Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 714 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

1992 жылғы 15 мамырдағы
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА

      1992 жылғы 15 мамырда Ташкентте қол қойылған және 1994 жылғы 20 сәуірде күшіне енген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) және 1999 жылғы 2 сәуірде Мәскеуде қол қойылған және 2000 жылғы 22 наурызда күшіне енген 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты ұзарту туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттер

      Шарттың 9-бабына сәйкес

      төмендегілер туралы уағдаласты:

      1. Шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қатысушы мемлекеттер қатысушы мемлекеттердің басшыларынан не егер өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес оларға Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген болса, қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесін (бұдан әрі - Кеңес) құрады.";

      3-баптың қолданыстағы редакциясы:

      Қатысушы мемлекеттер қатысушы мемлекет басшыларының құрамында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесін құрады.

      б) 6-баптың бірінші абзацы "қатысушы мемлекеттердің басшылары" деген сөздерден кейін "не егер өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес оларға тиісті өкілеттіктер берілген болса, қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшылары" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-баптың бірінші абзацының қолданыстағы редакциясы:

      Осы Шарттың 2 және 4-баптарына сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын пайдалану туралы шешімді қатысушы мемлекеттердің басшылары қабылдайды.

      в) қорытынды бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "1992 жылғы 15 мамырда Ташкент қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды, ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады.".

      Қорытынды бөлімнің қолданыстағы редакциясы:

      1992 жылғы 15 мамырда Ташкент қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Беларусь Республикасы Үкіметінің мұрағатында сақталады, ол осы Шартқа қол қойған мемлекеттерге оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      2. Осы Хаттама оған қол қойған мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      201____ жылғы "__" _______ ___________қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
     
      Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
     
      Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262983
    Қазақ тілінде 131292
    Орыс тілінде 130797
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы