< Назад к документу

Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 51/413 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 4258 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 05-10-971 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/18 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3047 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2017 жылғы 15 мамырдағы № 13/107 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/18 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3381 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп меселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Ш.Азанов).

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ.Тарғынов
      Бейнеу аудандық мәслихаты хатшысының
      өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы С.Жұбанов

  Бейнеу аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 30 маусымдағы
  № 51/413 шешіміне 1 қосымша

Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын

      Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын: Бейнеу ауылындағы Д.Тәжіұлы көшесінде орналасқан "Әли Балта" атындағы орталық стадион.

      Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты: С.Бейбарыс және Д.Тәжіұлы көшелерінің қиылысынан М.Өтемісұлы және Д.Тәжіұлы көшелерінің қиылысына дейінгі автокөлік жолы.

  Бейнеу аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 30 маусымдағы
  № 51/413 шешіміне 2 қосымша

Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Осы Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Бейнеу ауданының әкімдігі бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды бейнебақылау камераларымен, оның ішінде бейнетіркеу мобильді кешендерімен, орындықтармен, жарықтандырумен, санитарно-гигиеналық тораптармен, турникетпен және қоқыс үшін жәшіктерімен қамтамасыз етеді.

      3. Бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы екі жүз адамнан аспауы тиіс.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      5. Бейнеу ауданының әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орында киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға тыйым салынады.

  Бейнеу аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 30 маусымдағы
  № 51/413 шешіміне 3 қосымша

Бейнеу ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының 5 тармағында көрсетілген орындарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерінің, сонымен қатар Заңның 9 бабының 5 тармағында көрсетілген нысандарының қызметіне кедергі келтірмеу мақсатында, көрсетілген нысандардың 500 метр радиусында пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

Назад к документу

Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы (өзгертулер 30 маусым 2020) V20MC004258

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 287187
    Қазақ тілінде 142880
    Орыс тілінде 142751
    Ағылшын тілінде 1556
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы