Деректерді құпия сақтау саясаты

Деректерді құпия сақтау саясаты (бұдан әрі – Саясат) Пайдаланушы келісіміне қосымша саналады және "Effective Media Liaison" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі — «әкімшілік») сайттарын (толық нұсқасын, мобильді нұсқасын, қосымшаларын) пайдалану кезінде алатын қолданушылар туралы дербес ақпаратты өңдеу және қорғау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Сайт).

Сайтты пайдаланар алдында қолданушылар осы Деректерді құпия сақтау саясаты шарттарымен танысуы керек.

1. Жалпы ережелер

1.1. Сайтты кез келген мақсатта пайдалану Қолданушының осы Деректерді құпия сақтау саясатының (бұдан әрі – саясат) шарттарымен және онда көрсетілген дербес ақпаратты өңдеу шарттарымен сөзсіз келісетіндігін білдіреді. Деректерді құпия сақтау саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда, Қолданушы сайтты пайдаланудан бас тартуы керек.

1.2. Саясатта айтылған шарттарды (оның ішінде оның кез келген бөлігін) әкімшілік қандай да бір арнайы хабарламасыз және осыған байланысты қандай да бір өтемақы төлемей өзгерте алады. Саясаттың жаңарған нұсқасы әкімшілік сайтқа орналастырған сәттен бастап күшіне енеді.

1.3. Осы Саясаттың шарттарын қабылдай отырып, Қолданушы Саясатта көзделген мақсат бойынша өзі туралы деректерді әкімшіліктің өңдеуіне, сондай-ақ осы Саясатта санамаланған жағдайларда пайдаланушы туралы деректерді үшінші тұлғаларға беруге өзінің келісімін білдіреді.

Қолданушы көрсетілген келісімдегі деректерді пайдалануды тоқтату үшін болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын жазбаша хабарлаған жағдайда ғана кері қайтарып ала алады.

Сайтты веб-браузер арқылы қолдану үшін cookies деректерін қабылдау керек, бұл арқылы Қолданушы әкімшіліктің осы Саясатта көзделген мақсаттарда cookies-тен деректерді жинауы және өңдеуі, сондай-ақ осы Саясатта санамаланған жағдайларда, cookies-тен деректерді үшінші тұлғаларға беруі мүмкін екендігіне келісім бергенін білдіреді.

Қолданушының cookies-тен деректерді қабылдау бойынша веб-браузер опциясын өшіруі және/немесе бұғаттауы әкімшіліктің cookies-тен деректерді жинауына және өңдеуіне осы Деректерді құпия сақтау саясаты шарттарына сәйкес тыйым салуын білдіреді.

2. Әкімшілік алатын және өңдейтін қолданушылардың дербес ақпараттары

2.1. Осы Саясат дербес ақпараттың мынадай түрлеріне қолданылады:

2.1.1. Қолданушылар орналастыратын дербес ақпарат, оның ішінде хабарлама жіберу нысанын толтыру кезінде өзі туралы дербес ақпарат, пайдаланушы оған қол жеткізуді веб-сайттар немесе үшінші тұлғалардың сервистері арқылы әкімшілікке ұсынатын өзге дербес ақпарат немесе Сайтты пайдалану процесінде пайдаланушылар орналастыратын дербес ақпарат.

Қолданушыға үшінші тараптардың рұқсатынсыз немесе егер үшінші тұлғалардың мұндай дербес деректерін пайдаланушы өзі жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінен алмаған болса оны үшінші тараптардың дербес деректерін тарату үшін беруге тыйым салынады.

2.1.2. Қолданушының құрылғысында орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен оларды пайдалану барысында сайтқа автоматты түрде берілетін деректер, оның ішінде IP-мекенжайы, құрылғының жеке желілік нөмірі (MAC-мекенжайы, құрылғының ID-і), электрондық сериялық нөмірі (IMEI, MEID), cookies-тен алынған деректер, браузер, операциялық жүйе, қолжетімділік уақыты, пайдаланушының іздеу сұратулары туралы ақпарат.

3. Қолданушылар туралы ақпаратты жинау және өңдеудің мақсаты

3.1. Әкімшілік қолданушылар туралы ақпаратты, оның ішінде Сайт әкімшілігінің міндеттемелерін орындау, сондай-ақ Қолданушы келісімінде көзделген міндеттемелерді орындау үшін қажет олардың дербес деректерін жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.

3.2. Мобильді қосымшалар Қолданушының орналасқан жері туралы анонимді деректерді жинай алады. Мобильді қосымшалар сайтты пайдалану туралы анонимді статистиканы да түзе алады.

3.3. Осы арқылы Қолданушы Деректерді құпия сақтау саясатының 3.2-тармағында көзделген мақсат бойынша әкімшілік серіктестеріне, үшінші тұлғаларға өзі туралы дербес ақпаратты беруге келісімін білдіреді.

3.4. Қолданушы туралы дербес ақпаратты осы Деректерді құпия сақтау саясатында көзделмеген мақсат бойынша пайдалану қажет болған кезде әкімшілік пайдаланушының осындай әрекеттерге келісімін сұратады.

4. Қолданушылар туралы ақпаратты өңдеу

4.1. Қолданушылар туралы дербес ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақталады.

4.2. Қолданушылар туралы дербес ақпарат үшінші тұлғаға берілмейді, тек мына жағдайларды алмағанда:

4.2.1. Қолданушы мұндай әрекетке өз келісімін берген.

4.2.2. Ақпаратты беру сайттың жұмысын және/немесе оның жеке функционалдығын қамтамасыз ету үшін қажет.

4.2.3. Ақпаратты беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған.

4.2.4. Қолданушы келісім шарттарын бұзған жағдайда әкімшіліктің және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында беріледі.

5. Қолданушылар туралы ақпаратты қорғау жөніндегі шаралар

5.1. Әкімшілік пайдаланушылар туралы дербес ақпараттарды біреулердің заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуінен, дербес ақпаратты жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, таратудан, сондай-ақ онымен өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін барлық қажетті және жеткілікті техникалық шараларды ұстанады.

5.2. Қолданушылардың дербес деректерін өңдеу кезінде әкімшілік "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚР Заңын басшылыққа алады.

6. Қорытынды ережелер

6.1. Осы саясат, осы Саясатты қолдануға байланысты туындайтын пайдаланушы мен әкімшілік арасындағы қарым-қатынастар, сондай-ақ осы Саясатта реттелмеген мәселелер болса Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

Валюта бағамы

 448.06   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети