнде екi мың километр есебiмен белгiленетiн шектi мерзiмнен аспайтын етiп белгiлейдi. 

      39. Шетелдiк бос автокөлiк құралының әкелу куәлiгiн тiркеу белгiленген нысан бойынша журналға (12-қосымша) тiркеу арқылы жүргiзiледi. 

  8. Бiрдейлендiру құралдарын қолданудың және
дайындаудың тәртiбi

      40. Көлiк құралдарының жүк бөлiмшелерiне пломбалар мен мөрлер салу жолымен тауарларды бiрдейлендiру Кодекстiң  476-бабына сәйкес жүргiзiледi.

      41. Ауыр салмақты және өте ауқымды жүктердi, сондай-ақ жануарларды және тасымалдауды жүргiзу кезiнде оларға кiру қажет етiлетiн өзге де тауарларды жеткiзу кезiнде көлiк құралдарының жүк бөлiмшелерiне мөрлер мен пломбалар салынбайды.
      Тауарларды, оның iшiнде ауыр салмақты және өте ауқымды тауарларды бақылаумен ашық көлiк құралдарында немесе Көлiк құралдарын жабдықтау ережесiне сәйкес келмейтiн көлiк құралдарында жеткiзу кезiнде бiрдейлендiру құралдары кеден органы лауазымды адамының шешiмi бойынша жекелеген жүк орындарына салынуы мүмкiн, нe бiрдейлендiру құралдары ретiнде тауарлардың сипаттамасы, сызбалар, масштабтық бейнелер, фото суреттер, иллюстрациялар пайдаланылуы мүмкiн.
      Көрсетiлген құжаттарды баратын кеден органының лауазымды адамы растайды және тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжатына (ТЖҚ) қоса берiледi. Тауарға iлеспе құжаттар (оның iшiнде шот-фактуралар немесе шот-проформалар) кедендiк бiрдейлендiру құралдары болып табылады.
      Салынған немесе қолданылған бiрдейлендiру құралдары мәлiметтер ТЖҚ көрсетiледi.
      Пломбылар кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдау кезiнде қолданылады. Пломбылау құрылғылары мен қондырғыларына:
      1) сөмкелерге және қапшықтарға, үлгiлерi және сынамалары бар ыдыстарға, кедендiк бекiтпелерге, почта сәлемдемелерiне, техникалық жабдықтардың бекiтпелерiне салу үшiн, сондай-ақ қоймалар мен қызметтiк үй-жайларды сүргiлеу үшiн пайдаланылатын бақылаулық қорғасын (не оның қорытпасы) пломбалар;
      2) жеке нөмiрi бар, қажет болған жағдайда - логотипi, не басқа да ерекшелейтiн белгiлерi бар бұранда кескiштi пломба салғыштар жатады. Бұранда кескiштiң диаметрi 10 мм тең болуы тиiс (13-қосымша).

      42. Бiрдейлендiрушi белгiлер тауарлар мен құжаттарды оларды кедендiк бақылаумен жеткiзу кезегiндегi бiрдейлендiру құралдары болып табылады.

      43. Тауарларды жеткiзу кезiнде пайдаланылатын бiрдейлендiру белгiлерi өздiгiнен жапсырылатын негiзде жарық шағылыстырушы қабаты бар материалдан дайындалады (13-қосымша), Қазақстан Республикасы орталық кеден органдарының атауы сөздерiнiң қысқартылуы жолымен құрастырылған, КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУМЕН жазбалармен Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi эмблемасының бейнесi көрсетiледi және оны жөнелтушi кеден органы тауарларды бiрдейлендiру тексерiсiнен кейiн жүк орындарына жапсырады.

      44. Құжаттарды бiрдейлендiру үшiн пайдаланылатын бiрдейлендiру белгiлерi "КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУМЕН" жазбасы түрiнде болады және құжаттардың беттiк жағындағы немесе сырт жағындағы бос орынға жапсырылады. 

      45. Қазақстан Республикасының кеден органдары бiрдейлендiру құралы ретінде кеден мақсаттары үшiн құжаттарға қойылатын мөрлер мен мөртаңбаларды қолданады.

      46. Кеден органдары бiрдейлендiру құралдары ретiнде:
      1) тауардың: моделi, маркасы, мөлшерлерi, ол дайындаған материал, марклеудiң немесе белгiлеудiң болуы және сипаты, түрi, техникалық сипаттамасы мен қасиеттерi, тозу дәрежесi, ақауларының болуы, жиынтықтылығы және т.б. сияқты ерекшелiк белгiлерi көрсетiле отырып қарау актісі түрінде жүзеге асырылатын тауарлардың сипаттамасы;
      2) заттың немесе объектiнiң мөлшерлерi мен материалы көрсетiле отырып үш проекцияда жасалған техникалық сызбалар;
      3) бiрдейлендiретiн объектiнiң негiзгі көзге көрiнетiн деталдары мен олардың ерекшелiк белгілерiн айыруға мүмкiндiк беретiн масштабтағы үш проекцияда орындалған түрлi-түстi фото суреттер;
      4) техникалық құжаттамаларда, каталогтарда және басқа да ресми баспа басылымдарында келтiрілген масштабтық бейнелердiң немесе иллюстрациялардың көшiрмелерi;
      5) тауарлардың сипаттамасы бар тауарға ілеспе құжаттар, формулярлар, жапсырмалар, заттаңбалар, шот-фактуралар, проформалар, коносаменттер, жүк құжаттар, бұйымдардың паспорттары және т.б. қабылдануы мүмкін.

      47. Жоғарыда санамаланған барлық бiрдейлендiру құралдары олардың пайдалануы бiрдейлендiру үшiн ұсынылған тауарларға сәйкестiгін айқындауға мүмкiндiк беруi шартымен жеке немесе еркiн қосылыста қолданылуы мүмкін.

      48. Бiрдейлендіру құралдарын дайындау тәртiбi мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

9. Тауарға ілеспе құжаттарды тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ретінде қолдану ерекшеліктері

      Ескерту. 9-бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.02.22 N 74 бұйрығымен.

      49. ЖБҚ ретінде тауарға ілеспе құжаттар:
      осы ереженің 50-тармағының талаптарына сәйкес жөнелтуші кеден органы жарақтандырылған;
      осы ереженің 52 және 53-тармақтарында белгіленген талаптарға тауарға ілеспе құжаттардың сәйкестігі немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің веб-порталы арқылы алдын ала ақпарат ұсыну жағдайында пайдаланылады.
      50. ЖБҚ ретінде тауарға ілеспе құжаттарды қабылдайтын кеден органдары, бағдарламалық қамтамасыз етумен және тауарға ілеспе құжаттарды сканерлеуді, ЖБҚ анықтамалық нөмірін автоматты түрде беруді және құжаттарды өңдеу орталығына сканерленген бейнелерді жолдауды қамтамасыз ететін жабдықпен жарақтандырылады.
      Тауарға ілеспе құжаттарды ЖБҚ ретінде пайдалану үшін бағдарламалық қамтамасыз етумен және жабдықпен жарақтандырылған кеден органдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің веб-порталында жарияланады және кеден органдарының жарақтандырылуына қарай жаңартылады.
      Тауарға ілеспе құжаттарды ЖБҚ құжаты ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат жөнелтуші кеден органының ақпараттық стендінде орналастырылады.
      51. Кеден органына ұсынылатын алдын ала ақпарат осы Ереженің 14-қосымшасына сәйкес мәліметтерді қамтиды.
      Жөнелтуші кеден органына алдын ала ақпарат ұсынуды растау ретінде тасымалдаушының өкілі оны тауаркөліктік құжаттың жоғарғы оң жақ бұрышында көрсету арқылы веб-порталда алдын ала ақпаратты тіркеу кодын немесе веб-портал берген тіркеу штрих-коды ұсынылады.
      52. ЖБҚ ретінде қабылданатын тауарға ілеспе құжаттар:
      көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес тауарды жөнелтуші, алушы;
      тауарларды жөнелтуші ел, межелі елі;
      декларант;
      тасымалдаушы;
      тауарлар тасымалданатын көлік құралы;
      коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес тауарлардың атауы, мөлшері, құны;
      Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кемінде алты мәнді деңгейіндегі тауарлар коды;
      тауарлардың брутто салмағы немесе көлемі, сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының немесе Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің әрбір коды бойынша (мұндай мәліметтер болған кезде) қосымша өлшем бірлігіндегі тауарлар мөлшері;
      жүк орындарының саны;
      көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес тауарлардың межелі пункті;
      егер мұндай өткізуге осы құжаттар болған кезде жол берілсе, тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізілуімен байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;
      жоспарланған тауарларды қайта тиеу немесе жолдағы жүк операциялары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      53. ЖБҚ ретінде қабылданатын тауарға ілеспе құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылады. Өзге жағдайларда, өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлға тауаркөліктік және коммерциялық құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аударуды қамтамасыз етеді.
      54. ЖБҚ ретінде қабылданатын тауарға ілеспе құжаттар осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес берілетін құжаттар тізімдемесінің екі данасы жасала отырып, жөнелтуші кеден органына бір данада көрсетіледі.
      Тауарға ілеспе құжаттардың барлық парақтары, сондай-ақ ол болған жағдайда, құжаттардың аудармасы рет бойынша нөмірленеді.
      Құжаттар тізімдемесінде тасымалдау өкілінің Т.А.Ә. және қолы, тасымалдаушының тауарды межелі кеден органына дейін жеткізу туралы міндеттемесі толтырылады. Тауарлар мен көлік құралдары электрондық пломбаны қолдана отырып өткізілген жағдайда тізімдемеде тасымалдаушының электрондық пломбаны (электрондық пломбаның нөмірін көрсете отырып) межелі кеден органына өзгермеген жай-күйінде жеткізу және тапсыру туралы міндеттемесі көрсетіледі.
      55. Жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы берілген тауарға ілеспе құжаттардың әрбір парағын жеке нөмірлік мөрімен куәландырады және бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен ЖБҚ реттік нөмірін береді.
      Жеке нөмірлік мөрмен куәландырылған осы реттік нөмір тауаркөліктік және коммерциялық құжаттарда, сондай-ақ құжаттардың тізімдемесінде көрсетіледі.
      Құжаттар тізімдемесінің сол жақ төменгі бұрышында осы Бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес 1-суретте көрсетілген мөртаңба қойылады. Құжаттар тізімдемесінің оң жақ төменгі бұрышында межелі кеден органының коды, (көлік құралы мөрлермен және пломбалармен өткізілген жағдайда) пломба нөмірлері, құжаттарды қабылдаған кеден органы лауазымды тұлғасының тегі және инициалдары көрсетіледі. Осы жазулар құжаттарды қабылдаған кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.
      56. Ұсынылған тауарға ілеспе құжаттарға, сондай-ақ құжаттар тізімдемесіне бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен сканерлеу жүргізілгеннен кейін жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы құжаттар тізімдемесінің бір данасымен ұсынылған құжаттар тауарларды межелі кеден органына кедендік бақылаумен өткізуді жүзеге асыру үшін тасымалдаушының өкіліне қайтарылады.
      Құжаттар тізімдемесінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарын межелі кеден органына дейін өткізуге бақылауды жүзеге асыру үшін жөнелтуші кеден органында қалады.
      57. ЖБҚ ретінде тауарға ілеспе құжаттар бойынша тасымалданған тауарлар мен көлік құралдары келгеннен кейін тасымалдаушы тауарлар мен оларға арналған құжаттарды ұсыну жолымен бұл туралы межелі кеден органын хабардар етеді. Межелі кеден органының лауазымды тұлғасы құжаттар тізімдемесінде, сондай-ақ тауаркөліктік және коммерциялық құжаттарға осы Бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес 2-суретте көрсетілген мөртаңбаны қою жолымен тауарлардың жеткізілуін аяқтауды ресімдейді. Осы мөртаңба межелі кеден органы лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.
      Тауарлар түсу фактісін межелі кеден органының лауазымды тұлғасы осы Бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес келтірілген нысан бойынша тауарлардың түсуі журналында тіркейді, одан кейін ІКТ рәсімі бойынша тауарларды тасымалдаудың аяқталуы туралы ақпаратты жедел байланыс желілері бойынша жөнелтуші кеден органына жолдайды.
      Тізімдеменің куәландырылған көшірмесі және тауарға ілеспе құжаттар тасымалдаушыға табыс етіледі, ал құжаттар тізімдемесінің түпнұсқасы межелі кеден органында сақталады.

10. Халықаралық жол тасымалы кітапшаларын Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ретінде қолдану ерекшеліктері

      Ескерту. 10-бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.02.22 N 74 бұйрығымен.

      58. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен өткізген жағдайда, 1975 жылғы Халықаралық жол тасымалы (бұдан әрi - XЖT) кiтапшаларын қолдану арқылы халықаралық жүк тасымалдау туралы кеден конвенциясына сәйкес ЖБҚ ретінде Халықаралық жол тасымалы кітапшасы пайдаланылады.
      59. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен өткізу кезінде ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, халықаралық жүк тасымалдау туралы кеден конвенциясына сәйкес тасымалдаушының өкілі жөнелтуші кеден органына мынадай құжаттарды:
      жөнелтуші мемлекеттердің және транзит мемлекеттерінің кеден органдары толтырған және ресімдеген ХЖТ кітапшасын;
      (ХЖТ конвенциясына сәйкес) көлік құралын жіберу беру туралы куәлікті;
      тауаркөліктік және коммерциялық құжаттарды ұсынуға тиіс.
      60. ЖБҚ ретінде қабылданатын ХЖТ кітапшасы басылым тәсілімен жапсырылған мұқабадан, «үзілмейтін сары», «ақ (№ 1)» және «жасыл (№ 2)» парақтардан тұрады. «ақ (№ 1)» және «жасыл (№ 2)» парақтардың саны тиісінше ең аз дегенде, бір дананы құрауға тиіс. ХЖТ кітапшаларын беру тәртібі ХЖТ конвенциясымен айқындалған.
      61. Жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы ХЖТ конвенциясының талаптарына сәйкес ХЖТ кітапшасының дұрыс толтырылуын тексереді (мұқабаның 2-15 бағандары мен «үзілмейтін сары» парақ) және ХЖТ кітапшасының үзбелі парақтары мен түбіртегін толтыру жолымен осы кітапшаны ресімдеуді жүргізеді, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды жеке нөмірлік мөрімен куәландырады.
      62. Жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы ХЖТ кітапшасының үзбелі парақтарында «Қызметтік пайдалану үшін» және 16-дан 23-ке дейінгі бағандарды толтырады.
      «Қызметтік пайдалану үшін» бағаны – тауардың құны мен валюта коды көрсетіледі, қолмен және жеке нөмірлік мөрмен куәландырылады. Баған ХЖТ кітапшасының «(№ 1) ақ» және «(№ 2) жасыл» парақтарының бір жинағында толтырылады.
      «Салынған пломбалар» 16-бағаны – салынған пломбалардың саны және олардың нөмірлері көрсетіледі. Баған ХЖТ кітапшасының әрбір үзбелі парағында толтырылады.
      «Жөнелтуші орын кеденінің қолы мен мөрі, күні» 17-бағаны - ХЖТ кітапшасы ашылған кеден органында ХЖТ кітапшасының ашылған күні көрсетіледі, ХЖТ кітапшасы ашылған кеден органы лауазымды тұлғасының қолы мен жеке нөмірлік мөрі қойылады. Баған ХЖТ кітапшасының әрбір үзбелі парағында толтырылады.
      Кейінгі бағандар ХЖТ кітапшасының «ақ (№ 1)» және «жасыл (№ 2)» парақтарының бір жинағында толтырылады.
      «Кіру кезінде жөнелту орнының кедені немесе аралық кеден» 18-бағаны - жөнелтуші кеден органының атауы көрсетіледі.
      «Пломбалардың жай-күйі» 19-бағаны - көлік құралына салынған пломбалар бүлінбеген жағдайда белгі қойылады.
      «Транзиттік тасымалдаудың ұзақтығы» 20-бағаны - көлік құралын межелі кеден органына жеткізудің бақылау күні көрсетіледі.
      «Кеденмен тіркелген» 21-бағаны - жөнелтуші кеден органының коды мен журнал бойынша тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Әр түрлі (белгіленген бағыт, жүк ұсынылуға тиіс кеден)» 22-бағаны - межелі кеден органының атауы көрсетіледі.
      «Күні, мөрі мен қолы» 23-бағаны - жөнелтуші кеден органында ХЖТ кітапшасын ресімдеу күні көрсетіледі, жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының қолы мен жеке нөмірлік мөрі қойылады.
      63. ХЖТ кітапшасының «ақ (№ 1)» түбіртегінде жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы 1-ден 6-ға дейінгі бағандарды толтырылады.
      «Келгені кеденмен белгіленген» 1-баған - «ақ (№ 1)» үзбелі парақтың толтырылуы жүзеге асырылған жөнелтуші кеден органының атауы көрсетіледі.
      «№» 2 бағаны - ХЖТ кітапшасының «(№ 1) ақ» және «жасыл (№ 2)» парақтар жинағының 21-бағанында көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс жөнелтуші кеден органындағы журнал бойынша тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Салынған пломбалар» 3-бағаны - салынған пломбалар саны мен олардың нөмірлері көрсетіледі.
      «Пломбалардың жай-күйі» 4-бағаны - көлік құралына салынған пломбалар бүлінбеген жағдайда белгі қойылады.
      «Әр түрлі (белгіленген бағыт, жүк ұсынылуға тиіс кеден)» 5-бағаны - межелі кеден органының атауы көрсетіледі.
      «Күні, мөрі мен қолы» 6-бағаны - жөнелтуші кеден органында ХЖТ кітапшасын ресімдеу күні көрсетіледі, жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының қолы мен жеке нөмірлік мөрі қойылады.
      64. ХЖТ кітапшасының «жасыл (№ 1)» түбіртегінде жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы межелі кеден органының атауы көрсетілген «Келгені кеденмен белгіленген» 1-бағанын толтырады.
      65. ХЖТ кітапшасының толтырылған «ақ (№ 1)» парағы тауарлар мен көлік құралдарын межелі кеден органына дейін өткізуге бақылауды жүзеге асыру үшін жөнелтуші кеден органында қалады. ХЖТ кітапшасы, көлік құралын жіберу туралы куәлік, тауаркөліктік және коммерциялық құжаттар межелі кеден органына өткізілуі үшін тасымалдаушының өкіліне қайтарылады.
      66. ХЖТ кітапшасы бойынша тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары келгеннен кейін тасымалдаушы тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұсыну жолымен ол туралы межелі кеден органын хабардар етеді. Межелі кеден органының лауазымды тұлғасы ХЖТ кітапшасының «(№ 2) жасыл» үзбелі парағы мен «(№ 2) жасыл» түбіртегін толтыру жолымен тауарлардың жеткізілуін аяқтауды ресімдейді.
      67. ХЖТ кітапшасының «(№ 2) жасыл» үзбелі парағында межелі кеден органының лауазымды тұлғасы 24-тен 28-ге дейінгі бағандарды толтырады.
      «Шығу кезіндегі аралық кеден немесе межелі орын кедені» 24-бағаны - межелі кеден органының атауы көрсетіледі.
      «Пломбалардың жай-күйі» 25-бағаны - көлік құралына салынған пломбалар бүлінбеген жағдайда белгі қойылады.
      «Оларға қатысты ХЖТ операциясын тоқтату куәландырылған жүк орындарының саны» 26-баған - межелі кеден органында жүк түсіру кезіндегі орындар саны көрсетіледі. Осы баған тауарларды өткізу рәсімін толық немесе ішінара жабу жүргізілетін межелі кеден органында ғана толтырылады.
      «Ресімдеу кезіндегі ескертулер» 27-бағаны - ХЖТ конвенциясына сәйкес (пломбылардың бүлінуі, жеткізу мерзімін бұзушылық, тауарларды жоғалту және т.б.) өткізу рәсімінің шарттарын бұзушылықтар анықталған кезде толтырылады. Осы бағанды толтыру кезде «R» латын әрпі қойылады және ХЖТ кітапшасы бойынша анықталған өткізу рәсімін бұзушылық сипатталады.
      «Күні, мөрі мен қолы» 28-баған - жөнелтуші кеден органында ХЖТ кітапшасын ресімдеу күні көрсетіледі, жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының қолы мен жеке нөмірлік мөрі қойылады.
      68. ХЖТ кітапшасының «жасыл (№ 2)» түбіртегінде жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы 2-ден 6-ға дейінгі бағандарды толтырады.
      «Пломбалардың жай-күйі» 2-бағаны - көлік құралына салынған пломбалар бүлінбеген жағдайда белгі қойылады.
      «Оларға қатысты ХЖТ операциясын тоқтату куәландырылған жүк орындарының саны» 3-бағаны - межелі кеден органында жүк түсіру кезіндегі орындар саны көрсетіледі. Осы баған тауарларды өткізу рәсімін толық немесе ішінара жабу жүргізілетін межелі кеден органында ғана толтырылады.
      «Салынған пломбалар» 4-бағаны - жаңа пломбалар салынған жағдайда, салынған пломбалардың саны мен олардың нөмірлері көрсетіледі.
      «Ресімдеу кезіндегі ескертулер» 5-баған - ХЖТ конвенциясына сәйкес (пломбалардың бүлінуі, жеткізу мерзімін бұзушылықтар, тауарларды жоғалту және т.б.) өткізу рәсімдерінің шарттарын бұзушылықтар анықталған кезде толтырылады. Осы бағанды толтыру кезде «R» латын әрпі қойылады және ХЖТ кітапшасы бойынша анықталған өткізу рәсімін бұзушылық сипатталады.
      «Күні, мөрі мен қолы» 6-баған - жөнелтуші кеден органында ХЖТ кітапшасын ресімдеу күні көрсетіледі, жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының қолы мен жеке нөмірлік мөрі қойылады.
      69. ХЖТ кітапшасының толтырылған «(№ 2) жасыл» парағы межелі кеден органында қалады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағында ХЖТ кітапшасы бойынша тасымалдау аяқталған кезде межелі кеден органының лауазымды тұлғасы осы Ереженің 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың кеден бақылаумен жеткізілуін растау туралы куәлікті толтырады және тауаркөліктік және коммерциялық құжаттарда 2-суретте (3-Қосымша) көрсетілген мөртаңбаны қояды.
      70. ХЖТ кітапшасы, тауаркөліктік және коммерциялық құжаттар тасымалдаушының өкіліне қайтарылады.

Кедендік бақылау агенттігі     
Төрағасының             
2003 жылғы 12 мамырдағы       
N 197 бұйрығымен бекітілген    
Тауарлар мен көлік құралдарының  
жеткізілуін бақылау ережесіне   
1-қосымша             

       РҚАО-ның ескертуі: 1-қосымшаны қағаз мәтіннен қараңыз.

                                       Кедендік бақылау агенттігі
                                              Төрағасының
                                        2003 жылғы 12 мамырдағы
                                       N 197 бұйрығымен бекітілген
                                     Тауарлар мен көлік құралдарының
                                      жеткізілуін бақылау ережесіне
                                                2-Қосымша  

            Жеткізуді бақылау құжаттарын тіркеу
                           Журналы

____________________________________________________________________
N |дата| ЖБҚ  | ЖБҚ  |Жібе. | Алушы |Тасымал.|Тауар |Орын |Салмағы
  |    | блан.| анық.|руші/ |(атауы,| даушы  |(атауы|саны |Брутто-
  |    | кісі.| тама |атауы/|мекен- |(атауы, | және |     | нетто
  |    | нің  |нөмірі|мекен-| жайы, | мекен- |СЭҚ ТН|     |(тонна)
  |    |нөмірі|      |жайы  | алушы | жайы)  |бойын.|     |
  |    |      |      |      | т/ж   |        | ша   |     |
  |    |      |      |      |станса.|        |коды) |     |
  |    |      |      |      |  сы)  |        |      |     |
--------------------------------------------------------------------
1 |  2 |   3  |   4  |   5  |    6  |   7    |  8   |   9  |  10

таблицаның жалғасы
_________________________________________________
Валюта|Факту.|Баратын| Көлік |Инспектор.|Ескерту
коды |ралық | кеден |құралы.|дың аты-  |
      | құны | органы| ның N |жөні, жеке|
      |      |       |       | нөмірлік |
      |      |       |       |   мөрі   |
--------------------------------------------------
  11  | 12   |  13   |  14   |    15    |   16

                                       Кедендік бақылау комитеті
                                              Төрағасының
                                        2003 жылғы 12 мамырдағы
                                       N 197 бұйрығымен бекітілген
                                     Тауарлар мен көлік құралдарының
                                      жеткізілуін бақылау ережесіне
                                                3-Қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.02.22 N 74 бұйрығымен.___________________________________________________________________
                        | ҚР-ның Кедендік бақылау агенттігі
                        | (кеден органының атауы)
                        | _____________ орын мөлшеріндегі кеден
                        | бақылауындағы тауар 200__ жылғы
                        | ____ дейін _______ жеткізілуге жатады.
                        | (ЖБҚ) N _____
                        | Инспектор __________________
                        | 200__ж. "___"__________
--------------------------------------------------------------------                                  1-сурет

                        |
                        |     Тауар келіп түсті
                        |
                        | Инспектор __________________
                        | 200__ж. "___"________

                                    2-сурет

                                       Кедендік бақылау агенттігі
                                              Төрағасының
                                        2003 жылғы 12 мамырдағы
                                       N 197 бұйрығымен бекітілген
                                     Тауарлар мен көлік құралдарының
                                      жеткізілуін бақылау ережесіне
                                                4-Қосымша  

             Баратын кеден органының тауарларды
                алушыларды есепке алу журналы

N |Атауы, мекен-жайы, |  Алушының    |Қосымша құжаттар| Лауазымды
   | кәсіпорынның және | есепке қою   | мен мәліметтер |  адамның
   |   ұйымның жалпы   |туралы өтініші|(қосымша тексеру|    қолы
   |  жіктеме бойынша  |берілген күн  |кезінде алынған |
   |коды, салық төлеу. |              |  мәліметтер)   |
   |шінің тіркеу нөмірі|              |                |

                                                5-Қосымша  

              Кепілді міндеттемелерді тіркеу журналы

N|Алушы.|Тірке.|Жібе.|Жөнел.|Тауар.|Жет.|Жөнелтуші|Орындалуы|Лауа.
| ның  |  лу  |руші | туші | дың  |кізу|  кеден  | туралы  |зымды
|атауы |нөмірі| ел  |кеден |атауы |мер.|органының| белгі   |адам.
|      |      |     |органы|      |зімі| жеткізі.|  (жүк   | ның
|      |      |     |      |      |    |  луін   |кедендік |қолы
|      |      |     |      |      |    | бақылау |деклара. |
|      |      |     |      |      |    |құжатының|  ция,   |
|      |      |     |      |      |    |  нөмірі | қысқаша |
|      |      |     |      |      |    |         |деклара. |
|      |      |     |      |      |    |         | ция N)  |

1|   2  |   3  |  4  |   5  |   6  | 7  |    8    |    9    |  10

                                                6-Қосымша  

                   N 7777/000/11223/9999
                   КЕПIЛДIК МIНДЕТТЕМЕ
                       (IКТ рәсiмi)

___________________________________________________________________
(кәсiпорынның толық атауы, МҰЖК коды, телефонның, факстiң нөмiрi,

банктегi шоттың нөмiрi, банктiң атауы, мекен-жайы, телефон 

                      (факстiң нөмiрi)
жеке тұлғанының жеке басын куәландыратын құжат, мекен-жайы/
      200__ жылғы "__" ________ дейiн

                        /кеден органынан/

       iшкi кедендiк транзит рәсiмi бойынша тасымалданатын

                         /кеден органына/

                         /жүктердiң атауы/
жеткiзуге мiндеттенедi.

             /тасымалдаушының атауы мен мекен-жайы/

жеткiзуді бақылау құжатының және жүк құжатының нөмiрi _____________

                       /кеден органы көрсетедi/

                /уақытша сақтау қоймасының атауы/

      Осы құжатты қолданбаған жағдайда кәсіпорын оны қолданылу
мерзiмi аяқталғанға дейiн _________ ТЖББ-не тапсыруға мiндеттеледi.
      кеден органының атауы.

      Кәсiпорын басшысы                      _____________
                                                 (қолы)

      Бас бухгалтер                          _____________
                                                 (қолы)

Кәсiпорынның мөрi

  (Құжатты тiркейтiн кеден қызметкерiнiң аты-жөнi, қолы және жеке
                            нөмiрлiк мөрi)

                                       Кедендік бақылау агенттігі
                                              Төрағасының
                                        2003 жылғы 12 мамырдағы
                                       N 197 бұйрығымен бекітілген
                                     Тауарлар мен көлік құралдарының
                                      жеткізілуін бақылау ережесіне
                                                7-Қосымша  

              УСҚ (УСО) N _______ тіркелген
               N ______ қысқаша декларация

1. Тауарларды жіберуші,      |   3. Тасымалдаушы
       жіберуші ел           |

2. Тауарларды алушы,         |   4. Көлік құралы туралы
   алушы ел                  |       мәліметтер

5. Көлік      |6. Атауы/     |7. Орын|8. Салмағы |9. Пломба және
құжаттарының  |тауардың ТМД- |       |   (кг.)   |өзге сәйкестен.
нөмір атаулары|ның СЭҚ ТН    |       |           |діру құралдары.
              |бойынша коды  |       |           |ның саны мен
              |              |       |           |нөмірлері

10. Фактуралық|11. Валютаның |12. Алдыңғы құжат
    құны      |    коды      |

13. Қосымша мәліметтер

14. Уақытша сақтау орындары  |15. Уақытша сақтау мерзімдері

16. Кеден органының атауы    |17. Кеден органының шешімі

      Тасымалдаушы өкілінің аты-жөні
      _______________________________________
      арнайы өкілетті адам болмаса - көлікті басқаратын адам

      ______________________         айы, күні, жылы
             (қолы)

                                       Кедендік бақылау агенттігі
                                              Төрағасының
                                        2003 жылғы 12 мамырдағы
                                       N 197 бұйрығымен бекітілген
                                     Тауарлар мен көлік құралдарының
                                      жеткізілуін бақылау ережесіне
                                                8-Қосымша  

            Қысқаша декларацияларды тіркеу журналы

N | УСҚ  |Алдың.|Алушы|Тауар.|Тасы.| Көлік|Саны|Салма.|Факту.|Валю.
  |(УСО) |  ғы  |     | дың  |мал. |құралы|    | ғы   |ралық |таның
  |тіркеу|құжат.|     |атауы |даушы|      |    | (кг) | құны |коды
  |нөмірі| тың  |     |      |     |      |    |      |      |
  |      |нөмірі|     |      |     |      |    |      |      |
  |      |(ЖБҚ) |     |      |     |      |    |      |      |

1 |   2  |  3   |  4  |  5   |  6  |   7  |  8 |   9  |  10  |  11
-------------------------------------------------------------------

_________________________________
Уақытша|Уақытша|Мерзім.|Қоймадан
сақтау |сақтау |  ін   |шығаруға
орыны  |мерзімі|ұзарту |рұқсат
       |       |       |берілген
       |       |       |  ЖКД
       |       |       | (ЖБҚ)
       |       |       | нөмірі
---------------------------------
   12  |   13  |   14  |   15
---------------------------------

* Қысқаша декларацияның реттік нөмірі оның тіркелу нөмірі болып табылады

                                       Кедендік бақылау агенттігі
                                              Төрағасының
                                        2003 жылғы 12 мамырдағы
                                       N 197 бұйрығымен бекітілген
                                     Тауарлар мен көлік құралдарының
                                      жеткізілуін бақылау ережесіне
                                                9-Қосымша  

                   Тауарлардың түсуін тіркеу
                             ЖУРНАЛЫ ____________________________________________________________________
N |Түскен| ЖБҚ |Қысқаша |Жөнел.|Алушы  |Тауар, |Салмағы|Орын|Валюта
   | күні |анық.|деклара.| туші |(атауы |(атауы |брутто |саны|коды
   |      |тама |ция, жүк|(атауы|мекен- |СЭҚ ТН |       |    |
   |      |  N  |кедендік|мекен-|жайы)  |бойынша|       |    |
   |      |     |деклара.|жайы) |       | коды) |       |    |
   |      |     |ция N   |      |       |       |       |    |

Фактура.| Көлік |Кеден органы|Ескерту
лық/ста.|құралы.| лауазымды  |
тистика.| ның   | адамының   |
құны   |нөмірі |   Т.А.Ә.   |
----------------------------------------
   11   |   12  |     13     |   14

                                                10-Қосымша 

             Тауардың кедендік бақылаумен
             жеткізілгендігін растау туралы
        200_ жылғы "___"__________ N ___ куәлік

                       (баратын кеден органы)

ЖБҚ бойынша (ХЖТ кiтапшасы) N _________________________ тауарларды
кедендiк бақылаумен жеткiзу, _____________________________________
ұсынылып, ________________________________________________________

Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуi қамтамасыз етiлетiнiн
растайтын құжат көрсету ____________ жылғы N ___________,
__________________________________________________ көрсету аяқталды.
      аталған құжатты тiркеген кеден органы 

200_ ж. "___" ___________

Мөр орны

Куәлiктi берген лауазымды адамның аты-жөнi, қолы және ЖНМ

                                      Кедендік бақылау агенттігі
                                              Төрағасының
                                        2003 жылғы 12 мамырдағы
                                       N 197 бұйрығымен бекітілген
                                     Тауарлар мен көлік құралдарының
                                      жеткізілуін бақылау ережесіне
                                                11-Қосымша

           Шетелдiк бос автокөлiк құралдарын әкелу
                            КУӘЛIГI

                   (кеден органының атауы)

көлiк құралы
марка, моделi, __________________ категория КҚ (С, прицеп) ________
шығарылған жылы
қозғалтқышының N __________________________________________________
шассиiнiң N _______________________________________________________
кузовының N _______________________________________________________
пайдаланылу мерзiмi _______ жыл, және жүрген жолы ________ (км)
қозғалтқыш көлемi ________ куб.см
Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнгенiн растау.
Иесi туралы мәлiметтер ____________________________________________
                   (көлiк құралы иесiнiң немесе оның өкiлiнiң 

               аты-жөнiн, мекен-жайын көрсету)
Кеден органының белгiсi ___________________________________________
                     Кеден органының рұқсатынсыз уақытша әкелу 
мерзiмi, сонымен қатар

иелiктен шығару, өзге адамдарға пайдалану және иелену құқығын
шектеу көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы аумағынан шығып баратын орын ______________

Көлiк құралдарының Қазақстан Республикасы аумағында болуының
бекiтiлген мерзiмiн бұзу Қазақстан Республикасының кеден заңдарына
сәйкес жауапкершiлiкке тартылуына әкеледi.

200__ жылғы "___" ____________           __________________________
                                         (кеден органы лауазымды
                                         адамының қолы және ЖHM)

Кәулiктi алған

          (көлік құралы иесiнiң немесе оның өкiлiнің қолы)

                                      Кедендік бақылау агенттігі
                                              Төрағасының
                                        2003 жылғы 12 мамырдағы
                                       N 197 бұйрығымен бекітілген
                                     Тауарлар мен көлік құралдарының
                                      жеткізілуін бақылау ережесіне
                                                12-Қосымша

     Шетелдік бос көлік құралдарының әкелінуін тіркеу
                          ЖУРНАЛЫ

N|Күні|Баратын| Шетелдік |Марка.| Көлік |Көлік | Көлік | Көлік
  |    | кеден |бос көлік | сы,  |құралы.| құра.| құра. |құралының
  |    |органы |құралдарын|модель|  ның  |лының |  лын  | шыққан
  |    |       |  әкелу   |      | тіркеу| иесі | жүргі.|  елі
  |    |       | куәлігі  |      | нөмірі|      |  зуші.|
  |    |       |бланкісі. |      |       |      |  нің  |
  |    |       | нің N    |      |       |      | Т.Ә.А.|

1 |  2 |    3  |    4     |   5  |   6   |   7  |    8  |    9

__________________
Келу  | Кеден
мерзімі|органы
       |лауазымды
       |адамының
       | Т.Ә.А.
------------------
  10   |   11
------------------

Кедендік бақылау агенттігі     
Төрағасының             
2003 жылғы 12 мамырдағы       
N 197 бұйрығымен бекітілген    
Тауарлар мен көлік құралдарының  
жеткізілуін бақылау ережесіне  
13-Қосымша             

Тауарларды жеткізу кезінде қолданылатын 
сәйкестендіргіш белгілердің 
ҮЛГІЛЕРІ
(өлшемдер мм-де көрсетілген)

              1. Кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдау кезінде плашкасы бар пломбалар салынады:

                 1-сурет                   2-сурет

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.

      2. Құжаттарды сәйкестендіру үшін ілеспе құжаттың бірінші немесе келесі бетіне бос орынға жапсыру арқылы қолданылады:

       РҚАО-ның ескертуі: Қағаз мәтінді қараңыз.

      3. Тауарларды сәйкестендіру үшін жүк орындарына жапсыру арқылы қолданылады.

14-қосымша

      Ескерту. 14-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.02.22 N 74 бұйрығымен.

Алдын ала ақпарат ұсыну кезіндегі мәліметтердің тізбесі

      Көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес тауарды жөнелтуші, алушы;
      тауарларды жөнелтуші ел, межелі елі;
      декларант;
      тасымалдаушы;
      тауарлар тасымалданатын көлік құралы;
      коммерциялық, көліктік тасымалдау құжаттарға сәйкес тауарлардың атауы, мөлшері, құны;
      тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кемінде алты мәнді деңгейіндегі тауарлар коды;

      тауарға ілеспе құжаттар;
      жоспарланған тауарларды қайта тиеу немесе жолдағы жүк операциялары туралы мәліметтер.   

Тауарлар мен көлік құралдарының
жеткізілуін бақылау ережесіне
15-қосымша        

      Ескерту. 15-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.02.22 N 74 бұйрығымен.

Ішкі кеден транзиті (ІКТ) рәсімімен өткізілетін тауарлар бойынша тауарға ілеспе құжаттарға
ТІЗІМДЕМЕ
ЖБҚ №_____________________________________

Кеден бекеті/БӨП:__________________________________________________
КҚ № ______________________________________________________________

т/б №

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Парақтар саны

1

Тауаркөліктік жүкқұжаты

2

Шот-фактура

3

Орау парағы

4

Тауардың шығарылуы туралы сертификат

5

Ветеринарлық сертификат

6

ҚР Бас ветинспектордың рұқсат қағазы

7

Фитосанитарлық (карантиндық) сертификат

8

Импорттық карантиндық рұқсат қағаз

9

ҚР Бас санитарлық дәрігердің рұқсат қағазы

10

Көлік құралының техникалық паспорты

11

Жүргізушінің куәлігі

12

Жүргізуші жеке тұлғаны куәландыратын құжат

13

Кепілдік міндеттеме

14

Кедендік тасымалдаушының лицензиясы

15

Қамтамасыз етуді растайтын құжат

16

Жүк кедендік декларациясы

17

Іссапарға отандық рұқсат қағазы (ККМ) (жасыл)

18

ККМ шетелдік рұқсат қағазы (отандық тасымалдаушылар үшін)

19

Шетелдік тасымалдаушылармен үшінші елге тасымалдауды орындауға рұқсат қағаз (қызыл)

20

КҚ тіркеу талоны (рұқсатсыз жүйесі)

21

Жүргізушіге қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік

22

Қауіпті жүктерді тасымалдауға КҚ рұқсат беру туралы куәлік

23

Сәйкестік сертификаты

24

Өзге құжаттар

барлығы

Мен, _______________________________________________ құжаттарды, тасымалдаудағы _______ санында тауарларды, сондай-ақ электрондық бақылау құралдарын (бар болса) ________________________ мерзімге дейін межелі кеден органына жеткізуге міндеттенемін.
Тауарлар мен салынған пломбылардың сақталуына кепілдік беремін _____________(қолы).

Тізімдемені жинақтаған
тасымалдаушының өкілі: __________________ ___ _______20__(__:__)

межелі к.о. коды ___________________________

электрондық бақылау пломбылар мен құралдар №
_________________________________________

Қабылдаған:______________________________

____ _______ 20__ ж.(__:__)

      Ескерту:
      Тізімдеме бір парақтың беткі және сыртқы жағында шығарылады.
      3-25 бағандар тиісті құжаттар бар болған кезде толтырылады. 

Тауарлар мен көлік құралдарының
жеткізілуін бақылау ережесіне
16-қосымша        

      Ескерту. 16-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.02.22 N 74 бұйрығымен.

20 __ жылғы ___ ___________ № _________ Кеден бақылауындағы тауарлардың жеткізілуін растау туралы  куәлік

__________________________________________________________________
                    Межелі кеден органы
№ ___________________ ХЖТ кітапшасы бойынша кеден бақылауындағы тауарлардың тасымалдауы __________________________________________
                            тіркелген кедендік төлемдер мен
________________________________________________ ұсынумен аяқталуын
    салықтардың төленуін қамтамасыз етуді____________________________________ ________________ № __________,
     растайтын құжатты көрсету__________________________________________________________________
        аталған құжатты тіркеген кеден органын көрсету
__________________________________________________________________куәландырады.

      ____ _____________ 20___ ж.

      ЖНМ

Куәлікті берген лауазымды тұлғаның Т.А.Ә., қолы және жеке нөмірлік мөрі

Қазақстан Республикасының 
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының       
2003 жылғы 12 мамырдағы  
   N 197 бұйрығымен     
бекiтiлген        

  Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып
жүру ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру ережесі (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кодексi)  78-бабына сәйкес әзiрлендi және тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру рәсiмiн қолданудың тәртiбiн және кедендiк алып жүргендік үшiн кеден алымдарын төлеудiң тәртiбiн айқындайды.

      2. Кедендiк алып жүру pәciмi - кедендiк бақылаумен орналастырылған тауарларды, көлiк құралдарын және құжаттарды оларды кеден органдарының лаузымды адамдарының (бұдан әрi - кеден наряды) жөнелтушi кеден органынан баратын кеден кеден органына дейiн, сондай-ақ бiр кеден органының қызмет аймағында алып жүруi.

      3. Кедендiк алып жүру Кодекске, осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасында бекітiлген халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 

  2. Кедендiк алып жүру рәсiмiн қолдану

      4. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру рәсiмi Кодекстің және халықаралық шарттардың тауарлар мен көлiк құралдарының ішкi кедендiк транзит рәсiміне сәйкес баратын кеден органына дейiн транзит және жеткiзiлуi жөнiндегі ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн шара ретiнде Кодекстiң 73, 74, 214-баптарында көзделген. Қараңыз.K100296

      5. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру рәсiмi, егер тауарлардың жеткiзiлуi мен транзитiне қойылатын талаптарына Кодекстiң  74-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасында бекiтiлген транзит және жеткiзу жөнiндегi халықаралық шарттарда көзделген өзге де жеткiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуымен кепiлдiк берiлмейтiн жағдайларда қолданылады. Қараңыз.K100296

      6. 1975 жылғы Халықаралық жол тасымалы конвенциясының ережелерiне сәйкес халықаралық жол тасымалы (бұдан әрi - XЖT) кiтапшаларын пайдалану арқылы тасымалданатын тауарларды кедендiк алып жүру:
      1) егер тауарларды тасымалдаушыға немесе олардың иесіне қатысты бұрын кеден ережелерін бұзушылықтың орын алғандығы немесе тауарлардың жетiспеушiлiгi фактілерi туралы ақпарат болған;
      2) егер ХЖТ кiтапшаларын пайдалану арқылы тасымалданатын тауарларды еркiн айналымға шығару кезiнде төлеуге жататын кеден төлемдерi мен салықтарының сомасы белгiленген кепiлдiк сомадан асатын жағдайларда қолданылады.

  3. Кедендiк алып жүру туралы шешiм

      7. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендiк алып жүру туралы шешiмi тауарларды тасымалдаушы үшiн мiндеттi болып табылады.

      8. Тауарларды тасымалдаушыда кедендiк алып жүруге байланысты туындаған шығыстарды Қазақстан Республикасының кеден органдары өтемейдi.

      9. Кедендiк алып жүру туралы шешiмдi жөнелтушi немесе баратын кеден органының бастығы, не кеден органы бастығының мiндетiн атқарушы адам қабылдайды.

      10. Кедендiк алып жүру туралы шешiмнiң қабылдануы және тiкелей алып жүрудiң өзiн ұйымдастыру кедендiк заңнамада белгiленген тауарлардың тасымалдану мерзiмдерiн ұзартпауы тиiс.

      11. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендiк алып жүргендiк үшiн кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдары (бұдан әрi - алым) төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.

  4. Кедендiк алып жүргендiк үшiн кеден алымдарын
төлеудiң тәртiбi

      12. Кедендiк алып жүргендiгi үшiн алымдарды тасымалдаушыдан Қазақстан Республикасының кеден органдары кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн кедендiк алып жүру басталғанға дейiн алады.
      13. Кедендiк алып жүргендiк үшiн алымдар Кодекстiң 295-бабында белгiленген мөлшерде алынады. Қараңыз.K100296

  5. Кедендiк алып жүру кезiнде құжаттар ресiмдеу

      14. Кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданған жағдайда мынадай құжаттар мiндеттi түрде жасалады:
      1) кедендiк алып жүру туралы шешiм белгiленген нысан бойынша (1-қосымша) жасалады;
      2) кеденiк алып жүруді жүзеге асыратын инспекторлардың тегi, қарудың маркiсi мен нөмiрi, не арнайы құралдардың атауы, қозғалыс бағдары, қоса жүретiн көлiк құралдарының атауы және мемлекеттiк нөмiрлерi, iлеспе құжаттардың (жүк кедендiк декларацияның, жеткiзiлудi бақылау құжатының) нөмiрлерi көрсетiлетiн кеден нарядына жоспар-тапсырма белгiленген нысан бойынша (2-қосымша) жасалады;
      3) тауарлар мен көлiк құралдарын қабылдап алу-беру актiсi белгiленген нысан бойынша (3-қосымша) жасалады;
      4) жеткiзiлудi бақылау құжаты;
      5) iссапарлық куәлiк;
      6) көлiк құралын тексеру әдiсi;
      7) кедендiк алып жүруге төлеу шоты.

      15. Кедендiк алып жүру туралы шешiм мен қабылдап алу-беру актiсi, жоспар-тапсырма белгiленген нысан бойынша Тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүрудың есебiн жүргiзу журналында (4-қосымша) тiркеледi.

      15-1. Кедендік алып жүру үшін қажетті құжаттарға (кедендік алып жүру туралы шешім, қабылдау-беру актісі, жоспар тапсырма) мынадай сызба бойынша қалыптастырылатын бірыңғай тіркеу номері беріледі:
      1111-22222-33445, мұнда
      1 - тіркеу журналы бойынша реттік номері,
      2 - кедендік алып жүру туралы шешімді қабылдаған кеден органының коды,
      3 және 4 - тіркеудің тиісті күні мен айы,
      5 - ағымдағы жылдың соңғы саны
       Ескерту: 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 20 мамырдағы N 195   бұйрығымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз) .

      16. Тауарлар мен көлiк құралдарын қабылдап алу-беру актiсi екi данада жасалады. Бiр дана қол қойылғаннан кейiн жөнелтушi кеден органында (алып жүрудi берушi), ал екiншiсi - баратын кеден органында (алып жүрудi қабылдап алушы) сақталады. Актiде мiндеттi тәртiппен барлық бағандар толтырылады, тауарлар мен көлiк құралдарын берген және қабылдап алған кеден наряды басшысының тегi және аты-жөнi көрсетiледi. Қолдар баратын (алып жүрудi беретiн) және жөнелтушi (алып жүрудi қабылдап алатын) кеден органының мөртаңбаларымен немесе кеден нарядтары басшыларының жеке нөмiрлiк мөрлерiмен бекiтiледi.

  6. Кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру тәртiбi

      17. Кедендiк алып жүру тасымалдаушының, жөнелтушiнiң, алушының алып жүретiн көлiк құралымен немесе кеден органының автокөлiгiмен жүзеге асырылады.

      18. Кедендiк алып жүру жөнелтушi кеден органынан баратын кеден органына дейiн, не Қазақстан Республикасының шектесетiн кеден органдарының арасында жүзеге асырылады.

      19. Кеден нарядтары жүру жолында орналасқан кеден органдарында алып жүрген тауарлар мен көлiк құралдарын қабылдап алу-беру кезiнде көрсетiлген кеден органдары транзиттiк декларцияның (тауарлардың транзитi кеден режимiнде ресiмделген жүк кедендiк декларция), тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлуiн бақылау құжатының барлық парақтарына тауарларды ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес белгiлер қояды. 

      20. Тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүретiн кеден нарядының ауыстыру мiндеттi түрде қабылдап алу-беру актiсiн жасау және кедендiк алып жүру туралы жаңа шешiмдi қабылдау арқылы тек кедендiк алып жүрудi қабылдап алу-беру пункттерiнде ғана жүзеге асырылады.
      Кедендiк алып жүрудi қабылдап алу-беру пункттерi әдетте тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындарында орналасады және оларды аумақтық бөлiмшелердiң ұсынымы бойынша орталық кеден органы бекiтедi

      21. Авария немесе жойқын күштiң әсерi жағдайында кеден наряды тасымалдаушыға оның мiндеттерiн атқаруға жәрдем көрсетедi. Көлiк оқиғасы туралы хаттама кеден наряды басшысының қатысуымен жасалады.

  7. Тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау кезiндегi
кедендiк алып жүрудiң ерекшелiктерi

      22. Кедендiк алып жүрудi жүзуге асыру кезiнде бiр кеден наряды 10 аспайтын автокөлiк құралдарын алып жүредi. Кеден нарядының жеке құрамы алдыңғы және соңғы көлiк құралында орналасады. Алып жүретiн көлiк құралдарының жүруi және тоқтауы кезiнде кеден наряды колоннаның екi жағын да бақылайды.

      23. Алып жүретiн көлiк құралдарының бiреуi жарамсыз болған жағдайда, бүкiл колонна жөндеу аяқталғанға дейiн тоқтайды. Аварияның немесе көлiк құралының сынуы салдарынан тауарды басқа көлiк құралына қайта тиеу кезiнде көлiктiң жүктiк бөлiгi пломбаланады. Бұл ретте, кеден наряды тауарды басқа көлiк құралына қайта тиеу туралы екi данадағы акт жасайды, онда тауарды қайта тиеудiң себептерi, тауардың мөлшерi мен басқа да ерекшелiктерi, ескi және жаңа пломбаның нөмiрлерi көрсетiледi. Пломбаны салудың мүмкiн болмайтындығы актiде көрiнiс табады. Актiге кеден нарядының басшысы және тасымалдаушы қол қояды. Актiнiң екiншi данасы баратын кеден органына ұсынылады.

      24. Адамдардың өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiптi болып табылатын тауарларды (химикаттар, радиоактивтiк және жарылғыш заттар және т.б.) кедендiк алып жүру жағдайында, кедендiк алып жүру қауiптi жүктердi тасымалдау және қауiпсiздiк шаралары ережелерiнде белгiленген талаптар сақтала отырып күшейтiлген кеден наряды жағдайында жеке көлiк құралында жүзеге асырылады.

  8. Кеден нарядын құру

      25. Кеден наряды көлiк құралдарының түрiне, санынан, тасымалдаудың мерзiмi мен шарттарына, тасымалданатын тауардың сипатына, сондай-ақ нарядтың құрамына ықпал етуi мүмкiн басқа да факторларға сүйене отырып құрылады.

      26. Кеден нарядының жеке құрамын оқпен атылатын қарумен, арнаулы құралдармен және жеке қорғаныс құралдарымен қаруландыру алу жүру бағдарының жедел жағдайларына сүйене отырып белгiленедi.

      27. Кеден нарядында:
      1) Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттар;
      2) пломбалау қондырғысы;
      3) қажет болған жағдайларда - бару-келу жолына азық-түлiк немесе азық-түлiктiк - жол ақшалары, ас дайындауға және қабылдауға, сондай-ақ ауызсу сақтауға арналған ыдыс-аяқ, күзеттiк киiм жиынтықтары, жолда бiр тәулiктен артық болатын жағдайда кеден нарядының бүкiл құрамына арналған төceк-орындар, медициналық дәрi қобдишасы, ракета атқыш, белгiберушi қызыл жалаушалар мен қызыл түстi жарық сүзгiштерi бар шамдар, байланыс құралдары болуы тиiс.

      28. Баратын кеден органының кеден наряды кедендiк алып жүрген жағдайда, аталған кеден наряды мұндай шешiм қабылданғаннан және келiсiлгеннен кейiн 24 сағаттың iшiнде жөнелтушi кеден органына келуi және өзiнiң кедендiк алып жүру жөнiндегi мiндеттерiне кiрiсуi тиiс. Жөнелтушi кеден органы кеден нарядын қарсы алуды және оған нұсқама берудi қамтамасыз етуi тиіс.

      29. Кеден нарядын жөнелтудiң алдында кеден нарядының жеке құрамына нұсқама өткiзiледi, оның денсаулық жағдайы, жабдықталуы, қызметтiк мiндеттерiн бiлуi, қару-жарағы мен арнайы құралдарының жай-күйi тексерiледi. Кеден наряды кедендiк алып жүрудi белгiленген үлгiдегi нысанды киiмде жүзеге асырады.

                                        Қазақстан Республикасының 
                                         Кедендік бақылау агенттігі
                                               төрағасының
                                          2003 жылғы 12 мамырдағы
                                        N 197 бұйрығымен бекітілген
                                       Тауарлар мен көлік құралдарын
                                        кедендік алып жүру ережесіне
                                                1-қосымша

КЕДЕНДIК АЛЫП ЖҮРУ ТУРАЛЫ
N__ ШЕШIМ

Күні                                    Шешiмнiң қабылданған жерi

      Кеден органының лауазымды адамы кедендiк бақылаумен ЖБҚ бойынша өткiзiлген тауарлардың материалдарын және кедендiк
бақылау мен ресiмдеу үшiн ұсынылған тауарға iлеспе құжаттар:
      1. тауар-көлiктiк құжаттарды;
      2. комерциялық құжаттарды;
      3. кедендiк және басқа да құжаттарды қарап,

МЫНАНЫ БЕЛГIЛЕДI:

      1. Тiркеу нөмiрi________, __________________маркалы автомашина Қазақстан Республикасының аумағы бойынша (жүру бағдары) кедендiк бақылаудағы тауарларды (тауарлардың атауы) өткiзеді.
      2. Тауарлардың кедендiк алып жүру рәсiмiн қолдану үшiн негiздеме болатын сипаты мен мәртебесi - __________________________.
      3. Кеден органында тасымалдаушының бұрын тауарлардың жетiспеушiлiгi, кеден ережелерін бұзу фактiлерiне жол бергендiгi туралы мәлiметтер жоқ (бap).
      4. Жоғарыда көрсетiлген көлiк құралы Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес лайықты түрде жабдықтал(ма)ған, кеден органына Тауарларды кеден мөрлерiмен және пломбаларымен тасымалдауға рұқсат ету туралы куәлiк ұсынылады  
(ұсынылған жоқ).
      5. Тауарларды тасымалдаушылардың (жөнелтушiлердiң, алушылардың) уәкiлеттi банктiң кепiлдемесi түрiндегi кеден баждары мен салықтарының төленуiнiң қамтамасыз етiлуi ұсынылды (ұсынылған жоқ).
      6. Тауарларды тасымалдаушылардың (жөнелтушiлердiң, алушылардың) кеден баждары мен салықтарының төлеуге жататын сомасын кеден органының депозитiне енгiзу арқылы кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiнiң қамтамасыз етiлуi ұсынылды (ұсынылған жоқ).
      Айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн, Қазақстан Республикасындағы кедендiк алып жүру ережесiн, Қазақстан Республикасындағы басқа да нормативтiк құжаттарды басшылыққа ала отырып 

ШЕШТI:

      1. Тiркеу нөмiрi _______________________,_____________маркалы
автокөлiк құралы _______________________ кеден органынан ___________
____________________________________кеден органына дейiн кедендiк алып жүру жүзеге асырылсын.
      2. Кедендiк алып жүргендiк үшiн алымдар Кодекстiң 296-бабында белгiленген _____________ есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша _______
теңге сомасында алынсын.

      Кеден органының бастығы                         Т.А.Ә.

      M.O.

      Шешiммен таныстым, келiсемiн __.__.200_ж. ____________________
                                      (тасымалдаушының Т.А.Ә., қолы)

      Төлендi "___"___________200__ ж.
      Кедендiк алып жүргендiк үшiн кеден алымдарының төленгендiгiн растайтын құжат

      N_____"____"______________200__ ж.

      Құжаттар дайындауды және төлемдердiң түсуiн тексерудi ТЖББ инспекторы ________ ___________  _______________________ жүргізді 
           (атағы)   (лауазымы)  (Т.А.Ә., қолы, Ж.Н.М.)

                                         Қазақстан Республикасының 
                                         Кедендік бақылау агенттігі
                                               төрағасының
                                          2003 жылғы 12 мамырдағы
                                        N 197 бұйрығымен бекітілген
                                       Тауарлар мен көлік құралдарын
                                        кедендік алып жүру ережесіне
                                                2-қосымша
 
  "Бекітемін"            
аумақтық кеден органының бастығы 
_______________Т.А.Ә.            
"___" __________ 200__ жыл       

                      N _____ жоспар-тапсырма

1. Кеден нарядының құрамы:

2. Қару-жарақ, арнайы құралдар:

3. Жұмыс уақыты "__" _______ 200_ж.-дан "__" ________ 200_ж.-дейін

4. Кеден нарядының жүру бағдары:

5. Іссапарға тапсырма

Кеден органы
бөлімшесінің бастығы                                Т.А.Ә.

                                         Қазақстан Республикасының 
                                         Кедендік бақылау агенттігі
                                               төрағасының
                                          2003 жылғы 12 мамырдағы
                                        N 197 бұйрығымен бекітілген
                                       Тауарлар мен көлік құралдарын
                                        кедендік алып жүру ережесіне
                                                3-қосымша

                     Кедендік алып жүруді
                      қабылдап алу-беру
                            актісі

____________________________       "___" ____________ 200_ жыл
   (елдi мекеннiң атауы)

Мемлекеттiк нөмiрi ________________________________________________
Көлiк құралымен _________________________________________ кедендік
                        (көлiк құралдарының атауы)
бақылаумен ________________________________________________________

_____________________________________________ жол жүретін тауарды
наряд басшысы _________________________________________ тапсырды,
       (жөнелтуші кеден органының атауы, Т.А.Ә., лауазымы)

наряд басшысы _______________________________________ қабылдап алды.
         (баратын кеден органының атауы, Т.А Ә., лауазымы)

Тауарға iлеспе мынадай құжаттар бар:

              (ЖКД, УКД, жүк құжаттарын және т.б. NN)

Тауар (көлiк құралы) өзгерiссiз жағдайда, жүк бөлiмдерi ___________
N _________ пломбаларымен сүргiленген.
Қосымша N _________ пломбалары салынды
Наряд басшысы ______________________   ____________________________
            (кеден органының атауы,         (Ж.Н.М. нөмiрi, қолы)
               лауазымы, Т.А.Ә.)

                                                4-қосымша

       Алып жүрілетін тауарлар мен көлік құралдарының
                  есебін жүргізу журналы

   !Кедендік алып!Күні! Жеткізі.!  Алып   !  Тауардың   !  Төлем
р/б! жүру туралы !    !  луді   ! жүретін !атауы көлемі,!құжатының
N !   шешімнің  !    ! бақылау !автокөлік!көлік құралы.!  нөмірі
   !нөмірі, жос. !    !құжатының!құралының!  ның мем.   !
   !пар-тапсырма,!    ! нөмірі  !  мем.   !   нөмірі    !
   !қабылдап алу !    !         ! нөмірі  !             !
   ! беру актісі !    !         !         !             !

1 !      2      ! 3  !    4    !    5    !      6      !    7

      кестенің жалғасы:
_______________________________________________________
Жөнелтушінің!  Алушының  ! Баратын  ! Наряд  ! Наряд
  деректері !  деректері !  кеден   ! басшысы!басшысының
(мекен-жайы,!(мекен-жайы,!  органы  !(Т.А.Ә.)!  қолы
атауы және ! атауы және !          !        !
    т.б.)   !    т.б.)   !          !        !
-------------------------------------------------------
      8     !     9      !    10    !   11   !   12

      Журнал іс номенклатурасында тіркелген, бауланған, нөмірленген
және Қазақстан Республикасы кеден органының мөрімен сүргіленген
болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының     
Кедендік бақылау агенттігі    
төрағасының            
2003 жылғы 12 мамырдағы      
N 197 бұйрығымен         
бекітілген            

  Кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiнiң
қамтамасыз етiлгендiгiн растайтын құжатты
толтыру мен ұсынудың ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiнiң қамтамасыз етiлгендiгiн растайтын құжатты толтыру мен ұсынудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кодекс)  77-бабына сәйкес әзiрлендi және кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiнiң қамтамасыз етiлгендiгiн растайтын құжатты (бұдан әрi - ҚРҚ) қолданудың, ұсынудың тәртiбiн айқындайды.

      2. Кедендiк бақылаумен орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдары ҚРҚ пайдалана отырып iшкi кедендiк транзит рәсiмдерiмен Қазақстан Республикасының кеден аумағы бойынша өткiзiлуi мүмкiн.

      3. ҚРҚ кедендiк бақылаумен орналастырылған, өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының бiр партиясына ресiмделедi.

  2. ҚРҚ тiркеудiң және толтырудың тәртiбi

      4. ҚРҚ тiркеуге кеден органы тек Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен кеден төлемдерi мен салықтарының төленуi қамтамасыз етiлгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.

      5. ҚРҚ төлеушi өтiнiшiнiң негiзiнде берiледi. Өтiнiште кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз етудi енгiзудiң мақсаты көрсетiледi.

      6. Егер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (бұдан әрi - СЭҚ) Қазақстан Республикасының резидентi болып табылса, өтiнiшке сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп кәртiшкесiнiң көшiрмесi қоса тiгiледi.

      7. Төлеушi кәсiпорын басшысының, бухгалтерiнiң қолымен және мөрiмен расталған ҚРҚ-ны белгiленген нысанда (1-қосымша) екi данада ресiмдейдi.

      8. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз етудiң шын мәнiнде енгiзiлгендiгiн тексергеннен кейiн, кеден төлемi және тауардың жеткiзiлуiн бақылау бөлiмiнiң қызметкерi төлеушi көрсеткен деректер мәлiметтерiнiң дұрыстығын жеке нөмiрлi мөрiмен және қолымен растайды.

      9. ҚРҚ-ға кеден органының бастығы немесе оны ауыстырушы адам қол қояды. Берiлген ҚРҚ-ы кеден органының елтаңбалық мөрiмен расталады.

      10. Кеден органының қызметкерi белгiленген нысан бойынша (2-қосымша) жеке журналда тiркейдi.

      11. ҚРҚ-ға тiркеу нөмiрi мынадай сызба бойынша жасалатын тiркеу нөмiрi берiледi:
      11111/22334/55555, мұнда:
      11111 - ҚРҚ-ны тiркеген кеден органдарының коды,

      55555 - тiркеу журналы бойынша ҚРҚ-ның реттiк нөмiрi.

      12. ҚPҚ-ның бiрiншi данасы CЭҚ қатысушыға кедендiк бақылаумен орналастырылған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткiзудi жүзеге асыру үшiн берiледi, екiншi данасы ҚРҚ-ны берген кеден органында сақталады.

  3. ҚPҚ-ны қабылдаудың тәртiбi

      13. Жөнелту кеден органында ҚРҚ-ның бiрiншi данасы ұсынылады.
      14. ҚРҚ-ның келесi жағындағы бағандарға сәйкес жөнелту кеден органының қызметкерi iшкi кеден транзитi рәсiмiнiң ашықтығы туралы белгiнi қояды.

      15. ҚРҚ-ы СЭҚ қатысушыға қайтарылады ал ҚРҚ-ның көшiрмесi (екi жағының да) жөнелту кеден органында жеткiзулi бақылау құжатының бiрiншi данасымен бірге сақталады.

      16. Кеден төлемдерi мен салықтарын қамтамасыз етудi қайтару үшiн немесе есепке жатқызуды жүргiзу үшiн, төлеушi өтiнiшпен бiрге құжаттар тiркелген кеден органына жүгінуi тиіс.
      17. Өтiнiшке ҚРҚ-ның түпнұсқасы қоса берiледi.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 386   бұйрығымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) .

      18. Кеден органының қызметкерi ҚРҚ-да көрсетiлген қамтамасыз етудi пайдалану туралы мәлiметтердi тексередi. ҚРҚ-ның келесi жағындағы тиiстi бағанға құжаттың пайдаланылуы туралы қорытынды енгiзiледi. Осы жазба кеден төлемдерi мен салықтары бойынша қамтамасыз етудi қайтару немесе есепке жатқызуды жүргiзу үшiн негiз болып табылады.

                                         Қазақстан Республикасының
                                         Кедендік бақылау агенттігі
                                                 төрағасының
                                          2003 жылғы 12 мамырдағы
                                         N 197 бұйрығымен бекітілген
                                            Кеден төлемдері мен
                                          салықтарының төленуінің
                                          қамтамасыз етілгендігін
                                         растайтын құжатты толтыру
                                            мен ұсыну ережесіне
                                                  1-қосымша

   Кеден төлемдерi мен салықтарының төлеушiнiң қамтамасыз
     етiлгендiгiн растайтын N 11111/22334/55555 құжат

      1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы туралы мәлiметтер 
(атауы деректемелер): ____________________________________________

      2. СТН _____________________________________________________
      3. Келiсiм-шарт (бap болған кезде): ________________________
      4. Алушы ___________________________________________________
      5. Тасымалдаушы ____________________________________________
      6. Тауарлардың жалпы фактуралық құны (келiсiм-шарт
валютасында): ____________________________________________________
      7. Валюта келiсiм-шарты: ___________________________________
      8. Тауарлар және алдын ала есептелген кеден төлемдерi мен 
салықтардың сипаттамасы

р/б|Тауардың |СЭҚ ТН|Фактуралық |Салмағы|Төлем | Ставкасы |Сомасы
N | атауы   | коды |құны (теңге|       | түрi |          |
   |         |      |   мен)    |       |      |          |

Жиынтығы:

      9. Қамтамасыз ету түрi (сызу керек):
      7.1 кепiл;
      7.2 банктiк кепiлдеме;
      7.3 кеден органының депозиттік шотына ақша енгiзу:
      7.4 сақтандыру келiсiмi.
      10. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз етудiң
негiздiгi туралы куәландырылатын құжаттың нөмiрi: ______________
      11. Қамтамасыз етiлудi енгiзудiң мақсаты ____________________

Кәсiпорынның басшысы                  Тексерiлдi
M.O.                       Кеден органының лауазымды адамы ________
                           Кеден органының лауазымды адамы ________

      Кеден төлемдері мен салықтарының төленуінің қамтамасыз 
етілгендігін растайтын N 11111/22334/55555 құжаттың сыртқы жағы

      Жөнелтуші кеден органы Жеткізілуін бақылау құжатын 
(бұдан әрі - ЖБҚ) ресімдеу кезінде толтырылатын деректер:

ЖБҚ|Тауардың|Тауардың|Валюта.|Жеткізілу | Жөнелтуші кеден органы
N | салмағы|фактура.|  ның  |  күні    | лауазымды адамының жеке
   |        |лық құны| коды  |          |   нөмірлі мөрінің мөр
   |        |        |       |          |       таңбасы, қолы

1      2       3        4        5                  6

      Құжаттың пайдаланылғандығы туралы қорытынды

  кедендік бақылаумен тауардың  |      Жөнелтуші кеден органы
жеткізілгендігін растау туралы  |  лауазымды адамының жеке нөмірлі
        куәліктің N             |    мөрінің мөр таңбасы, қолы

            2                                    6

             ______________________ ҚБҚ ресімдеген кеден органы лауазымды
адамының жеке нөмірлі мөрінің мөр таңбасы, қолы

                                            Қазақстан Республикасының
                                         Кедендік бақылау агенттігі
                                                 төрағасының
                                          2003 жылғы 12 мамырдағы
                                         N 197 бұйрығымен бекітілген
                                            Кеден төлемдері мен
                                          салықтарының төленуінің
                                          қамтамасыз етілгендігін
                                         растайтын құжатты толтыру
                                            мен ұсыну ережесіне
                                                  2-қосымша 

         Кеден төлемдері мен салықтарының төленуін 
         қамтамасыз етілгендігін растайтын құжатты
                       тіркеу журналы

   |Төлеу.|Кәсіпорын.|Салық |Келісім-|Тауар.|Факту.|Қамта.| Қамта.
р/б|шінің | ның және |төлеу.|шарттың | дың  |ралық |масыз | масыз
N |атауы | ұйымның  |шінің |   N    |сипаты| құны | ету  |  ету
   |      |  жалпы   |тіркеу|        |      |(тең. |сомасы|  түрі
   |      |жіктеушісі|нөмірі|        |      |гемен)| (тең.|
   |      | бойынша  |      |        |      |      |гемен)|
   |      |  коды    |      |        |      |      |      |

_____________________________________________________
Қамтамасыз|     Пайдалану     |Қоры. |ҚРҚ рәсімдеген
етудің   |   туралы белгі    |тынды | кеден органы
енгізіл.  |-------------------|      |  лауазымды
гендігін  |Жеткізі. | Жеткізу |      | адамының жеке
растау   |  луін   |  туралы |      |нөмірлі мөрінің
құжатының |бақылау  |куәліктің|      | мөртаңбасы,
   N      |құжатының|    N    |      |     қолы
          |    N    |         |      |
-----------------------------------------------------
    10    |   11    |   12    |  13  |      14

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262388
    Қазақ тілінде 130999
    Орыс тілінде 130495
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы