Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8318 тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 6 (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабының 1 және 6-1-тармақтарын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 15-тармағын, 30-бабының 12 және 13-тармақтарын, 40-бабының 9-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын, 52-12-бабының 3-тармағын және 60-бабының 7-тармағын, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабының 1-тармағын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 15-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 2-тармағын, 72-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мынадай Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – заңды тұлғалар үшін Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтинг белгіленсін:

      банк не сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне иеленген) заңды тұлғалар;

      банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне иеленген) заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (бар) банктер;

      Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.

      Мынадай Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – заңды тұлғалар үшін Standard & Poors рейтингтік агенттігінің "В-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтинг белгіленсін:

      ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне иеленген);

      бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдары бар.

      Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай ұзақ мерзімді ең төменгі тәуелсіз рейтинг белгіленсін:

      шет мемлекеттің шетел валютасында - Standard & Poors рейтингтік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі рейтингі "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес.

      Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының мақсаттары үшін халықаралық шкала бойынша мынадай ең төменгі жеке кредиттік рейтингі белгіленсін:

      ұйымның шетел валютасында – Standard & Poors рейтингтік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі рейтингі "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Банктер туралы заңның 30-бабы 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларының мақсатында "ВВВ-"-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі тәуелсіз рейтингі белгіленсін.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 6 (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1-2. Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ екінші деңгейдегі банктің Банктер туралы заңның 30-бабы 13-тармағының талабын орындау үшін:

      1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар үшін - Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "В-" немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - заңды тұлғалар үшін - осы қаулының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шетел валютасындағы халықаралық шәкілі бойынша ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар бас банкі не банк холдингі болады.

      Ескерту. 1-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 6 (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.05.2019 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары мыналарға қолданылмайды:

      1) төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғаларға:

      заңды тұлғаның халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі бар;

      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ең төменгі рейтингіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;

      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және заңды тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған;

      2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті мәртебе алған және көрсетілген күні төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - банк холдингтеріне:

      банк холдингінің ұлттық шәкіл бойынша Japan Credit Rating Agency (JСR) рейтингілік агенттігінің не JСR үлестес тұлғасы болып табылатын рейтингілік агенттіктің "ААА"-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар;

      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;

      Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы мен банк холдингі резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-1. Банктер туралы заңның 52-12-бабының 3-тармағының мақсаты үшін рейтингті осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі береді.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Рейтингілік агенттіктердің мынадай тізбесі белгіленсін:

      Standard & Poors;

      Moody's Investors Service;

      Fitch.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 6 (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктер рейтингілері сәйкестігінің салыстырмалы кестесі осы қаулының 1-қосымшасында белгіленген.

      5. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына
1-қосымша

Рейтингілердің салыстырмалы кестесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.05.2019 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Standard & Poors

Moody's Investors Service

Fitch

1.

ААА

Ааа

ААА

2.

АА+

Aa1

АА+

3.

АА

Аа2

АА

4.

АА-

Аа3

АА-

5.

А+

A1

А+

6.

А

А2

А

7.

А-

A3

А-

8.

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

9.

ВВВ

Ваа2

ВВВ

10.

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

11.

ВВ+

Ba1

ВВ+

12.

ВВ

Ва2

BB

13.

ВВ-

Ва3

ВВ-

14.

В+

В1

В+

15.

В

В2

В

16.

В-

В3

В-

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген);

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4068 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда "Заң газеті" газетінде № 28-29 (835) жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы;

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда № 3236 тіркелген);

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы № 159 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4400 тіркелген, 2006 жылғы 24 қазанда "Заң газеті" газетінде № 187 (993) жарияланған);

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 186 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4818 тіркелген);

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы № 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5066 тіркелген);

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 163 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5390 тіркелген);

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 30 қарашадағы № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6004 тіркелген);

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6544 тіркелген).

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280076
    Қазақ тілінде 139469
    Орыс тілінде 139188
    Ағылшын тілінде 1419
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы