Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. "Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Сарбалаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары А.Аққұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Т. Кушмаганбетов |