Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7561 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 қаулысымен бекітілген

Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары
және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

       "Осы Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру турал" 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.

      Қағидалар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға кандидат немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарий мен бірыңғай тіркеушінің (бұдан әрі – қаржы ұйымы), банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі – холдинг) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін белгілейді.

      Қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібіне:

      құжаттарды қарау;

      тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу;

      келісім беру немесе одан бас тарту кіреді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармақшасында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім (бұдан әрі - келісу) береді.

      Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1 және 14-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1 және 14-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 64-1-бабының 3-тармағында және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында көзделген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       2. Осы кандидат бұрын уәкілетті органмен тиісінше осы қаржы ұйымының немесе холдингтің тиісті лауазымына келісілген не келісілген лауазымнан осы қаржы ұйымының, холдингтің бір органы шеңберінде төменгі лауазымға ауыстырылған жағдайда және осы кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері келісілуге жатпайды.

      Бұл жағдайда қаржы ұйымы, холдинг осы кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілетін ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) жөніндегі осы қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешімінен үзінді-көшірменің көшірмесін ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Қаржы ұйымының басқару органының құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі уәкілетті органмен келісілуге жатпайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       3. Банктер туралы заңның 20-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін қажетті еңбек өтіліне кандидаттың қаржылық қызмет көрсетуді және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында істеген жұмысы және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген жұмысы кіреді:

      Азия даму банкі;

      Еуразия Даму банкі;

      Еуропа қайта құру және даму банкі;

      Ислам даму банкі;

      Халықаралық даму қауымдастығы;

      Халықаралық қаржы корпорациясы;

      Халықаралық қайта құру және даму банкі;

      Халықаралық валюта қоры;

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;

      Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Құжаттарды қарау

      4. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісуге уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың (бұдан әрі – кандидат) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуі жөнінде, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы, холдинг құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсетіле отырып, еркін нысанда жасалған және мыналар қол қойған өтінішхат:

      атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаның), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органының мүшесі тағайындалған (сайланған) кезде – қаржы ұйымының, холдингтің басқару органының басшысы, ал ол болмаған жағдайда – басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірі (басқару органының осы шешімінің көшірмесін бере отырып), осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымы, холдинг, сақтандыру брокері акционерлерінің бірі, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының бірі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін);

      басқа жағдайларда – қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);

      2) Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органының мүшесі лауазымына не қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидаттың мыналар қамтылатын лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі:

      осы кандидаттың өкілеттігі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, оның қойған қолы және лауазымдық нұсқаулығымен танысқан күні көрсетіле отырып);

      қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидат үшін – кандидат қол қоятын құжаттардың тізбесі;

      құрылымдық бөлімшелердің атауы туралы мәліметтер және олардың құзыретіне жататын, осы кандидат бақылау жасайтын мәселелер тізбесі;

      өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі;

      3) егер қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істеген жағдайда – осы қаржы ұйымының, холдинг-акционерлік қоғамның басқару органының кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірме;

      4) егер кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылатын жағдайда – осы қоғамның басқару органының кандидатқа қаржы ұйымында, холдингте жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірме;

      5) кандидатты қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күні көрсетіле отырып, қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме не кандидатты тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (екі және одан да көп кандидат келісілген кезде – әр кандидатқа шешімнен үзінді-көшірменің не бұйрық көшірмесінің бір данасы).

      Егер тағайындау (сайлау) күні болмаса, онда қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешім (бұйрық) қабылдаған күн не көрсетілген шешімдегі (бұйрықтағы) оқиғаның басталған күні кандидатты тағайындау (сайлау) күні болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер қамтылады:

      қаржы ұйымының, холдингтің толық атауы және қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;

      отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының (басқару органы отырысының) кворумы;

      кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен және қаржы ұйымы, холдинг мөрінің бедерімен (бар болса) расталады және үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқауды қамтиды;

      6) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз тасымалдағыштарда (1-қосымшадағы түрлі-түсті фотосурет көлемі 3х4, ашық аяда орындалады) кандидат туралы мәліметтер;

      7) Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      8) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды.

      Көрсетілген құжат сондай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталынан басып шығарылған нысанда ұсынылады.

      Азаматтық еліндегі (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында. Шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар) да уәкілетті органға олардың азаматтық елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – олардың тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы 15 (он бес) жылда тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхатты беру күнінің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды;

      10) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған, Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;

      11) Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының бейрезиденті - қаржы ұйымында қажетті рейтингінің болуын растайтын мәліметтер;

      12) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі;

      13) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлердің кәсіптік ұйымындағы (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) мүшелігін растайтын құжат.

      Талап етілетін құжаттар қоса берілген өтінішхат қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       5. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:

      1) "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі;

      2) тағайындалуына (сайлануына) уәкілетті органның қол қою күнінде қайтарып алынбаған келісімін алған, ұсынымхатқа қол қою күні қаржы ұйымдарының, холдингтердің басқару органының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға), атқарушы органының мүшесі лауазымындағы тұлғалар;

      3) ұсыным хатқа қол қою күнінде уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары лауазымында болған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;

      4) экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;

      5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 3-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - кандидаттарды келісу кезінде тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген "BB+" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - қаржы ұйымдарының басқар органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері де ұсыным беруші тұлғалар болып табылады.

      Ұсыным беруші тұлғалар болып табылмайтындар:

      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері, уәкілетті орган;

      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының, холдингтің акционері, құрылтайшысы;

      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымы, холдинг құрылтайшысының (акционерінің) басшы қызметкері;

      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының, холдингтің еншілес ұйымының басшы қызметкері;

      кандидаттың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары);

      қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу туралы өтінішхатты бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның тарапынан шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға.

      Уәкілетті орган қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалуына (сайлануына) келісімін кейіннен уәкілетті орган қайтарып алған кандидатқа ұсыным беруші тұлғаның ұсынымхат беру фактісін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган бұдан кейін көрсетілген ұсыным беруші тұлғаның ұсыным хаттарын қабылдамайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       6. Қағидалардың 4-тармағында аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілген шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына қаржы ұйымының, холдингтің мөрімен расталған күйінде ұсынылады.

      Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының, холдингтің лауазымды тұлғаларының қолымен және қаржы ұйымының, холдингтің мөр бедерімен расталады.

      6-1. Қаржы ұйымы, холдинг шет тілінде ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - кандидатты келісуге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылуға не апостильделуге тиіс. Көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ және орыс тілдеріне аударылады және нотариатпен куәландырылады.

      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       7. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісу үшін уәкілетті органға оның тағайындалған (сайланған) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынады (кандидаттарды, жауапты тұлғаларды, байланыс телефондарын және электрондық почта мекенжайларын көрсете отырып).

      Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қаржы ұйымы, холдинг Қағидаларда көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган оларды қарамастан күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаржы ұйымына, холдингке қайтарады. Қаржы ұйымы, холдинг жетпеген құжаттар бар құжаттар топтамасын кандидаттарды басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнінен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кеш емес мерзімде ұсынады. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісу үшін құжаттарды қайталап ұсынған кезде уәкілетті органның оларды қарау мерзімі оларды қайталап ұсыну күнінен басталады.

      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, қаржы ұйымына, холдингке почта және (немесе) факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы жазбаша жауап береді.

      Қаржы ұйымы, холдинг ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген), Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды уәкілетті орган жіберілген жазбаша хабарламада белгілеген мерзімде ұсынады.

      Қаржы ұйымының, холдингтің оларды қайтарып алу себептерін көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш беру жолымен кандидаттардың уәкілетті органда тестіден өтуіне дейін қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды қайтарып алуға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       8. Басшы қызметкер лауазымына кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпаратты сұратады.

      Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы басшы қызметкер лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы туралы ақпарат берген жағдайда, келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып есептеледі және берілген келісімді уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабы 11-тармағының 1) тармақшасында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 11-тармағының 1) тармақшасында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабы 11-тармағының 1) тармақшасында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша қайтарып алуға тиіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу

      9. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      10. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып не Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда шақырмай-ақ, келісуді жүргізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       11. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі тестілеу өтетін күн туралы қаржы ұйымына, холдингке жазбаша түрде хабарлайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       12. Комиссияның шешімі бойынша қаржы ұйымының, холдингтің мынадай қызметкерлері ұсынылған құжаттар негізінде шақырусыз келісілуге жатады:

      1) қаржы нарығының осы секторында тиісті лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидат;

      2) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудиті жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған кандидат;

      3) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы болған кандидат;

      4) мыналар ретінде кем дегенде 3 (үш) жыл еңбек өтілі болса – атқарушы органның бірінші басшысы лауазымына кандидат (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға):

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департамент, басқарма, филиал) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы директор;

      5) мыналар ретінде кем дегенде 2 (екі) жыл еңбек өтілі болса – басқару органының басшысы лауазымына кандидат:

      қаржы нарығында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);

      бас бухгалтер;

      6) мыналар ретінде кем дегенде 3 (үш) жыл еңбек өтілі болса – бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы мен мүшесі лауазымына кандидат:

      7) қаржы ұйымының, холдингтің қауіпсіздік мәселелеріне және әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана бақылау жасайтын сақтандыру брокері басшысының орынбасары, атқарушы органның мүшесі лауазымдарына кандидат;

      8) мыналар ретінде кем дегенде 2 (екі) жыл еңбек өтілі болса – сақтандыру брокері басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органның мүшесі лауазымына кандидат:

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      9) бас бухгалтер лауазымына кандидат;

      10) қаржы нарығының осы секторында басшы қызметкер лауазымына келісу кезінде уәкілетті органда тестілеудің оң нәтижесін алған кандидат;

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін тестілеудің оң нәтижелері есептелетін мерзім кандидаттың уәкілетті органда тестілеуден өту күнінен бастап 6 (алты) айдан аспайды;

      11) мыналар ретінде кем дегенде 1 (бір) жыл еңбек өтілі болса – өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат:

      12) басқару органының мүшесі лауазымына кандидат.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       13. Тестілеуден өткізу үшін шақырылған кандидаттарды келісу 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.

      14. Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның жауапты бөлімшесінің қызметкерлері және қажет болған жағдайда, аудармашының болуына рұқсат беріледі.

      Кандидатты тестілеуден өткізу кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

      14-1. Кандидаттарды тестілеу уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн режімге трансляциялаумен жүргізіледі.

      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       15. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде 70% дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.

      Кандидат тестілеу өткеннен кейін тез арада қол қойылған тест нәтижелерімен танысуы тиіс.

      16. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Келісім беру немесе бас тарту

      23. Қаржы ұйымы, холдинг ұсынған құжаттар Комиссияның қарауына жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе бойынша Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына кандидатты қарау жөніндегі хаттамасында өз пікірін білдіреді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       24. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы тұлғаның дауысы шешуші болып табылады. Сонымен бірге, Комиссия шешімі сауалнамалық жолмен қабылданады.

      25. Қаржы ұйымына, холдингке кандидаттарды келісудің нәтижелері туралы жазбаша хабарламаны уәкілетті орган жіберуі арқылы Комиссия Төрағасының (немесе оның орынбасарының) хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.

      26. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабының 8-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 8-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 7-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 6-тармағында белгіленген негіздемелер бойынша қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       27. Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім Банктер туралы заңның 20-бабының 11-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 11-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 11-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарып алынады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5. Қорытынды ережелер

      28. Уәкілетті орган қаржы ұйымдарының, онымен кандидатуралары келісілген ұйымдардың басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.

      29. Қаржы ұйымдары, холдингтер басшы қызметкерлердің басқа лауазымға ауысуын және жұмыстан босатылуын қоса алғанда, олардың құрамындағы болған барлық өзгерістер туралы, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы уәкілетті органды күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабардар етеді.

      Басшы қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартқан жағдайда, қаржы ұйымдары, холдингтер уәкілетті органды осы ақпарат қаржы ұйымына, холдингке мәлім болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

  Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу
үшін қажетті құжаттар тізбесіне
1-қосымша

      Нысан

      фотосуреттiң орны

Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына
кандидат туралы мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       _____________________________________________________________________

      (кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және қаржы

      ұйымындағы, холдингтегі кандидат келісілетін лауазым көрсетiледi)

      (қаржы ұйымының, холдингтің атауы)

      1. Жалпы мәлiметтер

Туған күні мен жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі

      2. Білімі

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса – күні мен нөмірі)

1.

      3. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1.

      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ уәкiлеттi органға мүшелігі), оның iшiнде уәкiлеттi органға келісу туралы өтiнiштi берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (талап етілген болса, келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.

      6. Кандидаттың қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер

      (қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, кандидат

      аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін

      көрсету қажет).

      7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

1

      8. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерді орындамау фактісінің болуы туралы мәліметтер

      (иә (жоқ), көрсетілген фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын

      және міндеттеме сомасын көрсету қажет)

      9. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдарда өзге басқарушы қызметкердің (басқарушы директор, қаржы директор және басқа лауазымдар) лауазымын атқарғаны туралы мәліметтер

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер

      10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін кем дегенде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде кандидаттың бұрын қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның (тіркеуші трансфер-агенттің атқару органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары) басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының басшысы және (немесе) қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) басшы қызметкері болғандығы туралы мәліметтер

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсін)

      11. Кандидат бұрын төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеуден дефолт жіберген не дефолт жіберген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купонды сыйақының төрт еселік және (немесе) және одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу жөніндегі дефолт мөлшері төлеу күні республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, заңды тұлға ірі қатысушы (ірі акционер) болғандығы туралы мәліметтер

      12. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымының, холдингтің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерінің қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға

      (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай

      шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

      13. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымы, холдинг қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларына жауап беруші ретінде тартылды ма

      (иә/жоқ, күнін, қаржы ұйымының, холдингтің атауы, сот талқылауына

      жауап беруші, қаралған мәселе және сот шешімі)

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін, мінсіз іскери беделі болуын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________________________

       (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _______________________

Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен,

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік
қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.
Қолы _____________________

      Күні ___________________________

  Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу
үшін қажетті құжаттар тізбесіне
2-қосымша

      Нысан

Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерiнiң
лауазымына кандидатты қарау нәтижелерi

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      (қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерiнiң лауазымына

      кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

      № ______________ Хаттама

      ____ жылғы "____" __________

Комиссия мүшелерінің және Төрағаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Тестілеуге шақырусыз келісуге

Тестілеуге жіберуге және тестілеудің оң нәтижесінде келісу

Келісуден бас тарту

Қолы

1

2

3

4

5

6

      Комиссия Төрағасы _____________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Комиссия шешімі: Тестілеуге шақырусыз келісуге

Тестілеуге жіберуге және тестілеудің оң
нәтижесінде келісу
Келісуден бас тартылсын
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 қаулысына қосымшаpar Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2952 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы маусымда, № 15, 111-құжатында жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4168 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 3-тармағы.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 120 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4708 тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 169 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4839 тіркелген).

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 273 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5123 тіркелген).

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 160 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5408 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған).

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 қаулысының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 17 ақпанда № 24 (1621) жарияланған) 1-тармағы.

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 21 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5624 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 15 мамырда № 72 (1669) жарияланған).

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 211 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5838 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 26 қарашада № 181 (1778) жарияланған).

      12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 4-тармағы.

      13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 58 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6282 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280076
    Қазақ тілінде 139469
    Орыс тілінде 139188
    Ағылшын тілінде 1419
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы