04 ақпан 2022 11:21

Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

4 ақпанда Бейжіңде XXIV Қысқы Олимпиада ойындары басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қытай Сыртқы істер министрлігі сайтына сілтеме жасап.


4 ақпанда Бейжіңде XXIV Қысқы Олимпиада ойындары басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қытай Сыртқы істер министрлігі сайтына сілтеме жасап.

91 елден 3000-ға жуық спортшы жеті спорт түрінен 109 "алтынды" сарапқа салады. Айта кетейік, Бейжің 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарынан кейін 14 жыл өткен соң жазғы және қысқы ойындарды өткізген алғашқы қала.

Ашылу салтанаты 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталғанын білдіреді. Қытай төрағасы Си Цзиньпин ойындарды тиімді әрі қауіпсіз өткізуге уәде берді.

©REUTERS

"Біз әлемге қауіпсіз және тамаша ойын өткізу үшін бар күшімізді саламыз", - деді ол.

Айта кетейік, Бейжің қысқы Олимпиаданы өткізу құқығын 2015 жылы 31 шілдеде Куала-Лумпурда өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында алған болатын. Бейжің Алматыдан небәрі төрт дауысқа озып кетті.

Жарыстар үш кластер бойынша өткізіледі. Бейжіңнің өзінде жабық алаңдағы жарыстар – керлинг, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау және хоккей, сондай-ақ биг-эйр және ашылу және жабылу салтанаттары өтеді.

©REUTERS

Бейжіңнен 75 шақырым жерде орналасқан Яньцинде шаңғымен сырғанау – бобслей және тау шаңғысы, ал Қытай астанасынан 180 шақырым жерде орналасқан Чжанцзякоу тауларында шаңғы мен сноуборд, шаңғымен трамплиннен секіру, биатлон және спорт түрлерінен жарыстар өтеді. 

©REUTERS

Спортшылардан бастап еріктілерге және БАҚ өкілдеріне дейін, ойындардың барлық қатысушысы күн сайын ПТР тапсырады және Олимпиада уақытында қозғалыс шектелген қатаң жабық жүйеде болады. Жарыстар мен жаттығулар кезінде, сондай-ақ тамақтанудан басқа кез келген уақытта медициналық маска тағу міндетті.

©REUTERS

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети