< Назад к документу

Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 45/338 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 шілдеде № 4253 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жинаслыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4/35 "Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3129 болып тіркелген, 2016 жылы 19 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Нәдірқожақызы Ә.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А. Берішбаева) жүктелсін.

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Тулеумаганбетов
      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы А.Досанова

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 26 маусымдағы
  №45/338 шешіміне
  1 қосымша

Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын

      Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын: Форт-Шевченко қаласында Бейменбет Маяұлы көшесіндегі парктің жанында орналасқан алаң.

      Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты: Форт-Шевченко қаласының Жаңа Кетік шағын ауданындағы Ораз Бозахаров және Байбоз Қилыбаев көшелерінің қиылысынан бастап №30 үйдің жанында орналасқан көпірге дейінгі автокөлік жолы.

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 26 маусымдағы
  №45/338 шешіміне
  2 қосымша

Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Осы Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Түпқараған ауданы әкімдігі бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды бейнебақылау камераларымен, оның ішінде бейнетіркеу мобильді кешендерімен, орындықтармен, жарықтандырумен, санитарно-гигиеналық тораптармен, турникетпен және қоқыс үшін жәшіктермен қамтамасыз етеді.

      3. Бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы екі жүз елу адамнан аспайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      5. Түпқараған ауданы әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орында киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға тыйым салынады.

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 26 маусымдағы
  №45/338 шешіміне
  3 қосымша

Түпқараған ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының 5 тармағында көрсетілген орындарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №876 "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерінің, сонымен қатар Заңның 9 бабының 5 тармағында көрсетілген нысандарының қызметіне кедергі келтірмеу мақсатында, көрсетілген нысандардың 500 метр радиусында пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

Назад к документу

Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы (өзгертулер 26 маусым 2020) V20MF004253

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 287187
    Қазақ тілінде 142880
    Орыс тілінде 142751
    Ағылшын тілінде 1556
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы