< Назад к документу

Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 шілдеде № 4251 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 39/444 "Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4062 болып тіркелген, 2019 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М. Сарыев).

      6. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы,
      қалалық мәслихат хатшысы С. Мыңбай

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2020 жылғы 25 маусымдағы
  № 46/515 шешіміне 1 қосымша

Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын

      Ескерту. 1 - қосымша орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 24.08.2020 № 47/527 (алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын: "Ақбұлақ" шағын ауданының Н. Марабаев саябағының жанында орналасқан алаң.

      Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты: Жаңаөзен қаласының "Ақбұлақ" шағынауданының Н. Марабаев даңғылынан Т. Алдашев көшесінің қиылысына дейінгі автокөлік жолы.

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2020 жылғы 25 маусымдағы
  № 46/515 шешіміне 2 қосымша

Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Осы Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Жаңаөзен қаласының әкімдігі бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды бейнебақылау камераларымен, оның ішінде бейнетіркеу мобильді кешендерімен, орындықтармен, жарықтандырумен, санитарно-гигиеналық тораптармен, турникетпен және қоқыс үшін жәшіктермен қамтамасыз етеді.

      3. Бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы мың адамнан аспайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      5. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орында киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға тыйым салынады.

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2020 жылғы 25 маусымдағы
  № 46/515 шешіміне 3 қосымша

Жаңаөзен қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының 5 тармағында көрсетілген орындарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерінің, сонымен қатар Заңның 9 бабының 5 тармағында көрсетілген нысандарының қызметіне кедергі келтірмеу мақсатында, көрсетілген нысандардың 500 метр радиусында пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

Назад к документу

Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы (өзгертулер 25 маусым 2020) V20MB004251

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 287187
    Қазақ тілінде 142880
    Орыс тілінде 142751
    Ағылшын тілінде 1556
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы