Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 285/58 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 6827 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Успен ауданы Равнополь ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.

      3. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі "Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 197/38 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4113 тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы С. Смагулова
      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Р. Бечелова

  Успен аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 285/58 шешімімен
бекітілген

Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

      1. Осы Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді белгілейді.

      2. Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      3. Бөлек жиынды Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Успен ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың тіркеуі жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Успен аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны ауыл тұрғындарынан тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Успен ауданы Равнополь ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 284556
    Қазақ тілінде 141607
    Орыс тілінде 141409
    Ағылшын тілінде 1540
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы