Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 24 мамыр N 244. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 шілде N 1198 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 24 тамыз N 317 қаулысымен.

      Сақтандыру заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап 10 күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, облыстық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                        Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 мамырдағы N 244 қаулысымен бекітілген

       Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға
                рұқсат беру (қайтарып алу)
                           ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленген және сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын (бұдан әрі - қайта сақтандыру ұйымдары) құрған кезде сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру, рұқсат беруден бастарту және қайтарып алу негіздемелері мен тәртібінің қосымша талаптарын белгілейді.

                   1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әділет органдары сақтандыру ұйымын заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыру ұйымын ашуға берген рұқсаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру ұйымын ашуға өзі берген рұқсаттардың тізілімін жүргізіп отырады.
      3. Сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "сақтандыру", "қайта сақтандыру" немесе "өмірді сақтандыру" деген сөздер болуы тиіс.

         2-тарау. Сақтандыру ұйымын ашуға рұқсат беру тәртібі

      4. Сақтандыру ұйымын ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ереженің N 1 Қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініш;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделген, нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының (Жарғы, Құрылтай шарты) үш данасы. Ұсынылатын құрылтай құжаттарының бірінші бетінің жоғары бұрышының сол жағында мынадай мазмұндағы сөздер болуы тиіс: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасы (төрағаның орынбасары) "_____" __________".
      Түзетіп не қосып жазылғаны, сызылған сөздер мен өзге де расталмаған түзетулері бар құрылтай құжаттары қарау қабылданбайды;
      3) құрылтайшылар туралы ақпарат - осы Ереженің N 2 Қосымшасына сәйкес заңды тұлғалар туралы мәліметтер (ондай құрылтайшылар болса), сондай-ақ бухгалтерлік баланстар, қаржы нәтижелері туралы есептер және соңғы екі жылда таза кірісті пайдаланғаны туралы аудиторлық ұйым (аудитор) растаған ақпарат;
      4) құрылтайшылар туралы ақпарат - осы Ереженің N 3 Қосымшасына сәйкес жеке тұлғалар туралы мәліметтер (ондай құрылтайшылар болса), сондай-ақ табыс мөлшері туралы салық қызметі органдарының анықтамасы;
      5) осы Ереженің N 4 Қосымшасына сәйкес сақтандыру ұйымының бірінші басшысы және Басқарма мүшелерінің, бас бухгалтерінің және ұйым филиалының басшысы мен бас бухгалтерінің лауазымына үміткерлердің сауалнамалық мәліметтері ұсынылуы тиіс;
      6) құрылатын сақтандыру ұйымының алдағы үш жылға арналған бизнес-жоспары;
      7) өтініш берушінің құрылтайшылар атынан өтініш беру өкілеттіктерін растайтын нотариат куәландырған құжат.
      5. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылатын сақтандыру ұйымын ашуға рұқсат беру үшін осы Ереженің 4-тармағының 1), 2), 6), және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, бірінші басшының, басшы орынбасарының (орынбасарларының), бас бухгалтерінің және ұйым филиалының басшысы мен бас бухгалтерінің лауазымына үміткерлердің сауалнамалық мәліметтері (осы Ереженің N 4 Қосымшасына) қоса ұсынылуы тиіс.
      6. Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы еншілес сақтандыру ұйымын ашуға рұқсат беру үшін осы Ереженің 4 тармағының 1), 3), 6), және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, бірінші басшының, басшы орынбасарының (орынбасарларының), бас бухгалтердің және ұйым филиалының басшысы мен бас бухгалтерінің лауазымына үміткерлердің сауалнамалық мәліметтері (осы Ереженің N 4 Қосымшасына) қоса ұсынылуы тиіс.
      7. Шетел құрылтайшылары осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мыналарды қоса ұсынады:
      жеке тұлғалар - мемлекеттік немесе орыс тілінде аударылған паспорттың көшірмесі немесе шетелдік жеке тұлғаның жеке басын растайтын нотариат куәландырған басқа құжат;
      заңды тұлғалар - мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған паспорттың көшірмесі немесе шетел мемлекетінің заңдары бойынша заңды тұлға құрылтайшының сауда тізілімінен көшірме немесе растайтын нотариат куәландырған басқа құжат.
      8. Басқа сақтандыру ұйымының құрылтайшысы болуға қатысу туралы шешім қабылдаған сақтандыру ұйымы (оның ішінде резидент емес сақтандыру ұйымы) уәкілетті мемлекеттік органға құрылатын сақтандыру ұйымының жарғы капиталына салынатын ақша өзінің меншік капиталы мөлшерінде болатынын растайтын құжатты қоса ұсынуға міндетті.
      9. Шетелді сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасының резиденті емес) еншілес сақтандыру ұйымының құрылтайшысы уәкілетті мемлекеттік органға оған сақтандыру ұйымының жарғы капиталына қатысуға рұқсат берілгенін растайтын тиісті мемлекеттің сақтандыру қызметін қадағалайтын органның жазбаша растауын, не тиісті мемлекеттің заңдары бойынша мұндай рұқсаттың қажет еместігі туралы құжат ұсынуға міндетті.
      10. Сақтандыру ұйымын ашуға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
      11. Уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыру ұйымын ашуға рұқсаты (осы Ереженің N 4 Қосымшасы) берілген күннен бастап 15 ай бойы жарамды. Бұл мерзім ішінде сақтандыру ұйымы әділет органдарында тіркелуі тиіс, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органға сақтандыру қызметін жүзеге асыру

құқығын алу үшін лицензия алуға өтініш беруге міндетті.
     12. Құрылатын сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарының бірінші беті 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының (төраға 
орынбасарының) қолы қойылып және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
мөрімен бекітіледі.
     13. Сақтандыру ұйымы құрылтай құжаттарының бір данасы сақтандыру 
ұйымының ісіне тігіледі. Қалған даналары өтініш берушіге әділет 
органдарында тіркеуден өткізу үшін қайтарылып беріледі.
     
          3-тарау. Сақтандыру ұйымын құруға рұқсат беруден
              бастарту, қайтарып алу негіздері
     
     14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден 
мынадай негіздер бойынша бастартуға болады:
     1) берілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес 
болмаса;
     2) құрылатын сақтандыру ұйымының атауы осы Ереженің 3-тармағында 
белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;
     3) кез-келген құрылтайшының қаржы жағдайының тұрақсыздығында мына 
жағдайлардың бірі болса:

      - ашық акционерлік нысанда құрылатын сақтандыру ұйымының акцияларға төлем жасау үшін меншік капиталы жеткіліксіз болса;
      - құрылтайшының міндеттемелері оның активтерінен асып түссе.
      4) құрылатын сақтандыру ұйымының бизнес-жоспарынан алғашқы үш жыл

өткеннен кейін сақтандыру ұйымы қызметінің тиімділігі байқалмаса;
     5) жалған немесе әдейі бұрмаланған ақпарат берсе.
     15. Уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берушіге бастарту негізін 
көрсете отырып, сақтандыру ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тартқаны туралы 
жазбаша түрде хабарлайды.
     16. Уәкілетті мемлекеттік орган әділет органдарында мемлекеттік 
тіркеуден өткізгенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға 
берілген рұқсатты мынадай жағдайларда:
     1) оның жалған мәліметтер негізінде берілгені анықталса;
     2) сақтандыру ұйымының жарғы капиталын оның құрылтайшылары заңнамада 
белгіленген мерзімде төлемесе.
     
              4-тарау. Қорытынды ережелер
     
     17. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер заңнамаға сәйкес шешіледі.
     
     Төраға

                                     Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы "___"__________ N____ қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесіне N 1 қосымша

                                    Ұлттық Банкінің Төрағасы

________________ мырзаға

          Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға

                             Өтініш
     _________________________________________________________________
           (құрылтайшының /құрылтайшылардың атауы немесе аты-жөні)
     _______________________________     "____"________________ жылғы,
             (өткізілген жері)
     __________________________N _____________________ шешіміне сәйкес

     (құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының фирмалық атауы)
     
                    (орналасқан орнын көрсете отырып)
     _____________________________________ ашуға рұқсат беруін сұрайды.
     
     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуды жүргізуге рұқсат алуға
     берілген осы өтінішті ресімдеуге құқық берілген уәкілетті тұлға болып 
     табылатын _______________________________________________________

           (аты-жөні және айтылған өкілетті алу негізіне сілтеме)

            (бұл адамның жұмыс орны және лауазымы, мекен-жайы)
     
     Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың          
     дұрыстығына, сондай-ақ сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау       
     жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның осы өтінішті қарауға         
     байланысты сұратылатын құжаттардың уақытылы ұсынылуына жауап береді.
   
     Қосымша (жіберіліп отырған құжаттардың атап көрсетілген тізімі,       
     олардың әрқайсысы бойынша данасының және парағының саны):
     ______________________________
     (құрылтайшылар атынан өтініш
     беруге уәкілетті адамның қолы, күні)
     
                                     Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы "___"__________ N____ қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесіне N 2 қосымша

                Құрылтайшы (заңды тұлға) туралы ақпарат

             (сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының атауы)
     
     1. Құрылтайшы ___________________________________________________

                             (ұйымының фирмалық атауы)
     
     2. Құрылтайшы ұйымның мекен-жайы 

             (пошта индексі және адресі, телефоны, факсы)
     3. Мемлекеттік тіркеуден өткені туралы мәліметтер _______________

     (құжаттың атауы, номері, берілген күні, кім берген)
     
     4. Атқаратын қызметі ____________________________________________

                 (қызметінің негізгі түрлері көрсетілсін)
     
     5. Қазақстан Республикасының резиденті ме, резиденті емес пе         
     (резидент еместер қай мемлекеттің резиденті екенін көрсетсін)

     6. Құрылтайшы ұйымның басшысы туралы ақпарат ____________________

                (Аты-жөні, туған күні, жылы)
     Білімі __________________________________________________________

             (оқу орны, оқу бітірген жылы, мамандығы көрсетілсін)
     
     7. Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы         
     мәліметтер:          
     - осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы __________________________

     - олардың қызметінің түрі (қызмет түрін атап көрсетіңіз) ________

     - осындай әрбір заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесі _______

     (басшының қолы, күні)
     
     ______________________
     (ұйымның мөрі)

                                     Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы "___"__________ N____ қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесіне N 3 қосымша

               Құрылтайшы (жеке тұлға) туралы ақпарат

                            (Аты-жөні)

      2. Туған күні ___________________________________________________
      3. Азаматтығы ___________________________________________________
      4. Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (номері, сериясы,

     берілген күні, кім берген) ______________________________________

     5. Мекен-жайы ___________________________________________________

     6. Жұмыс істейтін орны, қызметі _________________________________

     7. Білімі _______________________________________________________

     8. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме _______________________

                (жұмыс істейтін орны, қызметі, уақыты)
     
     ______________________
     (қолы, күні)

                                     Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы "___"__________ N____ қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесіне N 4 қосымша

                                                     (сурет)

                             Сауалнама

           (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

     _______________________________________________ қызметіне үміткер
     
                         Кандидаттың өмірбаяны
     
     1. Аты-жөні _____________________________________________________
     Аты _____________________________________________________________
     Әкесінің аты ____________________________________________________
     2. Мекен-жайы (толық, почта индексін көрсете отырып): ___________

     3. Туған жылы ___________________________________________________
     4. Азаматтығы ___________________________________________________
     5. Жеке басын растайтын құжаттың дерегі (номері, сериясы, берілген    
     күні және кім берді)

     6. Телефон номері (жұмыс және үй телефоны, қаланың коды) ________

     7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кандидат ұсынылатын
     қызметтің атауы _________________________________________________

     8. Білімі және жұмыс тәжірибесі
     
     1) Білімі туралы деректер (біліктілігін көтеру курсын қоса алғанда)*:
 _____________________________________________________________________     
 Оқу орнының    Оқу бітірген    Мамандығы   Сертификат    Оқу орнының
    атауы            жылы                  дипломының N   тұрған жері

     (* нотариалды куәландырылған диплом мен сертификаттың көшірмесін қоса 
беру керек)
     2) Қызмет және ғылыми қызметі туралы қосымша мәліметтер

     3) Еңбек қызметі басталғаннан бергі орындалған жұмыс**
     (** жеке параққа жазып беру)
     
     4) Кандидаттың мынадай салаларда жеткілікті білімі бар ма: (да-нет)
     - Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасында     _______
     - сақтандыру қызметінде бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізу _
     - Қазақстан Республикасының валюталық реттеуінде        _______
     - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында          _______
     - сақтандыру қызметін компьютерлендіру және автоматтандыру ____
     
     5) Сауалнама берушінің оған біліктілікті белгілеу кезінде маңызды деп 
     санаған кез келген басқа да ақпарат.

     6) Соңғы мекен-жайы. 
     Кандидаттың соңғы бес жылдағы барлық тұрған жері мен кезеңдері        
     (сипаттама кері хронологиялық тәртіппен берілсін)
     Мемлекет, елді мекен __________________________________________
     Облыс (аудан) _________________________________________________
     Көшесі ________________________________________________________
     Үйдің номері (пәтері) _________________________________________
     Почталық индексі ______________________________________________
     ___________________________ дейін ___________________ (айы, жылы)
     
     9. Кандидат жауапкер ретінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының   
     қызметіне байланысты шағым-талап бойынша кез келген сот талқылауына   
     тартылды ма? (иә; жоқ), егер болса, мынадай кестеде толық ақпарат     
     беріңіз: 

  Шағым беруші ! Соттың атауы !Талқылау күні !Соттың шешімі! Шағым-талап
  және шағымның                                                сомасы    
     мәні

 10. Кандидаттың ұйым басшысы ретінде бұрынғы қызмет кезеңінде             
 банкроттыққа (еріксіз таратуға) немесе осы ұйымның қызметін тоқтата       
 тұруға әкелген ірі қаржы проблемалары болды ма ______________________

 - олардың пайда болу кезеңі мен себептері ___________________________

 - осы проблемаларды шешім нәтижелері туралы _________________________

    ___________________                  ______________________
        (қолы)                             (қол қойылған күні)
     
                                     Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы "___"__________ N____ қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесіне N 5 қосымша

        Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - сақтандыру қызметін

       реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
    (Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген бланкіге басылады)
     
           Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға берілген
                  
                              Рұқсат
     
     Осы рұқсат оның құрылтайшылары (құрылтайшысы) ұсынған құжаттар        
     негізінде _______________________________________________________
     _________________________________________________  ашуға берілген.
     (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның фирмалық атауы)
     
     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға берілген рұқсат сақтандыру 
қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 
келісілген құрылтай құжаттарымен бірге әділет органдарына ұсынылуға тиіс.

қызметін жүзеге асыру құқығына берілетін лицензияның орнына жүрмейді және 
сақтандыру заңнамасында белгіленген мерзім шегінде қолданылады.
     
     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
     ашуға берілген рұқсаттың номері ______________________________
     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
     ашуға рұқсат берілген күн ____________________________________
     
     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
     Төрағасы (Төрағаның орынбасары) _____________________________
     
           М.О.                     Алматы қаласы
     
Оқығандар:
     
     Бағарова Ж.А.
     Құлшықова Г.А.
     
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262881
    Қазақ тілінде 131244
    Орыс тілінде 130743
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы