13 наурыз 2014 17:23

"Ордабасы" бапкері Пасулько қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Пасулько. Сурет: vesti.kz Виктор Пасулько. Сурет: vesti.kz

Шымкенттік "Ордабасы" футбол командасының бас бапкері Виктор Пасулько атқарып отырған қызметінен босатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне команданың бас хатшысы Ілияс Жолдас айтып берді. "Команда мен бапкер арасындағы құжат бойынша келісім-шарт әлі үзілмеген. Дегенмен, клуб жетекшілері Виктор Васильевичті қызметінен алып тастады. Екі күннен соң қызылордалық "Қайсар" командасына қарсы премьер-лиганың бірінші турында "Ордабасыны" Пасульконың көмекшісі Қуаныш Қарақұлов бастап барады", - дейді Ілияс Жолдас. Бас хатшының айтуынша, команданың тізгінін ұстауға үміткерлердің саны оннан асып жығылады екен. Олардың қатарында Августин Кирица, Қуаныш Қарақұлов, Талғат Байсуфинов сынды мамандар бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети