13 тамыз 2016 09:27

Жәнібек Әлімханұлы ширек финалда Ақтөбенің тумасымен кездесетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

75 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының Риодағы ойындардың 1/4 финалында кіммен кездесетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


75 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының Риодағы ойындардың 1/4 финалында кіммен кездесетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы 1/8 финалда ресейлік Артем Чеботаревті 2:1 (29-28, 29-28, 28-29) есебімен жеңген әзірбайжандық Камран Шахусаврлы болады. 

25 жастағы Камран Шахусаврлы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы спорт шеберлерінің бірі. Камран 2011 жылы Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін турнирде жеңімпаз болып, қалалық команданың құрамасында болған еді. 

Айта кетейік, Әлімханұлы - Шахусаврлы жекпе-жегі 15 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 22.00-де басталады. Тікелей эфирді "Хабар" телеарнасынан көре аласыздар.

Сонымен қатар, әзірбайжандық боксшы қазақстандық боксшымен кездесуінде не күтетінін айта кетті. Оның айтуынша, ол қазақстандық қарсыласын жақсы біледі. Олар бірге жаттығып жүрген екен.

"Мен бұрын Қазақстанда тұрдым. Өзім Ақтөбе қаласының тумасымын. Бокспен айналыса бастағанымда, мен Жәнібекпен жұдырықтасатынмын. Оны жақсы танимын, сыйлаймын. Енді біз бір-бірімізге қарсылас болдық. Бірақ өмірде дос болып қала береміз. Дегенмен рингте біреуіміз жеңіске жетуіміз керек. Бұл жекпе-жек мен үшін қиынға соқпақ", - деді Шахусаврлы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети