08 ақпан 2014 10:59

Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын 3 млрд телекөрермен тамашалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының туын ұстаушы - шаңғышы Ердос Ахмадиев. Фото ©REUTERS Қазақстан құрамасының туын ұстаушы - шаңғышы Ердос Ахмадиев. Фото ©REUTERS

Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын 3 млрд көрермен тамашалаған деп хабарлайды "Сочи 2014" ұйымдастыру комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған РИА Новости ақпарат агенттігі. "Аталған салтанатты шараны көру үшін стадионға 40 мың көрермен жиналған, ал барлық әлемнен оны 3 млрд көрермен тамашалаған" делінеді баспасөз баянында. Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына 12 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Сондай-ақ халықаралық шараны ұйымдастырушылар стадион сахнасының жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метр екендігі, сондай-ақ онда 25 лифт көтергіші, декорацияларға арналған 18 жабық люк бары туралы мәліметпен бөлісті. Салтанатты шарада қуаты 1 млн ватты құрайтын 500 дауыс зорайтқыш және актерлер мен техникалық құрамаға арналған құлаққабы бар 15 мыңға тарта рация қолданылған. Сахнадағы көрініске бір мезетте 140 телекамера бағытталған. Спортшылар шеруіне 3,5 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындарының дәстүрлі спортшылар шеруін алғашқы боп Греция өкілдері бастап шықты. Ал Қазақстан құрамасы Италиядан соң ортаңғы шепте бой көрсетті. Оншақты спорт түрінен бақ сынайтын 52 спортшымызды Қазақ елінің көк туын желбіреткен Ердос Ахмадиев бастап шақты.Сыйлы қонақтар жайғасқан трибунадан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев орнынан тұрып, қол көтеріп, отандық спортшыларымызға қолдау көрсетті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал соңғысы боп Олимпиада ойындарының қожайыны - 250 спортшы мен дәстүрлі шеруді басқарушы өкілдерден тұратын ресейлік құрама ортаға шықты. Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындары 7 ақпанда Астана уақыты бойынша 22.17-де салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанаты "Фитш" стадионында өтті. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты стадион экранынан орыс әліпбиінің пайда болуымен, онымен таныстырушы қыздың көрініс табуымен басталды. Әліпбидегі әрбір қаріп адамзаттың тарихына үлес қосқан ресейліктердің атаулы оқиғасы немесе атақты адамдарымен байланысты болды. Одан кейін Мәскеу Сретенский монастырының хоры Ресей гимнін шырқады, сөйтіп ту да көкке көтерілді. Спортшылар шеруінен соң стадионда Ресей тарихын, мемлекет ретінде қалыптасу барысындағы маңызды оқиғаларын сипаттайтын театр көрінісі көрсетілді. Көрермендер Ресей флотының қалай қарыштағанын, Лев Толстойдың "Соғыс пен бейбітшілік" шығармасындағы Наташа Ростованың қатысуындағы кешті, орыс конструктивизмі мен авангарды тарихы және тағы басқаларын тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл көріністерден кейін сахна трибунасынан Сочи олимпиадасы ойындарын ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Дмитрий Чернышенко мен ХОК президенті Томас Бах сөз алды. Бұдан соң Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин Сочидегі Олимпиада ойындарын ашық деп жариялады. Артынан Олимпиада гимні әуеледі. Оны ресейлік опера әншісі Анна Нетребко орындады. Олимпиаданың ашылу салтанаты Олимпиада алауына от қоюмен аяқталды. Эстафетаны бастаған Мария Шарапова қолындағы от Елена Исинбаеваға, Александр Карелинге, Алина Кабаеваға қолдан қолға өтті. Бұл рәсімді Ирина Роднина мен Владислав Третьяк түйіндеді. Еске сала кетелік, бұл Олимпиада ойындары бірнеше көрсеткіш бойынша рекордтық дәрежеде. Мәселен, Сочиде 88 мемлекеттің спортшылары қатысады, бұл - төрт жыл бұрынғы Ванкувердегіден алты елге артық көрсеткіш. Жалпы есеппен 98 жүлде тартысқа салынады, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 12-ге көп. Олимпиада ойындары 23 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы Сочидегі Олимпиада ойындарына 58 лицензия қорғап алған. Тау шаңғысынан 10 спортшымыз қатысады. Шаңғышыларды Александр Полторанин бастап жүреді. Қазақстандық делегация үшін лицензияны көбірек жеңіп алған - коньки тебушілер. Бұл ретте медаль үшін Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев және Екатерина Айдова тер төгеді. Мәнерлер сырғанаудан Қазақстан атынан мұз айдынға екі спортшы шығады - әлем вице-чемпионы Денис Тен және Абзал Рақымғалиев. Сноубордтан Валериий Цой деген спортшымызға үміт артып отырмыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети