Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қаңтарда № 10151 тіркелді

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
      2) осы бұйрықты мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 945 бұйрығымен     
бекітілген       

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру және Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру тәртібін айқындайды.
      2. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің негізгі міндеттері халыққа және мемлекеттік басқару органдарына сигналдарды және құлақтандыру ақпаратын уақтылы, кепілді және анық жеткізу, сондай-ақ бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жыл бойы жұмыс істеуі және барлық жұмыс істеу режимдерінде пайдалануға тұрақты әзірлігі болып табылады.
      3. Осы Ережеде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) азаматтық қорғау – өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қамтитын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған, бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені;
      2) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі – халыққа және мемлекеттік органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, қалыптасқан жағдайда әрекет ету тәртібі туралы хабар беруді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;
      3) «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы – төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін дабылдамалар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы.

2. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру тәртібі

      4. Республикалық және аумақтық деңгейлердегі құлақтандыру жүйелерін біріктіруді ведомстволық телекоммуникация желілері арқылы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
      5. Құлақтандыру процесі тиісті аумақтағы халыққа, ұйымдарға және мемлекеттік басқару органдарына «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын және төтенше жағдай мен қалыптасқан жағдайда әрекет ету тәртібі туралы ақпараттық хабарламаларды жедел жеткізу болып табылады.
      6. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері немесе туындауы туралы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қолданылуы туралы ақпаратты қадағалау, ахуалды бақылау және болжау қызметтері, оның ішінде сейсмологиялық қызмет, селдік құлақтандыру, радиациялық ахуалды бақылау жүйелері және меншік нысанына қарамастан өзге де құзыретті ұйымдар қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – «РДО» ММ) береді. «РДО» ММ осындай ақпаратты алуы халықты және мемлекеттік органдарды құлақтандыруды ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.
      7. Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен республикалық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосуды келіседі, ол арқылы халықты, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін, мемлекеттік басқару органдарын және жергілікті атқарушы органдарды дереу құлақтандырады.
      Өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жедел кезекшісі «РДО» ММ-ге, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысына белгіленген тәртіппен аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу үшін бұл туралы дереу хабар береді.
      8. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың қатері немесе туындауы туралы уақтылы құлақтандыру мақсатында қолда бар техникалық құралдарды пайдалану арқылы құлақтандырылатын адамдардың тізімін әзірлейді, оларды уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары бекітеді.
      Тізімдерді әзірлеуге арналған ақпаратты азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары уәкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.
      9. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін пайдалану туралы өкім келіп түскеннен кейін жедел кезекші құлақтандыру тізіміне сәйкес лауазымды тұлғаларды құлақтандыруды, сондай-ақ халықтың назарын аудару үшін «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беруді ұйымдастырады.
      10. «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын берген сәттен бастап уәкілетті орган ведомствосының кезекші-диспетчерлік қызметтерінің лауазымды тұлғалары:
      телерадио хабарларын таратуды (радио- және теле арналардың хабар таратуын тоқтата тұру) үзу арқылы ақпараттық бейне- және аудио хабарламалар беру;
      ұялы байланыс операторларының желілері арқылы халықтың ұялы телефондарына мәтіндік хабарламалар беру;
      әртүрлі ведомстволық тиесіліктегі құлақтандырудың ұтқыр құралдарын пайдалана отырып, дыбыстық және дауыс хабарламалар беру;
      адамдар көп жиналатын орындарда ақпараттық терминалдарды пайдалана отырып, мәтіндік хабарламалар беру;
      ақпаратты жаһандық және ведомстволық ақпараттық желілер мен өзге де қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы төтенше жағдай және қалыптасқан жағдайдағы халықтың іс-қимылдары туралы нұсқаулықтар туралы ақпараттық хабарламалар беруді дереу ұйымдастырады.
      11. «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша халық қалыптасқан ахуалдағы іс-қимылдар туралы нұсқаулықтарды алу және орындау үшін ақпаратты қабылдаудың қолжетімді құралдарын пайдаланады.
      12. Азаматтық қорғаудың республикалық және аумақтық деңгейлердегі құлақтандыру жүйелерін құруды, сондай-ақ жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді, оларды жоспарлы және ағымды жөндеуді, құлақтандыру жүйелерінің байланыс арналарын ұйымдастыруды және күтіп ұстауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Уәкілетті орган ведомствосы) және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      13. Объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйелерін құру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету, құрал-жабдықтарын жоспарлы және ағымды жөндеуді, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті байланыс арналарын, соның ішінде аумақтық деңгейдегі азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің басқару жабдығына дейін ұйымдастыруды және ұстап тұруды, қауіпті өндірістік объектілерді және адамдар көп жиналатын объектілер мен гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) жүзеге асырады.
      14. Ұйымдардың басшылары құлақтандыру схемаларын бекітеді, оларды уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесімен келіседі.
      15. Халықты құлақтандыру мақсатында телерадио хабарларын таратуды үзу арқылы ақпараттық бейне- және аудио хабарламалар беру «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      16. Ұйымдардың басшылары осы объектіде төтенше жағдай туындаған кезде ұйымдар қызметкерлерін, авариялық-құтқару қызметтерін, кезекші-диспетчерлік қызметтерін және төтенше жағдайдың таралу аймағында тұратын халықты объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйесін пайдалану арқылы, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі жедел кезекшісінің командасы бойынша немесе дербес түрде құлақтандырады.
      17. Энергиямен жабдықтау мен телекоммуникация желілерінің жұмысы бұзылған кезде құлақтандыру хабар берудің қолжетімді құралдарын, уәкілетті орган ведомствосының құлақтандыру автомобильдерін, мемлекеттік органдардың дауыс зорайтқыштары бар қызметтік көлік құралдарын пайдалану арқылы ұйымдастырылады.
      18.Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері немесе туындауы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қолданылуы туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының, басқа арнаулы және мемлекеттік құқық қорғау органдары мен әскери қалашықтардың халықты құлақтандыру және оларға ақпаратты ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп тиісті өңірлік құрама, бөлім, бөлімше командирлері мен мекеме бастықтары белгілейді.
      19. Құлақтандыру жүйелерін пайдалану кезіндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жедел кезекшілерінің әрекетін, құлақтандыру нормативтерін (уақыты, жеткізу мерзімдері), ақпараттық хабарламалардың мәтіндерін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері әзірлейді және қолданысқа енгізеді.
      20. Барлық деңгейдегі құлақтандыру жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында кемінде тоқсанына бір рет «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беру және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа ақпараттық хабарламалар беру арқылы олардың дайындығын тексеру жүзеге асырылады.
      21. Республикалық және аумақтық деңгейде құлақтандыру жүйесін құру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      22. Жергілікті құлақтандыру жүйесін құру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлғаның қаражаты есебінен жүргізіледі.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259444
    Қазақ тілінде 129657
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы