08 сәуір 2014 15:49

Бапкерлердің сыйақысы көбейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Қазақстанда ҚР құрамасының сапында халықаралық жарыстарда жоғарғы нәтиже көрсеткен спортшыларды тәрбилеген бапкерлердің сыйақы мөлшері көбейеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда ҚР құрамасының сапында халықаралық жарыстарда жоғарғы нәтиже көрсеткен спортшыларды тәрбилеген бапкерлердің сыйақы мөлшері көбейеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұдан бұлай Қазақстанның намысын байрақты бәсекелерде қорғап,топ жарған әрбір спортшыны тәрбилеген бапкердің де сыйақы көлемі артатын болады. Мұндай қаулыны бүгін ҚР Үкіметі шығарды.

Енді елімізде Олимпиада ойындарының чемпионын тәрбилеп шығарған әрбір бапкер 250000 АҚШ долларын, Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін еншілеген спортшының бапкері 150000 АҚШ долларын, қола медаль еншілеген спортшының жаттықтурышысы – 75000 АҚШ доллар, 4-орын үшін – 30000 АҚШ доллар, 5-орын үшін – 10000 АҚШ доллар, 6-орын үшін – 5000 АҚШ доллар көлемінде сыйақы алады.

Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда топ жарған спортшыны тәрбилеген маман 50000 АҚШ доллар, күміс медаль үшін – 35000 АҚШ доллар, қола медаль үшін – 25000 АҚШ доллар, 4-орын үшін – 14000 АҚШ доллар, 5-орын үшін – 6000 АҚШ доллар, 6-орын үшін – 4000 АҚШ доллары көлемінде Үкімет тарапынан сыйақы ұсынылады.

Ал, Олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен спортшының тәлімгері 15000 АҚШ доллар, күміс медаль үшін – 7000 АҚШ доллар, қола медаль үшін – 5000 АҚШ долларын алса, Олимпиадалық емес спорт түрлерінде әлем біріншіліктерінде үздіктердің қатарынан көрінген спортшының бапкері алтын медаль үшін – 2300 АҚШ долларын, күміс медаль үшін – 1800 АҚШ долларын, қола медаль үшін – 1100 АҚШ долларын алады.

Азия ойындарында шәкірті алтын алып жатса, онда жаттықтырушы 10000 АҚШ доллар, күміс медаль үшін – 5000 АҚШ доллар, қола медаль үшін – 3000 АҚШ доллар алса, шынықтырған серісі Дүниежүзілік Универсиадада бірінші орын алғаны үшін бапкер15000 АҚШ доллар, екінші орын алса - 10000 АҚШ доллар, үшінші орын үшін 5000 АҚШ долларын қалтасына басады.

Олимпиадалық спорт түрлерінен Азия біріншіліктерінде алтын медаль үшін – 2300 АҚШ доллар, күміс медаль үшін – 1400 АҚШ доллар, қола медаль үшін – 900 АҚШ доллар болса, жастар арасындағы әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерінен) алтын медаль үшін – 3500 АҚШ доллар, күміс медаль үшін – 2300 АҚШ доллар, қола медаль үшін – 1100 АҚШ доллары, әлем рекордын орнатқаны үшін (олимпиадалық спорт түрлерінен) – 5000 АҚШ доллар берілетін болады. Сондай-ақ ересектер арасындағы Олимпиадалық спорт түрлеріне кіретін әрбір спортшы әлем рекордының мұртын бұзатын болса бапкеріне 3 000 АҚШ доллары беріледі.

Айта кетейік, аталмыш қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен соң өз күшіне енетін болады.
 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети