08 ақпан 2014 11:55

Қазақстан спортшылары Олимпиаданың бірінші күнінен сынға түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан спортшылары Олимпиаданың бірінші күнінен сынға түседі деп жеткізеді Vesti.kz. Сочиде медалдің бірінші топтамасына бәсеке басталды. Бастапқыда әйелдер жартылай финал мен финал үшін тартысқа түседі. Финалға қазақстандық спортшы Юлия Галышева жолдама алып үлгерген. Финалға дейін жартылай финалға іліккендердің сайысы өтеді, бұл ретте Қазақстаннан Дарья Рыбалова бақ сынайды. Аталған порталдың мәліметі бойынша, жартылай финал Астана уақытымен 21.55-те басталады, ал финалдық жарыс 23.55-те KazSport және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирден көрсетіледі. Сондай-ақ бүгін шаңғышыларымыздың алғашқы жарысы болады. Бұл спорт түрінен әйелдер сапында Татьяна Осипова, Анастасия Слонова және Елена Коломина бар. Олардың өнерін Астана уақытымен 15:50-де KazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар. Қазақстандық биатлоншылар да бүгін жарыс сызығын қияды. Трамплиннен секіру, коньки тебу жарыстарынан да Қазақстан құрамасы төбе көрсетеді. Спортшылар өнерін тікелей эфирден көрсету режимі мен басқа да ақпараттарды сайтынан таба аласыздар. Еске сала кетелік, Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жұмада күні 7 ақпанда өтті. Халықаралық деңгейдегі спорттық шараның 58 лицензиясы қазақстандық спортшыларға бұйырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети