19 наурыз 2015 13:34

Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы жуық арада төменгі шегіне жетпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда таяу арада жылжымайтын мүліктің бағасы өзінің ең төменгі шегіне жетпейді. Tengrinews.kz тілшісі жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес сарапшылардың ойы осындай. Бұған дейін Қазақстанның құрылыс нарығын әлемдік экономикадағы ахуал (әсіресе мұнай бағасының төмендеуіне байланысты) мен Қазақстандағы ипотекалық неселеудің қысқаруына байланысты жаңа дағдарыс күтіп тұр деген ақпарат пайда болған еді. Сарапшылардың кейбірі жылжымайтын мүліктің бағасы сәуір айында екі есеге дейін төмендеп, ең төменгі шегіне жетеді деп мәлімдеді.


Қазақстанда таяу арада жылжымайтын мүліктің бағасы өзінің ең төменгі шегіне жетпейді. Tengrinews.kz тілшісі жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес сарапшылардың ойы осындай. Бұған дейін Қазақстанның құрылыс нарығын әлемдік экономикадағы ахуал (әсіресе мұнай бағасының төмендеуіне байланысты) мен Қазақстандағы ипотекалық неселеудің қысқаруына байланысты жаңа дағдарыс күтіп тұр деген ақпарат пайда болған еді. Сарапшылардың кейбірі жылжымайтын мүліктің бағасы сәуір айында екі есеге дейін төмендеп, ең төменгі шегіне жетеді деп мәлімдеді.

Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығының президенті Нина Лукьяненконың айтуынша, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында дағдарыс әзірше байқалмайды. Оның сөзіне қарағанда, ақпан айында күтілген позициялардан кейін нарықта, керісінше, белсенділік байқалады, баға түзеліп, қазір көпшілік жылжымайтын мүлікті сатып алатын болған. "Менің ойымша, мәмілелер бойынша наурыз айындағы статистика ақпанға қарағанда жоғары көрсеткішті көрсетеді. Тіпті сәуір айында да мәмілердің артуы күтіліп отыр", - дейді ол.

Лукьяненконың айтуына қарағанда, доллар эквиваленті бойынша жылжымайтын мүліктің бағасы құлдыраған. Алайда, нағыз баға туралы айтатын болсақ, әлеуетті сатып алушылар үшін ол өзгерген жоқ. "Егер экономикалық алғышарттар жөнінде айтатын болсақ, бұл жерде мәмілер санының артуы мен төлем қабілеттілігінің қарқынды сұранысын жасайтын ештеңе жоқ. Бағаны қатты төмендететін алғышарттарды да көріп тұрған жоқпын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі теңгемен қарыз беріп, теңгемен ипотека беруді тоқтатқан өзге банктер бүгінгі таңда өздерінің пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарастырып жатыр. Мөлшерлемелер тиімсіз бола бастады, бірақ олар ипотека беруді жаңғыртты. Әсіресе, Банк ЦентрКредит мөлшерлемелерін арттырып, ипотека беруді жаңартты", - деді спикер.

Оның айтуынша, қазір жылжымайтын мүліктің жылдың соңына дейінгі бағасына болжам жасау мүмкін емес, себебі қазір экономикалық және саяси жағдай қатты өзгеріп отырады. Алайда Лукьяненко жылжымайтын мүлік бағасының таяуда күрт түспейтінін айтты. "Қазіргі жағдайды ескерер болсақ, өткен жылдың үрдістері сақталады", - деді ол.

Жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы Руслан Унгефугтың да көзқарасы осындай. "Менің ойымша, пәтер сатып алғысы келген адамға сәуір айын күтудің қажеті жоқ. Егер "бағаның шегі" туралы айтатын болсақ, ол биыл қаңтарда жыл сайынғы тыныштық кезеңінде болды. Қазір жылжымайтын мүлік нарығында қайта жандану байқалады, жаңа салынған үйлердегі өңделмеген пәтерлерге сұраныс артты. Ал Астанаға қатысты айтатын болсақ, пәтер иелерінде жылжымайтын мүлікті сатуға деген аса бір мұқтаждық жоқ, олар өз пәтерлерін сатып алған бағасынан төмен бағаға сатудан гөрі жалға беріп тұрақты кіріс табуды жөн санайды", - деді ол.

Унгефугтың айтуынша, Астанада жылжымайтын мүліктің бағасы алдағы жарты жылда бұрынғы қалпын сақтайды, ал Қазақстан бойынша баға 10-15 пайызға дейін төмендейді. Сарапшының айтуынша, жылжымайтын мүлікті қазір немесе жазғы демалыс кезінде сатып алған дұрыс. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің қазіргі бағасы көптеген фактормен байланысты, олардың ең басымы - сұраныс пен ұсыныс заңдылығы. "Қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамыз етуге болады, ол үшін экономкласстағы баспаналарды көптеп тұрғызу қажет және Қазақстан бойынша жыл сайын тұрғызылып жатқан 6-7 миллион шаршы метр баспананың көлемін 15-17 миллион шаршы метрге жеткізу керек болады", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети