26 тамыз 2014 | 08:51

Сноудбордшы Валерия Цой Ice Bucket Challenge акциясына қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерия Цой. © instagram.com/valeria_tsoy Валерия Цой. © instagram.com/valeria_tsoy

Қазақстандық сноудбордшы Валерия Цой Ice Bucket Challenge қайырымдылық акциясына қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық сноудбордшы Валерия Цой Ice Bucket Challenge қайырымдылық акциясына қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзінің Instagram әлеуметтік парақшасына Валерия үстіне мұздай су құйып жатқан бейнероликті салып, "шақырту қабылданды", - деп жазба қалдырған. 

Негізі Ice Bucket Challenge ережесіне сәйкес қайырымдылық қорына қатысушы үш адамға эстафетаны беру керек. Бірақ сноудбордшы эстафетаны ешкімге бермеді. 

Ice Bucket Challenge акциясы тамыз айының басында пайда болды. Оның мақсаты - бүйір амиотрофиялық склерозына (БАС) қарсы күреске қаражат жинау. Флэшмобты осы ауруға шалдыққан 29 жастағы Питер Фрэйтс бастады. Ол үстіне мұздай су құйғанын бейнетаспаға түсіріп, үш досынан осыны қайталауды сұрады. Осы уақытқа дейін Ice Bucket Challenge акциясына  Криштиану Роналду, Кака, Лионель Месси, Дэвид Бекхэм сияқты әлем жұлдыздары, Александр Овечкин, Евгений Малкин сияқты хоккейшілер, Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг, әлемнің ең бай адамы Билл Гейтс, тележүргізуші Опра Уинфри және басқалар қолдады.

Ice Bucket Challenge қайырымдылық акциясының ережесі бойынша кез-келген адам үстіне мұздай су құйып, эстафетаны кез-келген үш адамға бере алады. Ал эстафетаны алған адам бұл әрекетті 24 сағаттың ішінде қайталау керек. Кері жағдайда ол БАС қорына 100 доллар аударуы қажет. 

Айта кетейік, бұған дейін бұл акцияға қазақстандық футболшы Самат Смақов пен "Барыс" хоккей клубының ойыншылары қатысқан. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети