03 қазан 2014 15:48

Азия ойындарында боксшыларымыз алты алтын медальді жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы алты алтын, бір күміс және бір қола медальді жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Азия ойындары Инчхонда өтіп жатыр. Қола жүлдені 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қайрат Ерәлиев жеңіп алды. 


Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы алты алтын, бір күміс және бір қола медальді жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Азия ойындары Инчхонда өтіп жатыр. Қола жүлдені 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қайрат Ерәлиев жеңіп алды. 

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте қазақстандық Біржан Жақыпов кореялық Шин Чонхонуға есе жіберіп, күміс медальді иеленді. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Ілияс Сүлейменов пен өзбекстандық Шахобидин Зоиров жұдырықтасып, жерлесіміз сәл басымдықпен алтын медальді еншіледі. 

Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының чемпионы атанды, ол өзбекстандық Исраил Мадримовты жеңіп кетті. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Жәнібек Әлімханұлы иорданиялық Адель Алхиндавиді жеңді. Әділбек Ниязымбетов (81 келіге дейінгі салмақта) те қарсыласы - шаршы алаң қожайыны Ким Хьюнкті тізе бүктіріп, чемпион атанды. Бесінші және алтыншы алтын медальдерді ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшыларымыз Антон Пинчук пен Иван Дычко жеңіп алды. Пинчук ирандық Али Мазахериді ұпай бойынша жеңсе, Дычко да тағы бір ирандық - Хасем Делаваридің жеуіне мүмкіндік бермеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Сөйтіп, Қазақстан Азиадада бокстан бірінші орынды жеңіп алды. Қазіргі уақытта Азия ойындарында Қазақстан құрамасында барлығы 79 медаль бар: 27 алтын, 20 күміс және 32 қола.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети