< Назад к документу

Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 16149 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.03.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының төмендегідей тізбесі белгіленсін:

      Азия Даму Банкі (the Asian Development Bank);

      Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (the Asian Infrastructure Investment Bank);

      Америкааралық даму банкi (the Inter-American Development Bank);

      Африка даму банкi (the African Development Bank);

      Еуразиялық даму банкi (the Eurasian Development Bank);

      Еуропа инвестициялық банкi (the European Investment Bank);

      Еуропа кеңесінің даму банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкi (the European Bank for Reconstruction and Development);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам Корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкi (the Islamic Development Bank);

      Скандинавия инвестициялық банкi (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);

      Халықаралық қайта құру және даму банкi (the International Bank for Reconstruction and Development).

      2. Банктер мен банк холдингтері меншігіне сатып алатын облигацияларға мынадай талаптар белгіленсін:

      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған немесе оларға қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiгi бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары мәртебесі бар (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған) облигациялар;

      2) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар;

      3) шетел эмитенттерінің рейтингі "В" төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "В2" төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) облигациялары;

      4) қор биржасының ресми тізіміндегі тиісті алаңның "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатындағы немесе Қазақстан Республикасының эмитенттерінің облигациялары шетелдік валютасында номинирленген және "Астана" Халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген немесе Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша рейтингі "В" төмен емес немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар облигацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары. Осы тармақшаның мақсаттары үшін жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингіне ие Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары ретінде танылады;

      5) шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік бағалы қағаздар мәртебесі бар облигациялар Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингіне немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2019 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданылады) қаулысымен.

      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы 2018 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 234 қаулысына
қосымша

Күші жойылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің тізбесі

      1. "Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 133 (2334) жарияланған).

      2. "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9124 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 140 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11985 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Назад к документу

Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы (өзгертулер 29 қараша 2017) V1700016149

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 287187
    Қазақ тілінде 142880
    Орыс тілінде 142751
    Ағылшын тілінде 1556
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы