Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.04.2015 № 234 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келісім бойынша) мүдделі мемлекеттік органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 308 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама

1. Паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866 Қаулысымен.

Атауы                        Қазақстан Республикасындағы сыбайлас
                             жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
                             2011 - 2015 жылдарға арналған салалық
                             бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама)

Әзірлеу                      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
үшін негіздеме               жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан
                             Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18
                             маусымдағы Жарлығы;
                             «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
                             дейінгі Стратегиялық даму жоспары
                             туралы» Қазақстан Республикасы
                             Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №
                             922 Жарлығы

Бағдарламаны                 Қазақстан Республикасы Экономикалық
әзірлеуге және іске          қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
асыруға жауапты              күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан
мемлекеттік орган            әрі - Агенттік)

Мақсаты                      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
                             тиімділігін арттыру

Міндеттері                   Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және
                             сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
                             мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы
                             жетілдіру;
                             Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,
                             сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін
                             азайту жөніндегі мемлекеттік органдар
                             қызметінің тиімділігін арттыру; Сыбайлас
                             жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату;
                             Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
                             Осы міндеттер негізінде әзірленген
                             шаралар талдауда көрсетілген
                             кемшіліктерді барынша азайту және
                             қауіптерді жою үшін бар күшті жақтарды
                             пайдалануға мүмкіндік береді

Іске асыру                   Бағдарламаны іске асыру 2011-2015 жылдар
мерзімдері (кезеңдері)       аралығындағы кезеңде жүзеге асырылатын
                             болады

Нысаналы                     Қазақстан 2015 жылға қарай «Транспаренси
индикаторлары                Интернэшнл» рейтингінде сыбайлас
                             жемқорлықты түйсіну индексі бойынша 180
                             елдің арасында 90 орынды иеленеді

Қаржыландыру көздері         Бағдарламаны іске асыруға жалпы сомасы
және көлемі                  362523,5 мың теңге қаражат бөлу
                             көзделуде:
                             оның ішінде, республикалық бюджеттен -
                             362523,5 мың теңге, оның ішінде:
                             2011 жылы - 27915,5 мың теңге;
                             2012 жылы - 243523,5 мың теңге;
                             2013 жылы - 30361,5 мың теңге;
                             2014 жылы - 30361,5 мың теңге;
                             2015 жылы - 30361,5 мың теңге.
                             Шығын сомалары толық емес және тиісті
                             қаржы жылына арналған республикалық
                             бюджет жобасын қалыптастыру кезінде
                             Республикалық бюджет комиссиясы
                             нақтылайтын болады.
                             Жергілікті бюджет есебінен
                             қаржыландырылатын іс-шараларды іске
                             асыру бөлінген қаражат шегінде
                             көзделеді.

2. Кіріспе

      Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның, қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.
      Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор және адал (жергілікті немесе шетелдік) кәсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының бағалауы бойынша ол Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің құнын 50%-га дерлік көтереді, бұдан елдің барлық халқы зиян шегеді.
      Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық және саяси дамуды тежейді, әлеуметтік теңсіздікті туындатады, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.
      Мысалы, өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында экономиканы епсіз басқарумен ұштасқан сыбайлас жемқорлық Венесуэла сияқты мұнайға бай елді төлем қабілетсіздігіне әкелді. Демократиялық және демократиялық емес институттары бар бай елдер де, кедей елдер де сыбайлас жемқорлыққа бейім болады. Сыбайлас жемқорлықтың Жапония үкіметінде болған өзгерістерде, Италияның саяси жүйесін қайта ұйымдастыруда, Заирдағы үкіметтік биліктің, заңның және тәртіптің коллапсында түйінді рөл атқарғаны белгілі.
      Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға әсері экономикалық шектен шығады. Сыбайлас жемқорлық экономика мен қоғамның әртүрлі салаларына ене отырып, елдің тұрақты саяси-экономикалық дамуына ыдыратушы әсер етеді, сондықтан оның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп болып қала береді.
      Мәселен, 2005 - 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында 10929 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды.
      Бұл ретте, осы көрсеткіштің жыл сайынғы өсу үдерісі байқалады, егер 2005 жылы осындай қылмыстар саны 1505 болса, 2010 жылдың нәтижелері бойынша - 1911, яғни 27 %-ға өскен.
      Осыған байланысты елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ел алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенді саясатын жалғастыру міндеті тұр.
      Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен ғана қарсы тұру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендетуге мүмкіндік бермейтіндіктен, бұл жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік даму бойынша елде жүргізіліп жатқан қайта құруларды тежейді.
      Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның және Президент Н. Назарбаевтың мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
      Бұрын іске асырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларының нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың одан әрі дамуына кедергі жасайтын пәрменді жағдайларды қалыптастыру бойынша барлық мемлекет пен қоғамның дәйекті жүйелі жұмысын одан әрі жүргізудің мақсаттылығы мен қажеттілігін көрсетті.
      Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам іске асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған өзара байланысты іс-шаралардың кешенін әзірлеу мақсатында осы Бағдарлама әзірленді.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866 Қаулысымен.

      Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның тұрақты түрде мұқият зерделеуді, жүйелік ұстанымды, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін жағымсыз құбылысы болып табылады.
      Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуға кедергі жасайды, инвестициялық ахуалға жағымсыз әсерін тигізеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген халықаралық қызығушылықты төмендетеді.
      1998 - 2010 жылдар кезеңінде қабылданған заңнамалық актілерді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларын талдау оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды әлеуеттің негізі қаланғанын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар іске асырылғанын көрсетеді.
      Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін ең тиімді болып танылған заңнамалық база қалыптастырылды.
      Әкімшілік кедергілер төмендетіліл, лицензияланатын қызмет түрлері мен рұқсаттар саны 3 есе азайтылды.
      Тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау, жеңілдіктер және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында әлеуметтік мемлекеттік тапсырысты орналастыру түріндегі азаматтық қоғам институтын дамытуды белсенді мемлекеттік қолдау халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы белсенділігін арттыруға әкелді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, атап айтқанда заң шығару қызметіне табысты қатысатын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының жұмысын жандандыру оң әсерін тигізеді.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық келісімдер мен халықаралық ынтымақтастықты іске асыру мақсатында 2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялап, Румыния, Польша, Эстония, Хорватия, Грузия, Словакия, Латвия, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Франция үкіметтерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 12 келісімге қол қойды.
      Мәселен, 1998 - 1999 жылдар кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді құралы болған және мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, олардың моральдық-адамгершілік бейнесін және іскерлік сапасын белгілейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы қабылданды.
      Атап айтқанда, мыналарды қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды кезеңдері болды:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ол арқылы сотталған адамның қылмыстық жолмен алынған және басқа адамдардың меншігіне берілген мүлкін тәркілеу енгізілген;
      мыналарға:
      сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл санкциясын арттыру және мүлкін тәркілеуді енгізу жолымен лауазымды адамдардың жауапкершілігін күшейтуге;
      мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапкершілік белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеуге;
      азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар белгілеуге;
      «корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа» қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық базасын жетілдірудің жүйелі және кешенді тәсілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша халықаралық қоғамдастықтың мемлекетті бағалауын жақсартуда өз бейнесін тапты. «Транспаренси Интернэйшнл» сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің рейтингіне сәйкес Қазақстан 178 елдің ішінде 2010 жылы 105 орынды иеленсе, 2009 жылы 120-орынды, 2008 жылы 145-орынды иеленген.
      Соңғы жылдары құқық қорғау органдарының қызметін жандандыру нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау құрамының сапасы артты. Жауапкершілікке тартылатын сыбайлас жемқорлардың ішінде мемлекеттік билік органдарының басқарушы буынының өкілдері жиі кездеседі.
      Алайда, құқық қорғау органдары қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына қарамастан, олар айтарлықтай нәтиже бермей отыр.
      Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ауқымы, оның әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне жағымсыз әсері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың дәйекті жалғасын талап етеді.
      Мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары мен құрылыс, кеден және салық саласы қазіргі уақытта неғұрлым сыбайлас жемқорлық салалары болып табылады, онда соңғы жылдары келтірілген зиянның едәуір өсуі байқалады.
      Егер 2005 жылы анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша келтірілген зиян сомасы 379 миллион теңгені ғана құраса, 2010 жылы осы көрсеткіш 6,8 миллиард теңгеге дейін өскен.
      Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерін болдыртпау мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен заңнамаға:
      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың жоғары қауіпі бар лауазымдар тізбесін анықтау үшін негіздерді;
      осы лауазымдарға түсу және қызмет өткеру үшін жоғарылатылған талаптарды;
      көрсетілген лауазымдарды иеленуге үміткер тұлғалар үшін, олардың сыбайлас жемқорлықты сақтауына қатысты арнайы тексерістер қолдану мүмкіндігі туралы міндеттерді анықтауға бағытталған түзетулер енгізілді.
      Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әр мемлекеттік орган өз веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз етті, министрліктер мен ведомстволардың басшылары үкіметтік порталда ел халқымен сұхбаттарды жүзеге асыратын жеке блогтарын құрды.
      Барлық мемлекеттік органдар ведомстволық бағдарламалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жоспарларды қабылдауда, оларда әр түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар белгіленген.
      Атап айтқанда, салық органдары Қазақстан Республикасы Салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын Салықтық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық салаларының тізімін және олардың сыбайлас жемқорлық көріністерін жою жөніндегі іс-шараларын, Салық қызметі органдары қызметкерінің кәсіптік этика кодексін, Салық төлеушінің хартиясын бекітті.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында барлық облыстарда, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік бағдарламалары мен олардың іске асырылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары қабылданды. Қабылданған бағдарламаларды іске асыру барысы туралы ақпарат Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралады.
      Мемлекеттің Интернет-ресурс арқылы халықпен толыққанды кері байланысын құруға мүмкіндік беретін «электрондық үкіметті» енгізу іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң рөл атқарады.
      Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін мемлекеттік қызметтер ұсынудың нақты стандарттары енгізілуде, бұл мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығын жақсартуға, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
      Жоғарғы Сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығы, Америка Құрама Штаттарының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (ЮСАИД), Германия техникалық ынтымақтастық қоғамы (ГТЦ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасы (БҰҰ ҚЖКБ), «Адам құқықтары үшін хартия», «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қорлары және басқалар сияқты халықаралық және қоғамдық ұйымдармен азаматтардың сот әділдігіне, сот үдерісінің айқындығына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жобаларды іске асыра отырып, ынтымақтастық жасайды.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға жақсы әлеует болып табылады.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат жүргізу үшін айрықша мүмкіндіктерге ие Қазақстан Республикасының әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері бар, талдауға сәйкес оларға мыналар жатады:

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік-құқықтық базаның болуы
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қалыптасқан тәжірибесі

1. Халықтың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі
2. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы билік органдары қызметі ашықтығының жеткіліксіздігі

Мүмкіндіктері

Қауіптері

1. Халық тұрмысының жоғары деңгейі
2. Қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру
3. Инвестициялық ахуалды жақсарту
4. Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың халықаралық рейтингтерінде Қазақстан көрсеткіштерін көтеру
5. Мемлекеттік институттардың азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайту

1. «Көлеңкелі экономика» деңгейінің ұлғаюы
2. Инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі
3. Мемлекеттік жобалар құнының «сыбайлас жемқорлық» құрамы есебінен өсуі
4. Экономикалық тиімділіктің төмендеуі
5. Халық тұрмысы деңгейінің төмендеуі және әлеуметтік шиеленістің артуы
6. Азаматтық қоғам тарапынан қолдау көрсетілмеуі

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік реттелуінің қолданыстағы саясатын талдау қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастыру негіздері қалыптасып, жұмыс істейтінін көрсетті, олар мынадай актілерде көрсетілген:
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексі;
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-іс жүргізу кодексі;
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі;
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі;
      «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңы;
      «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы;
      «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы;
      «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңы;
      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы;
      «Сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы;
      «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы;
      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы;
      «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңы;
      «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы;
      «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы;
      «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы Заңы;
      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы;
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы;
      «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығы;
      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы;
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы;
      «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығы;
      «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы;
      «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы.
      Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қолданылып жүрген құқықтық жүйесі халықаралық заңнамасы талаптары мен нормаларының бірқатар бағыттарынан кейін қалып отыр, бұл жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың тиімділігін төмендету қаупін тудырады және қосымша норма шығару жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажет. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық салаларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын заңнамадағы олқылықтарды анықтау, оларды одан әрі жою мақсатында қылмыстық жағдайға тұрақты түрде талдау жүргізу қажет.
      Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға толық сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
      Негізгі проблемалар, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің үрдістері мен алғышарттары.
      «Транспаренси Интернэшнл» сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің рейтингінде елді бағалаудың белгілі бір деңгейге көтерілуіне қарамастан, Қазақстанның 105-орынды иеленуі мемлекет пен қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенін одан әрі қабылдау қажеттілігін растап отыр.
      Осыған байланысты табысты іске асыру үшін мынадай басты факторларды бөлу қажет.
      Халықаралық құқық нормаларын іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық шарттар мен келісімдерге қосылуға, елдің құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін беделді халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдармен ықпалдасуына байланысты құқықтық салада да елеулі проблемалар бар. Мәселен, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенцияларға.
      Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың барлық қол жетімді құралдарды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етудегі күшін одан әрі үйлестірудің маңызы ерекше зор.
      Алдын алу шараларын табысты жүргізу қызметі одан әрі жетілдіруді талап ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы азаматтық қоғам институттарының қолдауынсыз мүмкін емес.
      Жұртшылықты тартпайынша, тұрмыстық және төменгі сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы тұру мүмкін емес, өйткені басқарудың төменгі деңгейлерінде сыбайлас жемқорлық жоғарыдан келетін әрекеттерді аз сезінеді және бірінші кезекте, азаматтардың өздерінің және олар құрған азаматтық қоғам институттарының іс-әрекетімен тежелуі мүмкін.
      Сыбайлас жемқорлық «айла-амалдарды» қысқартудан басқа бюджет шығыстарын қысқарту түріндегі елеулі экономикалық әсер беретін лицензиялық-рұқсат жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастыруды талап етеді.
      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын барлық рұқсат құжаттарының (рәсімдерінің) түпкілікті тізбесін көздейтін Рұқсат құжаттарының бірыңғай ұлттық тізілімін заңнамалық деңгейде бекіту қажет. Осы шара кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
      Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды шет елде іске асыратын тиісті құрылымдармен өзара іс-қимылды жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық тәжірибесін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесіне шетелдің оң тәжірибесін енгізу қажет.
      Кеңейтіліп жатқан халықаралық байланыстар жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі жеке алынған елде шешілмейді және жұмыс істеп жатқан және жаңадан құрылып жатқан халықаралық ұйымдар шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барабар үйлестірілген шараларын талап етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі проблемаларын шешу бойынша шетелдің оң тәжірибесіне шолу.

      Сыбайлас жемқорлық деңгейі едәуір төмен елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын зерделеу мемлекеттік органдар қызметінің айқындығы мен жазаның болмай қалмайтындығы, мемлекеттік органдардың жұмысына азаматтық қоғам тарапынан ұйымдастырылған бақылау, мемлекеттік қызметкерлердің жоғары жалақысы, тиімді алдын алу жұмысы олар жүргізетін шаралардың базалық негіздері болып табылатынын көрсетеді.
      Мәселен, Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) 1999 жылдан бастап «OPEN» бағдарламасы - қалалық әкімшілік шенеуніктерінің азаматтардың арыздарын қарауын бақылаудың онлайн жүйесі жұмыс істейді.
      Істің жағдайы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу шенеуніктермен жеке қарым-қатынас жасасу және шешім қабылдау үдерісінің аяқталуын жеделдету мақсатында оларға пара ұсыну қажеттілігін жойды.
      Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мерзіміне қатаң бақылау жүргізіледі. Мәселен, Еуропалық Одақ елдерінде әр түрлі құжаттарды ресімдеуге 40 минут жұмсалады, ал Сингапурда 15-20 минут жеткілікті.
      Осыған байланысты құжатты орындаушылар мен азаматтар арасында тікелей қарым-қатынассыз құжаттар беруге байланысты қызметтер көрсете отырып, сыбайлас жемқорлық көріністерін жасау үшін жағдайды төмендететін Халыққа қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі - ХҚКО) жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет.
      Бизнес пен мемлекеттік органдардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды түбегейлі оңайлатады және жеңілдетеді, бюрократтық кедергілерді әлсіретеді, сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді төмендетеді, ақпараттық-коммуникативтік технологияларға өтеді және халыққа Интернет арқылы қызметтер көрсетеді.
      Әрбір мемлекеттік орган «бір терезе» қағидат бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жою жөніндегі жүйелі шаралар кешенін әзірлеуі және қолдануы тиіс, бұл өз органдарының қызметін уақыт пен қаражатты көп үнемдеуге, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, азаматтар тарапынан олардың мәселелерін шешу кезінде айқындық пен мониторингті қамтамасыз етуге, әкімшілік кедергілердің азаюына әкеледі.
      Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде сыбайлас жемқорлық көздерінің пайда болу себептерін зерделеу жөніндегі ғылыми және әлеуметтік зерттеулерге, осы көздердің пайда болуының алдын алу бойынша кешенді шараларды одан әрі қабылдай отырып, ерекше мән берілетіндігін атап өту қажет.
      Жыл сайын осындай зерттеулерді жүргізуге едәуір қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, осы зерттеулерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін уәкілетті органдар жүргізеді.
      Сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы әлеуметтанушылық сұрау салулар мен зерттеулерді Қазақстанда уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша тәуелсіз институттар жүргізеді. Алайда, осы зерттеулер бірыңғай үйлестіруші органда қорытылмайды, ал іс жүзіндегі тұжырымдар мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына түзету енгізу үшін пайдаланылмайды.
      Шет елдер тәжірибесін зерделеу бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның айрықша рөлін көрсетеді.
      Бұқаралық ақпарат құралдары тәуелсіз түрде сыбайлас жемқорлық деректері бойынша өз тергеулерін жүргізеді. Тергеу нәтижелері елдің барлық беделді басылымдарында кеңінен жарияланады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша уәкілетті органдардың қызметінде пайдаланылады. Бұдан басқа, көрсетілген елдерде бұқаралық ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлық дау-жанжалдар көпшіліктің қоғамдық дүрбелеңін тудыратын азаматтық қоғамға ерекше әсер етеді.
      Мемлекеттік институттар қызметінің айқындылығын одан әрі күшейту үшін халықты хабардар ету қағидаттарына негізделген нормалардың заңмен бекітілуі, Үкіметтің азаматтық қоғам институтына есеп беруі, Үкімет қызметінің айқындылығын насихаттау қажет. Атап айтқанда, Финляндияда және басқа да елдерде Үкімет қызметінің ашықтығы туралы арнайы Заң қолданылады.
      Осындай заңнамалық нормаларды қабылдау министрліктердің, әкімдіктердің, басқа да мемлекеттік ұйымдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұлттық компаниялар мен мемлекет қатысатын даму институттарының қызметін жариялау айқындылығын регламенттеуге мүмкіндік береді.
      Шетелдік оң тәжірибені зерделеу сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде мемлекеттік қызметтің еңбекақы төлеу жүйелерінің екі (карьералық және позициялық) нұсқасының позициялық жүйесі барынша икемді болып келетінін көрсетті. Егер карьералық жүйеде бірыңғай лауазымдық еңбекақы мөлшерін заң шығарушы белгілесе, позициялық жүйеде мемлекеттік органға бөлінген бюджет қаражатының мүмкіндігіне сүйене отырып, көп жағдайда ведомстволардың өздері белгілейді. Мәселен, Швецияда бүгінде мемлекеттік қызметшілердің 90%-ында жеке еңбекақы мөлшері бар.

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866 Қаулысымен.

      Бағдарламаның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру
      Нысаналы индикаторы:
      Қазақстан 2015 жылға қарай «Транспаренси Интернэшнл» рейтингінде сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша 180 елдің ішінен 90-шы орынды иеленетін болады.
      Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу ұйғарылып отыр:
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру;
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;
      4. Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.
      Бірінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
      - 2016 жылға дейін Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциялар ратификацияланып, оның негізгі ережелері ұлттық заңнамаға имплементацияланады.
      - 2015 жылға қарай Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі елдердің (ГРЕКО) тобына кіреді.
      Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
      - уақытын және шығындарын қоса алғанда, бизнесті тіркеу мен жүргізуге (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар, аккредитациялар алуға, сондай-ақ консультациялар алуға) қатысты операциялық шығындар 2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 30%-ға төмендейді;
      - берілетін лицензиялардың жалпы санының электрондық түрде берілетін лицензиялардың үлесі: 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 20 %, 2013 жылы - 50 %, 2014 жылы - 70 %, 2015 жылы - 100 % құрайды;
      - мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «тиімді қызмет» деген бағалаумен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үлесі 2011 жылы 30 %-ға, 2012 жылы 35 %-ға, 2013 жылы 40 %-ға, 2014 жылы 45 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға артады;
      - жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 2011 жылы 52 %-ға, 2012 жылы 54 %-ға, 2013 жылы 56 %-ға, 2014 жылы 58 %-ға, 2015 жылы 60 %-ға артады;
      - 2015 жылға қарай әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 50 %-ы электрондық нысанға ауысуы: 2011 жылы 10 %-ға, 2012 жылы 20 %-ға, 2013 жылы 30 %-ға, 2014 жылы 40 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға қамтамасыз етіледі.
      Үшінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
      - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттанатын халықтың үлесі 2015 жылға қарай кемінде 60 %-ды құрайтын болады;
      - халықтың құқықтық сауаттылығы: 2011 жылы 20 %, 2012 жылы 21 %, 2013 жылы 22 %, 2014 жылы 23 %, 2015 жылы 24 % құрайды.
      Төртінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
      - жалпы ішкі өнімнен көлеңкелі экономиканың деңгейі 2013 жылға қарай - 19,4 %, 2015 жылға қарай - 19,3 %-ды құрайды.
      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі негізгі орындаушы – Агенттік, бірлесіп орындаушылары – Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ішкі істер, Әділет, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Көлік және коммуникация министрліктері, басқа да мемлекеттік органдар болып табылады.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866 Қаулысымен.

      Бағдарламаны іске асыру 2011 - 2015 жылдар аралығындағы бес жылдық кезеңге есептелген және іс-шараларды бір кезеңде іске асыруды көздейді.
      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар.
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
      Осы міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қажет.
      2011 – 2015 жылдар ішінде елдегі қылмыстық ахуалды, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы талдау негізінде қылмыстық және әкімшілік заңнамаларды жетілдіру шеңберінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізбесі оларды мұндай қылмыстарға жатқызу негізділігі тұрғысынан қайта қаралатын болады.
      Сонымен қатар, жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді орнатуға, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және оның алдын алуға қоғамды барынша кеңінен тартуға, мемлекеттік қызметшілердің ірі шығыстарын декларациялау институтын енгізуге және т.б. бағытталған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саласындағы заң актілеріне түзетулер әзірленетін болады.
      Бұдан басқа, қазіргі жағдайларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шетелдің оң тәжірибесін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жаңа редакциясын әзірлеу ұсынылады.
      Бұл ретте жетілдіруді талап ететін жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі толық болып табылмайды.
      Айталық, Бағдарламаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен конвенцияларға қосылуына қарай, халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау бөлігінде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
      Сонымен қатар, Агенттік басқа уәкілетті органдармен бірлесе отырып, құрылайын деп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуропа Кеңесі және басқа да елдердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесі шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің құзыретті органдарымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдармен өзара тығыз іс-қимыл ұйымдастырады.
      2011 жылы алыс және таяу шетелдердің кемінде 25 мемлекетінен сарапшылар шақыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конференция өткізіледі.
      2014 жылға қарай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Стамбул іс-қимыл жоспарының ұсынымдары іске асырылатын болады.
      2015 жылы жалпыға бірдей танылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық конвенцияларға қосылу іс-шаралары жалғасатын болады, олардың саны кемінде 5 бірлікті құрауы тиіс, сонымен қатар беделді халықаралық ұйымдарға, атап айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) мүшелікке кіру іс-шарасы да өз жалғасын табады.
      Бұдан басқа, әлеуметтік-экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар тұрақты түрде шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру.
      Аталған міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қажет.
      Бағдарламаның іске асырылуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру мақсатында белгіленген мониторингілеу рәсімімен қатар, оны іске асырудың аралық қорытындылары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарында жыл сайын қаралатын болады.
      Мемлекеттік билік органдары орталық, сондай-ақ өңірлік деңгейлерде бизнесті тіркеуге және жүргізуге қатысты операциялық шығындарды төмендетуді қамтамасыз етеді. Аталған жұмысты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі үйлестіретін болады.
      2014 жылға қарай:
      мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін талдау негізінде олардың функцияларының бір бөлігі бәсекелес ортаға беріледі;
      рұқсат беретін құжаттардың тізімі жасалып, оның шеңберінде рұқсат беретін құжаттардың (рәсімдердің) тізбесі қайта қаралатын болады.
      2015 жылға қарай:
      құқық қорғау органдарының есеп беру және қызметін бағалау жүйесі жетілдіріледі;
      мемлекеттік қызмет көрсету кезінде олардың бір бөлігін электрондық нұсқаға ауыстыру, сондай-ақ электрондық нысанда лицензия беру арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар өкілдерімен байланыстарын жою шаралары қабылданады.
      3. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын арттыру.
      Осы міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
      саяси партиялармен және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта акциялар және науқандар өткізіледі;
      ғылыми және әлеуметтік зерттеулер саласында бірыңғай саясат жүргізу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылады және сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін анықтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа бейім едәуір проблемалы салалары бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан саясаты туралы ақпараттан тұратын түсіндірме-насихаттау материалдары әзірленіп, таратылатын болады;
      мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық фактілерін ұжымдық қарауды болжайтын қоғамдық мінеу институты нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып енгізіледі;
      мемлекеттік органдар өкілдерінің, оның ішінде басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі жалғасады, сондай-ақ оқу орындарында сабақтар өткізіледі;
      үкіметтік емес ұйымдармен қосымша меморандумдарға қол қойылады, бұл мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
      4. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
      Осы міндетті іске асыру үшін мемлекеттік органдар мынадай шаралар қабылдайтын болады:
      жеке және заңды тұлғаларды экономиканың қолма-қол айналымы басым салаларындағы операциялар есебін жетілдіру арқылы экономиканың көлеңкелі секторынан шығуына ынталандыру;
      халық табысын жалпыға ортақ декларациялауға кезеңімен өткізу;
      мониторинг әдістемелерін және ақшаны жылыстатудағы «көлеңкелі» қаржылық қызметтер схемаларын қаржылық талдауды бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және тез арада төлеу жүйесі арқылы жетілдіру;
      қолма-қол айналымды бір мезгілде қолма-қол емес есеп айырысуларды кеңейту бойынша шаралар қабылдай отырып қысқарту;
      сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің импорттық-экспорттық операциялары кезінде заңсыз схемаларды қысқарту.
      Көлеңкелі экономика сыбайлас жемқорлықтың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылатынын және оның деңгейінің елеулі екенін ескере отырып, осы бағыттағы жұмысты тұрақты түрде жүргізіп отыру қажет.

6. Қажетті ресурстар

      Ескерту. 6-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866 Қаулысымен.

      Бағдарламаны іске асыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.
      Сонымен қатар, қаржыландыру көздері ретінде тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдарының немесе донор елдердің гранттары және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер пайдаланылуы мүмкін.
      Бағдарламаны іске асыруға жалпы сомасы 362523,5 мың теңге қаражат бөлу көзделуде:
      оның ішінде, республикалық бюджеттен - 362523,5 мың теңге, оның ішінде:
      2011 жылы - 27915,5 мың теңге;
      2012 жылы - 243523,5 мың теңге;
      2013 жылы - 30361,5 мың теңге;
      2014 жылы - 30361,5 мың теңге;
      2015 жылы - 30361,5 мың теңге.
      Шығыстар сомасы толық емес және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Республикалық бюджет комиссиясы нақтылайтын болады.
      Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шараларды іске асыру бөлінген қаражат шегінде көзделеді.

7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 7-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866; 22.09.2014 N 999 қаулыларымен.

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Бюджеттік бағдарламаның №

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және іс-шаралар өткізу

Тиісті іс-шаралар өткізу

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), саяси партиялар мен қозғалыстар

Үнемі

ЭСЖКА
2011 жылы – 1981,5
2012 жылы – 1981,5
2013 жылы – 1981,5
2014 жылы – 1981,5
2015 жылы – 1981,5

Қоршағанортамині 2011 жылы – 1050,0
2012 жылы – 1300,0
2013 жылы – 1300,0
2014 жылы – 1300,0
2015 жылы – 1300,0

РБ

001 «Қоғамдық қатынастардағы экономикалық қылмысты және жемқорлық деңгейін төмендету»
 
001 «Қоршаған ортаны қорғау сапасын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі қызметтер»

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

ЖБ

2.

Лицензияланатын қызмет түрлерін және мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір түрін ұйымдастыруға лицензияларды алу және рұқсат беру тәртібін оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

-

3.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды кеңейту және қолма-қол ақша айналымын қысқарту

Қаржымині (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша)

4.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866 Қаулысымен.

5.

Қолма-қол есеп айырысу басым экономика салаларында есепке алуды жетілдіру

Қаржымині

6.

Кредиттік ұйымдар, ломбардтар, өзге де бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және қолма-қол төлем жүйелері арқылы ақшаны жылыстатуға «көлеңкелі» қаржылық қызмет көрсететін схемаларды мониторингілеу және қаржылық талдаудың тиімді әдістемелерін қолдануды жетілдіру

Қаржымині (жинақтау), ЭСЖКА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

7.

Жасырын кірістерді және оларға салық салуды анықтау мақсатында сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің импорттық-экспорттық операцияларды жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеттерін қысқарту бойынша кеден және салық органдарының бірлескен жұмыстарын ұйымдастыру

8.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында мемлекеттік органдардағы автоматтандырылған деректер базасын біріздендіру және дамыту

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), ККМ, мүдделі мемлекеттік органдар

9.

Бұқаралық ақпарат құралдарында шығу, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу практикасын жалғастыру, бұл ретте тренингтік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану

Медиа жоспарларды бекіту

БАМ (жинақтау), мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

-

10.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру

Интернет конференциялар, «тікелей желі»

МАМ (жинақтау), мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

-

11.

Мемлекеттік қызметшілерді шақыра отырып орта және жоғары оқу орындарында сабақтар жүргізуді және білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта біліктіліктерін арттыруды жалғастыру

Сабақтардың жоспарлары

БҒМ (жинақтау), ЭСЖКА (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Тұрақты

Талап етілмейді

-

-

12.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар, көрнекі және оқу құралдарын қолжетімді үлгіде дайындауды қамтамасыз ету

Әдістемелік ұсыныстар, оқулықтар

Мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Тұрақты

Талап етілмейді

-

-

13.

Ересектер, студенттер, мектеп оқушылары, мектепке дейінгі мекемелердің балалары үшін сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы арнайы оқыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру

Оқыту бағдарламалары

БҒМ (жинақтау), ЭСЖКА (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша), МАМ, ККМ

Тұрақты

Республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

РБ

008 «Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету»

14.

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабарларын жасау, сондай-ақ жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жадынамалар шығарудың кешенді шараларын жүзеге асыру

БАҚ, теле, -радио-бағдарламаларына айдарлар, брошюралар

МАМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Тұрақты

МАМ Республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

РБ

021 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»

Қаржымині
2011 жыл - 20000,0
2012 жыл - 21600,0
2013 жыл - 23220,0
2014 жыл - 23220,0
2015 жыл - 23220,0

РБ

001 «Бюджеттік жоспарлауды қамтамасыз ету, орындау және мемлекеттік бюджеттің орындалуына бақылау жасау»

Қоршағанортамині
2011 жыл - 960,0
2012 жыл - 1150,0
2013 жыл - 1150,0
2014 жыл - 1150,0
2015 жыл - 1150,0

РБ

001 «Қоршаған ортаны қорғаудың сапасын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту»

СДША
2011 жыл-300,0
2012 жыл-350,0
2013 жыл-400,0
2014 жыл-400,0
2015 жыл-400,0

РБ

001 «Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатына тиімді мемлекетті басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»

ЭСЖКА
2011 жыл-2190,0
2012 жыл-2190,0
2013 жыл- 2190,0
2014 жыл -2190,0
2015 жыл-2190,0

РБ

001 «Қоғамдық қатынастардағы және экономикалық қылмыстағы жемқорлық деңгейін төмендету»

15.

Сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактілері кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін, сондай-ақ мұндай фактілерге астыртын болысқаны үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынамалар әзірлеу және халықтың әртүрлі топтары арасында тарату, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру

Жаднама

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын

ЭСЖКА
2011 жыл - 120,0
2012 жыл - 120,0
2013 жыл - 120,0
2014 жыл - 120,0
2015 жыл - 120,0 Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

РБ

001 «Қоғамдық қатынастарда5ы және экономикалық қылмыстағы жемқорлық деңгейін төмендету»

16.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілерін қолдауды қамтамасыз ету

ЭСЖКА-ға ақпарат

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

-

17.

Қылмыстың алдын алу мәселелеріне басымдық бере отырып, құқық қорғау органдарының қызметін бағалау және есеп беру жүйесін жетілдіруді жалғастыру

ПӘ-ге ақпарат

БП (жинақтау) (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ІІМ, Әділетмині, ТЖМ, Қаржымині

Тұрақты

Талап етілмейді

-

-

18.

«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

-

19.

Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу

Іс шаралар өткізу

ЖРА (жинақтау), мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Тұрақты

Талап етілмейді

-

-

20.

Құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтасуының түрлі нысандарын жетілдіру

ПӘ-ге ақпарат

БП (жинақтау) (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ІІМ, ТЖМ, Әділетмині, Қаржымині

Тұрақты

Талап етілмейді

-

-

21.

22.

Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу

Кездесулер

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

Тұрақты

Талап етілмейді

-

-

23.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету

ЭСЖКА-га ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

24.

Табиғи монополиялар субъектілерін аудиторлық тексеру нәтижелері туралы есепті БАҚ-қа жыл сайын шығару

Есептерді БАҚ-на жариялау

ТМРА (жинақтау), БАМ

Тұрақты

Талап етілмейді

-

-

25.

Журналистік тексеру жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көмек көрсететін журналистерді көтермелеуді қамтамасыз ету

БАМ (жинақтау), ЭСЖКА (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

-

26.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, адамдарды ұстап беру және активтерді қайтару бойынша халықаралық-құқықтық базаны жетілдіру

Келісімдерге қол қою

БП (жинақтау) (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ҮҚК (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині, СІМ

Тұрақты

Талап етілмейді

-

-

27.

Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде жариялау жұмысын жүргізу

Шетелдік БАҚ-та жарияланымдар

СІМ (жинақтау), ЭСЖКА (келісім бойынша), ЭДСМ

001 «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер»

28.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтинг беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасау

Халықаралық ұйымдарға тиісті ақпарат беру

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Тұрақты

Талап етілмейді

-

-

29.

Процессинг орталықтарымен жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнеқадағалау және тіркеу жүйелерін енгізу

Пайдалануға беру актілері

ІІМ (жинақтау), Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

РБ, ЖБ

-

30.

Шет мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшыларын және халықаралық сарапшыларды шақыра отырып, халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция өткізу

Конференция

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), СІМ

2011 жылғы 2-тоқсан

006 «Өкілдік шығындар»

31.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлімдер ашу

Интернет ресурстардағы бөлімдер

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

32.

Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыруының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету

Қаржымині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

33.

Шет мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету

Тиісті іс шаралар өткізу

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), СІМ

2011 жылғы 3-тоқсан

2011 жыл-526,0

34.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу (азаматтық, еңбек, неке-отбасы, қаржылық, салық, кеден, әлеуметтік-мәдени құқық, тұрғын үй қатынастары салаларында) және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

2011 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

-

35.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін келтірілген залалдың орнын толтыру бөлігінде өзгерістер енгізуге шаралар қабылдау

ВАК отырысына заң жобасының тұжырымдамасын шығару

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), Әділетмині, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, ЖС (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

36.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету

2011 жылғы 4-тоқсаны

Талап етілмейді

-

-

37.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Қаржымині (жинақтау), мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

38.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың басшыларын жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), Әділетмині, МҚІА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

39.

ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуды қамтамасыз ету

Пайдалануға беру актісі

ККМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы 4-тоқсан

2011 жыл - 788,0

РБ

-
 
40.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды марапаттау және қорғау тетігін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша), Қаржымині, мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

41.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспары шеңберінде Қазақстан мониторингінің екінші раундын өткізуді қамтамасыз ету

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), мемлекеттік органдар

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

-

42.

Қылмыстылық серпіні негізінде көшелер мен қоғамдық орындарға бейне-бақылау камералары желісін кеңейту жөніндегі шаралар туралы жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне ұсыныстар

ІІМ

2011 - 2013 жылдардағы желтоқсан

Талап етілмейді

-

-

43.

Мемлекет 100 % қатысатын мемлекеттік органдар мен компаниялардың ІТ-қызметтерін аутсорсингке және коммерциялық нарыққа шығару жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ККМ

2011-2012 жылдардың 4-тоқсаны

Талап етілмейді

-

-

44.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін әзірлеу және бекіту

Мемлекеттік органдардың бұйрықтары

Мүдделі мемлекеттік органдар

2011-2014 жылдардағы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

45.

Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін және бұрын жұмыс істеген адамдардың жеке бас және кәсіби қасиеттері, сондай-ақ олар жасаған жолсыздықтар мен оларды түрлі жауаптылыққа тарту фактілері және мемлекеттік қызметті тоқтату себептері туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай электрондық дерекқор құру туралы мәселені пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

МҚІА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

2012 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

46.

47.

Бақылау, рұқсат беру және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сонымен қатар олардың қызметін регламенттейтін қолданыстағы актілерге, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы үшін жағдай туғызатын мемлекеттік органдардың өкілеттігіне талдауды жалғастыру

ПӘ-ге ақпарат

ЭДСМ (жинақтау), Әділетмині, ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2012 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

48.

Мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру

Курстар кестесі

МҚІА (келісім бойынша)

2012 жылғы 2-тоқсан

Республикалық бюджетте көзделген, қаражаттар шегінде

РБ

004 «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру»

49.

Құрылып жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекетаралық Кеңесі шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастыру

Келісімдерге қол қою

ЭСЖКА (келісім бойынша)

2012 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

50.

Бюджет саласындағы қаржылық бұзушылықтар, олар үшін құқықтық жауапкершілікті көздейтін шаралардың түрлерін айқындау

Қаржымині (жинақтау), ЕК (келісім бойынша)

2012 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу (Мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, орындаушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару және азаматтық іс жүргізу заңнамалары саласында) және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

2012 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51-1.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың қылмыстық және әкімшілік заңнаманы жетілдіру шегінде осындайларға жатқызылуының негізділігі бойынша олардың тізімін қайта қарастыру

ПӘ-ге ақпарат

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша),
БП (келісім бойынша), Әділетмині

2012 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

-

-

51-2.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын қайта қарауды, сондай-ақ МҚІА мемлекеттік қызметшілерге қатысты әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды құру жөніндегі өкілеттіктерді беруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша), Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2012 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51-3.

Заңсыз байығаны үшін шенеуніктердің тәртіптік жауаптылығын енгізу мүмкіндігі мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ұсыныстар

МҚІА (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Әділетмині

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51-4.

Құрамына азаматтық қоғам институттарының, БАҚ өкілдерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялар құру

Комиссияларды құру туралы әкімдіктердің қаулылары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51-5.

Мемлекеттік қызметшілердің ірі шығыстарын декларациялауды енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ЭДСМ, МҚІА (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

2013 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51-6.

Қаржы полициясы органдары қызметінің ұйымдастырылуын жетілдіруді көздейтін «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа редакциядағы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша), Әділетмині, ЭДСМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2013 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

52.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай саясатты және келісілген ғылыми, әлеуметтік зерттеулерді өткізу үшін үйлестіру орталығын құру

Орталық құру

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

53.

Ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін анықтау

ЭДСМ (жинақтау), МҚІА (келісім бойынша), мемлекеттік органдар

2013 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

54.

Халықты жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшіру жөнінде шаралар қабылдау

55.

Банкроттық рәсімдерді жүргізудің ашықтығын және тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық сауықтыру және банкроттық бойынша біріктірілген ақпараттық жүйені құруды және дамытуды қамтамасыз ету

Ақпараттық жүйені құру, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы 4-тоқсан

2012 жылы - 214832,0

РБ

061
«Біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйені құруды «е-Қаржымин»

56.

Ұлттық заңнамаларда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспары ұсынымдарын іске асыруды қамтамасыз ету

57.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін талап етілетін электрондық нысандардың бірыңғай қоймасын құру

Пайдалануға беру актісі

БАМ

2014 жылғы 2-тоқсан

58.

Барлық рұқсат беру құжаттарының (рәсімдерінің) толық тізбесін ескеретін Рұқсат беру құжаттарының бірыңғай ұлттық тізілімін құру

Электрондық тізілім

ЭДСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

59.

Республикалық мемлекеттік және комуналдық мемлекеттік кәсіпорындар функцияларының бірқатарын бәсекелі ортаға аудару

БҚА (жинақтау), ТМРА, ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

60.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жұртшылықтың өкілдері институтын (тәуелсіз қоғамдық кеңестер) енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), мемлекеттік органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

60-1.

Мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкінің декларациялануын онда жазылған мәліметтердің нақтылығын тексеру жүйесін жақсарту бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

60-2.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.09.2014 N 999 қаулысымен.

60-3.

Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді орнатуға, қоғамға барынша кеңінен тартуға, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және оның алдын алуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа редакциядағы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша), мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, БАҚ (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2014 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

61.

62.

Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік (Страсбург қаласы, 1999 жылғы 29 қаңтар) және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік (Страсбург қаласы, 1999 жылғы 4 қараша) конвенцияларын ратификациялау жөнінде шаралар қабылдау

ПӘ-ге ақпарат

ЭСЖКА (келісім бойынша) (жинақтау), БП (келісім бойынша), Әділетмині, СІМ, ЖС (келісім бойынша)

2015 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

63.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) Қазақстан Республикасының кіруін қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ЭСЖКА (келісім бойынша) (жинақтау), СІМ, БП (келісім бойынша), ҮҚК (келісім бойынша), Әділетмині

2015 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

64.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы (Страсбург қаласы, 1959 жылғы 20 сәуір), Қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің халықаралық жарамдылығы туралы (Гаага қаласы, 1970 жылғы 28 мамыр) және Қылмыстық істер бойынша сот өндірісін беру туралы (Страсбург қаласы, 1972 жылғы 15 мамыр) еуропалық конвенцияларға қосылу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру

ПӘ-ге ақпарат

БП (жинақтау) (келісім бойынша), СІМ, ЭСЖКА (келісім бойынша), ҮҚК (келісім бойынша), ІІМ

2015 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ПӘ             - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ЖС             - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ҰБ             - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
БП             - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК            - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЭСЖКА          - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
                 сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
                 полициясы)
МҚІА           - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
                 агенттігі
ЕК             - Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің
                 атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
СІМ            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ІІМ            - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭДСМ           - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
                 министрлігі
Әділетмині     - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ            - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
MАM            - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                 министрлігі
БҒМ            - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ИЖТМ           - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                 технологиялар министрлігі
ККМ            - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                 министрлігі
СДША           - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
                 істері агенттігі
Қоршаған-
ортамині       - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                 министрлігі
ЖРА            - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
                 агенттігі
ТМРА           - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
                 агенттігі
БҚА            - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
                 агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
«Нұр Отан» ХДП - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы
РБ             - республикалық бюджет
ЖБ             - жергілікті бюджет
ВАК            - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң
                 жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
                 комиссия
БАҚ            - бұқаралық ақпарат құралдары
ХҚО            - халыққа қызмет көрсету орталығы

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 265774
    Қазақ тілінде 132626
    Орыс тілінде 132195
    Ағылшын тілінде 953
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы