Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 310 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6009 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.05.2014 № 253 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-1) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын бағдарлама берілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын оқу курсы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
      3) Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын біліктілік талаптар берілген бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жариялануынан жиырма бір күнтізбелік күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                             В. Божко

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 310 бұйрығына    
1-қосымша       

Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы
мамандарды арнайы даярлайтын бағдарлама

р/с № Бөлімдер мен тақырыптардың атауы Сағат саны
Өрт сөндірушілер Нұсқаушы өрт сөндірушілер
Барлығы

Сын-топтық

Практик Барлығы

Сын-топтық

Практик

1

2

3

4

5

6

7

8

1-бөлім. Өрт қауіпсіздігі саласының нормативтік-құқықтық базасы

1

Объектідегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін реттейтін нормативтік актілер мен заңнамалар.

1

1

-

1

1

-

БАРЛЫҒЫ:

1 1 - 1 1 -
2-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы

1

Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы ұстанымдар.

1

1

-

1

1

-

2

Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы.

-

-

-

2

2

-

3

Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндірісіндегі өртке қарсы іс шаралар.

1

-

1

2

-

2

4

Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігі ережесі.

1

1

-

2

2

-

5

Ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен қамту.

1

1

-

2

1

1

6

Түтіннен қорғау және адамдарға хабарлау өрт сөндіру жүйесінің қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары

-

-

-

2

2

-

БАРЛЫҒЫ:

4 3 1 11 8 3
3-бөлім. Өрт-техникалық дайындық

1

Өрт сөндірушінің жауынгерлік киім-кешегі мен жарағы. Дабыл бойынша жиналып, өрт орнына шығу және өрт орнына жету

1

-

1

1

-

1

2

Өрт сөндіру машиналары мен мотопомпалардың тактика-техникалық сипаттамалары

3

1

2

2

-

2

3

Өрт сөндіру машиналарымен шығарылатын өрт-техникалық жабдықтары.

1

-

1

1

-

1

4

Қол өрт сатылары

1

-

1

-

-

-

5

Өрт жеңдері, жеңдік жабдықтар, өрт сөндіру оқпандары.

2

-

2

2

-

2

6

Көбікті өрт сөндіргіш құралдары мен жабдықтары.

1

-

1

-

-

-

7

Өрт сөндіргіштер

1

1

-

1

1

-

8

Өртке қарсы қызметтегі байланыс

1

-

1

1

-

1

БАРЛЫҒЫ:

11 2 9 8 1 7
4-бөлім. Өрттен сақтандыру дайындығы

1

Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматуралармен және керек жарақтарымен жұмыс.

2

-

2

2

-

2

2

Өрт сатыларымен жұмыс.

1

-

1

-

-

-

3

Құтқару арқанымен жұмыс. Құтқару және өзін-өзі құтқару.

1

-

1

-

-

-

4

Өртте конструкцияларды ашу және құру.

1

-

1

1

-

1

5

Су көзіне қойылған өрт сөндіру автомобилінен (мотопомпалар) жауынгерлік қанат жаюы. Жауынгерлік қанат жаю кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті.

2

-

2

1

-

1

БАРЛЫҒЫ:

7 - 7 4 - 4
5-бөлім. Өрт-тактикалық дайындығы

1

Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтататын негіздер.

2

2

-

2

2

-

2

Өрт бөлімшелерінің түрлері олардың тактикалық мүмкіндіктері туралы түсінік.

1

1

-

-

-

-

3

Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті.

1

1

-

1

1

-

4

Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамды құтқару және мүлікті көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті.

1

-

1

1

-

1

5

Күзетілетін объектілердегі өрттерді сөндіру тактикасы.

4

2

2

4

2

2

БАРЛЫҒЫ:

9 6 3 8 5 3
6-бөлім. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейін бірінші көмек көрсету

1

Қан кеткенде тоқтатудың негізгі ережесі.

1

1

-

1

1

-

2

Жасанды тыныс пен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі ережесі мен әдістері.

1

-

1

1

-

1

3

Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.

1

-

1

1

-

1

4

Үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.

1

-

1

1

-

1

БАРЛЫҒЫ:

4 1 3 4 1 3
7-бөлім. Техника қауіпсіздігі

1

Қызмет өткеру, өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.

2

2

-

2

2

-

БАРЛЫҒЫ:

2 2 - 2 2 -

Емтихан тапсыру

2 1 1 2 1 1

БАРЛЫҚ САҒАТ САНЫ:

40 16 24 40 19 21

1-бөлім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы
нормативтік-құқықтық база

      № 1-тақырып. Объектідегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативті актілер.
      1-сабақ. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының негізгі ережелері. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыруын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері.
      Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.

2-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы

      № 1-тақырып. Ғимараттар мен құрылыстарды өрт қауіпсіздігінен қамтамасыз етудің жалпы ұстанымдары
      1-сабақ. Өрттің алдын алу міндеттері. Ғимараттар мен құрылыста өрттің негізгі шығу және таралу себептері «өрт қауіптілігі» және «өрт қауіпсіздігі» деген ұғымдар. Объектіні өрт қауіпсіздігімен қамту бағыттары туралы түсінік «өртті қақпайлау жүйесі», «өртке қарсы қорғану жүйесі», «өртке қарсы режим» түсініктері. Объектінің өрт қауіпсіздігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар.
      Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы.
      1-сабақ. Заттар мен материалдардың өрт қаупі бар қасиеттерінің сипаттамасы: жанғыштық тобы, тұтану температурасы, жалындау температурасы, өзінен-өзі жалындау температурасы, өздігінен жану температурасы. Жалынның жалындауы мен таралуының температуралық және концентрациялық шегі. Заттар мен материалдары пайдалану кезіндегі өрт-жарылыс қауіп жағдайлары.
      Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндірісіндегі өртке қарсы шаралар.
      1, 2-сабақтар. Объектіде болатын өрттердің негізгі себептері. Өртке қарсы нұсқаулықтар (жалпы объектілік, цехтік және жеке өндірістік қондырғыларға арналған). Кәсіпорындар мен жеке цехтардағы өрт қауіпсіздігін сақтауға жауапты лауазымдық тұлғалардың міндеттері.
      От жұмыстарының түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Үнемі және уақытша отпен жұмыс істейтін орындар. Отпен жұмыс істеуді қадағалайтын ұйым. Отпен жұмыс жүргізуге берілетін негізгі басқарушы құжаттар. Отпен жұмыс жүргізілген жерге дейін және біткеннен кейін қарау. От жұмыстарын өрт жарылыс қаупі бар объектілерде, қондырғыларда және жабдықтарда өткізу және ұйымдастыру.
      Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Күзетілетін объектідегі өрт қауіпсіздігі ережесі.
      1-сабақ. Өндірістік кәсіпорындарға арналған өрт қауіпсіздігінің Тұрпатты ережелерінің; ведомстволық салалық ережелер мен басқа да өрт қауіпсіздігінің мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың талаптары.
      Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.

      № 5-тақырып. Ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен қамту.
      1, 2-сабақтар. Шаруашылық жүргізу объектілерінің ішкі және сыртқы сумен қамту схемалары. Өрт су аттары мен гидранттарын пайдалану кезіндегі өртке қарсы талаптар мен қондырғы. Ішкі өрт крандарын жабдықтау мен орналастыруға, өртте пайдалануға қойылатын талаптар.
      Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

      № 6-тақырып. Өрт сөндіру, түтіннен қорғау және адамдарды хабарландыру жүйелерінің қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары.
      1-сабақ. Өрт дабылы қондырғыларының әрекет ету ұстанымы мен құрылғысы туралы жалпы мәліметтер, түрі, тағайындалуы. Автоматты өрт хабарландырғыштар: тағайындалуы, әрекет ету ұстанымы, хабарландырғыштардың негізгі тактика-техникалық деректері. Өрт сөндірудің автоматтық қондырғылары: тағайындалуы, түрі және қолданылу саласы. Өртте адамдарға хабарлайтын және түтіннен қорғайтын жүйелер.
      Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.

3-бөлім. Өрт-тактикалық дайындық

      № 1-тақырып. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киім-кешегі мен жарағы. Жиналу, дабыл бойынша шығу және өрт сөндіруге бет алу.
      1-сабақ. Өрт сөндірушінің экипировкасы, жеке тігісі, жинау, Жауынгерлік киім-кешегі кию, жарағын асыну дағдысы. Жиналу, дабыл бойынша шығу және өрт сөндіруге бет алу кезіндегі ауысым жеке құрамының әрекет ету тәртібі, техника қауіпсіздігі.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 2-тапсырма. Өрт сөндіру машиналары мен мотопомпалардың тактикалық-техникалық сипаттары.
      1, 2-сабақтар. Өрт автомобильдерінің классификациясы. Негізгі, арнайы және көмекші өрт автомобильдерінің тактикалық-техникалық сипаттары, тағайындалуы, маркалары. Өрт мотопомпаларының түрлері және олардың қолданылу саласы, тағайындалуы. Негізгі техникалық сипаттары және мотопомпалардың қондырғысы.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

      № 3-тақырып. Өрт автомобильдерінде шығарылатын өрт-техникалық жарағы.
      1-сабақ. Өрт автомобилінде жабдықты орналастыру мен сақтау тәртібі. Өрт жабдығының автомобильге тиесілі табелі. Арнайы дайындалған өрт автомобилінің жабдықтары.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 4-тақырып. Қол өрт сатылары.
      1-сабақ. Қол өрт сатылары, құрылысы, тағайындалуы, түрлері мен тактикалық-техникалық сипаттамасы. Сатыларды күту және оларды сақтау. Қол өрт сатыларының сынау тәртібі мен мерзімі. Өрт сатыларымен жұмыс істеудегі техника қауіпсіздігі.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 5-тақырып. Өрт жеңдері, жеңдік жабдық, өрт оқпандары.
      1-сабақ. Өрт жеңдерінің және жеңдік арматуралардың, өрт оқпандарының түрлері, құрылысы, тағайындалуы. Сорғыш және сорғыш-сору жеңдерінің сынағы мен оларды күту, пайдалану. Өрт жеңдерімен, оқпандармен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 6-тақырып. Көбікті өрт сөндірудің құралдары мен жабдықтары.
      1-сабақ. Үстіртін белсенді заттар туралы жалпы мәліметтер мен түрлері. Көбіктендіргіштер мен дымқылдатқыштар және оларды сақтау ережелері. Ауа-көбік оқпандары мен көбік генераторлары: тактика-техникалық деректері, оларды күту тәртібі және әрекет ету ұстанымы, түрлері, құрылымы, тағайындалуы. Көбік араластырғыштар: тағайындалуы, түрлері, құрылымы, әрекет ету ұстанымы мен техникалық сипаттамасы. Аспаптарды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 7-тақырып. Өрт сөндіргіштер.
      1-сабақ. Көмірқышқыл ұнтақты және ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің жұмыс істеу ұстанымы мен қолданылу саласы, тағайындалуы.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 8-тақырып. Өртке қарсы қызметтегі байланыс.
      1-сабақ. Өртке қарсы қызметтегі байланысты ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары мен тағайындалуы. Өрт байланысының аппаратурасы. Стационарлық тасымалдану радиостанциялары, олардың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібі. Өрттегі байланысты ұйымдастыру. Радиоауысымды жүргізу ережесі.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

4-бөлім. Өрттен-құтқару дайындығы

      № 1-тақырып. Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматура және оның керек жарақтарымен жұмыс.
      1-сабақ. Өрт жеңдерімен, қол және лафеттік оқпандармен су беру жұмысы.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 2-тақырып. Өрт сатыларымен жұмыс.
      1-сабақ. Сатыларды өрт автомобилінен түсіру, оны тасымалдау, орнату, онымен қабаттарға көтерілу, сатыны жинау және автомобильге орнату тәсілдерімен практикалық машықтану.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 3-тақырып. Құтқару арқанымен жұмыс. Құтқару және өзін-өзі құтқару.
      1-сабақ. Құтқару арқанын будаққа орау. Құрылыстың төрт тәсілдерімен құтқару арқандарын бекіту. Құтқару ілгектерін зардап шегушіге кигізу. Зардап шегушілерді құтқару және өзін-өзі құтқару.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 4-тақырып. Өртте конструкцияны ашу және құру.
      1-сабақ. Өртте зардап шегушілерді құтқару және түтінді шығару үшін конструкциялардың ашылатын көлемі мен орнын анықтау. Конструкцияны ашу және құру үшін пайдаланылатын құрал.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 5-тақырып. Су көзіне қойылған өрт сөндіру автомобилінен (мотопомпалар) жауынгерлік қанат жаюы. Жауынгерлік қанат жаю кезіндегі өрт сөндірушілердің әрекеті.
      1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің су көзіне орнатумен және орнатусыз бір (екі) оқпаннан 2-3 жеңге су берумен бөлімшенің жауынгерлік қанат жаюы.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

5-бөлім. Өрт-тактикалық дайындығы.

      № 1-тақырып. Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтату негіздері.
      1-сабақ. Жану процесі туралы жалпы түсініктер. Жану мен аса таратылған жанатын заттардың өрт қауіпсіздігі және сипаты туралы қысқаша мәліметтер. Тұтану температурасы және жану жылдамдығы  заттардың ұсақтауынан, сумен дымқылдауынан, жарылысқа қауіпті қоспаның болуына байланысты.
      Өрт сөндіргіш құралдарды таңдау және классификациялау. Негізгі өрт сөндіргіш заттар мен өрт сөндіру тәсілдері туралы жалпы мәліметтер.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Өрт бөлімшелерінің түрлері және олардың тактикалық мүмкіндіктері туралы түсінік.
      1-сабақ. Өртке қарсы қызметтің алғашқы және негізгі тактикалық бөлімшесі. Бөлімшенің тактикалық мүмкіндіктері жөнінде және олардың тәуелділігі жөнінде түсінік. Бөлімшенің (объектінің) жарағындағы негізгі және арнайы өрт автомобильдерінің тактикалық мүмкіндіктері. Бірінші оқпанды берудегі автоцистернаның мәні. Запастағы су таусылғанға дейін автоцистерналарды су көзіне орнату қажетті жағдайы.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Өртті барлау. Өртті барлаудағы өрт сөндірушінің әрекеті.
      1-сабақ. Өртті барлаудың міндеттері мен мақсаты. Барлауды ұйымдастыру және оны өткізу, барлауды өткізетін адамдардың міндеті. Өртті барлаудағы өрт сөндірушінің әрекеті. Барлауды өткізудің әдістері. Көмек қажет ететін адамдарды құтқару үшін шаралар қолдану. Барлауды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралар.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамды құтқару және мүлікті көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті.
      1-сабақ. Қандай жағдайларда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіледі. Өртте адамдарды құтқару. Адамдарды іздеп табу жолдарының, тәртібінің тәсілдері және құтқару тәсілдері. Адамдарды құтқару және мүліктерді көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. Адамдарды құтқару және мүліктерді көшіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 5-тақырып. Өртті сөндіру тактикасы. Өрт сөндіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. Күзетілетін объектілердегі өртті сөндіру ерекшеліктері.
      1, 2-сабақтар. Өрт тактикасы туралы түсінік. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарлығыөрт тактикасының негіздері. Өрт сөндіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. Өрт сөндіру – өрттен қорғану жүйесінің құрамдас бөлігі және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік әрекеттерінің негізгі түрі. Өрт сөндірудің міндеттері мен ұстанымдары. Өрт-тактикалық сипаттама, күзетілетін объектілердегі өртті сөндіру мен өршу ерекшеліктері. Күзетілетін объектілердегі өртті сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.

6-бөлім. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі
көмек көрсету

      № 1-тақырып. Қан кетуді тоқтатудың негізгі ережесі.
      1-сабақ. Таңғышты қойып, артерияны қысу, аяқ, қол, саусақ бастарын барынша бүгіп, жгут қою.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Жасанды тыныс алу мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі ережесі мен әдістері. Тамырдың жиі соғуын анықтау.
      1-сабақ. Өмір мен өлімнің (биологиялық және клиникалық) белгілері. Жүректің тоқтау белгілері. Тамырдың жиі соғуын анықтау тәртібі. Бір және екі өрт сөндірушімен жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмі. Жүрек-өкпе реанимациясының дағдысына машықтану.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 3-тақырып. Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелері шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрігерге дейін көрсетілетін бірінші көмек көрсету әдістері.
      1-сабақ. Бас сүйекті, кеудені, ішті тесіп өтетін жарақаттар. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері (жарақаттарды тану, таңғыштар, жансыздандыру, жатқызу, тасымалдау). Бас, мойын, кеуде куысы жараланғандағы дәрігерге дейінгі көмек (бас, мойын, бет, иек бөліктерін таңу). Кеуде мен іш жараланғандағы өзара және өзіне көмек көрсету. Пневмоторакс. Өзіне және өзара көмек. Таңу, аяқ-қолды таңу дағдысына машықтану (иық, білек буыны, саусақтар).
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 4-тақырып. Үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.
      1-сабақ. Күйіктер, түрлері, ауыртпалық. Еспен танудың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмдері. Үсіктің түрлері, алғашқы көмек көрсету. Гипотермия мен гипертермия, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің ерекшеліктері.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

7-бөлім. Техника қауіпсіздігі

      № 1-тақырып. Қызметті өткеру және өртті сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.
      1-сабақ. Қызметтік жайларға қойылатын техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптары. Өрт техникасына, өрт-техникалық жабдығына, жауынгерлік киім-кешек пен жараққа қойылатын талаптар. Қызметті өткеру және өртті сөндіру, жиналып, дабыл бойынша, өрт орнына шығу, өртке (апатқа), дүлей зілзалаға жету, бөлімшеге қайту кезінде қойылатын техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптары; жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

Өрт сөндіру автомобиль жүргізушілерінің алғашқы бастама
дайындығының тақырыптық жоспары

№  р/с Тақырыптардың атаулары Сағат саны
Барлығы олардың
Сыныптық-топтық практикалық

1

Өрт сөндіру автомобильдерінің тұрпаттары және классификациясы.

1

1

-

2

Негізгі қолданудағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактика-техникалық деректері.

1

1

-

3

Арнайы қолданудағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактика-техникалық деректері.

1

1

-

4

Өрт сөндіру автомобильдерінің шассиі. Өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарының қосымша трансмиссиясы.

1

-

1

5

Қозғалтқыштың қосымша салқындату жүйесі. Су мен көбіктендіргіш арналған сыйымдылық. Су, көбіктендіргіш, сорғышты бөлікті сыйымдылықтарына арналған жылыту

1

-

1

6

Өрт сөндіру сорғыштары.

3

1

2

7

Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының блогы

1

-

1

8

Көбікпен сөндірудің құралдары, жабдықтары және аппараттары.

2

1

1

9

Өрт сөндіру мотопомпалары.

1

-

1

10

Басқару органдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша электр жабдықтары. Жауынгерлік топтың кабинасына жылу беру

1

-

1

11

Кузов, өрт-техникалық жабдықтар

1

-

1

12

Өрт сөндіру автомобильдерінің техникалы жағдайын және олардың арнайы агрегаттарын диагностикалау

2

1

1

13

Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері және оған қойылатын біліктілік талаптар

1

1

-

14

Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу

2

1

1

15

Техникалық құжаттар. Отын мен жанармайлар шығынының нормалары, оларды үнемдеу тәсілдері

1

1

-

16

Автомобиль радиостанциялары және радиоауыстыруды жүргізу тәртібі.

1

-

1

17

Жану және жанатын заттар туралы жалпы мәліметтер

1

1

-

18

Өрт сөндірудің негізгі тактикалары

1

1

-

19

Өрт сөндірудің алғашқы құралдары.

1

1

-

20

Өрт-техникалық қарулану және олармен жұмыстың тәсілдері.

2

1

1

21

Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. Су көзінен су толтыру

3

1

2

22

Өрт сөндіру автомобильдері қозғалысының қауіпсіздік негіздері және теория элементтері. Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жабдықталған автомобильдердің қозғалу ережесі.

1

1

-

23

Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша ережелер

2

2

-

24

Өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс

4

-

4

25

Емтихандар тапсыру

4

1

3

Барлығы:

40 18 22

      № 1-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінің тұрпаттары және классификациясы.
      1-сабақ. Базалық шасси, басқару жүйесі тұрпатын, қозғалу дәрежесі жұмыстарын орындау бойынша өрт сөндіру автомобильдерінің классификациясы. Өрт сөндіру автомобильдерінің үш топқа (негізгі, арнайы, қосымша) бөлінуі. Өрт сөндіру автомобильдерін тұрпаттары – олардың тактикалық-техникалық сипаттарының негізі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Негізгі қолданудағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактика-техникалық деректері.
      1-сабақ. Қысқаша тактика-техникалық сипаттамасы, Автоцистерналар мен жеңді-сорғыш автомобильдерді қолдану салалары. Негізгі агрегаттар мен арнайы тағайындау жүйесінің тағайындалуы, орналасуы, құрылысы және өзара әрекеті.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Арнайы қолданудағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактика-техникалық деректері.
      1-сабақ. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жарағындағы арнайы қолданудағы өрт сөндіру автомобильдері туралы жалпы мәліметтер. Тағайындалуы, жалпы құрылысы, негізгі параметрлері, жұмыс ұстанымдары.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінің шассиі. Өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарының қосымша трансмиссиясы.
      1-сабақ. Автомобильдердің шассиінің қысқа техникалық сипаты.
      Карбюратор және дизель қозғалтқыштарының жұмысының жалпы құрылысы және жұмыс ұстанымдары. Кардандық берістің тағайындалуы. Қозғалтқыштан сорғышқа айналатын сәтте беру схемасы. Білік пен оның тірегі арасындағы кардан берісінің құрылысы. Пайдалану және оларды жою процесінде пайда болатын негізгі ақаулар.
      Қораптағы күшті сұрыптау және оны қосу және басқару механизмі жұмысының ұстанымдары және тағайындалуы. Қуатты сұрыптауда қорабтың жұмысы.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 5-тақырып. Қозғалтқыштың қосымша салқындату жүйесі. Су мен көбіктендіргіш арналған сыйымдылық. Су, көбіктендіргіш, сорғышты бөлікті сыйымдылықтарына арналған жылыту.
      1-сабақ. Қосымша салқындату жүйесінің жұмысы, құрылысы. Салқындатылған сұйықтың температурасын реттеу және бақылау. Қосымша салқындату жүйесінің негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.
      Су сыйымдылығын, көбік-түзгішті, сорғышты бөлікті жылыту. Суды жылыту. Цистерна, бак, сорғыш бөлігі жылытуға қажет. Суды жылыту мен ысытудың жүйесінің құрылысы мен жұмысы. Жылыту және ысыту жүйесін қосу және ағыту.
      Жылыту және ысыту жүйесі негізгі ақаулары, ақауларының белгілері мен себептері, оларды жою тәсілдері. Жылыту, қосымша салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсетудегі жұмыс және оларды орындау тәсілдері.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 6-тақырып. Өрт сөндіру сорғыштары.
      1, 2-сабақ. Жоғары қысыммен қиыстырылған сыртқа тебу өрт сөндіру сорғышының тағайындалуы және жұмыс ұстанымдары. Сорғыштардың құрылысы. Сорғыштың негізгі торабы мен детальдарының тағайындалуы. Тағайындалуы және орналасуы: бақылау құралдары (мановакууметр, тахометр); клапан-вакуум; көбік араластырғыш; ысырмалар; құбырлар; бұрама; төгу краны және басқа сукөбік коммуникациялары. Автомобильдің рамасына сорғышты бекіту. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері. Сорғыштың герметикалығын тексеру.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 7-тақырып. Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының блогы.
      1-сабақ. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының тағайындалуы, орналасуы, құрылысы және жұмысы. Блоктың жұмысын басқару органдары. Негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері.
      Вакум жүйесі құралдарының өзара әрекеті, тағайындалуы, орналасуы. Сорғыш вакуум клапанының әрекет ұстанымдары және құрылысы. Вакум жүйесін қосу тәсілдері. Вакум жүйесінің негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.

      № 8-тақырып. Көбікпен сөндірудің құралдары, жабдықтары және аппараттары.
      1, 2-сабақ. Көбік араластырғыш: тағайындалуы, түрлері, құрылысы, әрекет ұстанымы және техникалық сипаты. Сорғышта көбік араластырғышты орнату және құбырға қосу.
      Көбік төгу мен көбік түзгіштің құрылысы: тағайындалуы, түрлері, құрылысы. Ауа-көбік оқпанның, көбік генераторының жұмысы. Көбікпен сөндіру құралдары мен аппаратының негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.
      Жүргізу әдісі: сыныпты-топтық сабақ және практикалық сабақтар.

      № 9- тақырып. Өрт сөндіру мотопомпалары.
      1-сабақ. Өрт сөндіру мотопомпаларының тағайындалуы, түрлері, олардың қолданылуы. Мотопомпалардың негізгі техникалық сипаттары және құрылысы. Мотопомпалардың өрт сөндіру жабдықтары. Негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері. Мотопомпалардың жіберілуі, жұмысы және оны күту. Мотопомпалардың техникалық қызмет көрсетудегі жұмысы. Мотопомпамен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 10-тақырып. Басқару органдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша электр жабдықтары. Жауынгерлік топтың кабинасына жылу беру.
      1-сабақ. Тұтқалардың орналасуы, тағайындалуы (ілініс, КОМ және т.б.). Басқару органының әрекет тәсілдері.
      Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары олардың тағайындалуы, құрылысы, әрекет етуі мен орналасуы.
      Жарық беру және дабыл құралдарының тағайындалуы және орналасуы. Ауыстырып қосқыш, ағытқыш және сақтандырғыштың әрекет ұстанымдары және орналасуы. Қосымша электр жабдығының схемасы. Жарық беру және дабыл қосымша құралдарының негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.
      Бензоэлектр жылу беру жұмысының құрылысы және жұмыс ұстанымдары. Жылу беру жұмысын бақылау және басқару.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 11-тақырып. Кузов, өрт-техникалық жабдықтар.
      1-сабақ. Жауынгерлік топтың кабинасы және өрт сөндіру автомобильдерінің оқыту кузовы. Өрт сөндіру жабдықтары үшін бөліктің орналасуы, тағайындалуы.
      Су көбікті жабдықтарды, өрт сөндіру оқпандарын, өрт жеңдері мен керек жарақтары, өрт қол сатыларын, өрт сөндірушілердің қол құралдарын тағайындау, орналастыру және бекіту.
      Өрт сөндіру жабдықтарының тиісті табелі.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 12-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінің техникалы жағдайын және олардың арнайы агрегаттарын диагностикалау.
      1, 2-сабақ. Техникалық диагностикалаудың тағайындалуы, мақсаты және міндеттері. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеудің технологиялық ұстанымында диагностиканың орны. Диагностикалау параметрлерінің нормативтік мағыналары. Диагностикалық құралдар болмағанда, өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарын тексеру және сынау. Өрт сөндіру автомобильдерінің техникалық жағдайын тексерудің диагностикалық карталары. Автомобильдерді диагностикалаудағы қауіпсіздік техникасы.

      № 13-тақырып. Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері және оған қойылатын біліктілік талаптар.
      1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісіне ұсынылған қосымша кәсіби талаптар. Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері: қарауыл ауысымын ауыстырғанда, әскери кезекшілікте, өртте әскери әрекет жүргізуде.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 14-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
      1, 2-сабақ. Техникалық қызмет көрсетудің түрлері және кезеңділігі. № 1, № 2 техникалық қызмет көрсетуді жүргізуде, мезгілдік қызмет көрсетуде, қарауыл ауысымын тапсыруда автомобильді дайындауда және өрттен немесе оқытудан келген соң әскери топқа автомобильді қояр алдындағы жұмыстың мазмұны.
      Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеудің жүйесі, түрлері және әдістері. Өрт сөндіру автомобильдерінің жөндеу арасында жүгіріс өлшемдері мен нормаларына ықпал ететін факторлар. Автомобильдерді жөндеуге тапсыру және жөндеуден алу. Жөндеуді жүргізуді ұйымдастыру. Жөндеуден кейін өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық талаптар. Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеуге техникалық құжаттар және жөндеуді есепке алу. Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеуде қауіпсіздік техникалары.

      № 15-тақырып. Техникалық құжаттар. Отын мен жанармайлар шығынының нормалары, оларды үнемдеу тәсілдері.
      1, 2-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің техникалық паспорты, формуляры және пайдалану карточкасы. Техникалық қызмет көрсету кестесі, өрт сөндіру автомобиліне техникалық қызмет көрсету журналы, автомобильдердің шиналары мен аккумулятор батареясы жұмысын есепке алу карточкасы. Оларды толтыру кезеңділігі мен ережесі.
      Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған сұйық отын мен майлау материалдарының шығын нормалары. Отынның қысқы және жазғы шығын нормалары. Жанармайды шығынға жазу тәртібі. Автомобильдердің отынын үнемдеу және отын шығыны туралы түсінік. Автомобильдерді үнемді басқарудың әдістері мен тәсілдері. Отынды үнемдеп шығындауға автомобиль жүйесін реттеу. Шұғыл жағдайларда отынды пайдалану мен шығынының ерекшеліктері. Отын шығынына жүргізушінің біліктілігінің ықпалы.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 16-тақырып. Автомобиль радиостанциялары және радиоауыстыруды жүргізу тәртібі.
      1-сабақ. Автомобильді радиостанциялардың түрлері мен тағайындалуы. Оқытылатын радиостанциялардың жалпы құрылысы. Автомобильде қоректену көздеріне радиостанцияларды қосу. Антенналардың орналасу және қосу. Радиостанцияларды қосу, қабылдау және беріс тәртібіндегі жұмыс. Радиоауыстыруды жүргізу ережесі.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 17-тақырып. Жану және жанатын заттар туралы жалпы мәліметтер.
      1-сабақ. Жанудың процесі туралы жалпы түсінік. Жану мен аса таратылған жанатын заттардың өрт қауіпсіздігі және сипаты туралы қысқаша мәліметтер. Тұтану температурасы және жану жылдамдығы заттардың ұсақтауынан, сумен дымқылдауынан, жарылысқа қауіпті қоспаның болуына байланысты. Негізгі өрт сөндіру заттары мен сөндіру тәсілдері туралы жалпы мәліметтер.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 18-тақырып. Өрт сөндірудің негізгі тактикалары.
      1-сабақ. Өрт сөндіру тактикалары туралы жалпы түсінік. Өрт сөндіру барысында өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінің негізгі әрекеттері. Өртте әскери әрекетті жүргізу барысында жүргізушілер жұмысының мазмұны. Өрт сөндіру барысында жүргізушілердің жіберетін сипатты қателіктері.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 19-тақырып. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары.
      Өрт сөндіргіштер: көбікті, ауа-көбікті, ұнтақты, көмір қышқылды, сұйық және аэрозоль өрт сөндіргіштерінің классификациясы, тағайындалуы, құрылысы және олармен жұмыс істеу ережесі. Сусымалы өрт сөндіру заттары, асбесті жапқыштар (киіз, жапқыш), оларды қолдану салалары және пайдалану ережесі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 20-тақырып. Өрт-техникалық қарулану және олармен жұмыстың тәсілдері.
      1, 2-сабақ. Өрт-техникалық құралдардың түрлері, тағайындалуы және құрылысы. Сорғыш жеңдер, сорғыш торлар олардың тағайындалуы, құрылысы, қысқаша сипаты. Қосқыш, сорғыш және қысымды жеңдердің кілттері.
      Қысымды жең, олардың тағайындалуы және қысқаша сипаты. Өрт сөндіру жеңдеріне, жеңдерді қосу бастиектеріне, төсемдерге, тоқтатуларға, қысқыштарға, ер тұрмандары, көпіршелеріне арналған су жинағыш және оның тағайындалуы және жеңдік бағытпен төсеуде пайдалану.
      Су беруге арналған (жабатын, тазаңдатқыштар, қиыстырылған, лафетті) арналған өрт сөндіру оқпандары, саптамалар және олардың тағайындалуы. Судың шығыны мен ағыстардың ұзақтығы туралы түсінік. Олардың саптамадағы қысымына байланыстылығы. Гидроэлеватор және су жинайтын эжектор. Олардың тағайындалуы, құрылысы, жұмыс тәртібі.
      Жеңдік тармақтау, олардың тағайындалуы мен құрылысы. Жеңдермен, жеңдік катушкалармен жұмыс барысында, су толтыру үшін жеңдік бағытты жинау барысында қауіпсіздік техникасы.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақтар.

      № 21-тақырып. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. Су көзінен су толтыру.
      1, 2-сабақ. Күзетілетін объектіні өрт сөндіру сумен қамтамасыз ету туралы жалпы мәліметтер. Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын су көздерінің түрлері мен орналасуы. Өрт сөндіру гидранты, оның тағайындалуы, құрылысы, су құбырлары желістерінде өрт сөндіру гидрантының орналасуы. Гидранттардың көрсеткіштері және пайдалану ережесі. Жазғы, қысқы уақыттарда өрт сөндіру гидрантын пайдалану ерекшеліктері.
      Өрт сөндіру колонкасы, оның тағайындалуы мен құрылысы. Колонкаларды гидрантқа орнатуда гидрант пен колонкалар бөлшектерінің өзара әрекеті, суды жабу және іске қосу.
      Өрт сөндіру колонкаларымен жұмыс барысында су көздеріне өрт сөндіру автомобильдеріне орнатуда қауіпсіздік техникасы.
      Суаттан су толтыру үшін өрт сөндіру автомобиліне орнату.

      № 22-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдері қозғалысының қауіпсіздік негіздері және теория элементтері. Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жабдықталған автомобильдердің қозғалу ережесі.
      1-сабақ. Автомобиль қозғалысы теориясының элементтері. Автомобильдерге әсер ететін күштер. Өрт сөндіру автомобильдерінің ауыр ортасының орналасуы. Қозғалыстың орташа жылдамдығы. Автомобильді тежеу. Өрт сөндіру автомобилінің тұрақтылығы және басқарушылығы.
      Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жарақталған автомобильдерді жүргізуге қойылатын қауіпсіздік талаптары. Автомобильді басқаруда жүргізушілерге қойылатын міндетті тыйым салулар.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 23-тақырып. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша ережелер.
      1-сабақ. Қызмет бөлмелеріне (жалпы ережелер, гараж, өрт сөндіру автомобильдерін техникалық қамту бекеті, аккумуляторлық, жағар-жанар май материалдарының қоймалары) қойылатын техника қауіпсіздік талаптары.
      Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету барысында өрт сөндіру техникаларына, өрт-техникалық құралдарға, жабдықтарға, әскери киімге құралдарға және қауіпсіздік шараларына талаптар.
      Өрт сөндіруде және атқару қызметіндегі техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптары.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      24-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс.
      1-сабақ. Су көздерінен су толтыру үшін мотопомпаларды және автомобильді орнатуға орын таңдау (гидрант немесе ашық суат).
      Сору және қысымды бағыттың төсемі. Жеңдік бағытқа вакуум-аппараты, сорғыш және су берудің әрекеті және іске қосу. Гидранттан, ашық суат пен цистернадан су толтыру.
      Сорудың практикалық шегін жоғарылататын гидроэлеватор және су жинау эжекторының көмегімен терең және қашықтықтан сорғышпен су беру.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

Өрттің алдын алушы нұсқаушылардың алғашқы бастама дайындығының тақырыптық жоспары

№ р/с Бөлімдер мен тақырыптардың атаулары Сағат саны
Барлығы олардың
Сыныптық-топтық Практикалық
1-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы

1

Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігінен қамтамасыз ету саласының заңнамасы.

1

1

-

2

Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы ұстанымдары.

1

1

-

3

Құрылыстағы өртке қарсы нормалау.

1

1

-

4

Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі.

1

1

-

5

Құрылыс материалдары мен конструкцияларды өрттен қорғау және өрт қауіпсіздігі.

2

2

-

6

Жарылыс өрт қауіптілігі бойынша ғимараттардың отқа төзімділігі және санаттау

3

2

1

7

Ғимараттың құрылыс конструкцияларын сараптаудың жалпы әдістемесі

2

1

1

8

Өртке қарсы тосқауылдар мен жарылыс

1

1

-

9

Адамдарды өртте қауіпсіз эвакуациялау

1

1

-

10

Жылыту және желдеткіш жүйелерінің өрт қауіпсіздігі

1

1

-

11

Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен қамту

1

1

-

12

Электр қондырғыларының өрт қауіпсіздігі

2

1

1

13

Құрылыс монтаждау, дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс істеу барысындағы өрт қауіпсіздігі

2

2

-

14

Қоғамдық және өндірістік ғимараттарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.

2

2

-

15

Объектінің өртке қарсы жағдайын тексеру объектісі

4

-

4

БАРЛЫҒЫ:

25 18 7
2-бөлім. Тактика-техникалық дайындық

1

Өрт сөндіру автомобильдерінің өрт-техникалық жарақтары мен тактика техникалық сипаттамалары мен тағайындалуы

1

1

-

2

Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы ұстанымдары

1

1

-

3

Өрт сөндірудің алғашқы құралдары

1

1

-

4

Түтіннен қорғану және өртте адамдарға хабарлау өрт сөндіру жүйелері мен қол және автоматты өрт дабылдарын орнату

1

1

-

5

Өртке қарсы қызметтегі байланыс құралдары

1

1

-

6

Өрт шыққан кездегі әрекеттер

1

1

-

7

Өртке қарсы қызметтегі техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау.

1

1

-

БАРЛЫҒЫ:

7 7 -
3-бөлім. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі бірінші көмек көрсету

1

Электр тогына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері

2

1

1

2

Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелері шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрігерге дейін көрсетілетін бірінші көмек көрсету тәсілдері.

2

1

1

БАРЛЫҒЫ:

4 2 2

Сынақ тапсыру

4 1 3

БАРЛЫҒЫ:

40 28 12

1-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы.

      № 1-тақырып. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.
      1-сабақ. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» негізгі ережелері, «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер жұмысын жүзеге асыратын ережелер туралы» Қазақстан Республикасының қаулысы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыстарының мақсаты мен міндеттері.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы ұстанымдары.
      1-сабақ. Өрттің алдын алу міндеттері. Ғимараттар мен құрылыста өрттің негізгі шығу, таралу себептері. «Өрт қауіптілігі» және «Өрт қауіпсіздігі» ұғымдары. Объектіні өрт қауіпсіздігімен қамту бағыттары туралы түсінік. «Өртті болдырмау жүйесі», «өртке қарсы қорғану жүйесі», «өртке қарсы режим» түсініктері. Объектінің өрт қауіпсіздігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Құрылыстағы өртке қарсы нормалау.
      1-сабақ. Өртке қарсы нормалау туралы түсінік. Өртке қарсы нормалаудың құрылымы. Жобалау өртке қарсы нормаларын өндеудің жалпы ұстанымдары. Ғимаратты өрттен қорғау жүйесін өңдеу алгоритмі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі.
      1-сабақ. Өрт қауіптілік қасиеті бар заттар мен материалдардың сипаттамасы: Жанғыштық тобы, тұтанудың температурасы, өршу температурасы, өздігінен өршудің температурасы, өздігінен жанудың температурасы. Жалынның өршу мен таралуының температуралық және концентрациялық шектері. Заттар мен материалдарды қолдану барысындағы өрт жарылыс қауіпсіздігі жағдайы.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 5-тақырып. Құрылыс материалдары мен конструкцияларды өрттен қорғау және өрт қауіпсіздігі.
      1-сабақ. Өрт қауіптілік қасиеті бар заттар мен материалдардың сипаттамасы: жанғыштық тобы, тұтанудың температурасы, өршу температурасы, өздігінен өршудің температурасы, өздігінен жанудың температурасы. Жалынның өршу мен таралуының температуралық және концентрациялық шектері. Заттар мен материалдарды қолдану барысындағы өрт жарылыс қауіпсіздік жағдайы. Құрылыс конструкцияларын өрттен қорғау тәсілдері.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 6-тақырып. Жарылыс өрт қауіптілігі бойынша ғимараттардың отқа төзімділігі және санаттау.
      1, 2-сабақтар. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігінің шегі. Отқа төзімділігі бойынша ғимараттарды топтастыру. Отқа төзімді дәрежелері әр түрлі ғимараттардың конструктивті элементтерінің сипаты. Ғимараттардың жарылыс өрт пен өрт қауіпсіздігі бойынша өндірісінің санатын анықтау әдістемесі. Ғимараттың отқа төзімді талап етілетін дәрежесін анықтау. Ғимараттар мен жайлардың өндіріс санатын есептеу.

      № 7-тақырып. Ғимараттың құрылыс конструкцияларын сараптаудың жалпы әдістемесі.
      1, 2-сабақтар. Ғимараттың құрылыс конструкцияларына сараптама Ғимараттың от төзімділігінің факт жүзіндегі дәрежесін анықтау әдістемесі. Қоғамдық ғимараттың құрылыс конструкцияларына сараптама жүргізу.

      № 8-тақырып. Өртке қарсы тосқауылдар мен жарылыс.
      1-сабақ. Өртке қарсы тосқауылдардың түрлері мен типтері. Өртке қарсы тосқауылдардың құрылысы. Өртке қарсы тосқауылдарға қойылатын жоспарлау нормаларының талаптары. Ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы өртке қарсы жарылысты анықтау әдістемесі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 9-тақырып. Өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіру.
      1-сабақ. Өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіру жағдайын қамту. Эвакуациялық шығу ұғымы. Көшіру жолдары мен шығуларға қойылатын жоспарлау нормаларының талаптары. Өртте адамдарды көшіру жоспарының мазмұны.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 10-тақырып. Жылыту және желдеткіш жүйелерінің өрт қауіпсіздігі
      1-сабақ. Жылыту жүйелерінің түрлері мен тағайындалуы және олардың өрт қауіпсіздігі. Жылыту жүйелеріне қойылатын өртке қарсы талаптар.
      Тұрғын үй мен қоғамдық және өндірістік ғимараттардағы жасанды және табиғи желдеткіштерге ұсынылатын өртке қарсы талаптар мен өрт қауіпсіздігі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 11-тақырып. Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен қамту
      1-сабақ. Шаруашылық жүргізілетін объектілердің сыртқы және ішкі сумен қамту схемалары. Өрт суаттары мен гидранттарын пайдалану кезінде қойылатын өртке қарсы талаптар мен құрылғы. Ішкі өрт крандарын жабдықтау мен орналастыруға қойылатын талаптар, оларды өртте қолдану.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 12-тақырып. Электр қондырғыларының өрт қауіпсіздігі.
      1-сабақ. Ғимаратты электрмен қамту схемалары. Қорғаушы ажыратқыш қондырғылар. Электр жабдықтарын таңбалау. Өртке қарсы нормалары мен электр қондырғыларының ережесіне қойылатын талаптар.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 13-тақырып. Құрылыс монтаждау, дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс істеу барысындағы өрт қауіпсіздігі.
      1-сабақ. Құрылыс аумағына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары. Материалдарды дұрыс қою тәртібі. Құрылыс-монтаждау, дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргізу тәртібі және ұйымдастыру. От жұмыстарының түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс істеу орындарына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары. Объектіде отпен жұмыс жүргізу үшін жазбаша рұқсат алуды рәсімдеу тәртібі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 14-тақырып. Қоғамдық және өндірістік ғимараттарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.
      1-сабақ. Қоғамдық және өндірістік ғимараттардың өрт қауіптілігі. Қоғамдық және өндірістік ғимараттардағы өртке қарсы режимге қойылатын талаптар. Көлемді-жоспарлау шешімдеріне, өртке қарсы тосқауылдарға, көшіру жолдарына, ғимараттардың өрт қаупі бар жайларына жобалау нормасының талаптары.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 15-тақырып. Объектінің өртке қарсы жағдайын тексеру объектісі.
      1-сабақ. Объектінің өртке қарсы жағдайын тексеру объектісінің мақсаты. Объектілердің өрт-тактикалық тексерістерін өткізу әдістемесі мен жүйелілігі. Тексеріс жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігі. Тексеріс нәтижелері бойынша унифицирленген формалардың құжаттарын құрастыру.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

2-бөлім. Тактика-техникалық дайындық

      № 1-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінің өрт-техникалық жарақтары мен тактика техникалық сипаттамалары мен тағайындалуы.
      1-сабақ. Өрт сөндіру автомобильдерінің тактика-техникалық сипаттамалары, тағайындалуы және олардың қолданылу салалары. Өрт жеңдері мен оқпандар. Жеңдік арматура мен жабдық. Қол өрт сатылары, тактика-техникалық сипаттамалары және олармен жұмыс істеу тәсілдері. Құтқару арқандарын қолдану және тағайындау.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
      № 2-тақырып. Өртте жануды тоқтату тәсілдері. Өрт сөндірудің негізгі тактикалары.
      1-сабақ. Жану мен сөну температураларын түсіну. Жанудың тоқтау шарттары. Өртте жанудың тоқтау ұстанымдары. Өрт сөндіру құралдарының классификациясы басыңқы ұстанымы бойынша өртте жанудың тоқтауы. Өрт тактикасы туралы түсінік. Өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлік жарғысы – өрт тактикасының негізі. Өрт және оның дамуы туралы түсінік. Өрттің классификациясы. Өртте газ алмасу.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары.
      1-сабақ. Тасымалды және жылжымалы өрт сөндіргіштердің (көмірқышқыл, ұнтақты, ауа-көбікті) жұмыс істеу ұстанымы және қолданылу саласы, тағайындалуы. Ұнтақты өрт сөндіргіштің модульдері. Өрт сөндірудің қол құралдары.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Өрт сөндіру, түтіннен қорғау және адамдарды хабарландыру жүйелерінің қол және автоматты өрт дабылы қондырғыларын орнату.
      1-сабақ. Өрт дабылы қондырғыларының әрекет ету ұстанымы мен құрылысы туралы жалпы мәліметтер, түрлері, тағайындалуы. Автоматты өрт хабарлағыштары: тағайындау, әрекет ету ұстанымы, хабарлағыштардың негізгі тактика-техникалық деректері. Өрт сөндірудің автомат қондырғылары: тағайындалуы, түрлері және қолданылу салалары.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      Өрт сөндіру, түтіннен қорғау және адамдарды хабарландыру жүйелерінің қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары.

      № 5-тақырып. Өртке қарсы қызметтегі байланыс құралдары.
      1-сабақ. Ультра қысқа толқындар радиостанциясының жұмыс ұстанымы, өртке қарсы қызметтердің жарағындағы радиостанциялардың тактика-техникалық сипаттары. Шақыратын радиостанциялар, радио ауысымды жүргізу ережесі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 6-тақырып. Өрт шыққан жағдайдағы әрекет.
      1-сабақ. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Объектідегі өрт сөндіру құралдарын ұстау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейінгі өрт сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуына жол бермеу шараларын қолдану. Көшіру тәртібі мен жолдары, көшіру жоспары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі жұмысшылар мен қызметкерлердің әрекеті.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 7-тақырып. Өртке қарсы қызметтегі техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау.
      1-сабақ. Өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен, өрт-техникалық жарағымен, жабдығымен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігінің талаптары. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жұмыс істеушінің жауапкершілігі. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау, ұйымда қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру механизмі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

3-бөлім. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі
бірінші көмек көрсету

      № 1-тақырып. Электр тоғына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері.
      1-сабақ. Электр тоғына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көмек көрсету.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

      № 2-тақырып. Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелері шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрігерге дейін көрсетілетін бірінші көмек көрсету тәсілдері.
      1-сабақ. Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелері шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрігерге дейін көрсетілетін бірінші көмек көрсету Жасанды тыныс алу мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі ережесі мен әдістері. Тамырдың жиі соғуын анықтау.

Жеке құрамның тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жұмыс
істеуге алғашқы бастама дайындығының тақырыптық жоспары

№  р/с Тақырыптардың атаулары Оқу сағаттарының саны
Барлығы олардың
Сыныптық-топтық практикалық

1

Газ түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру. Газ түтінінен қорғану қызметтері мен міндеттері. Жеке құрамның тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жұмыс істеуге дайындығы.

1

1

-

2

Қан айналымы мен тыныс алу физиологиясы. Жану өнімдері мен газ тектес заттардың адам организміне әсері.

1

1

-

3

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы әрекет ету ұстанымы, тағайындалуы, құрылымы.

6

3

3

4

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен жұмыс істеу кезінде болатын ақаулар және оларды жою тәсілдері.

2

1

1

5

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын тексеру түрлері. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы тексеруге және реттеуге арналған бақылау-өлшеу құралдары.

6

2

4

6

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жұмыс істеудің негізгі түсініктері және қауіпсіздік шаралары.

4

2

2

7

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жабдықпен сақтау және күту.

2

1

1

8

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жөндеу базасы. Газ түтінінен қорғау қызметінің бақылау бекеті

1

-

1

9

Жылу түтін камерасы.

1

1

-

10

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс.

10

2

8

11

Газ түтінінен қорғану қызметінің құжаттамасы және оны жүргізу тәртібі.

2

1

1

12

Сынақ тапсыру.

4

1

3

13

Барлығы:

40 16 24

      № 1-тақырып. Газ түтінінен қорғау қызметін ұйымдастыру. Газ түтінінен қорғау қызметінің қызметтері мен міндеттері. Жеке құрамның тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс істеуге дайындығы.
      1-сабақ. Газ түтінінен қорғау қызметінің жалпы ережелері мен мақсаттары. Мемлекеттік өртке қарсы қызметінде газ түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс істеуге жеке құрамды дайындау және жұмысқа жіберу. Газ түтінінен қорғау қызметінің негізгі тактикалық бірлігі.
      Жүргізу әдісі: Сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Қан айналымы мен тыныс алу физиологиясы. Жану өнімдері мен газ тектес заттардың адам организміне әсері.
      1-сабақ. Дем алған және дем шығарған ауаның құрамы. Тыныс алу органдары мен қан айналымы. Аппарат пен жұмыс істеудегі дұрыс дем алудың рөлі. Жанатын өнімдер мен газ тәрізді заттардың физика-химиялық қасиеті, оның адам ағзасына әсері. Өртте жұмыс істеу кезінде адамның улану белгісі және дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері. Жану өнімдерінің әсерінен адамның тыныс алу органдарын қорғау түрлері – топтық (түтінсорғыш, брезенттік тосқауылдар) және жеке (түрлі газқағарлар).
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
      № 3-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының әрекет ету ұстанымы, тағайындалуы, құрылымы.
      1, 2-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының құрылымы, әрекет ету ұстанымдары, жұмыс істеу ұстанымдары және негізгі тактико-техникалық сипатамалары жайлы жалпы мәлімет. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының құрылымы, негізгі желілері мен бөліктерінің жұмыстары: баллонның редуктордың вентелімен, жоғары қысымды шлангімен, дабыл қондырғысымен, манометрмен, төменгі қысымды шлангімен, өкпе аппаратымен, бетперде және құтқару құрылғысы.

      № 4-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс істеу кезінде болатын ақаулар және оларды жою тәсілдері.
      1, 2-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс істегенде өрт сөндірушінің өзін нашар сезінгенде қолданылатын шаралар.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 5-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының тексеру түрлері. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының тексеруге және реттеуге арналған бақылау-өлшеу құралдары.
      1, 2-сабақтар. Тексеруді тағайындау және өткізу мерзімі. Терсеру жүргізу ережесі, тексеруді өткізуге арналған құралдар мен құрылғылар, Тексеру қорытындыларын толтыру тәртібі.

      № 6-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс істеудің негізгі түсініктері және қауіпсіздік шаралары.
      1, 2-сабақ. Газ түтінінен қорғану құралы буынының құрамы мен жарағы, қауіпсіздік бекеті. Тыныс алу органдарын жеке қорғану құралының қосылу тәртібі. Тыныс алу органдарын жеке қорғану құралымен жұмыс істегенде тыныс алу ерекшеліктері. Жүрек қағысын өздік бақылау. Буын мүшелерінің жұмыс орнына бару және кейін оралу тәртібі, қауіпсіздік постымен байланыс, газқағардың жұмысын қадағалау, оттекті қолдануды бақылау және оның қажеттілігін есептеу. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау қажеттігі. Буын мүшесінің бірі естен танған және зардап шеккен адамды тапқан жағдайда, жеке құрамның іс-әрекеті. Буындардың ауысым тәртібі. Газқағарға қосылып, ажыратылу тәртібі. Тыныс алу органдарын жеке қорғану құралымен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары.
      Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық және практикалық сабақ.

      № 7-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралын жабдықпен сақтау және күту.
      1-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының газ түтінінен қорғану қызметінің қоймаларында, базаларында, бақылау бекеттерінде сақтау. Өрт сөндіру автомобильдерінде тасымалдау. Жұмыстан кейін тыныс алу органдарын жеке қорғау құралын күту.

      № 8-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының жөндеу базасы. Газ түтінінен қорғану қызметін бақылау бекеті.
      1-сабақ. Газ түтінінен қорғану қызметінің бақылау бекеті мен базасын тағайындау олардың жабдықтары компрессормен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары мен жұмыс ережесін арнау.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 9-тақырып. Жылу түтін камерасы.
      1-сабақ. Жылу түтін камерасының арналуы және оған қойылатын талаптар. Жаттығулар кезіндегі жылу түтін камерасындағы қауіпсіздік техникасы.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақтар.

      № 10-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс.
      1, 3-сабақ. Газ түтінінен қорғану қызметі буындарының жұмыс элементтері: барлау жүргізу, адамдарды құтқару, жеке құрамның жұмыс істеуіне жағдай жасау, аса қиын жағдайда, өрт сөндіруде тікелей жұмыс жасау.
      Барлау жүргізу: барлаудың құрамы және оның құрал-жабдықтары, барлауға міндеттер алу; аса түтінденген бөлмеде жылжу тәртібі (коллоннада бір-бірден жылжу, аяқтаушы буын мүшелерінің жылжуын және олардың жағдайын қадағалау үшін, қасыңда келе жатқан жолдастарымен байланысты үзбеу, тоқуларды қолдану, сөйлесу сымын бағытты ұстау үшін қолдану, ал кей жағдайларда жең жолдарын, сонымен қатар құлаған жерлерді алда келе жатқан адам құрылымды ломмен соққылауы керек, монтаждық, технологиялық және басқа да ойықтарға түспеу үшін, жүру бағытын есте сақтау); барлаудың қауіпсіздік бекеті мен байланысы; бекетті қажетті құралдармен қамтамасыз ету, газ түтінінен қорғану қызметі жеке құрамының түтінденген ортада болу уақытын және хал-жағдайын бақылау; түтінденген ортада газ түтіннен қорғаушыларды табу құралдары, адамдарды табу тәсілдері; зардап шеккендері тапқан жағдайдағы іс-әрекет, өрттің қарқындығы, жоғары температура және қалың түтін кезінде барлаудың ерекшеліктері, оқпанды бақылауда қолдану. Газқағарда жұмыс істеу уақыты, оттекті есептеу.
      Адамдарды құтқару: тыныс алуға жағымсыз ортадан адамдарды көшіру кезінде іс-қимылдарды қайсарлықпен, шапшаң және талаппен орындау; адамдарды көшіру тәсілдері және жақын жолдарды қолдану (шығу есіктері мен терезелерді); зардап шеккендерді кезекпен көшіру; дәрігерге дейінгі көмек көрсету; жарақат алған және күйген адамдарды көшіру ерекшеліктері; адамдарды көшіру кезінде қордағы газқағарларды қолдану; жанып жатқан бөлмеден азаматтардың материалдық құндылықтары мен мүлкін көшіру.
      Түтінмен және жоғарғы температурамен күрес; өртті сөндіру; стационарлық ауа желдеткіштерін және ауа үрлегіштерін қолдану; түтінді шығару үшін ғимараттың құрлымдарын бұзу, өрт болған жерден аса көп түтін, сонымен қатар улы бу және газ шығаратын заттар мен материалдарды сыртқа шығару; бөлмелерге түтіннің әрі қарай тарамауы үшін брезент тосқауылын қолдану; түтін сорғыштарды қолдану (жанған бөлмеге ауаны айдау үшін, жанған өнімдерді шығару үшін, түтінсорғыштардың құрама жұмысы); өрт сөндіру бағандарымен және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бағандарымен жұмыс.
      Қопарылыс, буға және газға толған бөлмеде жұмыс істеу ерекшеліктері.
      Жер асты құрылыстарында аварияны жою жұмыстарына газ түтінінен қорғану жеке құрамының қатысуы (шахталар, метролар, туннелдер, подвалдар және т.б.). Жеке құрамның газқағармен жер асты құрылыстарында жұмыс істеу уақытын есептеу ерекшеліктері.
      Буындардың жоғарғы және төмен температураларда жағдайларында жұмыс істеу ерекшеліктері. Газ түтіннен қорғаушылардың төтенше жағдайдағы іс-әрекеті (қауіпсіздік постымен байланыс жоғалтқанда, адасып кеткенде және т.б.).

      № 11-тақырып. Газ түтінінен қорғану қызмет құжаттамасы және оны жүргізу тәртібі.
      1-сабақ. Газ түтіннен қорғаушының жеке карточкасы, оны жүргізу және толтыру тәртібі. Қызмет атқаратын газ түтінінен қорғану қызметі бөлімшелерін есепке алу журналы. Қысымды ауада № 1 және № 2 аппараттарымен жұмыс істеуді тексеру журналдары және оларды жүргізу тәртібі.
      Жүргізу әдісі. сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

Радиотелефонистердің алғашқы бастама дайындығының
тақырыптық жоспары

№  р/с Тақырыптардың атаулары Сағат саны
Барлығы олардың
Сыныптық-топтық практикалық

1-бөлім. Техникалық дайындық.

1

Өртке қарсы қызметтерде байланысты ұйымдастыру. Өрт бөлімшелерінің шығу кестесі.

2

1

1

2

Электр тогы және оның көздері.

1

1

-

3

Сым байланысы. Сым байланысымен жұмыс тәртібі.

1

1

-

4

Радиобайланыс, жұмыс тәртібі мен радиоауыстыру.

4

2

2

5

Автоматты өрт сөндіру және өрт-қорғау дабылдары. Өрт сөндіру дабылдарының станциялары.

1

1

-

6

Өрт туралы хабарларды қабылдау тәртібі және жауынгерлік топты шақыру орнына жөнелту.

2

1

1

7

Өрт, апат орнына шығатын және кезекшілік режиміндегі күзетілетін объектілердің диспечерлік қызметтерімен, өзара қарым-қатынас қызметтерімен, авариялық-құтқару қызметтерімен және бөлімшелерімен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемелерінің күштер мен құралдарын жедел басқаратын орталықпен байланыс.

2

1

1

8

Өрт сөндіру басшысымен және өрттегі, апаттағы жауынгерлік топ бөлімшесімен байланыс, өрттегі күш пен құралдардың хронологиялық әрекетін, сондай-ақ тұрақты жағдайды есепке алу.

5

1

4

9

Байланыс құралдарымен жұмыс барысында қауіпсіздік техникалары мен өрт қауіпсіздігінің ережелері, күзетілетін объектілерде қолданылатын дабылдар мен жарық түсірулер.

2

2

-

БАРЛЫҒЫ:

20 11 9

2-бөлім. Арнайы дайындық.

10

Негізгі өрт сөндіру автомобильдері.

1

-

1

11

Арнайы және қосымша өрт сөндіру автомобильдері.

1

-

1

12

Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету.

2

1

1

13

Өртті сөндіру, апаттар мен дүлей зілзалаларды салдарын жоюды ұйымдастыру.

2

2

-

14

Байланыс бөлімше бекетінің жедел-қызмет құжаттары, оларды жүргізу тәртібі.

2

-

2

15

Радиотелефонистің жұмысын регламенттейтін басқару құжаттары.

2

2

-

16

Байланыс бөлімше бекетінің бағдарламалық қамтамасыз ету.

2

1

1

17

Байланыс құралдарымен жұмыс істеу тәсілдері.

4

-

4

Емтихан тапсыру.

4

1

3

БАРЛЫҒЫ:

20 7 13

БАРЛЫҒЫ:

40 18 22

1-бөлім. Техникалық дайындық.

      № 1-тақырып. Өртке қарсы қызметтерде байланысты ұйымдастыру. Өрт бөлімшелерінің шығу кестесі.
      1-сабақ. Тағайындау бойынша өрт байланысының классификациясы: хабарлама байланысы, диспетчерлік байланыс, өрттегі байланыс. Өрт байланысының техникалық классификациясы: телефондық, радиобайланыс, қолмен әрекет етілетін электр өрт дабылы, автоматты өрт және қорғау-өрт дабылы.
      Өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінде байланыстың жалпы схемасы. Гарнизонда хабарлауды ұйымдастыру және байланыс схемасы. Диспетчерлік байланысты (телефон, радио) ұйымдастыру. Байланыс бекеттерін ұйымдастыру. Күш пен құралдарды жедел басқару орталығы және оның тағайындалуының күш пен құралдарын жедел басқару орталығы. Өрт болған жерде телефон және радио байланысының схемасы. Байланыс қызметінің басшылығы.
      Өрт бөлімшелерінің шығу кестесі және оның өртте, апатта күш пен құралдардың рөлі.

      № 2-тақырып. Электр тогы және оның көздері.
      1-сабақ. Электр тогы мен электр шынжыры туралы түсінік. Токтың күші және оларды өлшеу; электр тоғының сымдарымен қарсыласы және оны өлшеу. Күш және оны өлшеу. Үнемі және үзіліс тогы туралы түсінік. Сымдар және диэлектриктер. Электр тогының магниттік қасиеті. Электр тогының көздері. Радиостанциялардың, телефон коммутаторларының және қабылдау станциясының электроқоректенуі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Сым байланысы. Сым байланысымен жұмыс тәртібі.
      1-сабақ. Телефон мен микротелефонның құрылысы. Телефон байланысының ұстанымдары. Телефон аппаратының сипаттық ақаулары. Телеграф және телеграф байланысының ұстанымдары. Телеграф, телефон және фототелеграф байланысы барысында ақпаратты ауыстыруды жүргізудің ережесі мен тәртібі.
      Телефон коммутаторлары мен автоматты телефон станциясы. Коммутаторлардың тағайындалуы. Әрекет ұстанымдары. Қалалық (аудандық) телефон станциясы туралы түсінік. Жартылай автоматты телефон байланысының құрылысы. Аз сыйымдылықты автоматты телефон станциясы құрылысымен жұмысының ұстанымы.
      «01» бағыты бойынша шақырылатын абонент нөмірін автоматты анықтау құрылысы туралы түсінік.
      Күш пен құралдарды жедел басқару орталығы, байланыс бөлімшесінің бекеті магнитті, электронды тасымалдаушыға жазуды жүргізудің тәртібі және ұйымдастыру.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Радиобайланыс, жұмыс тәртібі мен радиоауыстыру.
      1-сабақ. Радио туралы жалпы түсінік. Радиоберілістер және радио қабылдаудың ұстанымы. Радиостанцияның блок-схемасы, радиостанция элементтерінің тағайындалуы және әрекет ұстанымдары: радиоберіліс, радиоқабылдағыш, антенна, микрофон және телефондар. Радиостанцияның негізгі тактика-техникалық деректері. Радиостанциялардың тұрпаттары: тұрақты, мобильді және көтермелі.
      Байланыс бөлімі пунктінде радиоторабында аппаратураларды орналастыру.
      Радиостанциялардағы жұмыс. Радиостанцияларды жұмысқа дайындау. Беріліс пен қабылдағышты қосу. Радиостанцияны басқару. Радиоауыстырудың ережесі және радиостанцияларды байланысқа қосу. Радиостанцияларды күту ережесі. Радиостанциялардың сипатты ақаулары және оларды жою әдістері. Факсимильді байланыс аппарутарысының көмегімен факсимильді байланысты қабылдау мен беріліс ұстанымдары. Тұрақты, мобильді, көтермелі радиостанцияларының негізгі тактикалық-техникалық деректері.

      № 5-тақырып. Автоматты өрт сөндіру және өрт-қорғау дабылдары. Өрт сөндіру дабылдарының станциялары.
      1-сабақ. Автоматты өрт сөндіру және өрт-қорғау дабылдары. Өрт және өрт-қорғау дабылының тағайындалуы, автоматты өрт және өрт-қорғау дабылының құрылу ұстанымдары. Автоматты өрт хабарлары: тағайындалуы, әрекет ұстанымы, хабарлардың негізгі тактикалық-техникалық деректері. Әрекет ұстанымы бойынша хабарлардың классификациясы.
      Өрт дабыл станцияларының негізгі тактикалық-техникалық деректері және өрт-қорғау дабылының қабылдау-бақылау құралдары. Оларды пайдалану тәртібі.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 6-тақырып. Өрт туралы хабарларды қабылдау тәртібі және жауынгерлік топты шақыру орнына жөнелту.
      1, 2-сабақ. Өрт туралы хабарларды қабылдау:
      тұрғын үйлерде, өндірістік ғимараттарда, көлік объектілерінде, балқу құралдарында, мұнай өнімдерін сақтау резервуарлы парктерде, жоғары қабатты ғимараттарды, көп адамдар жүретін ғимараттарды, газды фонтандарда.
      ұшқыш аппараттарының апаттық қонуы туралы;
      жарылыс, өрт қорқыныш жағдайлары туралы;
      өртпен байланысты емес жағдайларда адам өмірінің қаупі туралы.
      Өртке, апатқа, табиғи апатқа және т.б. жедел және басшы құрамды жіберу тәртібі және олар туралы атқару органдарына күш пен құралдарды жедел басқару орталығы, Өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме жедел кезекшілеріне ақпарат ету.

      № 7-тақырып. Өрт, апат орнына шығатын және кезекшілік режиміндегі күзетілетін объектілердің диспечерлік қызметтерімен, өзара қарым-қатынас қызметтерімен, авариялық-құтқару қызметтерімен және бөлімшелерімен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемелерінің күштер мен құралдарын жедел басқаратын орталықпен байланыс.
      1, 2-сабақ. Өрт, апат орнына шығатын және кезекшілік режиміндегі күзетілетін объектілердің диспечерлік қызметтерімен, өзара қарым-қатынас қызметтерімен, авариялық-құтқару қызметтерімен және бөлімшелерімен байланысты. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемелерінің күштер мен құралдарын жедел басқаратын орталықпен байланысты ұйымдастыру.
      Жүргізу әдісі: Сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ

      № 8-тақырып. Өрт сөндіру басшысымен және өрттегі, апаттағы жауынгерлік топ бөлімшесімен байланыс, өрттегі күш пен құралдардың хронологиялық әрекетін, сондай-ақ тұрақты жағдайды есепке алу.
      1, 2, 3-сабақтар. Өрт сөндіру басшысымен және өрттегі, апаттағы жауынгерлік топ бөлімшесімен байланысты ұйымдастыру. Радиоауысыммен, баяндама формасын жүргізу тәртібі. Өртке қатысушылардың күш пен құралдардың хронологиялық әрекетін, сондай-ақ өртте, апатта қалыптасқан жағдайды есепке алу.

      № 9-тақырып. Байланыс құралдарымен жұмыс барысында қауіпсіздік техникалары мен өрт қауіпсіздігінің ережелері, күзетілетін объектілерде қолданылатын дабылдар мен жарық түсірулер.
      1-сабақ. Байланыс құралдарымен, дабылдар мен жарық түсірулермен жұмыс барысында қауіпсіздік техникалары мен өрт қауіпсіздігінің ережелері.
      Адамның организміне электр тоғының әсері. Жіберілген қауіпсіз күш. Электр тоғынан зардап шеккенге бірінші жәрдем Радиостанцияларды, коммутаторларды, автоматты телефон станцияларын – төмен жиілілікпен күшейткіш, аккумулятор батареясын қызмет көрсетуде және жөндеуде қауіпсіздік ережелері.
      Байланыс бөлімше бекетінің санитарлық-гигиеналық нормалары және қауіпсіздік техникалары. Бөлімшедегі, байланыс бөлімше бекетіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары және оларды пайдалану ережесі.
      Жүргізу әдісі: Сыныптық-топтық сабақ.

2-бөлім. Арнайы дайындық

      № 10-тақырып. Негізгі өрт сөндіру автомобильдері.
      1-сабақ. Негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің тағайындалуы және тактикалық-техникалық сипаттары. Өрт жабдықтарының нақты табелі. Жауынгерлік топтың табелі. Жауынгерлік қанат жаюдың түрлері және жауынгерлік топ нөмерлеріне сәйкес өрт сөндірушілердің міндеттері.
      Жүргізу әдісі: Практикалық сабақ.

      № 11-тақырып. Арнайы және қосымша өрт сөндіру автомобильдері.
      1-сабақ. Арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің тағайындалуы және тактика-техникалық сипаттары. Өрт сөндіру мақсатына бейімделген арнайы өрт сөндіру автомобильдері мен техникаларын пайдалану.
      Жүргізу әдісі: Практикалық сабақ.

      № 12-тақырып. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету.
      1-сабақ. Қаланы (объектіні), күзетілетін ауданды өртке қарсы сумен қамтамасыз ету туралы жалпы мәліметтер. Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын су көздерінің түрлері және орналасуы. Өрт сөндіру гидранты, оның тағайындалуы, су құбыры торларында өрт сөндіру гидрантының орналасуы. Төмен және жоғары қысымды су құбырлары. Сақиналы және басы тұйықталған су құбырлар торлары туралы түсінік. Су көздерінің планшеттері.

      № 13-тақырып. Өртті сөндіру, апаттар мен дүлей зілзалалардың салдарын жоюды ұйымдастыру.
      1-сабақ. Өртте күштер мен құралдарды басқару, олар туралы жиналған деректер. Арнайы қызметтермен өзара әрекет, өрт сөндіру үшін меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан күштер мен құралдарды тарту жоспары. Практикалық жұмыста жедел жоспарлар мен карточкаларды пайдалану.
      Қаланың (объектінің) арнайы және авариялық қызметі, өрт сөндіруде олардың орналасуы және тәртібі, оларды іске қосу.
      Қаланың (объектінің) арнайы және авариялық қызметтерімен өзара әрекет нұсқаулықтары.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.

      № 14-тақырып. Байланыс бөлім бекетінің жедел-қызмет құжаттары, оларды жүргізу тәртібі.
      1-сабақ. Күш пен құралдарды жедел басқару орталығы, байланыс бөлім бекетінің жедел-қызметтік құжаттары, оларды жүргізу тәртібі.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 15-тақырып. Радиотелефонистің жұмысын регламенттейтін басқару құжаттары.
      1-сабақ. Әр түрлі жағдайларда радиотелефонистердің міндеттері мен әрекеттері:
      өрт, авария, табиғи апаттар туралы және т.б. хабарлар алғанда; диверсиалды актінің (өрт, авария, қопарылыс және т.б.) дайындалуы туралы анонимді өтініш берушіден хабар алғанда;
      гарнизонда күштер мен құралдардың жоғары шақыру нөмірімен өртті хабарлаған кезде;
      байланыс құралдары, жарық түсіру, электр қоректендіру және т.б. қатардан шығып қалғанда;
      бөлімшеде, байланыс бөлім бекетінде өрт, авария болғанда;
      жедел жағдай шұғыл туындаған кезде;
      бөлімшеде, өртте төтенше жағдайлар туралы хабар алғанда.
      Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ

      № 16-тақырып. Байланыс бөлімшесінің бекетінің бағдарламалық қамтамасыз ету.
      1-сабақ. Бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютер туралы жалпы мәліметтер. Компьютердің тағайындалуы, құрылысы, онда жұмыс істеу ережесі, принтерді пайдалану ережесі. «Outlook Express» бағдарламамен жұмыс тәртібі, «Microsoft Word» және «Microsoft Excel» редакторларындағы құжаттар мен жұмыс және құрылуы. Байланыс бөлімшесінің бекетінің және өртке қарсы қызметтерде бар ақпараттық бағдарламаларымен жұмыс.

       № 17-тақырып. Байланыс құралдарымен жұмыс істеу тәсілдері.
      1, 2-сабақ. Сым және радио байланыс құралдарымен жұмыс істеудің практикалық тәсілдері. Радиообменнің ережелерін өңдеу. Құпия және кодтық хабарламаларды беру.
      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 310 бұйрығына    
2-қосымша        

мамандарды арнайы даярлайтын оқу курстары

      1. Өртке қарсы қызметтің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын оқу курстары келесі мамандықтарға бөлінеді:
      1. Өрт сөндірушілер (күзетілетін объект түрлері бойынша):
      1) мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, сақтау, қамтамасыз ету және тасымалдау жөніндегі ұйымдар мен объектілер:
      мұнай өңдеу жөніндегі объектілер;
      газ өндіру жөніндегі объектілер;
      мұнай айдау станциялары;
      газкомпрессорлық станциялар;
      газ өңдеу зауыттары;
      мұнай өңдеу зауыттары;
      газ жинақтау станциялары;
      мұнай құю эстакадалары;
      қайранда мұнай мен газ өндіру мен дайындауға арналған теңіз операцияларын қолдау базалары;
      мұнай базалары;
      жер асты газ сақтау станциялары.
      2) химия және мұнай-химия өнеркәсібі ұйымдары:
      синтетикалық каучук шығару жөніндегі кәсіпорындар;
      жарылғыш-өрт қаупі бар заттарды қолдана отырып, химия өнімін (спирттерді, эфирлерді, шайырларды, винилхлоридті, талшықтарды, бояуларды және басқаларды) шығару жөніндегі кәсіпорындар;
      шиналар мен резеңке-техникңалық бұйымдарды шығару жөніндегі кәсіпорындар;
      сұйытылған көмірсутегі газдарын қайта өңдеу және алу жөніндегі кәсіпорындар;
      минералды тыңайтқыштар өндіру жөніндегі кәсіпорындар;
      әртүрлі маркадағы полистирол шығару жөніндегі полистиролды пластиктер өндіру жөніндегі кәсіпорындар;
      полипропиленді өнім өндіру жөніндегі кәсіпорындар;
      биоотын өндіру жөніндегі кәсіпорындар.
      3) электроэнергетикалық өнеркәсіп ұйымдары:
      мемлекеттік аудандық электр станциялары;
      су электростанциялары;
      жылу электр станциялары;
      атом электр станциялары;
      газ турбиналық электр станциялары;
      кіші станциялар.
      4) өнеркәсіптік ұйымдар:
      ауыл шаруашылығы машиналарын шығару жөніндегі кәсіпорындар;
      автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындары;
      металл өңдеу кәсіпорындары;
      металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;
      сүректі сақтау мен қайта өндеу және целлюлоза өндіру жөніндегі кәсіпорындар;
      көмірді, темір рудасын, түсті металдарды өндіретін кен орындарының объектілері;
      көлік кәсіпорындары;
      халыққа ғимараттармен тікелей қызмет көрсетуге арналған көлік ұйымдары, жолаушыларының есептік сыйымдылығы;
      жарылғыш заттар қоймалары;
      қоныстандырылған аумақтан тыс жерде орналасқан басқа өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ қоймалық мақсаттағы базалар, байланыс кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері.
      5) ауыл шаруашылығы кәсіпорындары:
      тағам, қайта өңдеу кәсіпорындары, балық шаруашылығы және басқа да ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер;
      элеваторлар;
      6) орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері мен заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын аумақтар.
      2. Негізгі өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілері:
      алғашқы жәрдем автокөлігі;
      тез өрт сөндіру автокөлігі;
      өрт сөндіретін өңешті - сорғыш автокөлігі;
      жоғары қысымды сорғышы бар өрт сөндіру автокөлігі;
      сыйымдылығы 2 м3 жеңіл өрт сөндіру автоцистернасы;
      сыйымдылығы 4 м3 орта және механикалық сатысы бар өрт сөндіру автоцистернасы;
      сыйымдылығы 14 м3 дейінгі ауыр өрт сөндіру автоцистернасы;
      көбікті ауа өрт сөндіру автокөлігі;
      ұнтақты өрт сөндіру автокөлігі;
      ұнтақты өрт сөндіру автокөлігінің модулі;
      газды өрт сөндіру автокөлігі;
      газды-сулы өрт сөндіру автокөлігі;
      құрама өрт сөндіру автокөлігі;
      аэродромдық өрт сөндіру автокөлігі;
      радиациялық сәулелерден және аса улы заттардан қорғайтын өрт сөндіру автокөлігі;
      өрт сөндіру сорғыш станциясы; о өңешті өрт сөндіру автокөлігі жатады.
      3. Арнайы мақсаттық өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері: автосатылар;
      иінді автокөтергіштер; автокөбіккөтергіштер;
      апаттан құтқару автокөлігі;
      байланыс және жарықтандыру автокөлігі;
      техникалық қызмет көрсететін автокөлік;
      газдан және түтіннен қорғау қызметін көрсететін автокөлік; түтін сейілткіш автокөлік.
      4. Радиотелефонистер.
      5. Нұсқаушы - өрт сөндірушілер.
      6. Өрттің алдын алатын нұсқаушылар.
      7. Газдан және түтіннен қорғау қызметін көрсететін мастерлері.
      8. Жеңдік шаруашылық мастерлері.
      9. Газдан құтқарушылар.
      10. Жоғары биіктіктен құтқарушылар.
      11. Парамедиктер.

2. Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша мамандарды
оқыту курсы

      12. Ұйымдарды өрт қауіпсіздігінен қамтамасыз етуге және өрт қауіпсіздік шараларына оқытуға жауапты лауазымды тұлғалары, басшылары, бас мамандары:
      1) Жатаханалардың, қонақ үйлердің, шипажайлардың, профилакториялардың және демалыс үйлердің;
      2) Мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, және басқа білім беретін мекемелердің, орта техникалық және жоғарғы оқу орындарының;
      3) Ғылыми және жобалық ұйымдардың;
      4) Өндірістік және автотранспорттық кәсіпорындардың;
      5) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, кооперативтер мен серіктестіктердің;
      6) Өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды (қызмет көрсететін) атқаратын ұйымдардың;
      7) Мұнай өнімдерін сататын және қайта өңдейтін ұйымдардың, соның ішінде автозаправкалық станциялардың;
      8) Жанатын газдарды сататын және қайта өңдейтін ұйымдардың;
      9) Көтерме және бөлшекті сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және комуналдық қамтамасыз ету ұйымдардың;
      10) Мәдениет, туризм, спорт және денсаулық сақтау ұйымдарының;
      11) Қала сыртындағы балаларға білім беретін мекемелердің;
      12) Құзыретіне дала өрттерін сөндіру, сондай-ақ      мемлекеттік өртке қарсы қызмет құрылмаған елді мекендеріндегі өрт сөндіруді ұйымдастыру кіретін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері.
      13. Объектілердің, ұйымдардың және мекемелердің қызметкерлері мен жұмысшылары:
      1) автозаправка станцияларының операторлары;
      2) мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, өрт қауіпсіздігі шараларын оқытумен айналысатын бастауыш орта, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары;
      3) өрт қауіпсіздігі саласындағы білімдерді тексеретін біліктілік комиссиясының төрағалары;
      4) өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындайтын (қызмет көрсететін) ұйымдардың мамандары;
      5) ұйымдар мен мекемелердің адамдарға тәулік бойы қызмет көрсететін персоналдары;
      6) дәнекерлеуші және басқа да отпен жұмыс істейтін тұлғалар;
      7) жарылыс қауіпі бар аппараттар мен қондырғылардың операторлары, жарылыс қаупі бар цехтардың жұмысшылары (жарылыс өрт қауіптілігі бойынша А,Б санаттары);
      8) АЗС қызметкерлері мен жағармай толтыратын жүргізушілері;
      9) жанғыш заттар мен материалдармен (өртенгіш заттар бар орамдармен, плиталармен, эпоксидті смолалармен, мастикалармен) жұмыс істейтін тұлғалар;
      10) дәнекерлеуші және басқа да отпен жұмыс істейтін қызметкерлер;
      11) инфрақызыл сауле шығарулардың газ оттықтарын пайдаланатын және монтаждайтын персонал;
      12) күзетшілер;
      13) өрттің алдын алу мен жою бойынша қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (жергілікті тұрғындардан құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдар);
      14) ұйымдар мен жергілікті елді мекендерде котельныйлар мен басқа да жылу шығаратын қондырғыларды пайдаланатын тұлғалар.

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 310 бұйрығына    
3-қосымша        

мамандарды арнайы даярлайтын біліктілік талаптары 1. Жалпы ережелер

      1. Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды арнайы даярлау, тиісті біліктіліктерді (мамандықтарды) үйрену мақсатында өрт қауіпсіздігі саласындағы қимылдарға даярлайтын мамандандырылған оқу орталықтарында өткізіледі.
      2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын даярлаудағы негізгі міндеттер:
      оперативтік-қызметтік міндеттерді сәтті орындауды қамтамасыз ететін икемді және тиімді қимылдарға үйрету;
      авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрт сөндірудегі кәсіби және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әдістері мен тәсілдерін үйрету;
      өрттің алдын алу мен сөндіруді жүзеге асыру мәселесінде практикалық икем мен дағдыларды өңдеу;
      арнайы техникамен, өрт-техникалық және авариялық-құтқару жарақтары мен жабдықтарымен, транспорттық құралдар мен байланыс құралдарын пайдалану дағдыларына үйрету;
      қарамағындағыларды басқару, үйрету және тәрбиелеу бойынша басқарушы құрамның дағдысын жетілдіру;
      мамандардың кәсіби сана-сезімін, өз қимылының жауапкершілігін сезінуді, оперативтік-қызмет жұмысының спецификасын ескере үнемі өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруді қалыптастыру;
      мамандардың жоғары психологиялық тұлғалық тұрақтылығын қалыптастыру, олардың байқағыштығын, қырағылығын, жалпы және тактикалық ойлауы мен басқа да кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту болып табылады.
      3. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінде жұмыс істеуге мамандарды даярлау мынадай оқу түрлерін қамтиды:
      арнайы даярлау;
      қайта даярлау;
      біліктілікті арттыру.
      Арнайы даярлауөрт қауіпсіздігі саласында, өртке қарсы қызметтердің бөлімшелерінде және біліктілікті арттыратын және кадрларды қайта даярлайтын ұйымдарда іс-қимылдарға дайындайтын мамандандырылған оқу орталықтарының базасында жүзеге асырылатын қызметтік міндеттерді сәтті шешу үшін қажет тиісті біліктілікті алу, білімді, іскерлікті және дағдыны үздіксіз жетілдіру мен игерудің ұйымдасқан үдерісі;
      Өрт сөндіру бөлімінің (өрт сөндіру бекетінің) өрт сөндірушісі, өрттің алдын алушы-өрт сөндіруші нұсқаушысы, өрттің алдын алушы нұсқаушысы, өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі, газ түтінінен қорғаушысы, радиотелефонист лауазымындағы өртке қарсы қызметтердің қызметкерлері арнайы даярлаудан өтеді.
      Өртке қарсы қызмет қызметкерлерін қайта даярлау – тиісті профиліне (өрт сөндірушілерді құтқарушыларға, газдан құтқарушыларға және т.б. даярлау) немесе басқа жұмысқа тағайындалу кезінде, өрт қауіпсіздігінен қамтамасыз ету саласында басқа қызметтік бағыттарды жүзеге асыру қызметтік міндеттері болып қарастырылған қызметкерге қажетті білімді, іскерлікті, дағдыны алу үшін жаңа біліктілік (мамандық) алу мақсатында жүзеге асырылады.
      Өртке қарсы қызмет жеке құрамының біліктілігін арттыру – қызметкер тағайындалған лауазымы бойынша кем дегенде бес жылда бір рет білімдерін тереңдету мен техникалық деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
      Өрт бөлімшесінің қарауыл бастығы (ауысым басшысы), өртке қарсы қызметтердің өрт бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалған мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері біліктілікті арттырудан өтеді.
      4. Өрт қауіпсіздігі саласында арнайы мамандарды даярлаудың міндеттері мен мазмұны осы біліктілік талаптарымен, «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен, «Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы қаулысымен, «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы қаулысымен, «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Жакуынгерлік Жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен, «Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органының газ түтінінен қорғау қызметі жөніндегі тәлімдемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі бұйрығымен, «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен анықталады.

2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қимылдарға даярлайтын оқу
орталықтарында, біліктілігін арттыратын және кадрларды қайта
даярлайтын ұйымдарда мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
мамандарын арнайы даярлау бойынша біліктілік талаптар

§ 1. Оқу процесіне қойылатын талаптар

      5. Оқу процесі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» және 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңындарымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына және осылардың негізінде өңделген оқу жоспарлары және бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылып, өткізіледі.
      6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлауды жүзеге асыру мен ұйымдастыру кезінде нормативтік құқықтық актілер мен басшылық ететін құжаттардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін арнайы дайындау тәртібін реттейтін талаптарды орындау негізге алынады.

§ 2. Оқу процесіне қатысатындарға қойылатын талаптар

      7. Өрт қауіпсіздігі саласындағы іс-қимылдарға даярлайтын оқу орталықтарының, кадрларды даярлап, біліктілікті арттыратын ұйымдардың оқытушылары мен тыңдаушылар (өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет тыңдаушылары) оқу процесінің қатысушылары болып табылады.
      8. Оқытушылыққа тиісті жоғары немесе орташа-техникалық білімі бар, сабақ беру профилі бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болған тұлғалар тартылады. Штат оқытушыларымен қатар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлері де белгіленген тәртіпте қосымша немесе сағаттық еңбек төлемімен сабақ бере алады.

§ 3. Оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға және
әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      9. Әдістемелік жұмыс оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі және оқытушылар құрамының қызметінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады әрі оқу процесі сапасын арттыруға жағдай жасауға, оқытудың белсенді формаларын пайдалана қарқындатуға бағытталған.
      10. Тыңдаушыларды оқыту мен тәрбиелеуде тиімдірек формалар мен әдістерді өндіру үшін, сабақ мазмұны мен әдістерге барлық оқытушылардың бірдей көзқарасын қалыптастыру үшін:
      оқу-әдістемелік жиындар;
      нәтиже сабақтар;
      ашық сабақтар;
      өзара қарым-қатынас сабақтары жүйелі түрде жүргізілу керек.
      11. Басшылық етуші және оқытушы құрамның педагогикалық және кәсіби біліктіліктерін арттыру оқу процесін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады және қызметтің маңызды бағыттарының бірі болып қаралуы керек. Басшылық етуші және оқытушы құрамның біліктілігін арттыру жұмыстан тыс және жұмыс уақытында біліктілікті арттыру және жетілдіру курстарында жүзеге асырылады.
      12. Біліктілікті арттыру іс-шаралары біліктілікті артырудың жылдық жоспарларында және басшылық етуші мен оқытушы құрамның қызметтік дайындығында, сондай-ақ оқытушының жеке жұмыс жоспарында қарастырылу керек.

§ 4. Оқу процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар

      13. Өрт қауіпсіздігі саласындағы өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлайтын оқу материалдық-техникалық база - бұл ұйымдар мен объектілердің қызметкерлерін арнайы даярлауды жүзеге асыруға арналған материалдық және техникалық құралдармен жарақталған ғимараттар мен арнайы үй-жайлар кешені.
      14. Оқу процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету – оқу, оқу-тәрбие үй-жайларын, арнайы техниканы, оқытудың техникалық құралдарын, оқулықтарды, оқу құралдары мен оқу әдістемелік материалдарды, жаттығып-машықтану мұнарасын, спорттық ірге тастарын, жылу түтін камерасын, психологиялық дайындық жолағын, оқу полигонын қамтиды.
      15. Оқу кластарының қажетті саны құрылған оқу топтарының факт жүзіндегі санының есебіне және дербес дайындалуды ұйымдастыруға байланысты анықталады. Оқу алаңдары қолданыстағы санитарлық нормаларға сай болу керек.
      16. Оқу-әдістемелік материалдардың қорлары: оқу әдебиеттерін, оқу міндеттері мен тапсырмаларын, видеофильмдердің тақырыптық жинақтарын, оқу-көрнекі құралдарын, бақылау карточкаларын, оқыту бағдарламаларын, семинарлардың жоспарларын, эмтихан билеттерінің жинағын, практикалық тапсырмаларды және басқа да оқу әдістемелік материалдар мен құжаттарды суреттеуді қамтиды. Қорлар әр сабаққа (мамандыққа) жасалады. Олардың құрылымы жеке әдістемелердің мазмұнына байланысты болады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262881
    Қазақ тілінде 131244
    Орыс тілінде 130743
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы