03 сәуір 2016 | 11:14

Элизабет Тұрсынбаева Бостондағы әлем чемпионатында 12-орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева Бостондағы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында 12-орын алды,- деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева Бостондағы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында 12-орын алды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Тұрсынбаева еркін бағдарламада 121,99 балл жинап, 10-орында тұрды. Ал екі бағдарламаның қорытындысы бойынша қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 183,2 балл жинады. Сонымен қатар, Элизабет ересектер арасындағы әлем чемпионаты мен қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 12-орынға ие болды.

Басылымның мәліметінше, әлем чемпионаты бойынша әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан ресейлік фигурист Евгения Медведева жеңіске жетті. Ол еркін бағдарламада әлемдік рекорд орнатты. Медведева екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 223,86 ұпай жинады. Екінші орын америкалық Эшли Вагнерге 215,39 ұпаймен бұйырса, үшінші орынды ресейлік Анна Погорилая 213,69 ұпаймен иеленді.

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада

 

Элизабет Тұрсынбаеваның Бостонда өткен әлем чемпионатындағы еркін бағдарламасы

Еске сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында 11-орын алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети