Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 шілдеде № 17233 болып тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына, 27-бабының 4-тармағына және 31-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №246 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10831 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасы;

      2) "Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №1108 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14749 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 ақпанда электронды түрде жарияланған) 1-тармағы екінші абзацының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал – полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 11 шілдедегі
№ 507 бұйрығымен бекітілген

Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына құтқарушыларды аттестаттаудан және қайта аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылатын құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау:

      1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау әзірлігінің дәрежесін;

      2) құтқарушылардың кәсіби мамығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және әзірлігіне әзірлігінің сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      3. Құтқарушылар бастапқы, қайта, кезеңдік және кезектен тыс аттестаттауға жатады:

      1) бастапқы аттестаттауға құтқарушы боламын деп шешкен азаматтар жатады;

      2) қайта аттестаттау алдыңғы аттестаттауда анықталған барлық кемшіліктерді жойғаннан кейін құтқарушылардың қызметін қайтадан бастау үшін өткізіледі;

      3) құтқарушыларды кезеңдік аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі;

      4) құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын құтқару жұмыстарының түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.

2. Аттестаттауды өткізу тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының азаматтары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша құтқарушылар мәртебесін алады.

      5. Қазақстан Республикасының азаматтары:

      1) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086/у нысанындағы медициналық анықтамамен расталған медициналық куәландырудан;

      2) "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бағдарламасы бойынша дайындау.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 № 47 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Авариялық-құтқару қызметтерінде және құралымдарында (бұдан әрі - АҚҚ) құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу үшін тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиялары құрылады.

      7. Аттестаттау комиссияларының құрамы АҚҚ басшысының бұйрықтарымен бекітіледі және мүшелерінің тақ санынан (үш адамнан кем емес): төрағадан, төрағаның орынбасарынан және мүшелерінен тұрады.

      8. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және бар-жоғын тексереді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес дене дайындығы бойынша нормативтерді қабылдайды.

      9. Құтқарушыларды аттестаттау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді. Құтқарушыны аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді жеке іске тігіледі.

      10. Бастапқы аттестаттаудан өткен азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы куәлігі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы кітапшасы және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы жетоны беріледі.

      11. Құтқарушыларды кезендік, қайта және кезектен тыс аттестаттау бастапқы аттестаттауға ұқсас өткізіледі.

      12. Аттестаттауды өткізудің әрбір рәсімінен кейін құтқарушы кітапшасында тиісті жазба жүргізіледі.

      13. Кезеңдік аттестаттау қорытындылары бойынша мына:

      1) үш жылдан кем емес құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын растаған құтқарушыға "3-сыныпты құтқарушы маман";

      2) үш жылдан кем емес 3-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын растаған құтқарушыға "2-сыныпты құтқарушы маман";

      3) үш жылдан кем емес 2-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын растаған құтқарушыға "1-сыныпты құтқарушы маман" сыныптылықты беру жүргізіледі;

      4) екі жылдан кем емес 1-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар, халықаралық құтқару жұмыстарына және оқу-жаттығуларына қатысқан, шет тілдері курстарының сертификаты бар құтқарушыға "халықаралық сыныптағы құтқарушы" сыныптылық беру жүргізіледі.

      14. Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде құтқарушы сыныптылығын беру немесе растау туралы АҚҚ басшысының бұйрығы шығады.

      15. Бастапқы аттестаттаудан өтпеген азаматтар алдыңғы аттестаттау өткен сәттен бастап 1 айдан кешіктірмей қайта аттестаттаудан өтуге құқылы. Қайта аттестаттаудың теріс нәтижелері болған жағдайда онымен шарт бұзылады.

      16. Егер осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттар болмаса және/немесе дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері қанағаттанарлық бағасынан төмен болғанда, аттестаттаудың теріс нәтижесі ретінде есептеледі.

      17. Кезеңдік және кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар алдыңғы аттестаттау өткен сәттен бастап 1 айдан кешіктірмей қайта аттестаттаудан өтуге құқылы.

      Қайта аттестаттаудың теріс нәтижелері болған жағдайда, құтқарушылар құтқарушы мәртебесінен айырылады, құтқарушы куәлігі алынады, онымен шарт бұзылады және құтқарушы кітапшасында тиісті жазба жазылады.

      18. Қайта аттестаттаудан өтпеген азаматтар алдыңғы аттестаттау өткен сәттен бастап кемінде 6 айдан кейін осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес жалпы негіздерде бастапқы аттестаттауға жіберіледі.

  Құтқарушыларды аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 1-қосымша

Дене дайындығы бойынша нормативтер

Жаттығудың атауы

Баға

Жас шамасындағы топтар

23-ке дейін

24-39

40-49

50-59

60 жас және одан жоғары

I топ

II топ

III топ

IV топ

V топ

1.

Белтемірде тартылу (саны)

өте жақсы
жақсы
қанағат

17
14
12

16
12
10

12
10
8

10
7
5

7
5
3

2.

Белтемірде күштік жаттығулар кешені (қайталаулар саны)

өте жақсы
жақсы
қанағат

5
4
3

4
3
2

3
2
1

-
-
-

-
-
-

3.

Бөренеге тіреліп қолды бүгу және жазу (саны)

өте жақсы
жақсы
қанағат

22
20
18

18
16
14

14
12
10

10
8
6

8
6
4

4.

Жүгіру 100 метр (секунда)

өте жақсы
жақсы
қанағат

13,0
13,5
14,0

13,5
14,0
14,5

-
-
-

-
-
-

-
-
-

5.

Жүгіру 60 метр (секекунда)

өте жақсы
жақсы
қанағат

-
-
-

-
-
-

9,5
10,0
10,5

10,5
11,0
11,5

13,0
14,0
15,0

6.

Жүзу 50 метр (секунда)

өте жақсы
жақсы
қанағат

40,0
45,0
48,0

43,0
48,0
50,0

45,0
50,0
55,0

50,0
1.00,0
1.20,0

-
-
-

7.

Жүгіру 1000 метр (минута секунда)

өте жақсы
жақсы
қанағат

3,3
3,4
3,5

3,5
4,0
4,1

4,3
4,45
5,0

6,0
6,3
7,0

6,5
7,0
7,5

      Ескертпе:

      Кешенді күштік жаттығу айналып түсу, белтемірге күшпен көтерілу, пресс (белтемірге аяқтың ұшын тигізу) жаттығуларынан тұрады.

      Әрбір элементті орындағаннан кейін – бастапқы қалыпқа келу.

      Аяқты белтемірге тигізу кезінде оларды бүгуге рұқсат етіледі.

      1) Бастапқы қалыпқа келу деп белтемірде екі қолмен ілініп тұруды айтады.

      2) Бастапқы қалыпқа түсу белтемірге көтерілу жағынан жүзеге асырылады.

      3) Кешенді күштік жаттығуды орындау кезінде қатысушыларға белтемірде демалуға рұқсат етіледі (5 секундтан артық емес).

  Құтқарушыларды аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Аттестаттау комиссиясы отырысының №___ хаттамасы

      ____________________________________________________________________

      (басқару органының атауы)

      20 ___ жылғы ________________

      Қатысқандар:

      Комиссия төрағасы __________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

      Төрағаның орынбасары________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

      Комиссия мүшелері___________________________________________________

      _________________________________ аттестаттау және қайта аттестаттау

      (осы отырыста аттестатталатынның

      тегі және аты-жөні)

      _________________________________________________сыныпүшін ұсынылады

      ___________________________________________ аттестаттау материалдары

      (тегі, аты-жөні)

      Аттестатталатынның қызметін бағалау ________________________________

      Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары________________________________

      Аттестаттаудан және қайта аттестаттаудан бас тарту себептері

      (аттестаттаудан бас тарту себептері көрсетіледі, құтқарушы куәлігін қайтарып алу күні)

      Аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен

      таныстым ___________________________________________________________

      (аттестатталушының қолы)

      (қолы) тегі, аты-жөні

      Комиссия мүшесі ____________________________________________________

      (қолы) тегі, аты-жөні

      Комиссия хатшысы ___________________________________________________

      (қолы) тегі, аты-жөні

  Құтқарушыларды аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Құтқарушы куәлігі

  Құтқарушыларды аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Құтқарушы кітапшасы № 1 сурет. Құтқарушы кітапшасының мұқабасы

№ 2 сурет. Құтқарушы кітапшасының алдыңғы форзацы

№ 3 сурет. Құтқарушы кітапшасының 1-беті

№ 4 сурет. Құтқарушы кітапшасының 2-беті

№ 5 сурет. Құтқарушы кітапшасының 3-15-беті

№ 6 сурет. Құтқарушы кітапшасының 16-беті

№ 7 сурет. Құтқарушы кітапшасының 17-беті

№ 8 сурет. Құтқарушы кітапшасының 18-23-беті

№ 9 сурет. Құтқарушы кітапшасының 24-26-беті

№ 10 сурет. Құтқарушы кітапшасының артқы форзацы

  Құтқарушыларды аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 5-қосымша

Құтқарушы жетоны

      Құтқарушының жетоны тот баспайтын құрыштан жасалған, тік бұрышты жолақ түрінде болады, жандары дөңгелектенген және өлшемдері: ось сызығы бойынша ұзындығы - 50 мм, ені - 25 мм, қалыңдығы - 1,5 мм. Карабині бар металл шынжырдағы жетонды денеге, кеудеге немесе қолға білезік ретінде тағу үшін ось сызығы бойынша жанында диаметрі 3 мм екі тесік бар. Шынжыр ұзындығы - 700 мм, баудың және карабиннің материалы-тот баспайтын құрыш.

      Жетонның беткі жағында жазу ойылып жасалған:

      1-жол – "Қазақстан";

      2-жол – "Құтқарушы";

      3-жол құтқарушының тегі;

      4-жол – құтқарушының аты және әкесінің аты (ол болған кезде);

      5-жол құтқарушының қан тобы.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262881
    Қазақ тілінде 131244
    Орыс тілінде 130743
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы