Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 мамырда № 9410 тіркелді. 2-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысымен.

      Ескерту. 2-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі ) қаулысымен

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті" пруденциялық нормативі белгіленсін.

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күн сайын кемінде 1-ді құрауға тиіс.

2. Мына:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидалары;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 3 ақпандағы

№ 7 қаулысына

1-қосымша

Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидалары

Осы Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқарушы) сақтауға міндетті "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті" пруденциялық нормативін есептеу тәртібін белгілейді.

Қағидалар ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.

Сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативін есептеу кезінде есепке алынбайды.

Қағидалардың инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғалары бөлігінде көзделген нормалары заңды тұлғаларға және олардың "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушымен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.

1. "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті" пруденциялық нормативін есептеу тәртібі

1. Инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

К = (ӨА - М) / МКТМ, мұндағы

ӨА – инвестициялық портфельді басқарушының Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын өтімді активтері;

М – баланс бойынша міндеттеме;

МКТМ – меншікті капитал жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын, Қағидалардың 2-тармағына сәйкес есептелген инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының ең төмен мөлшері.

2. Егер:

басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ = 181 440 000 (бір жүз сексен бір миллион төрт жүз қырық мың) теңгеге тең болады;

басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден астам болса, онда МКТМ = 181 440 000 (бір жүз сексен бір миллион төрт жүз қырық мың) + (БҚА – 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге) * 0,0014 болады,

мұндағы БҚА – басқаруға қабылданған активтер.

МКТМ ең жоғарғы мәні 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңгеден аспауы тиіс.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағаларынан басқа Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын да мойындайды.

4. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:

Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

Африка даму банкі (the African Development Bank);

Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (ICD);

Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).

Халықаралық валюта қоры;

Халықаралық даму қауымдастығы;

Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;

Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation).

5. Қағидалардың қосымшасында көзделген мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде мынадай меншікті активтер танылады:

1) ақша, оның ішінде:

кассадағы ақша, инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде;

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;

клирингтік ұйымдардың шоттарындағы инвестициялық портфельді басқарушының кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

ұйымдарға бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін банк қызметтерін көрсететін Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымдарының шоттарындағы ақша;

2) Қағидалардың Қосымшасында көрсетілген мөлшерде, ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі, мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):

банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкала бойынша "kzB-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;

банктер қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторына енгізілген эмитент банктер болып табылады немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитент банктер болып табылады;

банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитент-банктер болып табылады;

3) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі салымдар;

4) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);

5) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);

6) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

7) заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "Премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары немесе ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалар акциялары;

8) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);

9) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмен рейтингілік бағасы бар, сондай-ақ рейтингілік бағасы жоқ, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

10) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, осы тармақтың 8), 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде):

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біріндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентініңқаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;

11) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);

12) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);

13) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;

14) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

15) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

16) ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, базалық активі қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторына енгізілген заңды тұлғалар акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалар акциялары;

17) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің "BBB-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);

18) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері;

19) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;

20) инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);

21) инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты танылады.

Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі ) қаулыларымен.

6. Инвестициялық портфельді басқарушы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қоса атқарған жағдайда "меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффиценті" пруденциялық нормативін есептеу және басқа нормативтер "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9736 тіркелген) белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7. Инвестициялық портфельді басқарушы осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, Қағидалардың 12-тармағында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi пруденциялық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз тасымалдағыштағы пруденциялық нормативтiң есебiне және пруденциялық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтерге (бұдан әрі – қосымша мәліметтер) инвестициялық портфельді басқарушының бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қояды, мөрмен куәландырылады және инвестициялық портфельді басқарушыда сақталады.

2. Пруденциялық нормативтің есебін және пруденциялық нормативтің есебі үшін қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi

8. Пруденциялық нормативтің есебі және қосымша мәлiметтер уәкілетті органға осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес есепті айдың соңғы күнтізбелік күні үшін есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

9. Пруденциялық нормативтің есебі және қосымша мәлiметтер электрондық форматта беріледі.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

11. Пруденциялық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

12. Пруденциялық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

13. Электрондық форматтағы қосымша мәлiметтер және пруденциялық нормативтердің есебі ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

14. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін инвестициялық портфельді басқарушының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

15. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болғанда, инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсініктемені ұсынады.

16. "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті" пруденциялық нормативін бұзған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы бұзушылық болған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға пруденциялық нормативті бұзу фактісі мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып хабарлайды.

  Инвестициялық портфельді
басқаруды жүзеге асыратын

ұйымдар үшін
пруденциялық
нормативтің мәндерін
есеп
айырысу қағидаларына

қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Пруденциялық нормативті есептеу

Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі ) қаулысымен

Есепті кезең: 20 __ жылғы "__" ____ жағдай бойынша

Нысанның индексі: К1-УИП

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынатындар: инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

___________________________________________________________________

(Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауы)

1-кесте. Меншікті капитал жеткіліктілігі нормативін есептеу

(мың теңгемен)

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сома

Есепке алынатын көлем (%)

Есеп айырысуға сома

1.

Ақша - барлығы (1.1.-1.5.-жолдарының қосындысы), оның ішінде:

100

1.1.

кассадағы ақша (инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайды)

100

1.2.

Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша

100

1.3.

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;

100

1.4.

клирингтік ұйымдағы шоттардағы инвестициялық портфельді басқарушының кепілдік берілген маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;

100

1.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

100

1.6

ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша

100

2.

Мына талаптардың біреуіне сәйкес келген кезде, ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
банктер резидент емес бас банкінің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еншілес банк болып табылады

100

3.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары есепке алынған салымдар, осы эмитент банктердің қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторына енгізілу шартымен

100

4.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыға ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі ықтимал шығындарға резервтер шегерілген, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары есепке алынған салымдар

100

5.

Ықтимал шығындарға резервтер шегерілген, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

6.

Ықтимал шығындарға резервтер шегерілген, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

7.

Инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының ықтимал шығындарға резервтер шегерілген акциялары

100

8.

Инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, "акциялар" секторының талаптарына сәйкес келетін, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген акциялары

100

9.

Инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

10.

Инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен до "В-"-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzB+"-тен "kzB-"-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

11.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы қосымшаның 9 және 10-жолдарында көрсетілген деңгейден төмен емес рейтингілік бағасы бар, сондай-ақ рейтингілік бағасы жоқ, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

12.

Инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қағидалардың 5-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

13.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің ықтимал шығындарға резервтер шегерілген бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

14.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің ықтимал шығындарға резервтер шегерілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

15.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің ықтимал шығындарға резервтер шегерілген акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

16.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген депозитарлық қолхаттар

100

17.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген депозитарлық қолхаттар

100

18.

Заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторына енгізілген акциялары, немесе заңды тұлғалардың қор биржасы индексінің әкімшілік тізіміндегі акциялары базалық активі болып табылатын, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген депозитарлық қолхаттар

100

19.

Халықаралық қаржы ұйымдары шығарған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)

100

20.

Тазартылған бағалы металдар мен метал депозиттері

100

21.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары

100

22.

Инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі, инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомадағы, шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)

100

23.

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомада инвестициялық портфельді басқарушының жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары

100

24.

Өтімді активтердің жиынтығы (1-23-жолдардың сомасы) – ӨА

х

25.

Баланс бойынша міндеттемелер

х

26.

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері (МКТМ)

х

х

27.

К1 "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі нормативі" ((24-жол-25-жол)/26-жол) 1-ден кем емес

х

х

2-кесте. Пруденциялық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер

(мың теңгемен)

Белгінің

Көрсеткіштердің атауы

Баланс бойынша сомасы

1

2

3

8001

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада инвестициялық портфельді басқарушының жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары

8002

Басқа негізгі құрал-жабдықтар

8003

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген қызметкерлер мен басқа да адамдардың дебиторлық берешегін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындардың резервтерін шегергенде)

8004

Басқа да дебиторлық берешек (ықтимал шығындардың резервтерін шегергенде)

8005

Тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері

8006

Мына талаптардың біреуіне сәйкес келген кезде ықтимал шығындардың резервтерін шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып):
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер;
банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент бас банктің резидент еншілес банктері болып табылады

8007

Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторына енгізілген эмитент банктер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитент банктер болып табылады деген талаппен, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

8008

-

8009

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар бейрезидент банктердегі салымдар

8010

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша

8011

Орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша

8012

Инвестициялық портфельді басқарушының кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын клиринг ұйымындағы шоттардағы меншікті ақша

8013

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар бейрезидент банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша

8014

Ұйымдарға бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін банк қызметтерін көрсететін бейрезидент ұйымдардың шоттарындағы ақша

8015

Брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын кассадағы ақша

8016

Өзге ақша

8017

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

8018

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

8019

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұсқас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары

8020

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, брокерге және (немесе) дилерге қатысы үлестес тұлғалар болып табылмайтын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары

8021

Заңды тұлғалардың "В-" төмен емес рейтингі бар, осы қосымшаның 8020 белгісінде көрсетілген акцияларға жатқызылмаған, ықтимал шығындар шегерілген акциялары

8022

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

8023

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВ+"-тен "kzВ-"-қа дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

8024

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы қосымшаның 8022 және 8023 белгілерінде көрсетілген деңгейден төмен рейтингілік бағасы бар, сондай-ақ рейтингілік бағасы жоқ, қор биржасы ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

8025

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Қағидалардың 5-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

8026

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

8027

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары

8028

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары

8029

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар

8030

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар

8031

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторына енгізілген, заңды тұлғалардың акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар

8032

Осы қосымшаның 8021 белгісінде көрсетілген акциялар базалық активі болып табылатын, ықтимал шығындар шегерілген акциялары депозитарлық қолхаттар

8033

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

8034

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-" төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

8035

Басқа бағалы қағаздар

Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

_________________________________________________ _________________________

(тегi, аты, әкесінің аты (ол бар болса))                        (қолы)

Бас бухгалтер ___________________________________ __________________________

Орындаушы: _______________________________________ ______ _________________

(тегi, аты, әкесінің аты (ол бар болса))            (қолы)            (телефон нөмiрi)

Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "____" __________

Мөр орны (бар болса)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада берілген.

  Пруденциялық нормативті
есептеу нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Пруденциялық нормативті есептеу 1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Пруденциялық нормативті есептеу" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйым Нысанды ай сайын есепті кезеңнің соңында толтырады.

4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

5. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға, бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Меншікті капитал жеткіліктілігі нормативін есептеуді толтыру бойынша түсіндірме

6. 1-кестенің Меншікті капитал жеткіліктілігі нормативін есептеуінің 3-бағанында есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.

7. 1-кестенің Меншікті капитал жеткіліктілігі нормативін есептеуінің 5-бағанында есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңында есептеуге арналған, 3 және 4-бағандарда көрсетілген деректердің көбейтіндісі ретінде есептелген сома көрсетіледі.

8. 30-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер айырмасының меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті көрсетіледі.

3-тарау. Пруденциялық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме

9. 2-кестенің Пруденциялық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтерінің 3-бағанында есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 7 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 14 қаңтарда № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде:

      1-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Қор биржасының сауда жүйесінде "автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын "репо" операциялары былайша жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарының облигацияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша;

      2) қор биржасының ресми тізіміндегі "акциялар" секторының бірінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген акциялар бойынша;

      3) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-дан төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's немесе Fitch ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service ұлттық шкаласы бойынша kzВ3"-дан төмен емес ең төменгі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар бойынша;

      4) қор биржасының ресми тізіміндегі "бірінші шағын санатты рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар бойынша;

      5) қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі акциялар бойынша.

      Қор биржасының сауда жүйесінде "тікелей" тәсілмен жүзеге асырылатын "репо" операцияларының мәні болып табылатын тізбесі бағалы қағаздар қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.".

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 28 тамызда № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулықта:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Бағдарламалық-техникалық құралдардың және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге жабдықтардың нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету) қойылатын талаптарды және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларында сақталған деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпаратты сақтау мен қорғауды қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруды айқындайды.

      Нұсқаулық бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгілі күнге және уақытқа жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді-көшірмелерді, жүргізілген операциялар туралы есептерді, бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарийдің, эмитенттердің және уәкілетті органның сұратулары бойынша есептерді, хабарламаларды және анықтамаларды жасауды және беруді;".

      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және брокерлік және дилерлік қызметті (бұдан әрі – брокер және (немесе) дилер), инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті (бұдан әрі – Басқарушы) жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.".

      Қағидаларда көзделген, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдау үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ Басқарушы қызметін автоматтандыруға қойылатын талаптар Басқарушы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қағидалардың мақсаты брокерде және (немесе) дилерде, Басқарушыда тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.

      Қағидалардың 42-тармағы 3) тармақшасының, 43-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының, 46, 48, 54, 55, 56 және 57-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымын сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға қатысты қолданылмайды.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарушының және Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері мен инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері бойынша баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және өтімділік тәуекелі жөніндегі стресс-тестинг Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес екі айда бір рет есептеледі.

      Стресс-тестинг нәтижелері Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес әрбір жұп айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді.

      9. Басқарушы және Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 3 және 4-қосымшалары бойынша ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ресімдейді.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Басқарушы және Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында жазылған ақпаратты қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта резервтеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.";

      20-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, тиісті органдардың, активтері басқаруға қабылданған клиенттердің алдында клиенттердің инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептілікті дайындау;";

      21-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің тиісті органдарының алдында меншікті активтерді басқару жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептілікті дайындау жөніндегі рәсімдердің сипаттамасы.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі аудит қызметінің есептері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұратуы бойынша ұсынылады.";

      96-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінен тоқсанына бір рет мыналар туралы ақпаратты:

      аппараттық-бағдарламалық техникалық кешендердің жағдайы;

      есепті кезең ішінде анықталған техникалық проблемалар;

      брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі рәсімдеріне анықталған сәйкессіздіктер;

      проблемалар мен сәйкессіздіктердің қайталап туындауын жою және болдырмау үшін қабылданған шаралар туралы ақпаратты алады;

      Осы тармақшада көрсетілген ақпарат Басқарушы мен Ұлттық Банк арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде ұсынылмайды;".

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 29 қазанда № 8857 тіркелген) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Инвестициялық портфельді басқарушылар осы қаулының 6, 7, 8, 9, 15, 16, 17 және 18-қосымшаларында белгіленген нысандарды толтыру кезінде сенімгерлікпен басқаруға берілген уәкілетті органның алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін көрсетпейді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаратын, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептілігін ұсыну жөніндегі қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, Ұйым уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себебін көрсете отырып жазбаша түсіндіру ұсынады.".

  Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар нарығындағы қызмет
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар нарығындағы қызмет
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша

бағалы қағаздар нарығындағы
қызмет мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша

Қазақcтан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5332 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған).

2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5578 тіркелген) 3-тармағы.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5777 тіркелген) 3-тармағы.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 265 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6039 тіркелген) 3-тармағы.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) тізбенің 20-тармағы.

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған) қосымшаның 5-тармағы.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 284556
    Қазақ тілінде 141607
    Орыс тілінде 141409
    Ағылшын тілінде 1540
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы