"Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 196 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 17422 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiнде, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiнде:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кепілдің тұрақсыз түрлері – болашақта түсетін мүлік және ақша қаражаты (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты бойынша, жағдайлары Қалыптардың 2-1-тармағында көзделген банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа аударылатын ақша түсімі бойынша мемлекеттік серіктестікке қойылатын талап құқықтарын қоспағанда), оның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша (мемлекеттің қатысуы бар компаниялармен (квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жасалған шарттар бойынша келіп түсетін ақша қаражатын қоспағанда), сақтандыру шарттары (Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингі бар сақтандыру компанияларымен жасалған, міндеттемелерді шартсыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарын, жағдайлары Қалыптардың 2-1-тармағында көзделген сақтандыру шарттарын қоспағанда), жеке немесе заңды тұлғалардың кепілдіктері (Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерін, Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" төмен емес кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктерін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер және олардың еншілес ұйымдары берген кепілдіктерді қоспағанда), материалдық емес активтер, жарғылық капиталға қатысу үлестері немесе Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының және (немесе) халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлмеген бағалы қағаздар (айналым қаражатын қаржыландырумен байланысты емес мақсаттарға берілген қарыздар бойынша берешегінің есептелген сыйақыларды, салықтық есептеулерді және есептелген амортизацияны (EBITDA) төлеу жөніндегі шығыстарды шегергенге дейінгі пайдасына қатынасы 4-тен аспайтын заңды тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуге қабылданған жарғылық капиталына қатысу үлестерін және (немесе) бағалы қағаздарын қоспағанда), қағазға басып шығарылған астық қолхаттары, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі кепілмен қамтамасыз ету (көрсетілген елдердің кепілмен қамтамасыз етудің тиісінше ресімделуін растайтын құқығына сәйкес банктің заң консультанттарының немесе еншілес ұйымдары мамандарының қорытындысы болған кезде Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі кепілмен қамтамасыз етуін қоспағанда);";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Банк мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде заңды тұлғамен банктік қарыз шартын жасайды және ол мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың инвестициялық кезеңі 36 (отыз алты) айдан аспайды. Инвестициялық кезең банктік қарыз шартын (кредит желісін беру (ашу) туралы келісім) жасасқан күннен бастап инвестициялық шығындардың өтемақысы төлемінің басталған күні аралығы болып табылады;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қарыз (кредит желісінің шеңберінде берілген қарыз) сомасы шеңберінде кезең-кезеңмен қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      кезең-кезеңмен қаржыландыру сомасы инвестициялық кезеңнің төрттен бірінде жалпы қарыз (кредит желісінің шеңберінде берілген қарыз) мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспайды;

      кезең-кезеңмен қаржыландыру сомасы инвестициялық кезеңнің жартысында жалпы қарыз (кредит желісінің шеңберінде берілген қарыз) мөлшерінің 50 (елу) пайызынан аспайды;

      құрылыс нысанына техникалық қадағалауды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде банк таңдаған заңды тұлға жүзеге асырады.

      Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "ВВ+" төмен емес рейтингі бар сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарты сақтандырушының пайда алушыға (банкке) сақтандыру төлемінен (сақтандыру төлемін) бас тартуға (жүзеге асырмауға) мүмкіндік беретін мынадай:

      сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) шығындардың орнын толтыру туралы талаптары сақтандыру сомасының мөлшерінен асатын;

      залал немесе шығындар ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, түрлі сипаттағы халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер нәтижесінде пайда болған;

      банктік қарыз шарты жарамсыз болып танылған;

      сақтандырушының жазбаша келісімінсіз банктік қарыз шартына, кепіл шартына, кепілдік шартына немесе кепілдемеге айтарлықтай өзгерістер енгізген;

      пайда алушының (банктің) сақтандырушыға сақтандыру нысаны, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы жалған мәліметтер хабарлаған;

      пайда алушы (банк) залал үшін жауапты тұлғадан немесе үшінші тараптан өтеу шығынын толық алған;

      пайда алушы (банк) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуының мән-жайын тексеруге және келтірілген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі жасаған;

      пайда алушы (банк) сақтанушыға, оның ішінде сот немесе соттан тыс тәртіпте қарыз шарты бойынша өзінің талап ету құқықтарынан бас тартқан жағдайлардан ғана тұрады.

      Сақтандыру шартында сот жарамсыз деп таныған кепіл шартын есепке алмай (шегеріп) сақтандыру төлемін жүзеге асыру талаптарын көрсетуге жол беріледі. Бұл жағдайда сақтандыру шарты сот жарамсыз деп таныған кепіл шартын шегере отырып қамтамасыз ету ретінде ескеріледі.

      Банк қамтамасыз ету ретінде қабылдаған кезде сақтандыру шарты сөзсіз франшизаны шегере отырып қабылданады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Меншікті капитал:

      1) жеке тұлғалардың депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы;

      2) Қалыптарға 1-қосымшаға сәйкес Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар (резервтер) мен ХҚЕС және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырылған және банктің бухгалтерлік есебінде көрсетілген провизиялар (резервтер) оң айырмаларды (бұдан әрі - оң айырма) шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы теңгенің шетел валютасына қатысты уәкілетті орган белгілеген, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтарда белгілегеннен аспайтындай ағымдағы ресми бағамы бойынша есептеледі.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін оң айырманы банктер есептейді және мөлшері мынадай болады:

      2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап - 5 (бес) пайыз;

      2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - 16,67 (он алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайыз;

      2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 33,33 (отыз үш бүтін жүзден отыз үш) пайыз;

      2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 49,99 (қырық тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) пайыз;

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 66,67 (алпыс алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайыз;

      2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 83,33 (сексен үш бүтін жүзден отыз үш) пайыз;

      2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 0 (нөл) пайыз.

      Осы тармақтың 2) тармақшасындағы көрсетілген оң айырманы есептеу үшін Қалыптардың 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар (резервтер) ай сайын Қалыптардың 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес соңғы есептелген күннен кейінгі мерзімдегі провизиялар (резервтер) толығымен өтелген және (немесе) есептен шығарылған қарыздар және дебиторлық берешектер бойынша провизиялардың (резервтердің) сомасына азайтылады.

      Оң айырма Қалыптардың 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес олар бойынша провизиялар (резервтер) олардың есебінің соңғы күніне есептелген қарыздар және дебиторлық берешектер бойынша есептеледі.

      Оң айырманы есептеген кезде Қалыптардың 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар сомасы провизияларды (резервтерді) есепке алусыз қарыз және (немесе) дебиторлық берешек бойынша берешектің сомасынан аспайтын мөлшерде қосылады.

      Уәкілетті органның тексеру нәтижелері бойынша түзетілген оң айырма есепті айдан кейінгі есепті күннен бастап меншікті капиталдың есебіне қосылады.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында және екінші бөлігінде белгіленген талаптар тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қолданылмайды.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арқылы) 2 (екi) және одан да көп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болса, осындай топқа қатысты тәуекел мөлшерi, егер басқа iрi қатысушылар, сондай-ақ қарыз алушылардың осы тобына қатысты тәуекелдiң мөлшерiн бiр қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшерi ретiнде жиынтықты түрде есептеу жөн болатын Қалыптардың 54-тармағында белгiленген өзге де жағдайлар болмаса, бiр қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшерi ретiнде есептелмейдi.";

      57-тармақтың бірінші бөлігінің жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банк шығарған бағалы қағаздар және банк сатып алған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының немесе олардың еншілес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар бойынша кепіл ретінде ұсынылған және олар бойынша банктің даусыз өндіріп алу құқығын иемденетін бағалы қағаздар түріндегі міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасы шегеріле отырып есептеледі.";

      65-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген "Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысында белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;";

      Қалыптардың 11-қосымшасына сәйкес Сауалнама қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қалыптардың 12-қосымшасына сәйкес Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттерін есептеу туралы мәліметтер қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      ___________ ______________

      2018 жылғы ___ ___________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы "27" тамыздағы
№ 196 қаулысына
1-қосымша
  Пруденциалдық қалыптардың
қалыптық және өзге де
орындалуы мiндеттi нормалар
мен лимиттердi маңызы
мен есептеу әдiстемелерiне,
белгiлi бір күнге шектi
банк капиталының мөлшерiне
11-қосымша

Сауалнама Оригинатор банктің атауы ________________________________

Сұрақтар

Жауапттар

1

Арнайы қаржы компаниясының атауы, орналасқан орны

2

Секьюритилендіруді есептемегендегі k2 меншікті капитал жеткiлiктiлiгі коэффициентінің мәні

3

Секьюритилендіруді есептегендегі k2 меншікті капитал жеткiлiктiлiгі коэффициентінің мәні (шектеулі тәсіл)

4

Банк басқармасының құрамынан секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданудың мақсатқа лайықтылығын анықтауға жауапты тұлғалар айқындалған

_____ иә _____ жоқ

5

Арнайы қаржы компаниясы секьюритирлендірілген активтер бойынша төлемдерді борышкерлердің ықтимал төлемеуімен байланысты, оның ішінде оригинатордың банкроттығы (төлем қабілетсіздігі) жағдайында да барлық тәуекелдерді көтеретіні туралы заңгерлік қорытынды бар ма?

_____ иә _____ жоқ

6

Оригинатор жарғылық капиталға қатысу үлестеріне тура немесе жанама не арнайы қаржы компаниясында дауыс беру құқығы бар акцияларға ие ме?

_____ иә _____ жоқ
егер иә болса, қатысу үлесі көрсетілсін

7

Оригинатор арнайы қаржы компаниясындағы директорлар кеңесі немесе басқарма мүшелерінің басым көпшілігін тағайындауға немесе сайлауға құқылы ма?

_____ иә _____ жоқ

8

Оригинатор шарт күшімен немесе өзге тәсілмен арнайы қаржы компаниясының шешімдерін айқындауға құқылы ма?

_____ иә _____ жоқ
егер иә болса, қандай тәсілмен екені нақтылансын

9

Оригинатор арнайы қаржы компаниясынан секьюритилендірілген активтерді сатып алу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдауға құқылы ма?

_____ иә _____ жоқ
егер иә болса, міндеттемелер көрсетілсін

10

Оригинатор секьюритилендірілген активтерге қатысты қандай да бір тәуекелдерді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдауға құқылы ма?

_____ иә _____ жоқ
егер иә болса, түсіндірілсін

11

Оригинатор секьюритилендірілген активтер арнайы қаржы компаниясына берілгеннен кейін секьюритилендірумен және арнайы қаржы компаниясының қызметімен байланысты шығыстарды өзіне қабылдайды ма?

_____ иә _____ жоқ

12

Арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар оригинатордың төлем міндеттемелерін білдіреді ме?

_____ иә _____ жоқ

13

Секьюритилендіру мәмілесінде кері сатып алу опционы көзделген бе?

_____ иә _____ жоқ
егер иә болса, кері сатып алу опционын іске асыру талаптары
ашып көрсетілсін

14

Оригинатор секьюритилендірілген активтерді сатып алуға не оларды пулда басқа активтерге ауыстыруға құқылы ма?

_____ иә _____ жоқ
егер иә болса, активтерді сатып алу немесе оларды ауыстыру қандай жағдайларда мүмкін болатыны ашып көрсетілсін

15

Оригинатор секьюритилендірілген активтерге қызмет көрсету бойынша қызмет көрсете ме?

_____ иә _____ жоқ

16

Оригинатордың секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру басталғанда қолдау көрсетуін қоспағанда, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясының арасындағы шартта және арнайы қаржы компаниясы мен оригинатордың басқа құжаттарында оригинатордың арнайы қаржы компаниясына қандай да бір қолдау көрсетуіне тыйым салу көзделген бе?

_____ иә _____ жоқ
егер иә болса, түсіндірілсін

17

Арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде оригинатордың арнайы қаржы компаниясына көрсететін шарттық қолдауы туралы ақпарат бар ма?

_____ иә _____ жоқ

18

Оригинатордың, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалардың құжаттарында арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетуге тыйым салу көзделген бе?

_____ иә _____ жоқ

19

Тартылған рейтингтік агенттіктер туралы ақпарат

20

Бір секьюритилендіру мәмілесі шеңберінде транштарға берілген (сақталған немесе иеленген) кредиттік рейтингтер туралы ақпарат

21

Секьюритилендіру мәмілесімен байланысты банкте туындайтын позициялар туралы ақпарат

22

Құжаттарда өтімділік құралдарын пайдалану көзделген бе?

_____ иә _____ жоқ
егер иә болса, қандай құралдар екені және оларды қолдану талаптары көрсетілсін

      Банк сауалнамаға қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ уәкілетті органға сауалнаманың қаралуына байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уақтылы ұсынылуына толық растайды.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың ат-атымен тізбесі және әрбір құжат бойынша парақтары көрсетілсін).

      Басқарма Төрағасы _____________________________________________

      (қолы)

      Директорлар кеңесінің Төрағасы ________________________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 196 қаулысына
2-қосымша
  Пруденциалдық қалыптардың
қалыптық және өзге де
орындалуы мiндеттi нормалар
мен лимиттердi маңызы
мен есептеу әдiстемелерiне,
белгiлi бір күнге шектi
банк капиталының мөлшерiне
12-қосымша

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттерін есептеу туралы мәліметтер

  (мың теңгемен)

Компонент атауы

Секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асырудың алдындағы соңғы есепті күнгі мән

Секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асырғаннан кейінгі мән

1

Бірінші деңгейдегі капитал

1.1

Негізгі капитал

1.2

Үстеме капитал

2

Екінші деңгейдегі капитал

3

Негізгі капиталдан шегерілетін инвестициялар

3.1

Үстеме капиталдан шегерілетін инвестициялар

3.2

Екінші деңгейдегі капиталдан шегерілетін инвестициялар

4

Меншікті капитал

5

Банктің секьюритилендіру мәмілесі бойынша ұстап қалатын және Standard&Poor's агенттігінің "В+"-тен бастап және төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard &Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB+"- тен бастап және төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас рейтингі не рейтингтік бағасы жоқ позициялар сомасы

Х

6

Негізгі капиталдың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал талаптар, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар сомасына қатынасы (k1)

7

Бірінші деңгейдегі капиталдың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал талаптар, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар сомасына қатынасы (k1-2)

8

Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтер

8.1

Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor's агенттігінің "ААА" бастап "АА-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzAAA" бастап "kzAА-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы

Х

8.2

Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor's агенттігінің "А+" бастап "А-" дейінгі халықаралық рейтингттік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzA+" бастап "kzA-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы

Х

8.3

Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+" бастап "ВВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBBB+" бастап "kzBBB-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы

Х

8.4

Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor's агенттігінің "ВВ+" бастап "ВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ+" бастап "kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы

Х

9

Кредиттік тәуекел ескеріле отырып, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер, оның ішінде:

9.1

9.2

Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor's агенттігінің "А+" бастап "А-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzA+" бастап "kzA-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы

Х

9.3

Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+" бастап "ВВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBBB+" бастап "kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы

Х

9.4

Кредиттік тәуекел ескеріле отырып, мөлшерленген туынды қаржы құралдары, оның ішінде:

10.1

10.2

Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor's агенттігінің "А+" бастап "А-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzA+" бастап "kzA-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы

Х

10.3

10.4

Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor's агенттігінің "ВВ+" бастап "ВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ+" бастап "kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы

Х

11

Екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер жиынтығы

12

Ерекше пайыздық тәуекел сомасы

13

Жалпы пайыздық тәуекел сомасы

14

Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел жиынтығы

15

Нарықтық құнның өзгеруіне байланысты жалпы тәуекел сомасы

16

Нарықтық құнның өзгеруіне байланысты ерекше тәуекел сомасы

17

Нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел жиынтығы

18

Айырбастау бағамының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел сомасы

19

Нарықтық тәуекел ескеріле отырып, есептелген активтердің және шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің жиынтығы

20

Операциялық тәуекел сомасы

21

Меншікті капиталдың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал талаптар, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар сомасына қатынасы (k2)

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________________ _________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _______________________________________________ ________________

      Орындаушы

      Телефоны: ______________

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "_____" ___________________

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 284351
    Қазақ тілінде 141507
    Орыс тілінде 141304
    Ағылшын тілінде 1540
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы