05 қараша 2018 08:58

Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегі үшін 50 миллион доллар алуы мүмкін

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

UFC президенті Дэйна Уайт аралас жекпе-жектен ресейлік Хабиб Нурмагомедов алдағы кездесуінен 50 миллион доллар алуына болады деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


UFC президенті Дэйна Уайт аралас жекпе-жектен ресейлік Хабиб Нурмагомедов алдағы кездесуінен 50 миллион доллар алуына болады деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Уайт ресейлік спортшының талаптарын орындауға болатынынына күмән келтірместен "әрине" деп жауап қайтарды. "Олар өздері үшін ненің дұрыс екенін біледі. Олар бұл сұрақтың жауабын да біледі", - деп жазған MMAFighting.com Twitter әлеуметтік желісінде UFC басшысының сөзін.

Еске сала кетейік, Нурмагомедов 6 қазанда АҚШ-та өткен UFC 229 турнирі аясында ирландиялық спортшы Конор МакГрегорды жеңіп, жеңіл салмақ дәрежесінде UFC чемпионы атағын қорғап қалды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жекпе-жек нәтижесі бойынша МакГрегордың табысы 50 миллион доллар болған. Кейін Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Азиз келесі жекпе-жекте Хабибтің табысы осындай болатынына сеніп отырғанын мәлімдеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети