Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Самат Смақов Ice Bucket Challenge акциясына қосылды

22 Тамыз 2014, 10:02
0
Самат Смақов. ©YouTube
Самат Смақов. ©YouTube

Белгілі футболшы, алматылық "Қайраттың" капитаны Самат Смақов Ice Bucket Challenge қайырымдылық акциясына қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Акцияға "Атырау" командасының ойыншысы Андрей Карпович те қатысты.

Үстіне мұздай су құйған Самат Смақов Давид Лорияға, Марат Хайруллинге және Олег Недашковскийге эстафетаны берді. Карпович болса, Лориямен, Мұрат Тілешевпен бірге Туган Хамхоевты да шараға қатысуға шақырды.

Қазақстандық футболшылардың арасынан мұндай бейнежазбаны "Ақтөбе" қақпашысы Алмат Бекбаев алғаш болып түсірген еді. Самат Смақов пен Андрей Карповичке кезекті берген сол.

Ice Bucket Challenge акциясы тамыз айының басында пайда болды. Оның мақсаты - бүйір амиотрофиялық склерозына (БАС) қарсы күреске қаражат жинау. Флэшмобты осы ауруға шалдыққан 29 жастағы Питер Фрэйтс бастады. Ол үстіне мұздай су құйғанын бейнетаспаға түсіріп, үш досынан осыны қайталауды сұрады. Ice Bucket Challenge акциясын қазақстандық футболшылардан бұрын Криштиану Роналду, Кака, Лионель Месси, Дэвид Бекхэм сияқты әлем жұлдыздары, Александр Овечкин, Евгений Малкин сияқты хоккейшілер, Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг, әлемнің ең бай адамы Билл Гейтс, тележүргізуші Опра Уинфри және басқалар қолдады.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай