Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 78 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5795 болып енгізілді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 24 тамыздағы  
N 78 қаулысымен бекітілген

Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері (бұдан әрі - айырбастау пункттері) арқылы жүргізілетін айырбастау операциялары бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу тәртібін айқындайды.
      1. Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуы уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының жазбаша өкімі негізінде айырбастау пункті үшін белгіленген ұлттық валютадағы шетел валютасы бірлігін сатып алу бағамы мен ұлттық валютадағы шетел валютасы бірлігін сату бағамы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бағамды биржалық белгілеу шетел валютасының он (жүз, мың) бірлігімен белгіленетін шетел валюталары үшін шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуы тиісінше ұлттық валютадағы шетел валютасының он (жүз, мың) бірлігінің сатып алу бағамдары мен сату бағамдары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      2. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі шетел валютасын теңгеге сату бағамы мен сатып алу бағамы арасындағы теңгемен көрсетілген жол берілетін шекті айырмасы түрінде белгіленеді.
      Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері валюталардың мынадай түрлері бойынша белгіленеді:
      АҚШ доллары;
      еуро;
      ағылшын фунт стерлингі;
      ресей рублі;
      қытай юані.
      3. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2014 № 265 (11.02.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгіленеді.
      Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында:
      шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері белгіленетін шетел валюталарының түрлері;
      валютаның әрбір түрі үшін ауытқу шегі болуға тиіс.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2014 № 265 (11.02.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының Ұлттық Банк белгілеген шектерінің бұзылғаны анықталған жағдайда Ұлттық Банк уәкілетті банктерге және уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы