Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі N 400 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3116. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.07.11 № 360 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 қыркүйектегі N 345 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 19-бабының 12-тармақшасына және 433-бабының 2-тармағына сәйкес, "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңына, "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес бұйырамын:Қараңыз.K100296
      1. Қоса беріліп отырған Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінің, кедендерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төрағаның
      міндетін атқарушы

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының         
      Энергетика және минералдық        
      ресурстар министрлігінің          
      Атом энергетикасы жөніндегі       
      комитетінің төрағасы              
 
             27 қыркүйек 2004 ж.      

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық- 
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің төрағасы

      27 қыркүйек 2004 ж.

"Кеден органдарының Қазақстан   
Республикасының мемлекеттік (кеден)
шекарасы арқылы өткізу пункттерінде
радиациялық бақылау       
жүргізу ережесін бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасының Кедендік
      бақылау агенттігі төрағасының  
2004 жылғы 4 қыркүйектегі    
      N 400 бұйрығымен бекітілген   

  Кеден органдарының Қазақстан Республикасының
мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу
пункттерінде радиациялық бақылау
жүргізу ережесі

       Ескерту: Атауында және бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік шекарасында", "мемлекеттік шекарасы арқылы" деген сөздер "мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде" деген сөздермен ауыстырылды;
      "мемлекеттік шекара" деген сөздер "мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 қыркүйектегі N 345 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан қараңыз).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексі 19-бабының 12-тармағына және 433-бабының 2-тармағына, "Атом энергиясын пайдалану туралы", "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1996 тіркелген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 3 қыркүйектегі N 65 бұйрығымен бекітілген Радиоактивтік материалдарды қауіпсіз тасымалдау ережесі (бұдан әрі - РМҚТЕ-99), Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 1999 жылғы 9 желтоқсандағы N 10 қаулысымен бекітілген "Санитарлық ережелер N 2.6.1.758-99 "Радиациялық қауіпсіздік нормалары" (бұдан әрі - РҚН-99), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2198 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 97 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі санитарлық ережелері мен нормалары" (бұдан әрі - СЕжН) нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.Қараңыз.K100296K090193

      2. Тауарлар мен тасымалдау заттарын радиациялық бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кедендік бақылау түрлерінің бірі бола отырып, ядролық қару мен ядролық материалдарды таратпау, радиоактивтік материалдарды (бұдан әрі - РМ), иондаушы сәулеленудің жоғары деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу кезінде кеден ережелерін бұзушылықтардың алдын алу халықаралық режимінің сақталуына бағытталады.
      Радиациялық бақылауға Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінен өтетін жеке тұлғалардың, тауарлар мен көлік құралдарының барлығы да ұшырайды.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінен өткізілетін объектілерді радиациялық бақылау, шешілетін міндеттер ескеріле отырып, мынадай бағыттардан тұрады:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде иондаушы сәулелену деңгейі жоғары радиоактивтік материалдардың, тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін кедендік бақылау;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына радиациялық бақылау жүргізуді ұйымдастырудың негізгі ережелері мен тәртібін айқындау; 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде тауарлар мен көлік құралдарына радиациялық бақылау жүргізудің жалпы өлшемдері мен тәсілдерін айқындау;
      жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар РМ, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізу фактілері анықталған жағдайда радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асырудың өлшемдерін айқындау.

      4. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
      1) иондаушы сәулелену көзі - иондаушы сәулелену шығаратын немесе шығара алатын радиоактивтік зат немесе қондырғы;
      2) мөлшердің қуаты - уақыт бірлігі (секунд, минут, сағат) ішіндегі сәулелену мөлшері;
      3) радиоактивтік материалдар - оларда белсенділік концентрациясы (үлесті белсенділік), сондай-ақ толық белсенділік РМҚТЕ-99 71-76-тармақтарымен немесе тиісінше МАГАТЭ/N TS-R-1 (ST-1 Revised)/ Ережесінің 401-406-тармақтарымен регламенттелетін мәндерден артық болады;
      4) радиациялық авария - адамдардың белгіленген нормалардан жоғары сәулеленуіне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік ластануына әкеп соқтыруы мүмкін немесе әкеп соқтыратын радиоактивтік өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелену жобада көзделген қалыпты пайдалану шекарасынан шығатын атом энергиясын пайдалану объектісін қауіпсіз пайдалану шектерін бұзу;
      5) радиациялық бақылау - дозиметрлік және радиометрлік бақылауды қамтитын радиациялық жағдай туралы ақпарат алу;
      6) орам - радиациялық қауіптің белгілері бар тасымалдау үшін ұсынылған түрдегі оның радиоактивті құрамы бар орау жиынтығы;
      7) сәулелену деңгейі - мөлшердің милли зиверт сағатына (мк3в/сағ.) бейнеленген тиісті қуаты;
      8) радионуклидтің үлестік белсенділігі - аталған нуклидтің масса бірлігіне арналған белсенділігі. Материалдың үлестік белсенділігі - радиоактивті материалдың массасы бірлігіне граммдағы беккерельге бейнеленген белсенділігі (Бк/г).

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде тауарлар мен көлік құралдарын
радиациялық бақылау

      5. Пайдаланылатын аппаратураның класын ескере отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) бастапқы радиациялық бақылау;
      2) қосымша радиациялық бақылау;
      3) терең радиациялық зерттеу;
      4) сараптама.
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық базасына сәйкес барлық радиациялық бақылау кезеңдерінде радиациялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануы тиіс.

      6. Тауарлар мен көлік құралдары легінің арасынан жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар (табиғи радиациялық жағдайға қатысы бойынша) объектілерді жедел анықтау және жою бастапқы радиациялық бақылаудың мақсаты болып табылады.
      Бастапқы радиациялық бақылауды тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылау аймағына орналасуын бақылайтын және кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      7. РМ кедендік бақылаудың (бұдан әрі - РМ КБ) техникалық құралдарын - РМ табудың стационарлық аппаратурасын, ал ол болмаған кезде немесе жарамсыз болғанда - жылжымалы радиациялық бақылау аппаратурасын пайдалану бастапқы радиациялық бақылаудың негізгі нысаны болып табылады.
      Бастапқы радиациялық бақылау аппаратурасының қайталап пайдаланылғандығын растайтын РМ КБ техникалық құралдарының тұрақты (жалған емес) жұмыс істеуі жоғары деңгейлі иондаушы сәулелену ретіндегі тексерілетін объект жіктелуінің өлшемі болып табылады.
      Бастапқы радиациялық бақылау кезінде анықталған жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объектілер тауарлар мен көлік құралдарының жалпы бөлігінен бөлінеді. Бөлінген объектілер қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін кеден органының уәкілетті адамы белгілейтін белгілі бір кедендік бақылау аймағы учаскесіне (тауарлар мен көлік құралдарының жалпы массасынан 15-20 метр қашықтыққа алшақтатылған ашық алаң, жеке үй-жай) орналастырылады.

      8. РМ анықтаудың стационарлық аппаратурасы нейтрон арнасы бойынша іске қосылған жағдайда кеден органы қызметкерлерінің иондаушы сәулелену көздерін локализациялау мен бірдейлендіру жөніндегі одан арғы әрекеттері нейтрондық сәулелену детекторлары бар РМ КБ өлшеу құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      9. РМ анықтаудың стационарлық кедендік жүйесінің немесе жылжымалы аппаратураның әрбір дыбыстық немесе жарықтық сигнализациясының іске қосылуы белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) РМ анықтаудың стационарлық кедендік жүйесінің немесе жылжымалы аппаратураның іске қосылуын тіркеу журналында (бұдан әрі - Журнал) тіркеледі.

      10. Мыналар:
      1) бастапқы радиациялық бақылаудың нәтижелері;
      2) жедел іздестіру қызметі субъектілерінен жедел ақпараттар алу;
      3) тауарға ілеспе құжаттарды тексерудің нәтижелері;
      4) РМ және радионуклидтердің жоғары мөлшері бар тауарлардың болуының белгілерін анықтау, оның ішінде қорғаушы контейнерлерге (орамдарға) тән радиациялық қауіптілік белгілерін анықтау тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

      11. Қосымша радиациялық бақылаудың мақсаттары:
      1) РМ анықтау аппаратурасының іске қосылу себептерін анықтау;
      2) жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объектілерді іздестіру және локализациялау, объектінің радиациялық сипаттамаларын орау ыдыстарын немесе көлік құралын ашпастан гамма және нейтронды сәулелер бойынша өлшеу;
      3) объектінің радиациялық қауіптілігі дәрежесін бағалау болып табылады.

      12. Қосымша радиациялық бақылауды тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылау аймағына жеткізілуін бақылайтын және кедендік тексеруді жүзеге асыратын арнайы даярлықтан өткен кеден органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ РМ КБ бөлімінің (қызметінің) қызметкерлері жүзеге асырады.
      Қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін Мемлекеттік тексеруден өткен дозиметрлік және радиометрлік аппаратура пайдаланылуы тиіс.
      Иондаушы сәулеленудің жоғары деңгейі бар объектілерді іздеу және локализациялау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк ыдыстарын ашу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Орамдарды ашуға тыйым салынады.
      Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша радиациялық бақылау жүргізу барысында мынадай талаптар орындалуы тиіс:
      1) жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объект мүмкіндігінше алыс қашықтыққа (тұрғын үйлер мен қызметтік үй-жайлардан 20 метрден кем емес) аластатылуы тиіс;
      2) кеден органдары лауазымды адамдарының жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объектілерінің маңайында болу уақыты шектеулі болуы тиіс;
      3) 3 метрден кем емес қашықтықтан айқын көрінетін радиациялық қауіпсіздікті ескерту белгілерінің болуы (қоршаудың қойылуы).

      13. Қосымша радиациялық бақылау тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылауды жүргізу әдістемесі бойынша жүргізіледі (2-қосымша).

      14. Объект бетіндегі гамма сәулелену мөлшерінің үш қуат өлшемінің (Қөлш) орташа арифметикалық мәні шамасының 0,5 Нф шамасына кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фоны мәнінен (Нф) артығын қабылдау терең радиациялық зерттеу жүргізу қажеттігін айқындайтын ден қою өлшемі болып табылады, яғни Қөлш.= 1,5 Нф,
      Мұнда, Қөлш - гамма сәулелену мөлшерінің үш қуат өлшемінің орташа арифметикалық мәнінің шамасы, ол мынадай өрнек бойынша есептеледі:
      Қөлш = 1/3 Қөлш.і, (і = 3 болғанда)
      Мұнда Қөлш.і - объект бетіндегі гамма сәулелену мөлшері қуатының мәні;
      Нф - кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фон гамма сәулелену мөлшері қуатының мәні.

      15. Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы мәліметтер журналына (бұдан әрі - Журнал) (3-қосымша) енгізіледі.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 қыркүйектегі N 345 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз).

      16. Тексерілетін объектінің жоғары иондаушы сәулелену деңгейі және онда РМ бар екендігін растайтын қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері терең радиациялық зерттеу жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

      17. Терең радиациялық зерттеудің мақсаты максималды мүмкін болатын локализациялау мен тексерілетін объектідегі РМ бастапқы бірдейлендіру болып табылады.

      18. Терең радиациялық зерттеуді РМ КБ бөлімінің (қызметінің) лауазымды адамдары жүзеге асырады, не Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қызметкерлері шақырылады.

      19. Терең радиациялық зерттеуді жүргізу үшін Мемлекеттік тексеруден өткен спектрометриялық және радиометриялық аппаратура пайдаланылады.

      20. Сәулелену көзін іздестіру және локализациялау радиометриялық аппаратураның көмегімен іздестіру режимінде жүргізіледі.

      21. Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объектілерді іздестіру және локализациялау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк орындарын және орамдық ыдыстарды ашу радиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуы тиіс.

      22. Терең радиациялық зерттеу мен көлік құралдарына терең радиациялық бақылауды жүргізу әдістемесі бойынша жүргізіледі (4-қосымша).

      23. Терең радиациялық тексеру нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің біреуі қабылданады:
      1) тауарды жүкті жөнелтушіге қайтару туралы;
      2) тауарды сараптамаға жіберу туралы;
      3) тауарды мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу туралы.
       Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 қыркүйектегі N 345 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан қараңыз).

      24. Сараптама жүргізуге арналған жолдама және тауарды терең радиациялық зерттеудің нәтижелері бойынша тауарлар мен көлік құралдарына сараптама тағайындау туралы қаулы сараптама жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
      Радиациялық жүкке сараптама Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 58-тарауына сәйкес жүргізіледі. Қараңыз.K100296

      25. Тауарды сараптамаға беру және оны тасымалдау радиациялық қауіпсіздіктің тиісті шаралары мен нормаларын сақтай отырып РМ КБ қызметі лауазымды адамдарының бақылауымен жүзеге асырылады.
      Сараптаманың нәтижелері Журналға енгізіледі.

      26. Сараптаманың нәтижелері бойынша кеден органы мынадай шешімдер қабылдайды:
      1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау немесе қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізу туралы;
      2) тауарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізу туралы.

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден)
шекарасы арқылы өткізу пункттері
арқылы өткізілетін радиоактивтік материалдарға
кедендік бақылау жүргізуді ұйымдастыру
және оның әдістемесі

      27. "Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сыртқы экономикалық қызметінің жалпы Тауар номенклатурасы туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 567 қаулысымен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі Тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауар позицияларына кіретін тауарлар басым кедендік бақылауға жатады. Мұндай тауарлар мыналар болып табылады:
      1) 2612 - урандық немесе торийлік кендер мен концентраттар;
      2) 2844 - химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және шығарылатын химиялық элементтер мен изотоптарды қоса алғанда) және олардың қосылыстары; осы өнімдерді қамтитын қосындылар мен қалдықтар;
      кіші субпозицияға кіретін тауарларға арналған:
      3) 8401 300 000 0 - жылу бөлетін элементтер (твэлдар), сәулеленбеген (ядролық реакторларға арналған);
      4) 9022 тауар позициясының құралдары мен жабдықтарының құрамына кіретін радиоизотоптық бұйымдар - альфа, бетта немесе гамма - немесе нитронды сәулелерді пайдалануға негізделген аппаратура.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілетін РМ кедендік бақылау Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.Қараңыз.K100296

      28. РМ өткізілімдерін кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне, Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес РМ КБ қызметтерімен (бөлімдерімен) бірлесіп кедендік ресімдеу бөлімшелері (бұдан әрі - КББ/КБ) жүзеге асырады.

      29. Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің басшылары Брест қаласындағы кеңесінің 2000 жылғы 22 маусымдағы N 73 шешімімен бекітілген жүк кедендік декларацияларды (бұдан әрі - ЖКД) тексеру кезінде РМ КБ қызметінің (бөлімінің) лауазымды адамдары мынадай мәлімделген мәліметтерге назар аударуы қажет:
      1) ЖКД-ның қосылыстың атауы туралы 31-бағанына (изотоптармен белгіленген қосылыстар үшін). Экспортқа қойылатын химиялық қосылыстар мен радиоактивті изотоптармен белгіленген өзге де заттар номенклатурасының арасында экспорты Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық кесімдермен бақыланатын өнім болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген тауарларды кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті белгіленген тәртіппен беретін лицензиялар болған жағдайда жүргізіледі;
      2) РМ өткізу кезінде арнайы контейнерлер туралы, оның ішінде:
      радиоактивті материалдарды тасымалдауға немесе сақтауға арналған радиацияға қарсы қорғасын жабындысы бар (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 7806 00 1000);
      радиоактивтік заттарды тасымалдауға арналған радиацияға қарсы қорғасын немесе уран жабындысы бар (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 8609 00 9009);
      иондаушы сәулеленудің нейтронды көздерін тасымалдауға арналған арнайы контейнерлер туралы;
      3) РМ тасымалдауға арналған контейнерлердің зауыттық нөмірлері туралы.
      Құжаттамалық бақылау жүргізілгеннен кейін КББ/КБ бастығы, не оның орнындағы адам РМ КБ бөліміне (қызметіне) декларацияланатын тауарға кедендік тексеруді жүзеге асыруға тапсырма жазады.

      30. РМ кедендік тексеру СежН талаптарына жауап беретін көрсетілген мақсаттар үшін арнайы көзделген үй-жайларда жүргізіледі.
      РМ тексеру заңдылықтың сақталуы, жеке қауіпсіздіктің және айналадағылардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, РМ КБ арнайы техникалық құралдарының мүмкіндіктері ескеріле отырып, РМ тексеретін адамдарға залал келтірілмеуі шартымен ЖКД-да мәлімделген және ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығын айқындауға бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді.

      31. РМ КБ қызметі (бөлімі) қызметкерлерінің РМ кедендік тексеру жүргізуі орамдағы пломбалардың бүтіндігін тексеруден басталады.

      32. Орамдағы пломбалардың бүтіндігі бұзылғандығы жағдайда:
      1) тексерілген дозиметрлердің көмегімен РМ салынған орамның бетінен 1 метр қашықтықтағы ең көп эквивалентті мөлшердің (бұдан әрі - ЕЭМ) қуаты айқындалады (көліктік индексті анықтау үшін). Егер сәулелену деңгейі радиациялық сәулеленудің қауіпсіз деңгейінен аспаса - РМ бар орамның бетіндегі мөлшердің қуаты өлшенеді. Орамдар мен көліктік пакеттердің санаттары кестесіне (5-қосымша) сәйкес орындалған өлшемдері бойынша көліктік индекстің өлшенген радиациялық сипаттамалары мен көлік санатының (беттік өлшем орындалған кезде) көліктік орам жиынтығының немесе жүк контейнерінің сыртқы беттеріне орналастырылған жапсырмалардағы таңбаларға сәйкестігі тексеріледі;
      2) гамма-спектрометрдің көмегімен орамды ашпастан изотоп айқындалады. РМ декларацияланған сипаттамаларында алшақтық анықталған жағдайда РМ сараптама жүргізу тағайындалады. Көліктің қорғаушы орамдарын ашуға тыйым салынады;
      3) ілеспе құжаттарда көрсетілген салмақты бірдейлендіру үшін РМ бар орам өлшенеді (жалпы салмағы);
      4) орамға және қорғаныстық ыдысқа (жүк контейнері) кедендік бірдейлендіру құралы басылады.

      33. Іс жүзіндегі өлшемдердің нәтижелері мен РМ декларацияланған сипаттамалардың арасында алшақтық болмаған жағдайда нысаны Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2319 тіркелген "Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру/ қарау, үй-жайлар мен аумақтарды қарау актілерінің және біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігіне қорытындылардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағаның міндетін атқарушы 2003 жылғы 21 мамырдағы N 226 бұйрығымен бекітілген кедендік тексеру актісі (бұдан әрі - Акт) үш данада жасалады.
      Бірінші дана КББ/КБ беріледі, екіншісі декларантқа беріледі, үшіншісі РМ КБ бөлімінде (қызметінде) қалады.

      34. Іс жүзіндегі өлшемдердің нәтижелері мен РМ декларацияланған сипаттамалардың арасында алшақтық болған жағдайда үш данада Акт жасалады. Актінің бірінші данасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес кейіннен іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін кеден органының анықтау қызметіне беріледі, екіншісі декларантқа беріледі, үшіншісі РМ КБ қызметінде қалады.

      35. Орамдағы пломбалардың бүтіндігі бұзылмаған жағдайда:
      1) орамдардың жапсырмаларындағы және жүк контейнерлеріндегі көліктік индекстердің, көліктік санаттардың мәндері, РМ белсенділігі, шұғылдығы бойынша қауіпсіздік индекстері (егер бөлінетін материалдар тасымалданса) тексеріледі;
      2) осы Ереженің 29-тармағына сәйкес көлік құжаттары тексеріледі.

      36. РМ мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы шешімді КББ/КБ бастығы, не оның орындағы лауазымды адам РМ құжаттамалық және кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша қабылдайды.

  4. Жеке тұлғалар мен жол жүгіне радиациялық
бақылау жүргізуді ұйымдастыру және оның әдістемесі

      37. Жеке тұлғалар мен олардың жол жүгін радиациялық бақылау РМ КБ жылжымалы, не стационарлық техникалық құралдарының көмегімен жүргізіледі.

      38. РМ КБ техникалық құралдары іске қосылған жағдайда кеден органының лауазымды адамы:
      1) жолаушыдан радиофармпрепараттармен емдеу курсынан өткендігі туралы, кардиостимулятор орнатумен байланысты жүрекке жасалған операция туралы ауызша сұрау;
      2) жолаушыда осы рәсімдердің жүргізілгендігін растайтын медициналық құжаттардың бар-жоқтығын тексеру;
      3) жылжымалы дозиметрдің көмегімен жолаушы денесіндегі және сырқат органы бөлігіндегі (қалқанша без, жүрек) баламалы доза қуатын өлшеу қажет.
      Жолаушы денесінің көрсетілген бөлігінде сәулеленудің жоғары деңгейінің бар екендігін растау емдеудің жүргізілгендігі туралы куәландырады. НРБ-99-ға сәйкес терапевтік мақсатта радио-фармацевтикалық препараттар енгізілген емделушіден 1 метр қашықтықта гамма сәулелену мөлшерінің қуаты емдеу-профилактикалық мекемесінің радиологиялық бөлімшесінен шығу кезінде 3 мкЗв/сағ. аспауы тиіс.
      Өлшеу нәтижелері жүргізілген емдеу курсы туралы нақты растау бермеген жағдайда, кеденнің тиісті лауазымды адамының рұқсатымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес РМ КБ қызметі өкілінің қатысуымен жолаушыға жеке тексеру жүргізіледі.

      39. Жеке тұлғалар мен жол жүгіне радиациялық бақылау нәтижелері бойынша кеден органы:
      1) жолаушыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізу туралы;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан арғы шараларды қабылдау үшін кеден органдарының кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерінің қарауына беру туралы шешім қабылдайды.

  5. РМ, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік
бақылаудың техникалық құралдары

      40. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылау үшін кеден органдары кедендік бақылаудың технологияларына бейімделген РМ КБ стационарлық және жылжымалы техникалық құралдарын пайдаланады. Оларға тағайындалуы және сипаты бойынша үш топқа бөлінетін дозиметриялық және радиометриялық радиациялық бақылау құралдары жатады:
      І топ - бастапқы радиациялық бақылауды жүргізуге арналған РМ КБ техникалық құралдары;
      ІІ топ - қосымша радиациялық бақылауды жүргізуге арналған РМ КБ техникалық құралдары;
      ІІІ топ - РМ бірдейлендіруге арналған РМ КБ техникалық құралдары.

      41. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өлшеу құралдары (бұдан әрі - ӨҚ) болып табылатын РМ КБ барлық техникалық құралдарының өлшеу жүргізу сәтінде тексерілуі тиіс, ал РМ КБ техникалық құралдарымен жұмыс істеуге тартылатын қызметкерлер қажетті техникалық даярлықтан өтуі және өз бетімен жұмыс істеу құқығына рұқсаты болуы тиіс.

      42. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдарына бастапқы радиациялық бақылау РМ анықтаудың стационарлық кедендік жүйелерінің әр түрлі модификацияларының (теміржолдық, автомобильдік, жолаушылық және қоймалық) немесе жылжымалы іздестіру дозиметрлерінің көмегімен жүргізіледі.

      43. Стационарлық құралдар әдетте бақыланатын объектінің екі жағында орналасатын нейтрондық және гамма сәулелену детекторларымен, сондай-ақ дыбыстық және жарықтық сигнализациямен және ақпараттарды бейнелеу қондырғысымен жарақталуы тиіс. Көрсетілген жүйелердің РМ жедел бастапқы бірдейлендіруге арналған, атап айтқанда тексерілетін объектіде РМ болуының мүмкіндігі туралы ақпарат беруге арналған датчиктердің сигналдарын өңдеудің арнайы қондырғылары болуы мүмкін.
      Арнайы автоматтандырылған жүйелер болмаған немесе істен шыққан жағдайда бастапқы радиациялық бақылау жылжымалы іздестіру дозиметрлерін пайдалану арқылы жүргізіледі.
      Тауарлардың немесе көлік құралдарының бетіндегі гамма сәулеленудің баламалық мөлшерінің қуатын өлшеу үшін гамма сәулелену дозиметрлері қолданылады.

      44. Қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін мынадай жылжымалы құралдар пайдаланылады: микропроцессорлық іздестіру дозиметрлері, радиометр-дозиметрлер, радиометр-спектрометрлері іздестіру режимінде және сәулеленудің әрбір түрі үшін датчиктермен өлшеу режимінде, рентгендік гамма сәулелену дозиметрлері.

      45. РМ-ның табиғилығы немесе жасандылығы туралы мәселені шешу үшін терең радиациялық зерттеу жүргізу үшін радиометр-спектрометрлері, жылжымалы сцинтиляциолық гамма-спектрометрлері, жартылай өткізгішті гамма-спектрометрлері пайдаланылады.

  6. Кеден органдары лауазымды адамдарының
радиациялық авариялар кезіндегі әрекеттері

      46. Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде РМ тасымалдау не жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде радиациялық авария болған жағдайда РМ КБ бөлімі (қызметі) 100 мкЗв/сағ. қауіпсіздік периметрін айқындайды және мынадай шұғыл шараларды жүзеге асырады:
      1) периметрі бойынша мөлшерінің қуаты 2 мкЗв/сағ. болатын қауіпті объектінің орналасқан аймағы қоршалады;
      2) қоршалған аймақтың периметрі бойынша 3 метрден кем емес қашықтықта көрінетін радиациялық қауіптілік белгілері ілінеді;
      3) аймақта және қоршау периметріндегі адамдар көшіріледі;
      4) объектіні алып жүретін адамдармен (егер ондайлар болса) бірлесіп Қазақстан Республикасының радиактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі заңнамасына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі;
      5) жергілікті өзін-өзі басқару органдары хабардар етіледі;
      6) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де шаралар қабылданады.

  7. РМ және жоғары иондаушы сәулелену деңгейі
бар тауарларды Қазақстан Республикасының
мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде
өткізулер туралы ақпарат беру тәртібі

      47. РМ және жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізу кезінде кеден ережелерін бұзудың әрбір фактісі бойынша, аумақтық кеден органы ақпаратты талдағаннан кейін бір тәуліктің ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органының тиісті бөлімшесіне хабарлайды.
      Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бір тәуліктің ішінде анықталған РМ және жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлармен әрекет етудің одан арғы тәртібін белгілейтін атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік уәкілетті органды хабардар етеді.

      48. РМ КБ техникалық құралдарының жай-күйі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілген жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар анықталған кезде қабылданған шаралар туралы мәліметтерді кеден органының бөлімшесі есеп беру тәртібімен ай сайын Қазақстан Республикасы кеден ісі мәселелері жөнінде уәкілетті органның тиісті бөлімшесіне береді.

                                   "Кеден органдарының Қазақстан    
                                Республикасының мемлекеттік (кеден)
                                шекарасы арқылы өткізу пункттерінде
                                    радиациялық бақылау жүргізу    
                                      ережесін бекіту туралы"       
                                Қазақстан Республикасының Кедендік
                                  бақылау агенттігі төрағасының    
                                    2004 жылғы 27 қыркүйектегі
                                    N 400 бұйрығына 1-қосымша

        РМ анықтаудың стационарлық жүйесінің іске
        қосылуы туралы мәліметтерді тіркеу журналы

___________________________________________________________________
Р/б|Күні|Уақы.|Атауы|Арна.|Шот|Жердің |Объек. |   Автомобильдің
N |    | ты  |     | ның |   |табиғи |тінің  |номері (т/ж көлігі
   |    |     |     |түрі |   |фоны   |нөмері | доңғалақтар жұбының
   |    |     |     |     |   |       |       |       номері)
___|____|_____|_____|_____|___|_______|_______|____________________

    Радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратурасының
    іске қосылуы туралы мәліметтерді тіркеу журналы

Р/б|күні|уақыты|Сәулеле.| Сәулелену |Жердің табиғи|Автомобильдің
N |    |      | нудің  |мөлшерінің |    фоны     |  номері (т/ж
   |    |      | түрі   |  қуаты    |             | көлігі үшін
   |    |      |        |           |             |  доңғалақтар
   |    |      |        |           |             |жұбының номері)
___|____|______|________|___________|_____________|_______________

"Кеден органдарының Қазақстан    
Республикасының мемлекеттік (кеден)
шекарасы арқылы өткізу пункттерінде
радиациялық бақылау жүргізу    
ережесін бекіту туралы"      
Қазақстан Республикасының Кедендік 
бақылау агенттігі төрағасының    
2004 жылғы 27 қыркүйектегі      
N 400 бұйрығына 2-қосымша     

Тауарлар мен көлік құралдарына қосымша
радиациялық бақылау жүргізу әдістемесі

      Жоғары иондаушы сәулеленулі, елеулі ұзындығы бар (теміржол вагоны, жүк автомобилі, контейнер) және біртекті жүк тиелген (қиыршықтас, ұнтақ, ұсақ бөлшектер) объектіні өлшеу объектінің бүйір қабырғасы ұзындығының орта сызығы бойынша (биіктігі бойынша) жүргізіледі. Өлшеу адымы - 1-3 метр.
      Құрал көрсеткіші ең көп болып тұрған нүктеде өлшеу олардың арасындағы аралықтардың ортасында және көршілес екі өлшеу нүктелерінде жүргізіледі. Бұл рәсім онда өлшелетін шама ең көп болатын нүктені өлшеу сызығы бойынша шаманы анықтағанша бірнеше рет қайталанады. Осы нүкте үшін осыған ұқсас өлшеу рәсімі тік бағытта да жүргізіледі.
      Осындай рәсім қарама-қарсы бүйір беті үшін де қайталанады. Егер құралдың осы өлшеу серияларындағы ең көп және ең аз көрсеткіштері бір-бірінен 10 еседен астам ерекшеленетін болса, көздің локальді сипаты бар және өлшенетін шаманың максимумы анықталған орында орналасқан деген болжам жасалады. Егер ең көп және ең аз шамалар 2 есе мөлшерде ерекшеленетін болса, радиацияның көзі жүктің барлық көлемі бойынша бөлінді деп санау қажет. Аралық жағдайларда радиация көзінің мөлшерлерін объекті мөлшерлермен теңдес деп санауға болады.
      Объектідегі радиоактивтік көз бар екендігі анықталғаннан және оның локализациялану дәрежесі бағаланғаннан кейін гамма сәулелену мөлшерінің қуатын, нитрондар ағымының тығыздығын, объектінің бетіндегі максимум нүктесінде объектінің альфа және бета сәулелену радионуклидтермен ластану бетінің тығыздығы өлшенеді.
      Егер объектінің мөлшері шағын болса (шабадан, сөмке), онда оның бетінде жоғары иондаушы сәулелену деңгейінің шын мәнінде бар екендігіне көз жеткізу, ол ең көп орналасқан нүктені анықтау және гамма сәулелену мөлшерінің қуатын, нейтрондар ағымының тығыздығын және объектінің альфа және бета сәулелену радионуклидтермен ластану бетінің деңгейін анықтау қажет.

                                   "Кеден органдарының Қазақстан
                                 Республикасының мемлекеттік (кеден)
                                 шекарасы арқылы өткізу пункттерінде
                                радиациялық бақылау жүргізу ережесін
                                             бекіту туралы"  
                                 Қазақстан Республикасының Кедендік
                                   бақылау агенттігі төрағасының    
                                    2004 жылғы 27 қыркүйектегі
                                     N 400 бұйрығына 3-қосымша 

       Ескерту: Қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы
министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 
7 қыркүйектегі N 345 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 
6-тармақтан қараңыз ).

        Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар
       мен көлік құралдарын мемлекеттік (кеден) шекарасы
         арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы
                      мәліметтер журналы

1. Анықталған күні: ______________________________________________
2. Өткізу пункті: ________________________________________________
3. Анықтау тәсілі: _______________________________________________
__________________________________________________________________
4. Тауардың атауы: _______________________________________________

5. Жөнелтуші: ____________________________________________________
6. Алушы: ________________________________________________________
7. Көлік құралы: _________________________________________________

8. Кедендік режим: _______________________________________________
9. Анықтаудың егжей-тегжейі: _____________________________________

10. Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері: ___________________

11. Терең радиациялық зерттеудің нәтижелері: _____________________

12. Сараптама нәтижелері: ________________________________________

13. Анықталған заттың түрі: ______________________________________

14. КЕБ туралы қаулының мазмұны: _________________________________
15. Ескерту: _____________________________________________________

"Кеден органдарының Қазақстан    
Республикасының мемлекеттік (кеден)
шекарасы арқылы өткізу пункттерінде
радиациялық бақылау жүргізу    
ережесін бекіту туралы"      
Қазақстан Республикасының Кедендік 
бақылау агенттігі төрағасының    
2004 жылғы 27 қыркүйектегі      
N 400 бұйрығына 4-қосымша     

Тауарлар мен көлік құралдарына терең
радиациялық зерттеу жүргізу әдістемесі

      Елеулі ұзындығы бар (теміржол вагоны, жүк автомобилі, контейнер) және жүк ыдысы (қораптар, жәшіктер, канистрлер) жүкпен толтырылған объектіні өлшеу әрбір жүк ыдысының бетінде жүргізіледі.
      Радиоактивтік көз дәл осы ыдыста бар екендігінің болжамы ретінде оны табылған объектіден объектінің ең үлкен төрт көлденең мөлшерінен кем емес шамаға тең қашықтыққа аластату кезіндегі құралдың көрсеткіштерінің азаюы бола алады.
      Егер ыдыс жеткілікті дәрежеде үлкен болса, радиоактивтік көзді анықталған объектінің шегінде мүмкін болатын ең көп локализациялау және нейтрондар ағымы тығыздығының максималды мәндері мен оның бетіндегі гамма сәулелену мөлшерінің қуатын, сондай-ақ альфа және бета сәулелену радионуклидтерімен ластану бетін анықтау мақсатында жоғарыда сипатталған схема бойынша қосымша өлшемдер жүргізіледі.
      Зерттелетін объектідегі сәулелену көзін локализацияланғаннан кейін ондағы РМ бастапқы бірдейлендіру жүргізіледі. Алдымен объектінің бетінде нейтрондық сәулеленудің бар-жоқтығын айқындайды (егер локализация гамма сәулелену бойынша жүргізілсе). Ол үшін гамма сәулелену мөлшері қуатының абсолюттік максимум нүктесінде нейтронды ағымының тығыздығын өлшейді. Егер көзді локализациялау нейтрондық сәулелену бойынша жүргізілсе, онда абсолюттік максимум нүктесінде гамма сәулелену мөлшерінің қуаты өлшенеді.
      Елеулі нейтрондықтың болуы (фондықтан 2-3 есе асатын) зерттелетін объектінің құрамында бөлінетін материалдардың болу мүмкіндігін куәландырады.
      Объектінің бетінде нейтрондардың тіркелетін ағымы болмаған жағдайда, жылжымалы гамма-спектрометр немесе спектрометрлік арнасы бар радиометр болса, объектіге орамды ашпастан спектрометриялық зерттеу жүргізіледі. Өлшегішті арнайы штативке гамма сәулелену мөлшерінің абсолюттік максимум қуаты нүктесіне қарама-қарсы объекті бетіне жақын немесе одан спектрометрдің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қашықтыққа орналастырады. Сәулеленудің үдемелілігіне және спектрометрдің сезімталдығына тәуелді болатын спектрді жинау уақытын таңдау радионуклидтерді сенімді бірдейлендіруге арналған жеткілікті статистикалық деректер алуды қамтамасыз етуі тиіс.

                                  "Кеден органдарының Қазақстан
                                    Республикасының мемлекеттік
                                   (кеден) шекарасы арқылы өткізу
                                   пункттерінде радиациялық бақылау
                                    жүргізу ережесін бекіту туралы"
                                  Қазақстан Республикасының Кедендік
                                    бақылау агенттігі төрағасының
                                      2004 жылғы 27 қыркүйектегі
                                       N 400 бұйрығына 5-қосымша

             Көліктік қаптамалар санатының кестесі

Шарты

Көліктік индекс     Сыртқы беттің кез-келген    Сыртқы беттің санаты
                    нүктесіндегі мейлінше көп
                    сәуле шығару деңгейі
0 (1)                 0,005 мЗв/сағ. артық емес   I - ақ

0-ден артық, бірақ  0,005 мЗв/сағ. артық,       II - сары
1 артық емес (1)      бірақ 0,5 мЗв/сағ. артық
                    емес

1-ден артық, бірақ  0,5 мЗв/сағ. артық,         III - сары
10-нан артық емес   бірақ 2 мЗв/сағ.
                    артық емес

10-нан артық        2 мЗв/сағ. артық, бірақ     III - сары  (2)
                    10 мЗв/сағ. артық емес

       (1) Егер өлшенген көліктік санаты 0,05 аспайтын болса, онда
келтірілген мән нөлге тең бола алады.
       (2) Арнайы көлікпен тасымалдануы тиіс.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262743
    Қазақ тілінде 131171
    Орыс тілінде 130678
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы