21 ақпан 2022 13:47

Ұлттық конькишілер федерациясы Денис Теннің анасына қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық конькишілер федерациясы ұйымның бұрынғы вице-президенті Оксана Теннің мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатын өткізу мерзімі туралы шешіміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Ұлттық конькишілер федерациясы ұйымның бұрынғы вице-президенті Оксана Теннің мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатын өткізу мерзімі туралы шешіміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Федерацияның вице-президенті Оксана Тен 21 қаңтарда 21-23 ақпан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтетіні туралы өңірлерге жіберілетін жеделхатқа қол қойды. Ұлттық конькишілер федерациясы бұл құжатты жарамсыз деп мәлімдеді. Ұйым мәліметінше, ел чемпионаты 2022 жылдың желтоқсан айында өтеді. Қатысушыларға шараның өтетін орны мен нақты күні кейінірек хабарланады.

Сондай-ақ, федерация вице-президенттерінің мөрге қол қоюға және пайдалануға, сондай-ақ жеке шешім қабылдауға құқығы жоқ екені айтылды. Республикалық жарыстарды өткізу туралы ереже спортшылардың мүдделері мен жаттықтырушылар құрамының пікірін ескере отырып, алқа жиынында қаралатыны айтылды. Федерациямен келісіліп, Мәдениет және спорт министрлігіне бекітуге жіберіледі.

Еске салайық, 14 ақпанда ұйымның құрылтай жиналысының қорытындысы бойынша Оксана Теннің қызметі жойылған болатын. Сәйкесінше, ол федерациядағы жұмысынан айырылған.

Бұған дейін Коньки федерациясында жанжал шыққан болатын. Бірнеше бапкер Денис Теннің анасын өз пайдасы үшін билікті тартып алды деп айыптап, оның отставкаға кетуін талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети