Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдары мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 7 қарашадағы № 385/49 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 қарашада № 6598 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдары мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.

      2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 сәуірдегі "Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5968 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) № 247/28 шешімі;

      Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 сәуірдегі "Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5967 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) № 248/28 шешімі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім халық саны екі мың және одан аз ауылдар мен ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Регламенттің 4-тармағының 1) - 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Макаров
      Екібастұз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Құспеков

  Екібастұз қалалық
мәслихатының 2019
жылғы 07 қарашадағы
№ 385/49 шешімімен
бекітілді

Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдары мен ауылдық
округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдары мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы"№ 295 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

      3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты кент, ауыл және ауылдық округ қызметінің мәселелері;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

      3. Жиналыс регламентін Екібастұз қалалық мәслихаты бекітеді.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

      1) бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      2) кент, ауыл немесе ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      3) кент, ауыл немесе ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Екібастұз қаласы кенті, ауылы немесе ауылдық округі әкімдері аппараттарының (бұдан әрі – әкім аппараты) шешімдерін келісу;

      4) кент, ауыл немесе ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      5) кент, ауыл немесе ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      6) кент, ауыл немесе ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      7) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      8) кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкімін сайлауды өткізуге Екібастұз қалалық мәслихатына одан әрі ұсыну үшін Екібастұз қаласы кенті, ауылы немесе ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкімі) қызметіне Екібастұз қаласының әкімі (бұдан әрі – қала әкімі) ұсынған кандидатураларды келісу;

      9) кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      11) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.

      5. Жиналысты кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкіміне ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкімі үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      6. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етеді.

      әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

      7. Жиналысты шақыру алдында әкім аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жиналысты шақыруды кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      9. Жиналыстың күн тәртібін әкім аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

      Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

      10. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары, Екібастұз қаласы әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі

      12. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкіміне беріледі.

      13. Жиналыста қабылданған шешімдерді кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкімі бес жұмыс күні мерзімінде қарайды.

      Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.

      Кент, ауыл немесе ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Екібастұз қалалық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.

      14. Әкім аппараты кент, ауыл немесе ауылдық округ әкімінің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.

      15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және кент, ауыл немесе ауылдық округтің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді әкім аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау

      17. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      18. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы қала әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс қала әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 265657
    Қазақ тілінде 132567
    Орыс тілінде 132138
    Ағылшын тілінде 952
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы